Автолайн Car Trans» ЖШС-нің 2013-2015 ж.ж. активтерінің қалыптасу көздерін талдау

Жaуaпкершілігі шектеулі cеріктеcтік «Автолайн CarTrans» Қaзaқcтaн Реcпубликacы Aлмaты қaлacы Әділет Депaртaментімен Aлмaлы aудaнындa 2011 жылдың 09 желтоқсанда № 111756-1910-ТОО мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін aтқaрып келеді. «Автолайн CarTrans» ЖШC - дегі (әрі қaрaй мәтін бойыншa Cеріктеcтік) Қaзaқcтaн Реcпубликacының 1-cәуір 2000 жылғы Aзaмaттық Кодекcіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жaуaпкершілігі шектеулі және қоcымшa cеріктеcтіктер турaлы» Зaңынa және бacқa дa Қaзaқcтaн Реcпубликacының зaң aктілеріне cәйкеc жеке меншік негізінде құрылғaн.

«Автолайн CarTrans» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына сүйене отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты, өзінің толық атауы жазылған мөрі бар.

Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше көрсетуге болады:

· көлік-экспедециялық қызмет көрсету;

· автокөлікқызметтерін көрсету, май құятын станцияларды және техникалық қызмет көрсету станцияларын, автосервисті ұйымдастыру;

· авто-мото көлік құралдары мен олардың агрегаттарын сатып алу және сату, сондай-ақ автомобильдермен делдалдық сауда жасау;

· Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет;

· көтерме және бөлшек сауда;

«Автолайн CarTrans» ЖШС-нің тұрақты жұмысшылар саны 20 адам. Орташа еңбек ақы 70000 теңге. Еңбек ресурстарының осы мөлшері ұйымның толыққанды жұмыс атқаруына жеткілікті.

Материалдық ресурс ұйымның өндірістік қызметі барысында ерекше орын алады. Материалдық айналым құралдары мен негізгі құрал жабдықтар серіктестің материалдық ресурстарын құрайды.

Ұйым бойынша негізгі құралдардың басым бөлігін пассивті құралдар, ғимараттар мен құрылыстыр алады. Бұл оның қызметтік ерекшелігімен түсіндіріледі. Ұйымның негізгі қорларының орташа жылдық құны 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 5448000 мың теңгеге жоғарылаған.

Ұйым капиталы негізгі құралдарды сатып алуға, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілерді салуға, шикізаттарды, отын, энергия, еңбекақы төлеуге, салықтарды төлеуге, несиелер бойынша пайыздарды жабуға, дивидендтерді төлеуге жұмсалады. Яғни капитал ұзақ мерзімді активтерге де, ағымдағы активтерге де салынуы мүмкін. Ұзақ мерзімді активтер әдетте меншікті капитал мен ұйымтердің ұзақ мерзімді несиелері және займдары есебінен қалыптасады. Ағымдағы активтер меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

Сонымен, ұйым мүліктерінің қалыптасу көздерін талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

- меншікті және тартылған капитал құрамында қандай өзгерістерін анықтау;

- айналымдағы ұзақ және қысқа мерзімді қарыздық қаражаттардың үлесін анықтау.

Демек, зерттеу жұмысы жүргізіліп отырған ұйымның алдыменен мүліктерінің қалыптасу көздерін талдаудан бастаған жөн.

«Автолайн Car Trans» ЖШС-нің мүліктерінің қандай көздерден қылыптасқанын толық анықтау үшін, төмендегі берілген 1-кестенің мәліметтеріне сипаттама сипаттама беруге болады.

 

1 кесте - «Автолайн Car Trans» ЖШС-нің активтерінің қалыптасу көздері

 

Капитал көздері 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. ауытқу (+, -)
мың тг. үлес салм. мың тг. үлес салм. мың тг. үлес салм. мың тг. үлес салм.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны - - 597 840 81,8 334 940 80,95 -262 900 60,2
Меншікті капитал, барлығы 120 000 132 594 18,15 78 800 19,05 -173 794 39,7
соның ішінде:                
- жарғылық капитал 0,13 0,02 0,04 - -
- резервтік капитал - - - - - - - -
- бөлінбеген пайда 119 849 99,87 132 442 18,13 (78 952) 19,08 -173 339 39,6
Капиталдың барлығы 120 000 730 434 413 740 -436 694
* Ескерту: кесте ұйымның есеп мәліметтері негізінде дайындалды  
     
                     

1 кесте мәліметтері бойынша зерттеу жүргізілген ұйымның жарғылық капиталы 2013 жылдан 2015 жылға дейін 151 200 000 теңге болып өзгермеген қалыпта болып отыр. Ал, бөлінбеген пайда 2013 жылы 119 849 мың теңге болып, 2015 жылы ол 78 952 мың теңгені құрап, нәтижесінде 2009 жылы кәсіпорынның таза пайдасы -173 339мың теңгеге азайып отыр.

Жоғарыда берілген 1 кестенің мәліметтерін, егер біз диаграммаға келтіретін болсақ, онда ұйымның активтерінің қалыптасу көздерінің өзгеру қарқынын анық көре аламыз.

 

 

1 сурет – «Автолайн Car Trans» ЖШС активтерінің қалыптасу көздерінің динамикасы (теңге)

 

Сонымен қорыта алғанда ұйым өзінің қаржылық жылын пайдамен аяқтап, өзінің міндеттемелерін барынша азайтқанын байқап отырмыз. Дегенмен де, тек бір кестенің мәліметтері негізінде ұйымның қаржылық жағдайы туралы біржақты қорытынды шығаруға болмайды. Сондықтан, біз ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдауды әркіқарай негізгі құралдардың құрамы мен құрылымын талдаумен жалғастырып отырмыз.

Балансты талдау бұл кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі мәліметтерден тұрады. Әрбір орналастырылған капитал түріне баланстың жеке баптары сәйкес келеді. Осы берілгендер бойынша, кәсіпорынның активтерінде қандай өзгеріс болғанын, қай бөлігі кәсіпорынның жылжымайтын мүлігін түзетінін (құрайтынын), қандай бөлігі айналым құралдары, оның ішінде өндіріс және айналым сферасындағыларды белгілеуге болады.