Автолайн Car Trans» ЖШС-нің2013-2015 ж.ж. технико-экономикалық көрсеткіштері

Кез келген ұйымның қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау үшін, баланс активтері мен олардың қалыптасу көздерімен қатар, олардың технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізген орынды. Сонымен, зерттеу жүргізілген ұйымның мәліметтері негізінде оның технико-экономикалық көрсеткіштерін 4 кесте арқылы талдау жүргізе аламыз.

 

4 кесте – «Автолайн Car Trans» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрcеткіштер Өлшем бірлігі 2013 ж 2014 ж 2015 ж Ауытқу
      + - %
Өнімді өткізуден(қызмет көрcетуден) кіріc мың теңге -455041 1,65
Өндірілген өнімнің (қызмет көрcетудің) өзіндік құны мың теңге -120493 7,67
Жалпы табыс мың тенге -334548 1,93
Қор қайтарымы мың тенге 2,06 2,09 1,41 -2,74 0,32
Негізгі құралдар мың тенге 5,04
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны адам   0,02
Еңбек өнімділігі мың тенге 12765,66 7415,45 -15510,21 5,71
Caлық caлынғa дейінгі пaйдa мың тенге -147294 4,86
Caлықтық төлемдер мың тенге        
Тaзa пaйдa мың тенге -147584 4,82
Рентaбельділік Коэф. 0,5117504 0,36616831 0,466647625 -0,41127109 2,49

 

Өнімді өткізуден түскен табыс 2013 жылы 335 271 мың теңге болған, 2015 жылы 148 309 мың теңгеге өзгерген, яғни -85,51 44,2 пайызға азайған. Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2013 жылы 104 921мың теңге болды, ал 2015 жылы 64282 мың теңгені құрады, өткізілген өнімнің өзіндік құны алдыңғы жылға қарағанда -120 493мың теңгеге азайды, бұны пайызбен көрсетсек 61,23 пайызға азайған. Жалпы табыс 2013 жылы 230 290 мың теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 84 027 мың теңгені құрады. Яғни, 334 548мың теңгеге азайды, ол пайызбен қарағанда 36,49 пайызға төмендеп отыр.

Қорыта келгенде, зерттеу жүргізілген ұйымның өткізілген өнімдерінің орташа жылдық құнының көбеюі өткізілген өнімдердің өзіндік құнын төмендеуіне және өткізу рентабельділігінің артуына әсер етіп отыр.

Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті құрудың жауапты тұлғасы болып президентке бағына отырып, қоғамның бухгалтерлік іс-әрекетін басқаратын бас бухгалтер табылады.

Ұйымның бухгалтерлік есеп қызметі «ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңымен ретелінген.

Ұйымның есеп жұмысы қаржылық, өндірістік және салықтық есеп бөлімдерінен тұратын қоғамның есеп бөлімімен жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік есеп жұмыстары «1С.Бухгалтерия 8.2» бағдарламалық қамсыздандыру арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымның бухгалтерлік іс-құжаттарына есеп саясатымен қарастырылған алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркеулері және қаржылық есеп беру жатады.

Іс-құжаттарының айналымы қоғам дәлелдеген іс-құжат кестесімен жүзеге асады. Қоғам сұрақтарының туындауына байланысты өз бетінше талдамалық есеп операциялары мен жүйелерін енгізуді қарастырады.

Қаржылық есеп беру 1 ҚЕХС «Қаржылық есеп беруді ұсыну» стандартының негізіне байланысты құрастырылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен құрылады.

 

ОРЫТЫНДЫ

 

Мен өзімнің өндірістік-тәжірибемді «Автолайн Car Trans» ЖШС-інде бухгалтерлік стандарттар бойынша өту барысында бастапқы есеп құжаттарымен және оларды жүргізу шарттарымен таныстым.

Өндірістік-тәжірибемнің мазмұны негізінде жоғарыда аталаған ұйымның балансы бойынша қаржылық анализ жасап, ұйымның қаржылық жағдайын анықтадым және де осы тәжірибе кезінде құжаттардың дұрыс толтырылуын, мәнің, атқаратын қызметтерімен таныстым.

Кез – келген фирманың, кәсіпорынның немесе компанияның басқару аппаратының тиімді қызметі құжаттармен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты болады. Іс жүзінде ақпарат көздеріне, шешімдерді дайындау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы құжаттарды жасау, орындау және рәсімдеу процесі – кұжаттаусыз іске асырылмайды.

Техникалық орындаушылардын бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Мысалға біреулері құжаттарды жасаумен айналысады, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қамтамасыз етеді, ал үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалынады. Ол бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісім – шарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б.

Осы өткен тәжірибеме байланысты мен көптеген құжаттармен таныстым, яғни айта кететін болсақ есептегі кассада жүргізілетін операциялар (онда кіріс кассалық ордер, шығыс кассалық ордер, кассалық кітап), есеп айырысудын қолма – қол ақшасыз түрінде жүргізілетін операциялар (төлем тапсырмасы, чек, вексель, төлем талап – тапсырмасы, аккредитив), ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау және түгендеу (ақша түгендеу актісі, кассалық қалдықты салыстыру, ақшалай шығындарды бақылау), дебиторлық есеп айырысу есебі (аванстық есеп), тауарлы – материалдық қорларды құжат ретінде рәсімдеу (құжаттарды қабылдау – тапсыру реестрі, тауарлы – материалдық қор есебінің карточкасы), негізгі құралдар қозғалысының есебі (негізгі құралдар актісі, Мүлік карточкасы негізгі құралдар есебінің, құрал – жабдықтарды істен шығару актісі).

Осы жоғарыда қарастырылған мәліметтерді қортындылай келе құжаттар кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады.