Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Дж.М. Кларк және факторлардың шекті өнімділік теориясы;

- Кобба-Дуглас моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері;

- Нобель сыйлығының лауреаты В.В. Леонтьев және оның «шығындар-шығарылым» моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері;

- Қазақстандық ірі фирмалардың өндіріс ауқымының тиімділігіне талдау жасау (нақты бір фирманың мысалында);

- Фирманың өндірістік тиімділігі және техникалық прогресс;

- Отандық фирмалардың дамуы және оларға әсер ететін техникалық прогресстің ерекшеліктері;

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Өндіріс факторларын өзара алмастырудың икемділіктері;

- Өндіріс ауқымының тиімділігіне әсер ететін факторлар, өндірістің тиімді масштабы;

- Техникалық прогресс және оның типтері.

 

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Осы кестенің мәліметтері негізінде мыналарды анықтаңыз:

а) өзгермелі фактордың орташа өнімін;

ә) өзгермелі фактордың шекті өнімін;

б) қандай жұмысшыны жалдағанда орташа және шекті өнімдер төмендейді.

Жұм. саны
Өнд. көлемі
Орташа өнім          
Шекті өнім          

 

2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Өзгермелі ресурстардың көлемі Жалпы өнім Орташа өнім Шекті өнім
   
   
   
   
   

 

3. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Өзгермелі ресурстардың көлемі Жалпы өнім Орташа өнім Шекті өнім
   
   
   
   
   

 

4. Кестенің бос орындарын толтырыңыз. Графигін сызып, олардың байланыстарын түсіндіріңіз:

Өзгермелі ресурстардың көлемі Жалпы өнім Орташа өнім Шекті өнім
   
   
   
   
   

 

5. Осы кестеге сәйкес 30 және 45 дана өнімді өндірудің изоквантасын сызыңыз:

К маш/сағат L адам/сағ.

 

6. Осы кестеге сәйкес 38 және 44 дана өнімді өндірудің изоквантасын сызыңыз:

К маш/сағат L адам/сағ.

 

7. Мынадай мәліметтер негізінде фирманың орташа және шекті өнімдерін анықтаңыз:

 

Жұмысшылар саны Жалпы өнім

 

Бұл жағдайда өндіріс ауқымының кемімелі жағдайы қай жерден бастап орын алады?

 

8. Фирма құрал-жабдықты жалдағаны үшін күніне 200 мың тг. және 100 мың тг. жалақы төлейді. Бұл жерде ол еңбек санының шекті өнімі 0,5-ке және капитал санының 1-ге тең болатын көлемін қолданады.

Пайданы жоғарылату тұрғысынан фирма өндіріс факторларының тиімді қолданылуын қамтамасыз етіп отыр ма?

 

9. Шекті өнім дегеніміз не? Кестенің мәліметтеріне сәйкес шекті өнімнің шамаларын табыңыз:

Жұмыс уақытының жұмсалуы
Жалпы өнім 3,5 8,5 22,5
Шекті өнім                

 

Шекті өнімнің жұмыс уақыты шығындарына тәуелділігін график арқылы көрсетіңіз. Сол графиктің көмегімен жұмыс күнінің қандай ұзақтылығы кезінде еңбек факторы максималды тиімділікпен қолданылады.

 

10. Фирма өнімнің 48 данасын өндіру үшін еңбектің 48 бірлігін және капиталдың 12 бірлігін қолданады. Егер еңбектің шекті өнімділігі 0,5-ке тең болса, онда капиталдың шекті өнімділігі қаншаға тең болады? Ал масштаб тиімділігі тұрақты болып табылады.

 

11. Мына кестенің еңбек шығындары, капитал шығындары және өндіріс көлемі туралы мәліметтерін қолдана отырып мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

  L K Q
А
Б
В
Г

 

а) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткендегі масштаб тиімділігінің сипатын анықтаңыз.

б) Өндірісте ресурстардың қолданылу қарқынының бәсеңдеуі кездейсоқ па, әлде жоқ па? Өз жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.

 

12. Неліктен Индияда каналдар мен плотиналар құрылысына еңбек ресурстары көбірек қоданылады, ал Голландияда керісінше капитал ресурстары көп қолданылады? Бұл жерде құрылыста қандай әдіс тиімдірек болып табылады? Бұл екі елге техникалық және экономикалық тиімділіктің бірдей критерийлерін қолдануға бола ма?

 

13. Егер еңбектің шекті өнімі берілген болса, онда жалпы өнімнің мөлшерін анықтаңыз (басқа барлық факторлар тұрақты деп ұйғарамыз):

Жұмыс уақытының шығындары
Шекті өнім 3,5 4,5

 

Шекті өнім мен жалпы өнімнің графигін салыңыз. Жұмыс күнінің қандай ұзақтылығы кезінде еңбек факторы максималды тиімділікпен қолданылады?

 

14. Фирма өнімнің 36 данасын өндіру үшін еңбектің 12 бірлігін және капиталдың 36 бірлігін қолданады. Егер еңбектің шекті өнімділігі 1,5-ке тең болса, онда капиталдың шекті өнімділігі қаншаға тең болады? Ал масштаб тиімділігі тұрақты болып табылады.

 

15. Мына кестенің еңбек шығындары, капитал шығындары және өндіріс көлемі туралы мәліметтерін қолдана отырып мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

  L K Q
А
Б
В
Г

 

а) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткендегі масштаб тиімділігінің сипатын анықтаңыз. Изокванталар картасын салыңыз.

б) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткен кездегі қолданылатын ресурстардың өнімділігінің (қайтарымының) өсуі туралы не айтуға болады?

 

16. Профессор Мамаев деген азамат – белгілі бір қалада менеджмент саласы бойынша ең атақты және табысы ең жоғары оқытушы болып табылады. Оның мерзімді жалақысы әріптестеріне қарағанда екі есе жоғары. Сонымен қатар, ол өз мақалаларын компьютерге жылдам тере алады, яғни минутына 300 белгі баса алады. Егер ол жұмысқа жалдағасы келетін ең жақсы хатшы минутына 200-ден аса белгі баса алатын болса, онда сол хатшыны жалдағаған дұрыс па? Неліктен?

 

17. Фирма өзінің қолданатын капиталын 100-ден 125-ке дейін өсіреді және қолданатын еңбек күшін 300-ден 375-ке дейін өсіреді, сонда өнім шығару көлемі 150-ден 165-ке дейін өседі. Берілген фирмада өндіріс ауқымының тиімділігі қандай болады? Фирманың басшылығы өндіріс қуатын кеңейтуді жоспарлайды. Бұл туралы сіз қандай кеңес берер едіңіз?

 

18. Өндірістік процесте еңбек пен капитал тұрақты қатынаста қолданылады: 5 сағат – еңбек күші, 1 сағат – машина уақыты.

Өнім шығару көлемі, дана Еңбек күші, сағат Капитал, машина - сағат

 

Кестеде берілген деректерді пайдаланып изокванта графигін салыңыз және өндіріс ауқымы тиімділігін анықтаңыз.

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Изокванта қисығы нені көрсетеді?

А) өнімнің жалпы көлемін В) өндірістік функцияны С) берілген ресурстар көлеміне сәйкес өндірілетін өнімнің әртүрлі көлемдерін D) орташа өнімді Е) экономикалық пайданы

2. Фирма ресурстар шығынын 10% -ке өсірген жағдайда өнім көлемі 15% -ке өсетін болса, онда:

А) өндіріс ауқымының әсері теріс болады В) өндіріс ауқымының әсері оң болады

С) фирма жоғары деңгейде пайда табады D) LATC қисығы жоғарыға жылжиды

Е) өндіріс ауқымының әсері тұрақты болады

3. Орташа өнім шамасы қалай анықталады?

А) AP = QP/Q В) TP = QX С) AP = TP/Q D) AP = ΔTP/Q Е) AP = Q/TP

4. Изокванта мен изокоста қисықтарының жанасқан нүктесі:

А) өндірушінің тепе-теңдігін көрсетеді В) өндіріс шығындарының артуын көрсетеді

С) тұтынушының тепе-теңдікке жету мүмкіндігін көрсетеді D) өндіріс ауқымының ұлғаюын көрсетеді Е) өндіріс ауқымының тұрақтылығын көрсетеді

5. Егер фирманың қолданатын ресурстарының саны 50 пайызға өскенде өндіріс көлемі 30 пайызға өседі, онда:

А) өндіріс ауқымының тиімділігі оң болады В) өндіріс ауқымының тиімділігі теріс болады

С) өндіріс ауқымының тиімділігі тұрақты болады D) қайтарымдылықтың төмендеу заңы орын алады Е) егер мұндай жағдай орын алатын болса, онда өндірісті мүлдем тоқтату қажет

6. Ұзақ мерзімде барлық өндіріс факторлары қалай қарастырылады?

А) тұрақты В) өзгермелі С) толық экономикалық шығындар ретінде D) жіберілген мүмкіндіктер ретінде Е) болашақта жұмсалады деп жоспарланып қойған шығындары ретінде

7. Егер фирманың қолданатын ресурстарының саны 12 пайызға өскенде өндіріс көлемі 14 пайызға өседі, онда:

А) өндіріс ауқымының тиімділігі оң болады В) өндіріс ауқымының тиімділігі теріс болады

С) өндіріс ауқымының тиімділігі тұрақты болады D) қайтарымдылықтың төмендеу заңы орын алады Е) қайтарымдылықтың өсу заңы орын алады

8. Өндіріс ауқымы тұрақты болғанда:

А) өндіріс факторлары мен көлемі бір пропорцияда өзгереді В) орташа шығындар максималды деңгейге жетеді С) баға өзгермелі болады D) бұл жағдайда баға мүлдем өзгермейді Е) өндіріс көлемі тұрақты болады

9. Фирманың толық анықтамасы:

А) фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым

В) фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік

С) фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді ары қарай сату мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік процестерді жүзеге асыратын ұйымдық экономикалық қызмет

D) фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын ұйым

Е) фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым

10. Егер орташа өнім 50, ал ресурс шамасы 8-ге тең болса, онда жалпы өнім неге тең болады ? А) 40 В) 200 С) 80 D) 400 Е) 58

11. Егер жұмысшылар саны 5 адамнан 6 адамға дейін өссе, онда өнім көлемі 165 данадан 180данаға дейін жоғарылайды, яғни шекті өнім қаншаға тең болады?

А) теріс шамаға В) 180 данаға С) 15 данаға D) 25 данаға Е) 11 данаға

12. Салада 1000 фирма жұмыс iстейдi, олардың әрқайсысы 5 дана өнiм шығарғанда шектi шығындары - 2 тг болады, ал 6 дана болғанда – 3 тг, 7 дана болғанда – 5 тг. Егер осы өндiрiлетiн өнiмнiң нарықтағы бағасы 3тг болса, онда осы салада айына қанша өнiм шығарылады: А) 5000 данадан кем В) 5000 дана С) 6000 дана D) 7000 дана Е) 100 дана

13. Мына қызмет түрлерінің қайсысы өндіріс процесі ретінде қарастырылмауы мүмкін:

А) пайдалы қазбаларды игеру В) радиоактивтік қалдықтарды тасымалдау

С) сатып алушылардың дүкендерден тапшылық тауарларды іздеуі

D) өнімдерді сатып алу және оларды аса жоғары бағамен қайта сату

Е) шикізаттарды дайын өнімге айналдыру

14. Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды?

А) шығындарды минималдау міндеттері В) маркетингтік зерттеу жұмыстары С) қоғамдық игіліктерді өндіру және сату қызметтері D) максималды пайда табу принциптері

Е) жұмысшыларын сыйақылы ынталандыру жұмыстары

15. Координаттар басынан алыс орналасқан изокванталар нені сипаттайды?

А) өнім өндірудің аса үлкен көлемін В) өнім өндірудің аса кіші көлемін С) ең минималды шығындардың жұмсалуын D) өте сапалы тауарлардың өндірілуін

Е) тауарлар сапасының төмендей беруін

16. Егер фирманың қолданатын ресурстарының саны 15 пайызға өскенде өндіріс көлемі 16 пайызға өссе, онда:

А) өндіріс ауқымының тиімділігі оң болады В) өндіріс ауқымының тиімділігі теріс болады

С) өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы орын алады D) қайтарымдылықтың төмендеу заңы орын алады Е) өндіріс ауқымының тиімділігі тұрақты болады

17. Еңбектің шекті өнімін анықтаңыз:

Кезең Жалпы өнім Еңбек мөлшері

А) 120 В) 160 С) 90 D) 70 Е) 80

18. Төмендегі мәліметтерге сәйкес еңбектің орташа өнімін анықтаңыз:

 

Кезең Жалпы өнім Еңбек мөлшері

 

А) 70 В) 82,5 С) 0,014 D) 80 Е) 630

19. Егер өнімнің шекті өнімділігі төмендесе, онда өндіріс ауқымының (масштаб) тиімділігі:

A) өседі B) төмендейді C) тұрақты болып қалады D) алдымен өседі, сосын төмендейді

Е) алдымен төмендейді, сосын тұрақтанады

20. Өндірушінің тепе-теңдігі қандай заңмен анықталады?

A) сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі заңымен B) шығарылым көлемін максималдаумен C) өндіріс факторларының өлшенген шекті өнімділігінің теңдігімен

D) өндіріс факторларының шығындарын төмендету заңымен

Е) пайданы максималдау заңымен

21. Тең көлемді өнімдер қисығы – бұл:

А) изокоста В) изокванта С) изопрофита D) изопраис E) талғамсыздық қисығы

22. Еңбекті капиталмен техникалық алмастырудың шекті нормасы 2-ге тең. Егер өнім өндірудің бұрынғы көлемін қамтамасыз ету үшін еңбекті қолдануды 4 бірлікке қысқартсақ, онда капиталды қолдануды неше бірлікке арттыру қажет:

A) 1/2 бірлікке B) 2 бірлікке C) 8 бірлікке D) ол үшін қосымша мәлімет керек, ақпарат жеткіліксіз Е) 4 бірлікке

 

 

БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП.