Операциялық жүйені жіктеу

Операциялық жүйелер келесі белгілері бойынша жіктеледі:

  • Бір уақытта жұмыс істейтін қолданушылар санына- бір қолданушылық және көп қолданушық;
  • Жүйені басқаруда бір уақытта орындалатын процесстер санына: бір есепті, көп есепті;
  • Ұсталынатын процессор санына қарай- бір процессорлы, көп прцессорлы.
  • ОЖ кодының разрядтарына қарай - 8-разрядтық, 16- разрядтық, 32- разрядтық, 64- разрядтық;
  • Интерфейс типіне қарай – командалық (мәтіндік)және объекті –бағытталған (графикалық);
  • ЭЕМ –ге қолданушының ену типі бойынша-пакеттік өңдеумен, уақытты бөлумен, нақты уақытымен.
  • Ресурстарды қолдану типі бойынша – жүйелік, жергілікті.

Жіктеудің бірінші белгісіне сәйкес көп қолданушылық операциялық жүйелер бір қолданушылық операциялық жүйеден айырмашылығы бір уақытта ЭЕМ-де әр түрлі терминалда бірнеше қолданушымен жұмыс атқаруы.

Екінші белгі бір есепті ОЖ бір қолданушының, бір нақты уақытта, бір нақты есеппен жұмыс істеу болып табылады. Көп есептік Бір есептік жүйеде бір нақты уақытта бірнеше программалардың орындауын сиппаттайды. Көп есепті ОЖ уақытты бөлудің мультипрограммдық режимінде ЭЕМ-ді коллективті қолдану: ЭЕМ жадында бірнеше программалы-есептер және процессор есептер арасында компьютер ресурстарын бөледі. ОЖ-ң осындай сыныптарын көрсететін өкілдері:UNIX ,OS/2 корпорациясы IBM, Microsoft Windows 95(98.Me), Microsoft Windows NT (2000.XP) және т.б.

Үшінші белгіге сәйкес көп процессорлы ОЖ бір процессірлерге қарағанда есептің шешуін табу үшін бірнеше үрдiстердiң ресурстарын бөлу режимін сақтайды.

Төртінші операциялық жүйені 8-,16-,32-,64- ші разрядттарға бөледі. Алайда ОЖ разряды процессор разрядынан аспауы тиіс.

Бесінші белгісіне сәйкес ОЖ қолданушы интерфейсі объекті - бағытталған –графикалық интерфейс пен командалық –тексттік интерфейс.

Алтыншы белгісіне байланысты ОЖ жүйелерге бөлінеді:

  • Рет бойынша орындалатын ЭЕМ-ге енгізілетін, есептер жинағы құралады;
  • Әр түрлі терминалдағы бірнеше қолданушылар бір уақытта диалогтық қарым-қатынас үшін уақыттарды бөлу;
  • ЭЕМ-ге қарағанда қандайда сыртқы құбылыстарға қолданушырдың сұрауына машинаның беретін жауабына кететін нақты уақыт.

Жетінші белгісіне сай ОЖ жіктелуі желілік және локальдық болып бөлінеді. Желілік ОЖ мәліметтерді бірігіп қолдану мақсатында біріктірілген компьютерлік ресурстармен басқару. Желілік ОЖ-ның пайда болуы локальдық және глобальдық желілердің пайда болуына негізделген. Олар қолданушының есептеу техникасының барлық ресурстарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Желілік Ож-ң өкілдері Novell NetWare, Microsoft Windows NT (2000,XP), Banyan Vines. IBM LAN, UNIX, Solaries фирмалары Sun.

Көп жағдайларда ОЖ желілері қуатты сервер-компьютерлерге қосылады.

 

Операциялық жүйені таңдауда өлшемдер.

Қазіргі кезде ОЖ-ң көп саны бар, қолданушы алдында осылардың ішінен ең жақсысын таңдап алу талабы тұрады. Идеалды жүйелер болмайды әрқайсысының өзіне тән жақсы жақтары мен жаман жақтары болады. ОЖ-ні таңдауда, қолданушы өзінің есебін шығаруға қолайлы ОЖ-ні қарауы керек.

ОЖ-ні таңдау үшін келесі мәліметтерді білу қажет:

· Қандай аппараттық платформада және қандай жылдамдықта ОЖ-ң жұмыс істейтіндігін;

· Қандай перефериялық ақпараттық қамтамасыздандыруды ОЖ ұсталынады;

· Қолданушының тұтынушылық сұрауларын қандай деңгейде жабады, яғни жүйенің функциялары;

· Қолданушы мен ОЖ-ң қарым-қатынасындығы тәсілдер, яғни қолданушылық интерфейстің түсініктілік, ыңғайлық деңгейі;

· Анықтамалықтың орнатылуы;

· Жүйенің беріктігі, яғни қолданушының қателіктеріне, құрылғылардың қабыл алмауына тұрақтылығы;

· Желілерді ұйымдастыруға қандай мүмкіндіктер бар;

· ОЖ-ң басқа операциялық жүйелермен қос қызметтілігті қамтамасыздандыра алуы;

· Қолданбалы программаларды жаңарту үшін қандай инструменталдық құрылғылардың болуы керек;

· ОЖ-да әр түрлі ұлттық тілдердің қолдауды жүзеге асыра алама;

· Берілген жүйемен жұмыста қандай белгілі қолданбалы программалар жиынтығын қолдануға болады;

· ОЖ-да ақпараттарды және жүйенің өзін сақтауды қалай жүргізеді;