Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

 

74. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

75. |Кандидаттарды бағалау нәтижелері Результаты оценки кандидатов заносятся в оценочный лист по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

76. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

77. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

78. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

79. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

80. Осы Қағидалардың 82 тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда конкурс комиссиясының шешімі оны қабылдаған күннен 5 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

81. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.

82. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 

 

Кандидаттың лауазымға орналасуы

 

83. Конкурс комиссиясының шешімі күшіне енгеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұлған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша қабылдайды.

 

 

Шағым жасау тәртiбi

 

84. Конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

85. Осы Қағидалардың 77 тармағында қарастырылған мерзімде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының күшіне енбеген шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

86. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешіміне түскен шағымды қарастырып, осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, конкурс өткізген мемлекеттік органға конкурс комиссиясының шешімінің не оның конкурс нәтижелеріне шағымданған тұлғаның құқықтарын қозғайтын бөлігінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

87. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен өзінің отырысында қаралады. Осы отырыста конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не бұрын қабылданған шешiмге өзгерiс енгізеді. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан күнінен он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

88. Өздерiне қатысты бөлiгiнде конкурс қатысушылары мен кандидаттар, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

 


«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына

1-Қосымша