Жыраулар шығармаларын оқыту жолдары

Бағдарламада берілген шетел әдебиетін,шығыс әдебиеті үлгілерін оқыту жолдары.

Жаңа бағдарлама

5-сынып А.С.Пушкин. «Балықшы мен балық» (3сағ.), Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» (2сағ.), Ш.Айтматов (3сағ.).
6-сынып «Манас» жыры (2сағ.), Джек Лондон «Мексика ұлы» (2сағ.)
7-сынып Василий Шушкин «Шалдың өлімі»(2сағ.), шандор Петефин «Ұлт өлеңі» (1сағ.), Ғ.Тоқай (1сағ.)
8-сынып Ә.Рудаки «өмір маған ақыл айтты» (1сағ.)О.Хайям «Рубаилар» (1сағ.) Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» (1сағ.), Ш.Айтматов «Найман ана» (2сағ.)
9-сынып Ш.Айтматов «Шынарым менің шырайлым» (3сағ.)Мақтұлұлы Фраги «Ақырзаман» (1 сағ.).

Батырлар жырын оқытудың әдістемесі. Батырлар жыры- ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры.Оның оқытудағы қиындығы- ұзықтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы,поэтикалық ерекшелігінде.Батырлар жрын оқыту 5-8сыныптарда арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді.Батырлар жырын оқытуда мұғалім мына мәселелерге көңіл бөлу керек. Кіріспе жұмыстар.Батырлар жыры туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру.Батрлар жырындағы халық арманы ,оның негізінде халық тарихының жататыны. Мазмұнын меңгертудегі жұмыстар.1.Жырдың сюжеттік –композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз аодына іліп қою.Тезистік жоспар жасау оқушылардың тез қабылдау қасиетін арттырады.2.Жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.3.Жырды мәнерлеп оқу.Басты –басты эпизодтарға бөліп, ізінше мазмұндатып отыру.4.Жырды оқып біткен соң мазмұнын толық айтқызу.Ол үшін үйге тапсрма бергенде жауаптарының тезисін ,жоспарын жасатқызу.5.Оқушылар жауабын бір-біріне толықтырып отыру.6.Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.7.Ұнаған жерлерін жатқа оқытқызу. 8.Жауаптарды да жырдан үзінді келтіріп айтқызу. Жырға әдеби талдау жасау.а)жырдың идеясын тақырыбын ашу.Оны мұғалім әңгімесі ,сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру.ә)жалпы жыр туралы ғалымдар,фольклористер пікірін бағаларын жазып, іліп қою.керегіне пайдалану.б) «Батрлар жыры-өнерімізде атты стенд жасауға болады.

Жыраулар шығармаларын оқыту жолдары.

17-18 ғасырлардағы поэзия – халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларымыздың өмірнамасын, ақын-жыраулар шығармашылығының өзіне тән ерекшелігін, құрылысы мен тіл көркемдігін қалыптастырған кезең болды. Бұл дәуір мұрасын зерттеу “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1970) жинақтарында көрініс бере бастады. Өз дәуірінде Ш.Әулиханов жыраулар жайлы маңызды пікірлер айтты. 19 ғасырдың 70 жылдарынан Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта бірқатар жыраулар туралы (Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Жиембет) әр түрлі мәліметтер белгілі бола бастады. Одан басқа ақын-жыраулардың қоғамдағы орны мен шығармашылығының ерекшеліктері жөнінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеулер жүргізді.

Толғау әдебиетте өзіндік ерекшеліктермен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарма.

Бұқар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханұлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мәлімет бере кеткен жөн.

Көтеш – ақындар поэзиясының тұңғышы, ақпа ақын.

Осылайша, жыраулар өмірі туралы айта келіп, оның өмір сүрген дәуірімен байланыстыра айту керек.Толғауларының маңызын, дидкатикалық жақтарын ашу керек. Зерттелуі жайлы да мағлұмат келтіре кеткен жөн.
3.Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелеріҚазіргі таңда, жоғарыда айтылып өткендей, жаңа үлгідегі мектептер қанатын кең жаюда. Гуманитарлық бағыттағы лицей, гимназия, әдебиетті тереңдетіп оқытатын мектеп, сыныптар нәтижелі жұмыс істеуде. Ізденімпаз, шығармашылықпен еңбек ететін ұстаздар әдебиетті тереңдетіп оқытудың айналасында тәжірибелер жинақтауда. Дегенмен, осы мәселе әлі де көп ойлануды, көп ізденуді талап етеді.Әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейтесті мәселелері ретінде мыналарға көңіл бөлген жөн:1.Оқылатын авторлар санына әрі олардың қадау-қадау шығармаларына кең жол ашу, көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру. Мысалы:а) М.Әуезов шығармашылығын тереңдетіп оқытудың барысында (11- сынып) жазушының бұрыннан оқытылып жүрген туындыларымен қатар (роман – эпопеясы, драмалары, әңгімелері), оның ғажайып аудармалары, Абайтану ғылымына сіңірген еңбегі, әдебиетіміздің белді-белді тұлғалары жайындағы ғылыми мақалалары, «Әуезов және қазақ әдебиеті», «Әуезов және әлем әдебиеті», «Әуезов және Шығыс әдебиеті» айналасында арнайы сағаттар бөлініп, сөз қозғау бүкіл Әуезов әлемін танытудың алғашқы қадамдары болар еді (әрине, бұл мәселелерді оқушыларға лайықтап, тұжырымды түрде берген жөн).Бұдан шығатын қорытынды: оқытылатын автордың көркем туындыларымен қатар, оның әдебиет әлеміне сіңірген қомақты еңбектеріне назар аудару. Ол туралы жан-жақты мағлұмат беру. Әрине, «Әуезов және қазақ әдебиеті» немесе «Әуезов және әлем әдебиеті» деген тақырыптарды оқушыларға соншама тереңдетіп беру мақсат емес, мақсат - Әуезов деген ұлы тұлға, ұлы жазушыны тұтастай қарастыру, Әуезов әлеміне ұрпақтарын тәнті ету.ә) Ұрпағына қайтып оралған ақылман, көсем Ахмет Байтұрсыновты «Қырық мысалымен» немесе оған қоса кейбір өлеңдерімен ғана қарастыру жөн бе? Ахметтің тіл біліміне сіңірген еңбегі, «Әдебиет танытқышы», қазақ қауымы жайындағы (оның қоғамдық бейнесін ашатын) өткір, өз заманын былай қойып, қазір де маңызын жоймаған мақалаларын, бүкіл Ахмет әлемін тұтастай қарастыру – тереңдетіп оқытудың маңызды бір белгісі.б) Бұл жерде ескеретін ерекше бір мәселе бар. Тереңдете оқыту шығарманың саны немесе сол сыныпта оқытылатын авторлардың көптігімен жүзеге аспайды. Берілетін білім мазмұны, оның мөлшері мұнда да педагогика, психология ғылымдарының талаптарына сай сынып, балалар қабілеті, жас ерекшелігіне байланысты болуы тиіс. Ұзын- сонар дәлелдемелер саны оқушыны қажытатынын, әрі есінде сақталмайтынын ескеру керек. Тереңдетіп оқытуда да нақты, түйінді дүниелерге назар аудару, берілетін білім мөлшерін де нақтылау ең басты мәселелердің бірі екенін ұмытпаған жөн.

в) Тереңдетіп оқытуда да, мысалы, жоғарыда айтылғандай, көркем сөз иесінің барлық бітімін тұтастай қарастыра отырып, мұғалім автордың қай туындыларын шолу керек екенін ойластырған жөн. Мысалы, «М.Әуезов және Шығыс әдебиеті» деп қарастырсақ, бұл тақырыптың өзі- әдебиеттану ғылымындағы шетсіз, шексіз бір әлем. Мұғалім шолу жасай отырып, ішінара ең негізгі деген қадау-қадау дүниелерге басты назарды аударып, тұжырымды етіп қана білім беруді ойластыруы керек. Ал енді Әуезовтың «Абайын», қазақ прозасын «еуропалық проза дәрежесіне көтерген» алғашқы әңгімелерін оқыту – даусыз дүние.
4)Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы. Оқу құралдары мен оқулықтары.Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуы 1930 жылдардан басталатындығы. ВКП(б) ОК 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы., оның республикамызда халық ағарту ісінің жандана түсуіне ықпалы.

Отызыншы жылдардың басында қазақ әдебиетін өз алдына пән ретінде оқытылуына байланысты мектептерге арналған алғашқы оқулықтар жазыла бастауы. Оған С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов секілді белді әдебиетшілердің араласуы. Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты болған түбегейлі бетбұрыс 1933 жылы қабылданған бағдарламаларға көшу болғандығы. Мектепке арналған қазақ әдебиетінің алғашқы оқулығының М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтардың құрастыруымен 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан (7-сыныпқа арналған) шыққандығы. Басқа да қазақ әдебиеті оқулықтары мен бағдарламалары туралы.

Тәуелсіздік кезеңіндегі білім стандарты мен жаңа бағдарламалар. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі.