Жалпы конкурс өткізуді келісу тәртібі

Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына

Орналасуға конкурс өткізу

Ағидалары

Жалпы ережелер

 

1. Осы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс
(бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.

2. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

3. Конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.

4. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.

Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

5. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.

6. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.

7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.

 

 

Конкурс өткiзудiң тәртiбi

 

8. Конкурс мынадай ретті сатылардан тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай комиссия құру;

4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарау;

5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.

9. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

10. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

11. Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.

12. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

13. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.

 

 

Ішкі конкурс

 

14. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері,
сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия солар үшін құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

15. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған кезде, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.

16. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс өткізіледі.

Бұл ретте орталық мемлекеттік органда не оның ведомствосында жалпы конкурс уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде не оның ведомствосында не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойыша өткізіледі.

 

 

Жалпы конкурс өткізуді келісу тәртібі

 

17. «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын төменгі лауазымға орналасу үшін өткізілетін жалпы конкурс уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.

18. Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткізуді келісу үшін, бос орын бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне сұрау жіберіп, оған мынадай құжаттарды қосады:

1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды растайтын мәліметті қамтитын;

2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының күшіне енген хаттамалары.

Мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген немесе толық табыс етпеген жағдайда, олар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен қарастырусыз қайтарылады.

19. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі табыс етiлген материалдарды олар келіп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) жалпы конкурс өткізуге келісім береді;

2) келiсiм беруден бас тартады.

20. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.

 

 

Жалпы конкурс

 

21. Жалпы конкурс:

1) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос тұрған төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына;

2) осы Қағидалардың 15-тармағымен көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.