Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметтеқолданылатын етістіктің ерекше түрі

Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? Қай?деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған (қандай?) сөз– атылған (қандай?) оқ;кім? Не?деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмейді.Ақылды байқап сөйлер.(қайтер?)

Есімше төрттүрлі жолмен жасалады:

Жұрнақ Мысал
-қан, -кен, -ған, -ген(өткен шақ есімше) алған, келген,кеткен
-ар, -ер, -р ,– с (болжалды келер шақ есімше) барар,оқыр,оқымас
-мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек (мақсатты келер шақ есімше) Бармақ, келмек,жүзбек
-атын, -етін, -йтын, -йтін (ауыспалы өткен шақ) алатын,санайтын,өретін

 

Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліполданылады.

Есімшенің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып, анықтауыш болады. Оқығанадам озады.
Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Көрмес-түйені де көрмес.
Есімше атау мен іліктен басқа септіктерде заттанып қолданылса, толықтауышболады. Естігенді ұмытпайды.
Есімше барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп немесе көсемше есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп, пысықтауыш болады. Ол сұрақтың жауабын білетіндей жауап берді.
Есімше жіктеліп келіп, сөйлемдебаяндауышболады. Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтарү

 

Көсемше:пысықтауыш пен баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі.

Көсемшенің жұрнақтары:

1)-а, -е, -йжұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақкөсемше жасалады.Боран соғады, малтөлдейді, итүреді;

2)-ып, -іп, -пжұрнақтары арқылы өткен шақкөсемше жасалады. Сыпайысызып айтады, шорқақүзіп айтады.

3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келіжұрнақтары келер шақкөсемше жасайды. Айтқалы отыр,кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды,яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді.Тек -а, -е, -йжәне -ып, -іп, -птұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі,ал

-ғалы, -гелі, -қалы, -келтұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады. Мен сөйлескелі(не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді.
Көсемше жіктеліп немесе күрделі етістіктің құрамында келіп баяндауышболады. Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды.

 

 

 

Үстеу іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді.
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізігі үстеу Туынды үстеу Дара үстеу Күрделі үстеу
Бөлшектеуге келмейтін төл үстеу Жұрнақпен жасалған үстеу Бір ғана түбірден тұрады Кемінде екі сөзден тұрады
Ең, ертең, бұрын Бірге,зорға,балаша Ілгері, былтыр Бүгін, қыс бойы

Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

Жұрнақ Мысал
-ша, -ше құсша, ізінше, балаша
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей осылай, жүрелей, жаздай, күндей
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын
-шама, -шалық соншама-соншалық, мұншама-мұншалық
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша

 

Септік жалғаулары арқылы туынды үстеудің жасалуы :

 

Септік жалғау Мысал
Барыс септігі бекерге (жүрме), ертеңге(дейін), зорға(жетті)
Жатыс септігі өткенде(айтқан),байқаусызда(жығылды),
Шығыс септігі төтесінен(айтты),шалқасынан (құлады)
Көмектес септігі кезекпен(сөйлеу),ретімен(айтты)

 

 

Күрделі үстеудің жасалуы:

Күрделі сөз түрі Мысал
Бірігуарқылы қыстыгүні(қыстың+күні),ендігәрі(енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.
Қосарлануарқылы ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.
Тіркесуарқылы таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б. қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

 

Үстеудің мағыналық түрлері:

Шақ түрі Ереже Сұрағы Мысал
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетеді. қайда? қайдан? қалай қарай? Ілгері, осынла, бері
Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді қашан? қашаннан? Таңертең, жазғытұрым, бүгін
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Ақырын,емін-еркін,әрең
Мақсат үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді не мақсатпен? қалай? Әдейі, қасақана, жорта
Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді не себепті? қалай? неге? босқа,амалсыздан, бекерге
Мөлшер үстеуі қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? сонша біршама, недәуір, әжептеуәр
Күшейткіш үстеуі іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді қалай? қандай? әбден, керемет, ең, тым, аса, нағыз, кілең, орасан

Стеудің емлесі

 

Ереже Мысал
Сөздердің бірігуіненжасалған күрделіүстеулер біргежазылады. бұл жыл– биыл, бұл күн– бүгін, жаздың күні –жаздыгүні, ендігіден әрі –ендігәрі, қыстың күні– қыстыгүні , күздің күні– күздігүні
Сөздердің қосарлануынан, қайталануынанжасалған күрделіүстеулер дефис (-)арқылы жазылады анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен
Тіркесуарқылы жасалған күрделіүстеулер бөлекжазылады. қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа
Негізгі және туынды үстеулер көбіне айтылуы бойынша жазылады. Ертең, төмен, күнімен, бұлбұлша

 

 

Үстеудің сөйлемдегі қызметі:

 

Ереже Мысал
Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі-пысықтауыш. Кеше қар жауды.
Үстеу жіктеліп немесе заттанып келсе, баяндауыш болады. Мен жоғарыдамын.
Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауышболады. Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
Үстеу атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес
Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, анықтауышқызметін атқарады. Сонша алтынды қайдан алады?

 

 

 

ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер.
Тұлғасына қарай Құрамына қарай Мағынасына қарай
Негізгі еліктеу сөз Туынды еліктеу сөз Дара еліктеу сөз Күрделі еліктеу сөз Еліктеуіш Бейнелеуіш
Бөлшектенбейтін түбір еліктеу сөз -аң, -ең, -ың, -ің, -ңжұрнақтары арқылы жасалады Бір ғана түбірден тұрады Қос сөзден жасалады табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеунәтижесінде жасалатын сөздер
дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т. б. тарс, күмп,жымың бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп Сарт-сұрт етеқалды,гүрс ететүсті,жымың-жымың етеді,жарқ етеқалды Жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ