Жинақтаушы сумматор

Жинақтаушы сумматор¾ жадысы бар автомат болып табылады.Өйткені жіктелетін цифрлар уақыттың кез-келген моментінде кезекпен келіп триггерде немесе кедергілер түзуінде сақталына береді. Жинақтаушы сумматор тіктелетін цифрлері тактілік генератордан тактісіне байланыспаған асихронды құрылғыларда қолданылады.

Жіктелінетін ai=1 келген кезде “немесе” элементі “1” орындалады. Егер біраз уақыттан кейін bi=1 келсе,онда ол кедергі түзуінде сақталынады да триггер “0” қабылдайды, осыддан “u”-дың екінші схемасына екі бірлік жіберіледі содан кейін “немесе”-нің екінші схемасының шығысында үлкен разрядқа тасымалданатын цифр қалыптасады,ол “1”-ге тең болады.Егер Pi=0 тең болса триггердің тікелей шығысынан алынып тасталатын сумманың цифры “0”-ге тең болады.Егер Pi=1 болса, онда суммасы Si=1.

ai bi Pi Si Pi+1

0 0 0 0 0

0 0 1 1 0

0 1 0 1 0

0 1 1 0 1

1 0 0 1 0

1 0 1 0 1

1 1 0 0 1

1 1 1 1 1

 

Атты дисктің даму процесі

Ең алғашқы қатты дискті 1956 жылы IBM фирмасы шығарды. Ол RAMAC деп аталды, сыйымдылығы 5 мегабайттан аспады және 50-24-дюймді пластинадан тұрды. Ол кезде тіпті бәріне белгілі лексиконға еніп кеткен "винчестер" атауы болған жоқ. Бұл атау тек 1973 жылы пайда болды. IBM фирмасы "Винчестер" деп аталатын сыйымдылығы 60 мегабайт, 14 – дюймді пластинадан туратын моделі 3340 қатты диск шығарды. 6 жыл өткен соң IBM фирмасы 8 дюймді пластинадан тұратын 3310 моделін шығаратынын жариялады. Осының артынан 1980 жылы Seagate ST-506 қатты дискісін шығарды. Оның форм-факторы 5,25 дюим. Бұл форм фактор көптеген жылдар бойы қолданылды.

 

Атты дисктің құрылымы.

Қатты диск (НDD - Hard Disk Drive) мыныдай түрде орналасқан: электромотормен байланысқан шпиндельде бірнеше дисктерден тұратын (блин) блок орналасқан. Оның үстінде информацияны оқуға және жазуға арналған головкалар бар. Диск бірнеше жолақтардан немесе тректерден тұрады. Әрбір жолақша секторларға бөлінеді. Центрден бірдей қашықта жатқан және дисктің әр түрлі жағында орналасқан екі жолақша цилиндрлер деп аталады.

 

Информацияны сақтау.

Қатты диск басқа да құрылғылар секілді информация блок деп аталатын бөліктерге бөліп сақтайды. Блок қатты дискте уникальды адресі бар мәліметтің ең кіші бөлігі болып табылыды. Қажетті инфорацияны қажетті жерге жазу немесе оқу үшін, қатты дисктің контроллеріне берілетін блоктың адресін көрсету керек. Блоктың көлемі барлық қатты дисктер үшін стандартты – 512 байт.

Өкінішке орай блок , сектор, кластер деп аталатын терминдердің арасында жиі түсінбеушіліктер болып жатады. Іс жүзінде блок және кластер терминдерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Расында бірінші түсінік логикалық, екінші түсінік топологиялық болып табылыды. Кластер – бұл операциялық жүйеде бір бүтін ретінде орналасқан бірнеше секторлар. Кластерге көшудің себебі мынада: FAT таблицасының өлшемі шектеулі болды, ал дисктің көлемі өсіп отырды. FAT 16 болған жағдайда 512 Мбайт диск үшін кластердің өлшемі 8 Кб, 1 Гб - 16 Кб, 2 Гб - 32 Кб және сол сияқты.

Блокты толығымен адрестеу үшін үш санды көрсету қажет (цилиндр номері, жолақтағы сектордың номері, головканың номері). Бұл әдіс бастапқыда BIOS та жасалынған болатын, бірақ кейін оған шектеулер қойылды.

Дискті монтаждау

Қатты диск компьютердің корпусына орнатылады. Ол үшін пластмассадан жасалған бағыттауыштар қажет. Олар құрылғының екі жағына қатырыл корпустың сәйкес жеріне орнатылады. Мұндай бағыттауыштар әдетте қатты дикке арналады. Сол себепті оларды сатып алар кезде бұл туралы ескерткен жөн.

 

 

Кейбір компаниялар қатты дискті орнатуға арналған арнайы қорап сатады. Онда бағыттауыштар дискке қатырылып тұрады. Төменде суреті көрсетілген.

 

Дискті орнатуға арналған арнайы қорап.

 

Және де ескерте кететін жағдай кабельді таңдаған кезде оның ұзындығына қараған жөн. Кейбір жағдайда кабель қысқа болып қалуы мүмкін. Егер жақын жерде тетік болса, онда дисктің орнын сонда ауыстырыңыз. Ұзын кабельді пайдалануға тырысыңыз. IDE кабельдің ұзындығы шектеулі 45 см; қаншалықты қысқа болса, сонша жақсы. Қысқа кабельді қолдану қателіктердің санын азайтады. Жинақтауышты қатыру кезінде дискпен бірге келген бүрауыштарды пайдаланған дұрыс.

 

Қатты дискті орнату үшін мыналарды орындаңыз:

Кабель жинақтауышқа қосылғанына көз жеткізіңіз;

Қазіргі кездегі Ultra-DMA режимінде жұмыс істейтін ATA дисктер үшін арнайы 80 – жилді кабель қажет;

Қатты дисктің артындағы негізгі/бағынышты Cable/Select переключателін орнатыңыз. Жинақтауышты компьютердің корпусына өте сақтықпен орнатыңыз. Бұл әрекетті орындау кезінде ешқандай механикалық күштің қажеті жоқ екеніне көңіл бөліңіз. Жинақтауыш өз орнында еркін тұруы қажет. Қажетті бұрауыштармен оны қатырыңыз;

Жинақтауыштың артында орналасқан интерфейстік кабельді қосыңыз. Егер кабельдің ұзындығы жеткілікті болса және корпуста бос орын болып жатса, онда кабельді жинақтауышты қатырмастан бұрын орнатқан дұрыс;

Компьютерді қосыңыз және жинақтауыштың двигателі айнала бастады ма тыңдаңыз. Егер дыбыс естілмесе, барлық кабельдер дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз;

Компьютерді өшіріп қайта қосыңыз да BIOS параметрлерін орнататвн программаны ашыңыз. Жинақтауыштардың параметрлері бөлімінде автоанықтауды орындаңыз. Іс жүзінде BIOS ң барлық версияларында мұндай мүмкіндіктер бар. Жинақтауыштың конфигурациясы бөлімінде компьютерді қосқан кезде жинақтуышты автоматты түрде анықтауды орнатыңыз. Орнатылған параметрлерді сақтап программадан шығыңыз;

Компьютерді өшіріп қайта қосыңыз. Дисті екі бөлікке бөліңіз де оларды форматтаңыз. НFDISK программасының көмегімен дискті бөліктерге бөлуге болады.