Кәсіпорындағы қаржылық есептілік

Қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат.

 

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

 

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:

1. бухгалтерлік баланс;

2. пайда мен зияндар туралы есеп;

3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5. түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сай белгіленеді. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.Егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемелекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы немесе бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады. Кәсіпорынның қаржылық есеп нысандарын зерттедім. Соның ішінде «капиталдағы өзгерістер есебін» талдадым. Мен «Автолайн Car Тrans» ЖШС-нің 2013 және 2014 жылғы мәліметтер бойынша зерттедім. 2013 жылы жарғылық капитал мен бөлігбеген пайда мөлшері 2 148 338 теңгені құрады. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш мөлшері 1 834 000 теңгені құрады.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.

Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.«Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) қысқа мерзімді активтер;

2) ұзақ мерзімді активтер;

3) қысқа мерзімді акитивтер;

4) ұзақ мерзімді актив;

5) меншікті капитал.

2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Ұйым атауы: ЖШС «Автолайн Car Trans», СТН 600900187410

Ұйым қызметінің түрі: жүкті теміржол транспорты

Ұйымдық-құқықтық нысаны: ЖШС

Ұйымның заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Жамакаев көшесі, 166 үй.

 

Активтер Жол коды Өткен кезең үшін Есептік кезең үшін
І. Қысқа мерзімді активтер      
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері 14 954
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар    
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 25 323 219 066
Қорлар 10 657 75 173
Ағымдағы салықтық активтер - -
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер - -
Өзге де қысқа мерзімді активтер 116 921 53 258
Қысқа мерзімді активтердің жиыны 167 856 361 017
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер      
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - -
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек    
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар      
Инвестициялық жылжымайтын мүлік    
Негізгі құралдар 105 164 128 348
Биологиялық активтер    
Барлау және бағалау активтері    
Материалдық емес активтер    
Кейінге қалдырылған салықтық активтер    
Өзге де ұзақ мерзімді активтер    
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны 105 164 128 348
 
Теңгерім (100-жол+200-жол)   273 019 489 365
Пассивтер      
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер    
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер    
Салықтар бойынша міндеттемелер 2 921
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер      
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 334 943 597 840
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері    
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер 16 587 5 737
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны 351 819 607 666
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер      
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер    
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек    
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері    
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер    
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер    
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны    
V. Каптал      
Жарғылық капитал
Эмиссиялық кіріс    
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар    
Резервтер    
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) (78 952) (118 452)
Аздық үлесі    
Капитал жиыны (78 800) (118 301)
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)   273 019 489 365

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 23 мамырындағы №184 бұйрығымен бекітілген
ҚАРЖЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
(тікелей әдіс)
(3 нысан)

Ұйым атауы: ЖШС «Автолайн Car Trans», СТН 600900647476

Ұйым қызметінің түрі: Теміржолмен жүк тасымалдау

Ұйымдық-құқықтық нысаны: ЖШС

Ұйымның заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Жамакаев көшесі, 166-үй.

 

Көрсеткiштердiң аты Жол коды Есептік кезеңге Алдыңғы кезеңге
I. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
1. Ақша қаражатының түсімі, барлығы 360 150 662 433
соның iшiнде:      
өнімді өткізу 81 325 249 733
қызметтерді ұсыну    
алынған аванстар    
дивидендтер    
өзге де түсімдер 278 825 412 700
2. Ақша қаражатының істен шығуы, барлығы 363 219 747 458
соның iшiнде:      
тауарлар мен қызметтерге төлемдер 140 001 155 424
берілген аванстар    
еңбек ақы бойынша төлемдер 8 692 9 544
қарыздар бойынша сыйақы төлеу - 7 049
корпорациялық табыс салығы 11 630 3 135
бюджетке басқа да төлемдер    
өзге де төлемдер 202 896 572 306
3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза соммасы (10 жол - 20 жол) (3 069) (85 025)
II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
1. Ақша қаражатының түсімі, барлығы    
соның iшiнде:      
негізгі құрал-жабдықтарды сату    
материалдық емес активтерді сату    
басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату    
қаржы активтерін сату    
басқа ұйымдарға ұсынылған қарыздарды өтеу    
фьючерс және форвард шарттары, опциондар және Своптар    
өзге де кірістер    
2. Қаржы құралдарының шығысы, барлығы    
соның iшiнде:      
негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу    
материалдық емес активтерді сатып алу    
басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу    
қаржы активтерін сатып алу    
басқа ұйымдарға қарыздарды ұсыну    
фьючерс және форвард шарттары, опциондар және Своптар    
өзге де төлемдер    
3. Инвестициялық қызметтен түскен қаржы құралдарының таза соммасы (40 жол - 50 жол)    
III. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының қозғалысы
1. Ақша қаражатының түсімі, барлығы    
соның iшiнде:      
акция және басқа да бағалы қағаздарды шығару    
қарыздарды алу    
қаржыландырылатын жалдау бойынша сыйақы алу    
өзге де кірістер    
2. Ақша қаражатының шығуы, барлығы    
соның iшiнде:      
қарыздарды өтеу    
меншікті акцияларды сатып алу    
дивидендтерді төлеу    
өзге де төлемдер 4 504 1 220
3. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының таза соммасы (70 жол - 80 жол)    
Барлығы: Ақша қаражатының көбеюі (+) / азаюы(-) (30 жол +/- 60 жол +/- 90 жол)     (3 069) (85 025)
Есептік кезең басындағы қаржы құралдары және оның эквиваленттері   13 519 97 324
Есептік кезең соңындағы қаржы құралдары және оның эквиваленттері     14 954 13 519