Ордың негізгі қызмет түрлері бойынша нарықтық үлесі

 

2014 жылы Қазақстандағы тiркелген ШОК субъектiлерi санының өсуi жалғасты. Оның өсуi 10% құраған, нәтижесiнде ШОК субъектiлерiнiң саны 1 542 мың бiрл. жеткен, ал олардың елiмiздегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жалпы санындағы үлесi 95,1% деңгейiнде бағаланады (сурет 1). Салалар үлесi бойынша ең үлкен өсiм қызмет көрсету, бiлiм беру, жылжымайтын мүлiкпен операциялар және сауда салаларында байқалған.

Ескерту. Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі

Сурет 1. Тіркелген ШОК субъектілер санының серпіні

 

ШОК субъектiлерi санының өсуi бизнес жүргiзу жағдайында халықаралық сарапшылармен байқалған жағымды өзгерiстер барысында орын алуда. Атап айтқанда, «Doing Business» Дүниежүзiлiк банкiнiң 2013 және 2014 жылдарға арналған рейтингiлерiнде Қазақстан сәйкесiнше 53 және 50-шi орындарға ие болған. Оң серпiн, ең алдымен, меншiктi тiркеу және тағы басқа шаралар есебiнен қамтамасыз етiлдi. Қазақстан экономикасында жұмыспен қамтылған халық санының жыл сайынғы ұлғаюы байқалады. 2014 жылдың соңына қарай оның мәнi 8 576 мың адамға жеткен. Бұл жағдайда ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 2 636 мың адамды құраған (барлық жұмыспен қамтылғандардың 31%-ы) (сурет 2).

Ескерту. Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі

Сурет 2. Жұмыспен қамтылғандар санының серпіні

 

Соңғы үш жылда Қазақстанның ЖIӨ-i нақты көрiнiсте тұрақты өсудi көрсетедi. Мәселен, 2012 жылы 7,5%-ға ұлғаюы нәтижесiнде, ЖIӨ 27 301 млрд. теңге құраған. 2013 жылы ЖIӨ 5%-ға өскен, бұл 30 073 млрд. теңге деңгейiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. 2014 жылы ЖIӨ 6%-ға артып, 33 521 млрд. теңге құрады. Тауар өндiру ЖIӨ-нiң 40%-ын (оның 30%-ы – өнеркәсiп өндiрiсi), қыз-мет өндiру – 52,6%, өнiмге салық – 7,4% құрайды. 2014 жылы ШОК өнiм шығаруы 9020 млрд. теңге деңгейiнде бағаланған, бұл ЖӨӨ-мен салыстырғанда 27% құрайды (сурет 3). ШОК өнiмiнiң нақты өсiмi 2014 ж. 3,3% құраған.

Ескерту. Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі

Сурет 3. ЖІӨ мен ШОК өнім шығару серпіні

 

2014 жылы банк несиелендiруiнiң жалпы көлемдерi 15%-ға артып, 8,3 трлн. теңгеден асқан. Осы орайда кәсiпкерлiк мақсаттағы несиелердiң өсуi тек 6% құраған. Ал шағын кәсiпкерлiкке берiлген несиелер бiр жылда 15%-ға төмендеген (сурет 4).

Ескерту. Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық банкі

Сурет 4. Экономика мен шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің жыл

сайынғы көлемдері

 

Бұған негiзгi себеп халықтың ұлттық валютадағы салымдарының өсу қарқынының төмендеуi болуы мүмкiн: бiр жылда халық салымдарының теңгедегi үлесi 61%-дан 56%-ға дейiн төмендеген (сәйкесiнше, шетелдiк валютадағы салымдар үлесi 39%-дан 44%-ға дейiн артқан). Сонымен қатар, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 92%-ға теңгемен қаржыландырылады, ал жалпы экономикаға берiлген несиелер құрылымында теңгелiк несиелердiң үлесi 86% құрайды. Бұған керi көрiнiс 2013 жылы орын алған болатын, онда халықтың теңгедегi салымдарының өсуi барысында банктердiң шағын кәсiпкерлiктi несиелендiруiнiң өсуi де байқалған.

«Даму» Қоры 2014 жылы қаражаттарды ЕДБ-де уағдаластырып орналастыру бағдарламаларын iске асыруды, кәсiпкерлердiң несиелерi бойынша пайыздық мөлшерлемелердi қаражаттандыру мен несиелердi кепiлдендiрудi жалғастырды. Жалпы «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысу есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi 296 млрд. теңге көлемiнде несиелер алған. ЕДБ-мен кәсiпкерлiк мақсаттарға берiлген несиелердiң жалпы сомасында «Даму» Қоры бағдарламаларының қатысушыларына берiлген несиелер үлесi 5% деңгейiнде сақталуда. Мұндай қамтылуға «Даму» Қоры бағдарламалары сегментiнiң экономиканың басым секторларындағы кәсiпкерлермен шектелуi себеп, олардың қатарына ЕДБ-де несиелердiң шамамен 50%-ын алатын сауда мен құрылыс салалары жатпайды.

Егер өңдеу өнеркәсiбiндегi жобаларға берiлген несиелердi бөлек қарастыратын болсақ, олардың құрылымында «Даму» Қоры бағдарламаларының қатысушылары 2014 жылы 12% алған (сурет 5). Осылайша, өңдеу өнеркәсiбiндегi жобаларға берiлген несиелердiң 8 теңгесiнiң 1 теңгесi «Даму» Қоры бағдарламаларының қатысушыларына берiлген.

Ескерту. Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық банкі

Сурет 5. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар ға берілген несиелер серпіні

 

Қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар, «Даму» Қоры 2014 жылы кәсiпкерлердi оқыту және оларға консультациялық қолдау көрсету бағдарламаларын iске асыру бойынша ауқымды жұмысын жалғастырды. Жылдың соңына қарай, «БЖК 2020» бағдарламасы шеңберiнде 2012 жылдан берi iске асырылып келе жатқан «Бизнес-Кеңесшi» жобасы шеңберiндегi тыңдаушылардың саны 52 065 адамды құраған. «БЖК 2020» бағдарламасының «Кәсiпкерлiк әлеуеттi нығайту» 4-бағытының басқа жобалары шеңберiнде 840 кәсiпкер «Назарбаев Университетi» ААҚ-да топ-менеджменттi оқыту курсынан өткен, 1 667 адам «Iскерлiк байланыстар» жобасы бойынша оқытылған, бизнестi жүргiзуге сервистiк қолдау шеңберiнде 132 мыңнан астам қызмет көрсетiлген. Облыстық орталықтар мен үш қалада – Алматы, Астана және Семейде 17 Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылған.

Елiмiздiң 27 моноқаласында Кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары жұмыс iстейдi. Онда 13 мыңнан астам тапсырыскерге қызмет көрсетiлдi. 14 облыста аудан деңгейiнде Кәсiпкерлiктi қолдаудың мобильдi орталықтары жұмыс iстейдi. Аталған орталықтарға 6,7 мыңнан астам азамат жүгiнген.