Жүктелім - рұқсат бойынша жұмысты беру және орындау

БИЛЕТ № 1

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы Казахстан мемлекеттін нормативті-заңдық құжаттар. Еңбек заңнамасының негізгі ережелері

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

3. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ

4. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

 

Еңбек заңнамасының негізгі ережелері

Қазақстан Республикасыныц Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Еңбек кодексінен, Қазақстан Республикасының заңдарынан жэне Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты еңбек саласында қүқық пен еркіндікке барынша аз кепілдікті белгілеу, еңбек қатынастарындагы тараптардың құқығын жэне мүддесін қорғауға бағытталған тікелей еңбекке байланысты еңбек қатынастарын және өзге де қатынастарды қүқықтық реттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының міндеттері адамдардың жақсы тұрмыс жағдайы және өндірістің тиімділігін арттыру, экономикалық өркендеу, тараптардың еңбек қатынастары мүддесінің теңдестігіне жетуге бағытталған қажетті құқықтық жағдайларды қүру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің принциптері:

1) еңбек саласында адамның және азаматтың қүқығын шектеуге рұқсат етпеу;

2) еңбек еріктігі;

3) балалар еңбегінің ең жаман нысанына жэне еріксіз еңбекке, дискриминацияға тыйым салу;

4) қауіпсіздік жэне гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жагдайына құқықты қамтамасыз ету;

5) өндірістік қызметтің нэтижелеріне қатынастар бойынша қызметкердің өміріне жэне денсаулығына басымдылық;

6) еңбек ақының барынша аз мөлшерінен төмен емес еңбекке эділ сыйақыға құқықты қамтамасыз ету;

7) демалысқа құқықты анықтау;

8) қызметкерлердің мүмкіншілігі мен қүқығының теңдігі;

9) өз құқығы мен мүддесін қорғау үшін біріктіруге қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік серіктестік;

11) қауіпсІздік жэне еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

12) қызметкерлердің өкілдерінің құқығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтаумен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Қызметкер жэне жұмыс беруші еңбек қатынастарының объектілері болып табылады. Еңбек кодексіне сэйкес бекітілген еңбек шартының негізінде қызметкер меи жұмыс бсрушінің арасында еңбек қатынастары туындайды.

Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақыға тиісті бІліктілік бойынша жұмысты (еңбек міндетін) орындайды және еңбек тәртібін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайын қамтамасыз етеді, мерзімінде және толықтай қызметкерге еңбек ақысын төлейді жэне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, еңбек, ұжымдық шарттармен, тараптардың келісімімен қарастырылған өзге де төлемдерді іске асырады.

Еңбек шартында:

1) тараптардың деректемелері:

Жұмыс берушінің - заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жері, жұмыс берушінің - заңды тұлғаның нөмірі жэне мемлекеттік тіркеу күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (оның болуы кезінде), оның түрақты мекенжайы және түратын жері бойынша тіркелгендігі туралы мэлімет, оның жеке басын куәландырушы құжатты беру күні, нөмірі, атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) нақты мамандық бойынша жұмысты, біліктілігін және лауазымын (еңбек міндетін);

3) жұмысты орындау орны;

4) еңбек шартының мерзімін;

5) жүмысты бастау күнін;

6) жүмыс уақыты режимін және демалу уақытын;

7) еңбекті төлеу мөлшері мен өзге жағдайларын;

8) егер жұмыс ауыр жэне (немесе) зиянды (өте зиянды) жэне (немесе қауіпті жағдайларда орындалуға жататын жұмыстар болса, еңбек жагдайы сипаттамасын, кепілдік пен жеңілдіктерді,

9) қызметкердің қүқықтары мен міндеттерін;

10) жұмыс берушінің қүқықтары мен міндеттерін;

11) еңбек шартын өзгерту және тоқтату тәртібі;

12) кепілдік жэне өтемақы төлемдері, оларды төлеу тэртібі;

13) сақтандыру бойынша шарттар;

14) тараптардың жауапкершілігі;

15) бекіту күні және реттік нөмірі болу керек.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайлар қамтылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасымен салыстыру бойынша қызметкерлердің жағдайын төмендететін еңбек шартының қағидасы жарамсыз деп танылады және қолданылуға жатпайды.

Еңбек шарты бекітілуі мүмкін:

1) белгісіз мерзімге;

2) кемінде бір жылға белгілі бір мерзімге, келесі оқиғалардан басқа:

- белгілі жұмысты орындау;

- уақытша жоқ қызметкердің орнын ауыстыру;

- маусымдық жұмысты орындау.

Жұмысқа қабылдау бекітілген еңбек шартының негізінде шығарылған жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Жұмыс беруші актімен үш жұмыс күні мерзімінде таныстыруға мІндетті. Жұмыс берушінің актісімен таныстыру қызметкердің қолымен расталады.

Еңбек шартында тапсырылған жұмысқа қызметкердің біліктілігіне сәйкестілігін тексеру мақсатында сынау мерзімі туралы шарт белгіленуі керек. Еңбек шартында бүл шарттың жоқтығы кезінде қызметкер жүмысқа сынау мерзімісіз қабылданған болып саналады. Сынау мерзімі қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады және үш айдан аспайды.

Еңбек шартында мұндай жағдайларда жұмысы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ұжымдық шартпен қарастырылған жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер, кепілдіктер көрсетілуі керек, зиянды жэне (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда еңбек жағдайының анық сипаты көрсетілуі керек.

Ауыр жүмыстарда жүмыс істейтін, зиянды (оте зиянды) жэне (немесе) қауіпті еңбеіс жағдайында, сондай-ақ жер асты жұмыстарында жұмыс істейтін қызметкерлермен еңбек шартын бекіту рәсімі азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық жағдайы бойынша жарамаудың жоқ екендігі анықталғаннан кейін іске асырылады.

Жұмысқа қабылданған тұлғалар міндетті түрде жұмыс берушімен ұйымдастырылған қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімді тексеруді келесі міндетті жүргізумен алғашқы оқудан өтеді. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімді тексеру және нұсқау беру, алғашқы оқудан өтпеген қызметкерлерге жұмысқа рұқсат етілмейді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қызметкердің құқығы:

1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орны;

2) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес санитарлық- тұрмыстық бөлмелермен, жеке және ркымдық қорғаныс құралдарымен, арнаулы киімдермен, сондай-ақ еңбек, ркымдық шарттармен қамтамасыз ету керек;

3) оның жұмыс орнында еңбекті қорғауды жэне шарттарын тексеру жүргізу туралы еңбек инспекциясы бойынша еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жэне (немесе) жергілікті органға өтініш жасау;

4) қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге жэне талдап қарауға жеке немесе ез өкілі арқылы қатысу;

5) оның денсаулығына немесе өміріне қауіп тудыратын жағдайлар туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыны немесе жұмыс берушіні жазбаша хабарлаумен жұмысты орындаудан бас тарту;

6) еңбек қатынастарын қауіпсіз орындау үшін қажетті білім және кәсіби дайындық;

7) өміріне және денсаулығына бар болған қауіп туралы, қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау жағдайының күйі, жүмыс орынның жэне ұйым аумағының сипаты туралы, сондай-ақ зиянды (өте зияпды) жәис (нсмссе) қауіпті өндірістік факторлардың ықпалынан оны қорғау бойынша шаралар туралы жұмыс берушіден анық ақпараттарды алу;

8) қауіпсіздік жэне еңбек қорғау бойынша талаптарға сәйкеспегендіктен ұйым жұмысының уақытша тоқтау мерзіміне орта еңбек ақысының сақталуы;

9) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің заңға қайшы әрекеттеріне шағым беру.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қызметкердің міндеттері:

1) кәсіби сырқаттардың белгілері, өндірісте болған әр жазатайым оқиға туралы, сондай ақ адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына бірден хабарлауы керек;

2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алды медициналық куәландырудан оту, сондай-ақ өндірістік қажеттілік бойынша басқа жұмысқа ауысу үшін не болмаса кәсіби сырқат белгісінің туындауы кезінде медициналық куэландырудан өту;

3) жұмыс берушімен үсынылатын жеке жэне ұжымдық қорғаныс қүралдарын міндеті бойынша пайдалану жэне қолдану;

4) медициналық мекемелермен күні бұрын берілген емдік және сауықтыру іс-шараларын, оларды жұмыс берушімен қаржыландырған жағдайда орындау;

5) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормалардың, ережелердің жэне нүсқаулықтардың талаптарын, өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша жүмыс берушінің талаптарын сақтау;

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің құқығы:

6) еңбектің қауіпсіз жағдайын қүру бойынша рационализаторлық үсыныстар, жүмыс орындарында еңбектің қолайлы жағдайын құруы үшін қызметкерді марапаттау;

7) осы Кодекспен белгіленген тэртіпте қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау бойынша талаптарды бүзатын қызметкерлерді тэртіптік жауапкершіліюсе тарту және жұмыстан шығару;

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жүмыс берушінің міндеттері:

1) өндірістік жабдықтарды жэне технологиялық процестерді айтарлықтай қауіпсіз түрлеріне ауыстыру, сақтандыруды жүргізу жолымен технологиялық процестерде және жүмыс орындарында кез келген тэуекелдерге жол бермеу бойынша шараларды қолдану;

2) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту жэне дайындық жүргізу;

3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ұйымдық-техникалық іс- шаралар өткізу;

4) нүсқаулық жүргізу; өндірістік продесті жәнс жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша қүжаттармен қамтамасыз ету;

5) қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін түлғаларды, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша қызметкерлердің білімін тексеруді үйымдастыру;

6) нормаларга сэйкес қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайды қүру, қызметкерлердің арнаулы киімдерін және аяқ киімдерін беруді жэне жөндеуді қамтамасыз ету, оларды профилактикалық өңдеу қүралдарымен, жуатын және дезинфекциялау қүралдарымен жабдықтау, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тамақтармен, жеке және үжымдық қорғаныс қүралдарымен жабдықтау;

7) үйымдарда еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау туралы ақпаратты қоса алғанда, қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау жағдайы туралы қажетті ақпаратты олардың жазбаша өтінімі бойынша қызметкерлердің өкілдеріне, еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға және еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органға кварталына бір рет ұсыну;

8) мемлекеттік еңбек инспекторларыньщ ұйғарымын орындау;

9) өндірістегі кәсіби сырқаттар мен жазатайым оқиғаларды есепке алуды және талдауды, тіркеуді іске асыру;

10) қызметкерлердің өкілдерінің қатысуымен еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды мерзімді аттестациялау кемінде бес жылда бір рет өткізіледі;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тэртіпте өндірісте жазатайым оқиғаларды тексеру қамтамасыз етіледі;

12) олармен еңбек (қызметтік) міндеттерді орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді сақтандыру;

13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы саласында уэкілетті мемлекеттІк органның тиісті аймақтық бөлімшеге ауыр улану жағдайы туралы хабарлау;

14) еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету;

15) Қазақстан Реснубликасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгертумен басқа жұмысқа ауысу кезінде не болмаса кәсіби сырқаттың пайда болуы кезінде ауысым алдындағы медициналық куэландыру жэне міндетті мерзімді (еңбек қызметі ағымында) медициналық тексеру жеке қаражат есебінен жүргізеді.

16) апаттық жағдайлардың артуына жэне өзге тұлғаларға жарақаттанатын факторлардың ықпалына жол бермеуде шұғыл шараларды қолдану;

Жұмыстардың түрлері мен қызметтің ерекшеліктері есебімен еңбек не болмаса ұжымдық шартпен қауіптілігі жоғары көздердің бар болуы жұмыс берушінің қосымша міндеттері қарастырылуы мүмкін.

Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар актісі негізінде жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығаруы керек, сондай-ақ:

1) алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық мастану (олардың ұқсастығын) жағдайында жұмыста болған немесе осыидай мастануды тудыратын заттарды жұмыс күні ағымында пайдаланғандар;

2) қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған тұлғалар;

3) жұмыс берушімен ұсынылған жеке жэне (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдаланбағандар;

4) егер олар міндетті болып табылса, медициналық тексеруден өтпеген не болмаса ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпегендер;

5) егер оның эрекеті немесе әрекетсіздігі апаттық оқиғаны, еңбекті қорғау ережесін бүзуды, өрт қауіпсіздігін не болмаса көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің құрылуына әкеп соғады.

Өзіне толық материалдық жауапкершілікті қабылдағаны туралы жазбаша шарттың негізінде қызметкерге берілген мүлікті және өзге құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкерді жүмыстан шығаруға жұмыс беруші құқылы.

Қызметкерді жұмыстан шығару кезінде еңбек ақы сақталмайды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленбейді.

 

2. ЭБЖ/ЛЭП тоқ хабарлау желілеріндегі жұмыстар жүргізген кезінде злектр тогының әсерінен босату

3. Стандарт «Шахталар мен карьерлердің кен қазбаларында өздігінен жүретін көлік құралдарын пайдалануға қоятын талаптар» Жалпы түсініктеме, стандарттің мақсаты және мазмүны 18.04.2014 жыл шешім №12

Өзі жүретін көлік құралы (ӨЖКҚ)- жүктер мен адамдарды тасымалдауға, сондай-ақ жұмыстардың белгілі түрлерін орындауға арналған іштен жану қозғалтқышымен қозғалысқа келтірілетін жабдық.

ӨЖКҚ арналуы бойынша пайдалану бойынша басшылыққа немесе нұсқаулыққасәйкес қолданылу керек.

Шахталардың жер асты кен қазу жұмыстарында қолданылатын ӨЖКҚ дизельді іштен жану қозғалтқышымен жабдықталу керек.

Карьерлердің ашық кен жұмыстарында бензинді іштен жану қозғалтқышпен жабдықталған ӨЖКҚ қолдануға рұқсат етіледі.

ӨЖКҚ отын маркасын тиісті цетан немесе октан санымен қолдану керек, бұл жағдайда атқарылған газдарда зиянды компоненттердің мөлшері рұқсат етілген мәнінен артпау керек.

ӨЖКҚ атқарылған газдарда зиянды компоненттердің мөлшерін азайту үшін катализдік бейтараптандырғышпен жабдықталу керек.

Өзі жүретін бұрғылау қондырғысы, ұңғымаларды толтыруға арналған жер асты машиналар, өзі жүретін сөре төмендегілермен жабдықталу керек:

- жұмыс орнын жарықтандыру үшін қосымша прожекторлармен (бұрғылау, ұңғымаларды толтыру аймақтары және т.б.);

- тірек домкраттарымен (екі немесе төрт тірек домкраты).

ӨЖКҚ артқы секторын шолу үшін ӨЖКҚ артқы көрініс айналарымен жабдықталу керек.

Жұмыскерлерді жұмыс орнына жеткізуге арналған мамандандырылған ӨЖКҚ (жер асты автобусы, жеңіл көлік, вахтовка және т.б.) кабинасындағы машинист пен жолаушының креслолары, сондай-ақ жолаушылар салонының креслосы қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталу керек.

ӨЖКҚ кабинасы мен жолаушы салоны ауа баптау жүйесімен жабдықталу керек.

Карьерлердің ашық жұмыстарында қолданылатын ӨЖКҚ кабинасы мен жолаушы салоны жылыту жүйесімен жабдықталу керек.

Двери ӨЖКҚ есіктері машинист жағынан өз бетінше ашылып кетуін бақылауды қамтамасыз ету үшін есіктерді бұғаттау жүйесімен жабдықталу керек.

ӨЖКҚ автономды өрт сөндіру жүйесімен жабдықталу керек, ӨЖКҚ бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өртсөндіргіштермен) қосымша жабдықтауға рұқсат етіледі.

ӨЖКҚ негізгі дыбыстық сигналдармен де, артқа жүру дыбыстық сигналдарымен де жабдықталу керек.

Артқа жүру дыбыстық сигналы ӨЖКҚ артқа қозғалғанда автоматты түрде қосылу керек.

Жаяу жүргіншіні басып кетпеу үшін ӨЖКҚ:

а) жаяу жүргіншілерді анықтау жүйесі ӨЖКҚ машинисінің мониторына бейнесі шығу арқылы жылу айқындағышпен немесе бейнебақылау жүйесімен

б) қызыл сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталу керек.

Жарылатын материалдарды жеткізуге арналған арнайы көлік, реанимобиль, жарылатын материалдарды тасымалдау үшін жабдықталған ӨЖКҚ көк түсті жарқылдауық маякпен жабдықталу

ӨЖКҚ:

- жеке медициналық қобдишамен;

- кем дегенде екі дөңгелеп кетуге қарсы тіректермен;

- алмалы апаттық белгілермен жабдықталу керек.

ӨЖКҚ сенімді тежегіш жүйесі болып, қосалқы тежегішпен (кен тежегішімен) қосымша жабдықталу керек. ӨЖКҚ тежегіш жүйесін тексеру және реттеу машинаны байқау журналына нәтижесін міндетті түрде жазу арқылы жүзеге асырылу керек.

Өзі жүретін бұрғылау қондырғысы, арту-жеткізу машинасында кабинасының алдыңғы бөлігі түсірілетін қорғаныс торымен жабдықталу.

ӨЖКҚ машинисі жұмысты:

- ауысымның жұмыс басқарушысы берген жазбаша жүктелім-рұқсат бойынша;

- жазбаша жүктелім-рұқсатты беру журналына жазу арқылы;

- тиісті бланкіні толтыру арқылы жұмыс орнында әлеуетті қауіп-қатерлерді сараптау мен тәуекелдерді бағалау өткізгеннен кейін орындауы керек.

Жұмыс ауысымының басталуының алдында ӨЖКҚ машинисі міндетті түрде денсаулығының жағдайын ауысым алды медициналық куәландырудан өтуі тиіс.

ӨЖКҚ жұмыс аймағына кіруге тек ӨЖКҚ жұмыстары толық тоқтағаннан, «Өтуге тыйым салынған» қауіпсіздік белгісі шешілгеннен және ӨЖКҚ жүргізушісі жұмыс аймағына кіруге рұқсат беру туралы белгі бергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

Өзі жүретін бұрғылау қондырғылары, шұңқырларды толтыруға арналған жер асты машинасы, өзі жүретін сөрелер жұмыстарды орындаудың алдында және жұмыс барысында тірек домкраттарына орнатылу керек

Жер асты кен жұмыстарын жүргізетін кәсіпорында кен қазбасында ӨЖКҚ машинисі мен жаяу жүруші кездескенде олардың келесі өзара әрекеттесу ресімі қолданылу керек (Сурет 17):

- ӨЖКҚ машинисінің назарын өзіне аудару үшін жаяу жүруші кеудесінің деңгейінде жеке шамын шеңбер бойынша қозғалту арқылы белгілер береді;

- ӨЖКҚ машинисі көлік құралын шахта қазбасының оң беткейіне жақынырақ тоқтатып, машинист кабинада отырған жағынан жаяу жүрушіні өткізіп, жаяу жүрушінің өтіп кеткеніне және ӨЖКҚ қауіпсіз қашықтыққа алыстағанына көз жеткізіп, қозғалысты жалғастыруы керек.

Шахтаның кен қазбаларында жаяу жүрушінің, реанимобиль немесе жарылатын заттарды әкеле жатқан ӨЖКҚ қиылысу жағдайларын қоспағанда, ӨЖКҚ алдында басымдылық құқығы бар.

Ашық кен жұмыстарын жүргізетін кәсіпорында жаяу жүруші жаяу жүруші жолдарымен немесе карьердің автожолдарының шетімен ӨЖКҚ қозғалысына қарама-қарсы жүруі керек.

Реанимобильдің жаяу жүрушінің және жарылатын заттарды тасымалдайтын ӨЖКҚ қоса, ӨЖКҚ кез келген бас түрінің алдында басымдылық құқығы бар.

Жарылатын материалдарды тасымалдайтын ӨЖКҚ реанимобильден басқа ӨЖКҚ кез келген түрінің алдында басымдылық құқығы бар.

 

 

БИЛЕТ № 2

 

1. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн тексеру тәртiбi

Еңбеккерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және білімдерін тексеру.

Еңбеккерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және білімдерін тексеру кем дегенде жылына бір рет жүргізіліп, еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексерумен (емтихан) аяқталуы тиіс.

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша оқу бағдарламаларын кәсіпорын мамандары жұмыс ерекшелігін ескере отырып әзірлеуге, жұмыс беруші бекітуге тиіс және онда теориялық пен өндірістік оқыту қарастырылуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігінің арнайы талаптары қойылатын жұмыстарды жүргізу кезінде еңбеккерлер қосымша арнайы оқудан өтуге тиіс.

Білімдерді тексеру бойынша емтихан комиссиясының құрамы мен оның жұмыс тәртібі жұмыс берушінің бұйрығымен айқындалады.

Комиссиялар құрамына бөлімшелердің басшыларын, еңбек қорғау және қауіпсіздігі қызметтерінің мамандарын, еңбек қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды, еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторын қосу қажет.

Білімін тексеруден өткен еңбеккерге куәлік немесе хаттамадан үзінді көшірме берілуі тиіс.

Еңбеккер қанағаттанғысыз баға алған жағдайда қайта білім тексеру өткізілуі тиіс. Қайта білім тексеру өткізілгенге дейін еңбеккер өз бетінше жұмыс істеуге жіберілмейді.

Еңбеккер еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімді тексеруден қайтадан өтпей қалған жағдайда кәсіпорын басшылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Топтың жергілікті актілерімен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, еңбеккердің біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын жұмысына сәйкессіздігі туралы мәселені қарауға тиіс.

Басқарушы еңбеккерлерді және еңбек қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды (кәсіпорындардың инженерлік-техникалық құрамы) оқыту және білімдерін тексеру.

Басқарушы еңбеккерлерді және еңбек қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды оқыту және білімдерін тексеру кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіби дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру ұйымдарында жүргізілуі тиіс.

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша оқу бағдарламалары кәсіпорын ерекшелігі ескерілген оқуды қарастыруға және оларды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган бекітуге тиіс.

Басқарушы еңбеккерлердің еңбек қорғау және қауіпсіздігі мәселелері бойынша білімдерін тексеру біліктілікті арттыру курстарында кемінде үш адамнан тұратын, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның бұйрығымен құрылатын емтихан комиссиясы жүргізеді.

Комиссия төрағадан – мемлекеттік еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына біліктілікті арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісу бойынша) кіреді.

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеруден өткен басқарушы еңбеккерлерге Қазақстанның барлық аумағында жарамды болатын сертификат берілуі тиіс.

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеруден өтпеген басқарушы еңбеккерлер қайта білім тексеруден өткенге дейін атқарып отырған лауазымдарында қалады. Қайта білім тексеру алғашқы білім тексеру өткен күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімін қайта тексеруден өтпеген басқарушы еңбеккер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жұмыстан босатылады.

Сонымен қоса басқарушы еңбеккерлер еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімін қайта тексеруден келесі жағдайларда өтеді:

а) еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілер, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда;

б) жұмыс берушінің шешімімен жаңа жабдық пайдалануға берілген немесе жаңа технологиялық процестер енгізілген жағдайда;

в) жұмыс берушінің шешімімен жауапты тұлға басқа жұмыс орнына ауыстырылған немесе еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған жағдайда;

г) жазатайым тұлғаларды тексеру комиссиясының шешімі бойынша топтық, адам өлімімен немесе ауыр жарақатпен (мүгедектікпен) аяқталған жазатайым оқиғаларға жол берілген, сондай-ақ апат, жарылыс, өрт немесе улану туындаған жағдайда;

д) жұмыста бір жылдан артық үзіліс болған жағдайда.

2. Кернеу 1000 В дейінгі злектр тогының әсерінен босату, электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

3. Стандарт«Казақмыс Тобы кәсіпорындарында жүктелім-тапсырма және жүктелім-рұқсат беру тәртібі». Жалпы түсініктеме, стандарттің мақсаты және мазмүны.

Бас тарту парағы – өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты орындаудан қызметкердің бас тарту парағы.

Жүктелім - рұқсат – жұмысты орындауда қауіпсіздікке жауапты тұлғалар және бригада құрамы, қауіпсіз жүргізу талаптары, жұмыс орны, оның басталу және аяқталу уақыты, мазмұнын анықтайтын және белгіленген нысандағы арнайы бланкіге рәсімделген жұмысты жүргізуге тапсырма.

Қажетті қауіпсіздік шаралары – қолайлы деңгейге дейін жол берілмейтін қауіпті жоюға немесе төмендетуге бағытталған шаралар жинағы.

Қауіпті аймақ – адамға немесе жабдыққа өндірістік фактордан қауіптің ықпал етуі және пайда болуы мүмкін аймағы.

Жұмыс орнын дайындау – жұмыс орнында қауіптің және қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс істеушілерге ықпал етуіне жол бермеу үшін техникалық шараларды жұмыс басталғанға дейін орындау.

Жұмысты ұйымдастыру жобасы – жұмыс қауіпсіздігін және қолдану тәртібін қарастыратын ұйымдық - технологиялық құжат.

Жұмыс жетекшісі – ауысымда тікелей жұмыс жетекшісі болып табылатын цехтың шебері, кен шебері.

Қауіптілігі жоғары жұмыс (ҚЖЖ) – жұмысты орындау сипатымен байланысты жұмысты орындауда қызметкерге залалды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін. Көрсетілген жұмысты жүргізуде әр нақты өндірістік операция үшін әзірленген шараларды міндетті түрде орындау қажет.

Жүктелім - рұқсат анықтайды:

а) жұмысты ұйымдастыру жобасына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмысты орындау;

б) еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жұмыс орны және мазмұны;

в) жұмыстың басталу және аяқталу уақыты;

г) жұмысты қауіпсіз жүргізу шарттары;

д) Қауіптілігі жоғары жұмысты қауіпсіз орындауға жауапты тұлғалар және бригада құрамы;

е) мақсатқа сай нұсқама жүргізу.

Жүктелім - рұқсат толтырылған бланкті тіркеу жұмысқа рұқсат беретін тұлғаның жұмыс орнында болатын жүктелім - рұқсатты есепке алу журналында (В қосымшасы) жүргізіледі, онда жүктелім – рұқсат нөмірі, жүктелім - рұқсат берген тұлғаның лауазымы және тегі, оған берілген жұмыс атауы, жұмысқа алғашқы рұқсат ету уақыты және күні, жұмысқа қайта рұқсат ету уақыты және күні, олардың аяқталу уақыты белгіленеді.

Жүктелім - тапсырма және жүктелім - рұқсат бойынша жұмысты орындауда қызметкерлер қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі және ыңғайлы құралды пайдаланады.

Ұжымдық қорғау құралдарымен және ЖҚҚ пайдалану ережесіне қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылады.

Жүктелім - рұқсат және жүктелімдер бойынша жұмыстар жүргізілетін жұмыс орны ӨҚ және ЕҚ талаптарына сай болуы керек, тиісті техникалық құжаттары болуы керек және ай сайын бақылаушы тұлғамен тексеріп қаралады.

ӨҚ және ЕҚ талаптарын бұзу болғанда жұмыс орнына, біріншіден, осы кемшілікті жою үшін жүктелім беріледі. Осы жұмыс орындарында бұдан әрі жұмысты жүргізу тек жұмыс жетекшісінің рұқсатымен және осы ескертулер жойылғаннан кейін жүргізіледі.

«Жұмысты жүргізуге ай сайынғы жүктелім кітабы» және «Жүктелім-рұқсатты есепке алу журналы» орындалған жұмысты есепке алу бойынша заңды құжаттама болып табылады, мұқабасымен бірге нөмірленген және байланған болуы керек және мұқабаның екінші жағына кәсіпорынның мөрі қойылады.

Тиым салынады:

а) жүктелім - тапсырмамен қарастырылмаған жұмысты орындауға;

б) жүктелім - тапсырма берілмеген және «Жұмысты орындауға жүктелім кітабына» қол қоймаған жұмысшыны жұмысқа рұқсат беруге.

Жазбаша жүктелім - тапсырманы беру және орындау

Жазбаша жүктелім - тапсырманы құрастырушы және беруші тұлға нақты жұмыс орнының жағдайын білуі керек, жүктелім - тапсырма бойынша жұмыс жүргізілетін қауіпті учаскені және механизмдерді білуі керек.

Жазбаша жүктелім - тапсырма бөлімше/цех жетекшісімен құрастырылады және ауысымдағы жұмыс жетекшісіне және тікелей жұмысты орындаушыға «Жұмысты орындауға ай сайынғы жүктелім кітабында» тіркеу арқылы беріледі.

Бір жұмыс орнына екі және одан артық жұмысшы жіберілсе, біреуі басшы болып тағайындалуы керек.

Жүктелім - тапсырманы беруде келесі талаптар сақталуы керек:

а) Жүктелім - тапсырма бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін қауіпті бағалау және болуы мүмкін қауіптілікке талдау жүргізіледі.

б) жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін қауіпті төмендету немесе жоюды қамтамасыз етудегі қажетті шаралар анықталған;

в) кәсіпорынды қадағалау тұлғалары және бақылаушы органның ескертуі ескерілді;

г) жұмысты орындау үшін жұмысшылар біліктілігін және келу санын тексерумен алдағы жұмыс сипаттамасы және көлемі анықталды.

Жүктелім - тапсырманы беруде тиым салынады:

а) жұмыскердің қолы қойылғаннан кейін «Жұмысты орындауға ауысым сайынғы жүктелім кітабына» өзгеріс енгізуге;

б) жұмысты жүргізуге екі және одан артық жүктелім - тапсырманы бір уақытта жұмысты бір орындаушыға беруге;

в) егер жүктелім беруші тұлғаға болуы мүмкін қауіптілік және сипаттамасы белгілі болмаса, жұмысты жүргізуге жүктелім - тапсырма беруге;

Жүктелім - тапсырма бойынша жұмысты орындау алдында:

а) Жұмысшымен тиісті бланкіні толтырумен бірге жұмыс орнында қауіпті бағалау және болуы мүмкін қауіпке талдау жүргізілуі керек;

б) қолайлы деңгейге дейін қауіпті төмендету немесе жоюды қамтамасыз етуші және қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін қажетті шаралар анықталуы керек;

Өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін бұзылым жұмыс орнында бар болғанда, жұмысшы жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы;

Жұмысты орындаудан жұмысшының бас тартуы Бас тарту парағында жұмысшымен жазбаша түрінде дайындалуы керек.

Жүктелім –тапсырманы орындауда жұмысшының денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, жұмыстың тікелей басшысы бірден жұмысты тоқтатуы керек, қауіпсіз жерге жұмысшыларды шығару бойынша шаралар қабылдауы және ол туралы жоғарыдағы басшыға хабарлау керек.

Жұмысшы (лар) өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындарына басқа жұмысшыларға рұқсат бермеу үшін қауіпсіздік белгісімен және аншлагтармен қоршату керек.

Жүктелім - тапсырманы орындау процесінде жұмыс тәжірибесі және олардың біліктілігін есепке ала отырып, жұмысшыларға жүктелімді өзгертуге жұмыс басшысының құқығы бар.

Жүктелім - тапсырманы өзгерту блокнотқа өзгерістер енгізумен, тікелей жұмыс орнында жұмыс басшысымен жүргізілуі керек. В Блокнотына енгізілуі қажет:

а) бұрын берілген жүктелім – тапсырма бойынша өзгертілген себептер;

б) өзгертілген жүктелім - тапсырманы орындауда қауіптілік және қауіп-қатер;

в) өзгертілген жүктелім - тапсырманы орындауда қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша нұсқама жүргізу;

г) бұрын берілген жүктелім - тапсырманы өзгертумен танысқан жұмысшылардың қолдары;

д) бұрын берілген жүктелім - тапсырманы өзгерткен тікелей жұмыс басшысының қолы;

Бас тарту Парағы және Блокноты әр жұмыс басшысының тікелей жұмыс орнында болуы керек.

Блокнотта көрсетілген жүктелім - тапсырма бойынша өзгерістер жұмыс аяқталғаннан кейін «Жұмыс жүргізуге ауысым сайынғы жүктелім кітабына» енгізілуі керек.

Ауысымда тікелей жұмыс басшысы міндетті:

а) кезекті ауысымға жүктелім - тапсырманы беру уақытына жүктелімді өткізетін тұлғаға жұмыс жүргізу орнында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы және өндірістік ахуал, ауысым тапсырмасын орындау туралы баяндау керек;

б) жұмысты жүргізуге Жүктелім кітабындағы жазбамен бірге жүктелімді орындау туралы ауысым аяқталғаннан кейін бөлімше (цехтың) басшысының алдында есеп беруі керек.

Жүктелім - рұқсат бойынша жұмысты беру және орындау

Қауіптілігі жоғары жұмыстың барлық түрлері білікті және жаттыққан қызметкермен, тек тікелей жұмыс орнында мақсатты нұсқама жүргізу және жұмысты ұйымдастыру жобасының, жазбаша дайындалған жүктелім - рұқсаттың бар болуында, қауіп-қатер және қауіптілік мүмкіндігі есебімен орындалуы керек.

Бір бригадаға бес күннен аспайтын мерзімде жүктелім - рұқсат берілуі мүмкін. Бес күннен асатын жұмыстың ұзақтығы кезінде жүктелім -рұқсат қайта жазылуы керек.

Жүктелім - рұқсат екі данада құрастырылады, бір данасы жүктелім - рұқсат берген тұлғада, екінші данасы тікелей жұмысты жүргізушіге беріледі.

Қауіптілігі жоғары жұмысты жүргізу орны анықталған қауіптілік және қауіп-қатерлік есебімен дайындалуы керек, бөтен тұлғаларға рұқсат беруге тиым салу және белгісі бар болуы керек (апаттық жағдайларды қоспағанда).

Жұмыс басталғанға дейін немесе жұмысты жүргізу уақытында жұмыс орны еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда сәйкессіздік толықтай жойылмайынша жұмыс жүргізілмеуі керек.

Қауіптілігі жоғары жұмысты жүргізуде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әрекет етуі шегінде жұмысшылар үшін қауіпті аймақтар анықталуы керек. Қауіпті аймақтар қоршалуы керек.

Жүктелім - рұқсат бойынша жұмыс жүргізілетін орында барлық жабдықтар түрлері кез-келген энергияның түрінен ажыратылуы және оқшаулануы керек.

Электро энергияны қондыруда жүктелім - рұқсат бойынша жұмыстар тек қуатты тоқтауда жүргізілуі керек.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарға алғашқы жіберілген жұмысшылар тәжірибелі жұмысшылардың қадағалауымен жұмысты орындауы керек.

Жұмысты орындаушы міндетті:

а) жұмыс уақытында арнайы киімді және басқа да жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға және дұрыс қолдануға;

б) оларға тапсырылған жүктелім - рұқсатпен нақты сәйкесті жұмысты орындауға;

в) алынған нұсқама талаптарын орындауға;

г) КҚЖ және жүктелім - рұқсатта қарастырылған қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

д) егер жүктелім - рұқсатта және КҚЖ-да қарастырылмаған жағдайлар жұмысты орындау барысында туындайды немесе жұмысты орындау алдында қауіптілік құнын және болуы мүмкін қауіптілік талдауын жүргізуде, жүктелім - рұқсат бойынша жұмысты орындауды тоқтатуға немесе жұмысты орындаудан бас тартуға;

Қауіптілігі жоғары жұмысты немесе бейстандартты бір жолғы жұмысты орындауда әр кәсіпорында жұмысты ұйымдастыру жобасы (бұдан әрі – ЖҰЖ) өңделуі керек.

ЖҰЖ жүргізілетін жұмыс сапасына және экологиялық қауіпсіздігіне, жұмыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, технологиялық ережесіне сәйкес жұмысты жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет етуші ұйымдастыру - технологиялық құжаты болып табылады.

Жұмысты орындауды жүктелген кәсіпорынның бас мамандарын жұмылдырумен бөлімше мамандарымен ЖҰЖ дайындалады және кәсіпорынның техникалық директорымен бекітіледі.

Мердігерлік ұйымдарды жұмылдырумен жұмыс жүргізуде ЖҰЖ мердігерлік ұйыммен дайындалады, тапсырыс берушінің бас маманымен келісіледі және тапсырыс берушінің және мердігердің техникалық директорларымен бекітіледі.

Жұмысты орындауға жүктелген бөлімшенің барлық персоналы, сондай-ақ басқа жұмысты атқарып жүрген, бірақ болуы мүмкін қауіпті әсері бар аймақтағы жұмыскерлер ЖҰЖ-бен танысуы керек.

ЖҰЖ жүктелім - рұқсат жүйесін және Қазақмыс Тобының басқа да нормативті құжаттарын өзгертпеуі керек.

ЖҰЖ-ға өзгертулер енгізу қажет болған жағдайда кәсіпорынның техникалық директорымен келісілуі және бекітілуі керек.

ЖҰЖ анықталады:

а) жұмысты орындауда қауіпті және болуы мүмкін қауіптілікті;

б) жұмысты орындауда қауіпсіздік тәртібі;

в) жұмысты қауіпсіз орындау бойынша шараларды;

г) қолданылатын жабдықтар, құралдар және бейімделуді;

д) жұмыс істеп тұрған құралдың энергиясын, болуы мүмкін энергия көзін ажырату қалыптамасы;

е) қолданылатын ЖҚҚ, ұжымдық қорғау құралы;

ж) қауіпсіздікті сақтандыратын белгінің орналасуын көрсетумен жұмыс шегі және қауіпті аймағы;

з) жұмысшылардың біліктілік құрамы, оларды жұмыс орнына орналастыру;

и) бригада саны, бригаданың құрамы;

к) ауысым саны;

л) апаттық жағдайларды және жұмыс жүргізуде сигнал беру және байланыс схемасы;

ЖҰЖ бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз етуші шараларды орындаумен ЖҰЖ бойынша өндіріске жауапты адам, ЖҰЖ бойынша жұмысты орындауға белгіленген тәртіпте жүктелген бөлімше бастығы болып табылады.

ЖҰЖ бойынша жұмысты орындау процесінде барлық жұмыскерлермен қауіптілік бағасы және қажетті болған жағдайда ЖҰЖ-ға түзету енгізу, қауіптіліктің туындау жағдайы болуы мүмкіндігіне қадағалау жүргізілуі керек.


 

БИЛЕТ № 3

1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары

Еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаманы еңбек қорғау және қауіпсіздігі қызметі жұмысқа жаңадан қабылданған, уақытша және іссапарға жіберілген барлық еңбеккерлерге, оқушылар мен студенттерге, келушілерге жүргізуге тиіс.

Кіріспе нұсқама өндірістің барлық ерекшелігі ескеріле отырып, еңбек қорғау және қауіпсіздігі қызметі әзірлеген және кәсіпорын басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Өндірістік іс-қызметті бастау алдында жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:

а) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырылатын еңбеккерлерге;

б) жаңа жұмысты орындап жүрген еңбеккерлерге, іссапарға жіберілген, уақытша еңбеккерлерге;

в) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындап жүрген құрылысшыларға;

г) өндірістік оқуға немесе іс-тәжірибеден өтуге келген студенттерге және оқушыларға жүргізілуі тиіс.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, еңбек қорғау және қауіпсіздігі жөніндегі сәйкес ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың, өндірістік нұсқаулықтардың және басқа да техникалық құжаттаманың талаптары ескеріле отырып, кәсіпорынның өндірістік және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Еңбеккерлер өз бетінше жұмыс істеуге машықтанудан өткеннен кейін, жұмыстардың қауіпсіз амалдары мен тәсілдері бойынша теориялық білімдері мен алған іс-тәжірибелік дағдылары тексерілгеннен кейін жіберіледі .

Қайталама нұсқамадан еңбеккерлер біліктілікке, білімге, өтілге, орындалатын жұмыс сипатына тәуелсіз кемінде жарты жылда бір рет өтуге тиіс.

Жоспардан тыс нұсқама төмендегі жағдайларда өткізілуге тиіс:

а) жаңа немесе қайта өңделген еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша стандарттар, қағидалар, нұсқамалар, сондай-ақ оларға жасалған өзгерістер қолданысқа енгізілген жағдайда;

б) технологиялық процесс өзгертілген, жабдықтар, айла-бұйымдар мен құрал-саймандар, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңғыртылған жағдайда;

в) еңбеккерлер жарақатқа, апатқа, жарылысқа немесе өртке, улануға алып келуі мүмкін немесе алып келген еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған жағдайда;

г) ақылаушы қадағалау органдарының талабы бойынша.

Нұсқаманың көлемі мен мазмұны әрбір жеке жағдайда оны өткізу қажеттілігін тудырған себептер мен мән-жайларға байланысты айқындалады.

Мақсатты нұсқама мамандық бойынша тікелей міндеттерге байланысты емес бір реттік жұмыстарды орындау кезінде, апаттардың, табиғи апаттардың, қираулардың салдарын жою кезінде, жүктелім-рұқсат ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде жүргізілуі тиіс .

Жүктелім-рұқсат бойынша жұмыстарды жүргізетін еңбеккерлермен өткізілетін нұсқама жүктелім-рұқсатта немесе жұмыстарға рұқсат беретін басқа құжаттамаларда тіркеледі.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмыстардың тікелей басшысы (шебер, цех бастығы) жүргізуге тиіс .

Жұмыс орнындағы нұсқамалар білімдерді тексерумен, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіз амалдары мен тәсілдері бойынша үйренген дағдыларды тексерумен аяқталуы тиіс. Білімдерді нұсқаманы жүргізген еңбеккер тексереді.

Қанағаттанғысыз нәтижелерді көрсеткен еңбеккерлер өз бетінше жұмыс істеуге жіберілмей, қайтадан нұсқамадан өтеді.

Өткізілген нұсқама бойынша білім тексеруден қайтадан өтпеген жағдайда кәсіпорын басшылығы еңбеккердің біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқарып отырған лауазымына немесе орындап жатқан жұмысына сәйкессіздігі туралы мәселені қарауға тиіс .

Нұсқаманы өткізген тұлға жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманы, қайталама және жоспардан тыс нұсқаманы өткізу және еңбеккерді жұмысқа жіберу туралы жұмыс орныдағы нұсқаманы тіркеу журналына нұсқаманы жүргізген және нұсқамадан өткен тұлғаның қолын міндетті түрде қойдыра отырып, жазып қоюға тиіс. Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеу кезінде оны өткізу себебін көрсетеді.

Нұсқаманы тіркеу журналы нөмірленуі және тігілуі тиіс және оны кәсіпорынның еңбек қорғау және қауіпсіздігі қызметі қол қою арқылы жұмыстардың тікелей басшыларына (шебер, цех бастығы) беруге тиіс.

2. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру шаралары

3. Тік қазбалар бойынша адамдарды, жарылыс заттарды, жүктерді қауіпсіздік көтеру-түсіру ережелері.

БИЛЕТ № 4

 

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау

2. Кернеу 1000 В жоғары злектр тогының әсерінен босату, электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

3. Шахты көтерме жұмысына қоятын қауіпсіздік талаптар

Құрастырған оқытушылар:____________Жалгасбаева Р.А.

____________Якупов В.Г.

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі

 

Тау-кен маркшейдерлік «БЕКІТЕМІН»

ПЦК отырысында қаралды «Қазақмыс» корпорациясының

№_____хаттама ПЦК төрайымы Технологиялық колледж директоры

_______________ А.М. Сарсенбаева _____________ Е.В Букашкина

«_____»__________ 2016 ж «_____»_____________ 2016 ж

 

 

Мамандығы: 0707000 «Тау-кен электромеханикалық