Білім мен дағды талаптары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Педагогика факультеті

Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

БЕКІТЕМІН» Педагогика факультетінің деканы

Ж.Т.Тасжурекова_______________

Жыл

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Кафедра: Жалпы педагогика және психология

Оқу жылы: 2015-2016

Кредиттер саны: 2

Мамандық: ФКС, НВП, МИП, ИЗО, ПО

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 3

Семестр: 5

Барлық сағат саны: 90 сағат

Лекция: 15 сағат

Практикалық: 15 сағат

ОСӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Тараз 2015

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Ф 15-38/2-097  
Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 20 беттің 2 беті СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1

 

2.2 Типтік оқу бағдарламасы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған типтік оқу бағдарламасы негізінде «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша доцент м.а. М.С.Елубаева құрастырды. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде қарастырылған № 18, 15.05.2012 ж.

 

Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында

« » 2015 ж. Хаттама № бекітілді.

 

Кафедра меңгерушісі: _______________________________ К.Ж.Бұзаубақова

/п.ғ.д., профессор/

 

 

Жұмыс оқу бағдарламасы педагогикалық факультеттің оқу бағдарламалары комитетімен мақұлданған.

 

Хаттама № _____ «________»__________________ 2015 ж.

 

Комитет төрайымы: ____________________________________________

(Ф.А.Ж, ғылыми дәрежесі, ғыл. атағы )

 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Ф 15-38/2-097  
Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 20 беттің 3 беті СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1

2.3 Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты: тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Пәннің міндеттері:

- студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;

- тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

- студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру;

- студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.

Білім мен дағды талаптары

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студент меңгеруі тиіс:

- тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттерін;

- мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесін;

- сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттарын;

- педагогикалық ынтымақтастық әдістерін;

- балалар ұжымын;

- тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын;

- тәрбие технологияларын;

- тәрбие жұмысының және ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ) технологияларын;

- оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі тиіс.

 

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:

- сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

- педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

- балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын диагностикалау;

- балалармен тәрбие жұмысында ҰШІ-ті ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану;

- қиын балалармен жұмыс және оның диагностикасы;

- ата-аналармен және қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

- ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу;

- дарынды балалармен жұмыс;

- мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту үдерісінде студент педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық әрі практикалық дайындығын және оның кәсібилігін сипаттайтын көрсеткіштерінің бірлігі ретінде құзыреттіліктерді меңгеруі қажет:

- болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;

- мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлекция, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзыреттілік;

- болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;

- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын, тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;

- физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.