Эссе:Мемлекеттік несиелеудің ҚР несие нарығының дамуындағы ролі

Мемлекеттік бюджет тапшылығы –оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттілігін туғызады. Бұл ресурстарын мемлекет ішінде және халықаралық қаржы институттарында шоғырланады. Қаржы тартудың басты тәсілі –мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие –бос ақша қаражаттарын мемлкеттің билік органдардың қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлға арасындағы қатынас болып табылады.

Мемлекет мынадай рөлдер атқара алады:

1. Несие беруші

2. Қарыз алушы

3. Кепіл болушы

Мемлекеттік несиенің несиелерден айырмашылығы:

1. Өндірістік және өндірістік емес қажеттіліктер үшін шоғырландырылады.

2. Төлем және сатып алу қаражаттары шоғырландырылады

3. Бюджет кірістері есебінен қайтарылады-салық түсімдері есебінен

4. Капитал қолдану саласын тарылтады

Мемлекеттік несие ресурстарын мыналар үшін пайдаланылады:

1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

2. Ұлттық және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру

3. Жергілікті билік органдарының шаруашылық қаржыландыру

4. Елдің ақша айналымын реттеу

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.

 

 

93.Эссе: «Мемлекеттік несиелеудің әлемдік тәжірибесі: артықшылықтары және кемшіліктері»

Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:
1.Осы ұйым мүшелерін несиелеу;

2.Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге
келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде
осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;

3.Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен
несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда
ғана беріледі;

4.Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды
халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;

5.Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің
есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы
қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып,
жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.

Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.
Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.


 

94. Эссе: «Қазақстан Республикасындағы ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуындағы қаржылық мәселелері»

Қазақстанның ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Елдің үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 70 пайызы «Самұрық-Қазына» құрамындағы даму институттарының күшімен жүзеге асады. «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы даму институттарының басты мақсаты - экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру. Әсіресе экономиканың стратегиялық салаларындағы шикізаттық тәуелділікті кемітетін жобалардың болуына көп көңіл бөлінеді. Мәселен, Қазақстан Даму банкі - индустриялық және инновациялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады. Ал Қазақстанның инвестициялық қоры - инвестицялық жобалардың капиталына ену арқылы (капиталына ортақтасып, қосымша қаржыландыру арқылы) оларды несиелейді. Қазақстан даму банкі құны 5 миллион АҚШ долларынан асатын ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырады. Бұл жобаларды iске асыру үшiн қаржы көзiн қайдан табамыз? Оны бiзге кiм бередi? Бiрiншi қаржы көзi — Ұлттық қор. Ұлттық қорда қазiр 29 миллиард доллардан Үшiншi және ең негiзгi қаржы көзi — тiкелей шетел инвесторларын тарту және IРО механизмi арқылы қаржы тарту. Әрине, дәл қазiр бiздiң жағдайымызда тiкелей инвестиция арқылы жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгi молырақ. Ал IРО механизмдерi турасында 2015 жылдан әрi қарай сөз етуге болады.

95. «Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары»

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді.Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсері зор.

Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт төмендеуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор Миттал Теміртау” және “Қазақмыс” компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім көлемін азайту сияқты амалсыз шараларды қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды.