Тақырып: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары

Мақсаты:Этнопедагогикадағы тәрбие әдістері және құралдары жөнінде білім беру.

Дәріс мазмұны:

1. Халықтық педагогикадағы тәрбие әдістері

2. Халықтық тәрбиенің құралдары

3. Халық педагогикасындағы әсер ету әдістері

Қазақ этнопедагогикасы – ғасырлар бойы халық қалыптастырған мәдени мұра, халықтың ғылымы болып табылады. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жәйі сөз болған жекелеген авторлар (Н.Я. Ханбиков, Ш.А.Шоров, А. Мирзоев т.б.) еңбектерінде әдеп-ғұрыптар мен дәстүрлер халықта сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы аса құптарлық жайлар.

Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дәстүрлі тәрбиенің құрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принциптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану жолдарын қарастыру этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары.

Нақты өмір сүру жағдайындағы (әлеуметтік, экономикалық, мәдени, табиғи т.б.) белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің (яғни, әдет пен құлық, әлеуметтікорта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б.) жеке тұлғаның өзіндік айқындау қабілетіне ықпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрінісі табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі болмақ.

Халық педагогикасындағы бастысы – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу процесі. Үлкен ғылым-педагогикасының қызығушылығы халық тәрбие мәселесін қалай түсінетіндігін, ол тәрбие процесінде қандай әдістер және тәсілдерді қолданады, халықтың еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, денелік және эстетикалық тәрбиені қалай қабылдайтынын көрсетеді.

Халық өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін дұрыс түсінген, оның қиындықтарын, қуанышын және ниетті мақсаттар. Халықта айтқандай: «Тәрбие – құнды байлық», түркмендер бұл ойды былай айтқан: «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі». Бұл өте дұрыс, себебі жас ұрпақтың тәрбиесі халытың ең қымбат байлығы.

Халықта ежелгі уақыттан танымал, тәрбиенің адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Халық баланың мінез-құлық кемшіліктері – бұл тәрбиені дұрыс бермеу нәтижесі деп есептеген. Бұған көптеген халық афоризмдері куә: «Жаман балаға ана жауап береді, ал жаман немереге әжесі». Халықтың айтуы бойынша балаға дұрыс тәрбие бермеудің басты себебі, оның қырсықтығын қолдап, оларға талапты қоймауы. Тәрбиесіздіктің себептерін түсініп, халық баланы қайта тәрбиелеуге өзінің қарым-қатынасын анықтады, эмпирикалық тұрғыдан қарастырып, баланы қайта тәрбиелеуге болады деген. Халықтың айтуы бойынша: «Тәрбиесіздік – жазылатын ауру, ал ақылсыздық – үмітсіздік». Халықтың пікірінше, адамның қалыптасуы тұқым қуалаушылық белгілері емес, тәрбиеге байланысты деп аталған. «Ақылсыз әйелден, ақылды бала туады», «бір әкенің балалары, ал балалары әртүрлі», «Бес саусақтың барлығы бірдей емес». Балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктердің себептерін білуі, ортаның тәрбие жұмысындағы маңыздылығын түсініп, халық қайта тәрбиелеу әдістерінің эмпирикалық жүйесін шығарады. Оның бірі – оқыту: «Заттарды сумен жуады, адамды оқытумен тәрбиелейді». Ұзақ тәрбиелеу әсері талап етіледі, ең бастысы бала жайлап адамгершілік мінез-құлық тәрбиесінен толығу керек. Тәрбиелеуші баланың психологиясын білу керек, әділ болу, шыдамдылық білдіру, жетістікке жету, балалар жақсы әрекет жасауы үшін қажет.

Көпшілік ата-аналар балаларын қайта тәрбиелеу үшін көбіне денелік әсер етуі қолданады. Халық бала тәрбиесіне дөрекілікті қолданбауды айтады, мысалы: «Құмыраға қатты айқайласаң, құмыра өзіңе айқайлайды». Сондықтан халық баланы тәрбиелеу практикасында шыдамдылық, сыпайылыққа үйрету, адамдарды құрметтеуге кеңес береді.

Балаға әсе етудің түрлі әдістері бар, бірақ тәрбиемен кешігуге болмайды. Халықтық жүйеде қайта тәрбиелеу әдісінің орталығы ата-аналар және жанұядағы басқа ересектер үлгісі. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Халық балаға тәрбиені мақал-мәтел арқылы беруді қарастырған. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші. Баланы халық дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу керек деген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады.

Зерттеуші ғалымдар-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б. Көптеген халықта қыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлген және оны жоғары бағалаған. «Қыз үйде, оның іс-әрекеті көшеде», «Жақсы қыз екі жаман баланы құрайды». Халық педагогикасы тәжірибесі есею үрдістерін қыздардың еңбек іс-әрекеттерімен байланыстырады. Қыз жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне белгілі биология, жеке гигиена нормалары және ережесі туралы білім керек. Кейбір ата-аналар жасөспірімдердің дамуы туралы тәрбиені жасыруға тырысушылық баланың ерте жыныстық сұрақтарға қызығушылықты және толымсыздық комплексін тудыруын мүмкін. Нәзіктік тәрбиесі – қыздардың рухани эстетикалық тәрбиесіндегі ең маңыздысы. Жанұядағы қыз-баланың тәрбие процесінде іс-әрекеттерін, олардың нақтылығын есепке алу, жинақылық, қиын тұрмыстық тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілік, көзқарастарын есепке алу, ауыршындық және сенімсіздік, оларда мүмкін болатын жүйкелік уайымдардан қорғау және еңбекте олардың белсенділігін күшейту, оқу және қоғамдық іс-әрекетте, өзінің рухани және денелік саулығын сақтауға сыйластық сенімдерін тәрбиелеу.

Халық педагогикасы тәрбиенің көптеген әдістерін қолданған. Ғасырлық тәжірибеде балаға тәрбиенің әсер ету әдістері мынадай: түсіндіру, оқыту, мадақтау, қолдау, көндіру, жеке үлгі, жаттығуды көрсету, ымдау, тұспалдау, жазалау т.б.

Қара сөздер – жанұя педагогикасында кең тараған тәсіл. Халық педагогикасында қара сөз кодекстері кездеседі үлкеннің-кішіге, ұстаздың-оқушысына, халық кемеңгерінің-жастарға, әкенің-балаға арналған. Халық педагогика тәрбиесінде түрлі афоризмдері бар, оны педагогикалық категорияға қосады: бағыттаушы, алдын ала айту, сынау т.б.

Халық педагогикасында кең тараған әдісі – үйрету. «Затты сумен жуады, баланы үйрету арқылы тәрбиелейді». Балаға үйрету арқылы үлкендер оларға тапсырма береді, оның оның орындалуын тексереді, мысалдар, мінез-құлық және әрекет үлгісін көрсетеді.

Сендіру – бұл тәрбие әдісін өзіне түсіндіру және дәлелдеу, яғни нақты үлгілерді көрсету жатады, бала белгілі түсініктерден, әрекеттен, күдіктенбеу тиіс, жайлап рухани тәжірибе жинап, кейін оны басқаруға қолданады.

Мадақтау және қолдау бұл тәрбие әдісі ретінде жанұя тәрбиесінің тәжірибесінде кең қолданылады. Бала әрқашанда өзінің мінез-құлқына, ойына, жұмысына баға бергенді қажетсінеді. Жанұядағы ең бірінші мадақтау-ауызша мақтау және ата-ананың қолдауы. Мадақтау және қолдау балаға стимул беретін үлкен әсер береді. Халықта баланы жақсы әрекет жасауға тырысуы үшін мақтайды. Бұл жағдай балаға емес, ата-аналарына ризашылық білдіріп, мақтау берген.

Тұспалдап айту – тікелей немесе жанама, тәрбие әдісі ретінде әсер етуге бүкіл шығыс елдерінде қолданылады. «Қызым саған айтам, келінім сенде тыңда».

Жеке өнеге (әсіресе, ата-аналардың) – бұл халық педагогикасында ең радикалды, ең әрекетті әдіс болып табылады. Ата-ананың рухани бейнесі, олардың еңбегі, қоғамдық әрекеті, жанұядағы өзара қарым-қатынасы, заттарға қарым-қатынасы, өнерге – бұның барлығы балаға үлгі болып табылады және олардың тұлғалық дамуына, қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Халық кемеңгері бала тәрбиесінде жағымды үлгіні айтады.

Халық педагогикасында ақындық форманы алатын тәрбиенің бір түрі – ата-ананың бата беруі. Жастарға ата-ананың бата беруі, олардың болашақ өмірлік позициясына үлкен әсер етеді.

Дәріс

Тақырып:Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері- халықтық тәрбиенің негізі

Мақсаты:Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері туралы білім беру

Дәріс мазмұны:

1. Салт және дәстүр түсініктері (философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары)

2. Адам тәрбиесімен байланысты салт- дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні

Салт- дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс.Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сарсенбаев өзінің «Әдет- ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде (73) әдет- ғұрып пендәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет- ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым- жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді»,- дейді.Біріншіден, белгілі бір қоғамда немесе ұжымда қалыптасқан дәстүр, өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол қоғамдық өмірден жалғасын табады да, тұрақты орын алады.Екіншіден, дәстүр әдет- ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылатын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.Мысалы, әскери салтанатты шерулер, әнұран ойнау, елтаңбаны, туларды дәстүрге жатқызамыз.Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді.Мысалы, Пушкин, Горький, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр- тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым- қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет- ғұрыптардың жинақталған түрі.

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.

Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар.Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді.Мысалы, біз ән- күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою- өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлттқа тән екенін бірден айырамыз.

Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым- қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт- дәстүрлерінен(келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдері, т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ұлттық сезім, салт- дәстүрлер, және ұлттық мінез.

Қазақ этнопедагогикасының үлкен саласы – қазақ халқының салт- дәстүрлері болып табылады.Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет- ғұрыпқа, ал әсерлі әдет- ғұрыптар салт –дәстүрлерге, халықтың өмірінде көрінген салт- дәстүрлер салт- сана болып қалыптасқан. Халықтың салт- әстүрлері рәсімдер мен жора- жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Халықтың игі дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік- барлық мәдени үлгі өнегелі іс- әрекеттердің көрінісі- әдет деп аталады.Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға мүмкін болады.Бұл- ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтықәдет- ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.

Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы- әдет- ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы- салт- дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр- қолданбалы іс- әрекет.Бұл қалыптасқан іс- әрекет ешкімнің «нұсқауынсыз» еркін орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, олардың жаңарып отыруына себепші болады.Мысалы, қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал «атастыру» салты бірте- бірте өмірде қолданудан қалып барады.

Этнопедагогикадағы салт- дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы- салт- сана деп аталынады.Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт- дәстүрлер сол ұлттың санасының дәрежесін көрсетеді.Ұлттық сананың қозғаушы күші- ұлттық намыс, ұлттық абырой.Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады.Сондықтан да әрбір әдет- ғұрыптың, салт- дәстүрдің салт- санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

Дәріс