V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әдебиет – ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.
VІ. Түсінік тексеру:

1. Әдебиет не туралы ғылым?

2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

5. 5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?

6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:Топтастыру әдісіЭ
VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
.
Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік
8.Ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту.
Жазушы өмірбаянын 9-11 - сыныптарда оқыту.
Мектепте ақын- жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы. Қай ақын – жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, т.с.с. мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдантуған шығарма емес екені, оны жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржақып, Сұлтанмахмұттардың, Мағжандардың «Алаш» туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестіктерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығымен біртұтас қарастырылу керек.Бағдарламада ақын, жазушы өмірбаянын оқыту 9-11- сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8-сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себептен де әр оқушы өздері оқып жатқан шығарма кімдікі, шығарманың жазылу тарихы туралы тұжырымды түрде хабар алса, артық болмайды. Сондықтан 5-8-сыныптарда да суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі бар. 5- сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқу алдында оқушыларға әңгімелеу әдісімен Мұхтардың қысқаша өмірін таныстырып, әсіресе, Желтоқсан, арал мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор. «Отырар дастанын» оқып болған соң, әңгімені қайта жалғастырып, ақынның өлеңдегі Қайыр ханға ұқсастығы бар ма, неге ақын осы Қайыр хандай халық ұлдары туралы жиі жазады деген сұрақтармен оқушыларды ойландырып, өзі халқын сүйетін ақ, адал, батыр ақындар ғана ондай тақырыптарға бара алатындығы жөнінде сөз қозғау тиімді тәсіл болмақ.8 – сынып оқулығында Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі. Әбіш кім болған (оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлеңдер жазған, ол өлеңдер әкенің баласын жоқтауы ғана ма деген сұрақтарды мұғалім ақын өміріне шолу жасай отырып, түсіндіреді. Тіпті, берілген шығарманы талдау, оған қызықтыру үшін де бұл тәсілдің маңызы ерекше, мұғалім әңгімелей отырып, Абай өлеңдерінің басты- басты кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол «Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін, бірақ әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымын дамыту мақсатында М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан мысалдар келтірудің де маңызы бар. Мысалы, Абайдың «Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқын да сүйсіндірер. Қараңғы сахарасына жарық сәуле әкелер алғашқы адал буын сен болармысың!» деген Әбіш туралы толғауын немесе «Қапыда» бөлімі бойынша Әбіштің қайтыс болар алдындағы әкесіне жазған қоштасуын оқып беруге болады. 5-8-сыныптарда суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керек.Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады.Ал қазақ әдебиетін оқытуда бұл соңғы тәсіл кей жағдайда келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы, тағы басқа себертері бойынша ақын – жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге келуінің нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сағат бөліп, суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, өмір сүрген ортасына байланысты әр қилы өмір жолы, жеке басының қуаныш, қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиевтерді өтуде осы тәсіл тиімді болмақ. Себебі, халқымен жаңа табысқан бұл боздақтардың трагедиялық, әрі бақытты өмірлерін, жазықсыз жапа шегулерін, коммунистік идея мен сталиндік сұмдықтың құрбандары болғандарын жан – жақты түсіндірудің арнайы маңызы ерекше.Осы мәселелерге тоқталмай тұрып, шығармаларын талдау дұрыс емес. Олардың барлық шығармаларында өмірлерінің ізі, сыры жатыр. Суреткер өмірбаянын өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға болады:
9. зерттеу әдісі - оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады. Оқытудағы индукция (лат. inductio — сілтеу) — оқу барысында ой тұжырымын пайдалануда ойдың өрбуінің жалқыдан жалпыға қарай ілгерілеуі. Бірақ индукциялық әдіс жаңа ұғымды қалыптастыруда едәуір уақытты талап етеді.Типологиялық зерттеулердің дұрыс бағытта жүруіне дүниетанымдық көзқарас ерекше рөл атқарады. Зерттеушінің білім деңгейінің, өмірлік тәжірибесінің мол болуы, зерттеу әдістерін меңгеріп, оларды орынды қолдана білуі типологиялық ізденістердің жемісті болуының бірден бір шарты.Әдебиет тарихын зерттегенде, негізгі міндет – стиль, ағым, бағыт, әдеби мектептерге назар аударып, сол дәуірдің әдеби өміріндегі басты тенденцияларды анықтау болса, мұны жалаң күйінде емес, тарихи тұрғыдан, сол кездің саяси-әлеметтік өмірі аясында танып білуге көмектесетін әдістер бар. Әдебиет тарихын зерттеуде қолданылып жүрген зерттеу әдістері төмендегідей:1). Биографиялық. Бұл әдіс бойынша, әдеби туынды оның авторының өмірбаянымен байланыста, өмір жолының тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады.2). Мәдени-тарихи әдіс әдебиетті зерттеп отырған дәуірдің мәдени-тарихи жағдайымен тығыз байланыста, сол дәуірдің жемісі, бір көрінісі тұрғысынан қарастыруды талап етеді.3). Салыстырмалы-тарихи метод әдебиетті өзіне дейінгі, сол дәуірдегі басқа да қаламгерлермен, әдебиеттермен салыстыра отырып, зерттейді. Бұл әдісті қолданғанда, салыстыруға болатын, болмайтын жағдайларды айыра білу қажет.4). Әлеуметтік (социологиялық) әдіс әдебиеттің қоғамдық қырларына, идеялық жақтарына көбірек мән береді. Мұнда көркем әдебиеттің басты мақсаты қоғамдық өмірдің толыққанды бейнесін жасау, өмірді жақсартуға көмектесе алатын идея ұсыну санап, соларды анықтауға күш салады.5). Формальдық тәсіл көркем шығарманы белгілі бір формадағы өнер туындысы деп қарап, әдебиеттану ғылымының басты мақсаты көркемдік дамудағы формалық жаңалықтарды анықтау деп біледі. Формальдық метод кейіннен структурализмге, ол өз кезегінде жүйелі (системно)- структурализмге ұласты.6). Тарихи-функциональды метод. Әдебиетті қоғамда атқаратын үгіт-насихатшылық, тәрбиешілік, эстетикалық, ұйымдастырушылық секілді қызметтеріне қарай қарастырады.7). Тарихи-генетика көркем шығарманың туу негіздерін, себептерін зерттейді.8). Тарихи-теориялық тәсіл әдебиетке теориялық жағынан келіп, сол дәуірде тарихи қалыптасқан көркем формалардың тарихи санада көрініс табуы, дамуы зерделенеді.9). Мифология әдебиетті бір елден екінші елге ауысқан аңыздардың, ортақ сюжеттердің жаңа ортада басқа ұлттық формада көрінісі санайды.Әдебиетті, оның тарихын зерттеу әдістері мұнымен шектеліп қалмайды. Көркем әдебиетті қоғамдық өмір туғызған тұтас бір өнер туындысы ретінде емес, оны бір жақты ғана зерттейтін семиотика, структурализм, математикалық, т. б. әдістер толып жатыр. Әрине, бұлардың барлығын да жоққа шығаруға болмайды. Орынды пайдалана білсе, көркем әдебиеттің сан қырларын аша түсуге септігін тигізері анық. Бірақ та негізгі зерттеу әдісі ретінде қолдануға келгенде, мүмкіндіктері шектеулі
10)Драмалық шығармаларды оқыту.Драматургия – қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында әлеуметтік-қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жанр. Драмада шиеленіс көп. Оқиғасы жан-жақты, бірқалыпты өрбитін эпикалық сюжеттен, драмалық сюжеттің айырмасы мұнда тартыс қозғамалы, өткір болып келеді. Бұл жөнінде М.Әуезов: «Драматургиядағы конфликт мәселесі – пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтердің бірі. Тартыс – драм-ң негізгі компоненті. Драм-қ шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт», деген еді. Драм.шығармада автор өз кейіпкерінің әрекетіне араласпайды, драма қатысушылары сюжетті өздері ұйымдастырады. Драмалық характер үнемі жоғары эмоцияда, тартыста ашылады.

Драм.шығ-ң өзіндік ерекшелігі:А) әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драм.шығ-ды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия – әдебиеттің ең қиын формасы», - дейді, М.Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтылатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Драм.шығ-да оқиғалар оқырман көз алдына жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыру керек. Күшті сюжет, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі., негізгі арнасы. Драм.кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бұл жанрдың өзіндік табиғатын дәл даралап береді. Дидро: «Драмада адам өміріндегі ең маңызды, қнегелі дейтін, жұртқа қызықты жағдай ғана бейнелену керек», деген. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет қимыл арқылы көрінеді. Тағы да бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды.

Драм.шығ-ды талдау әдістемелері:Талдауды бастамас бұрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Балаларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреткерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы жүзеге асырады. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нұсқау ұсынуға болады:

Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар:

А) Қарабайлар өлімі, ескі әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббаты.

Ә) Аяр, сұм Жантық әлемі. Оның ішкі есебі, Қарабайға да, Қодар, Қозы – Баянға да құрған зұлым торы.

Б) Қара жүрек Қодар. Оның ақ махаббат алдындағы кешірілмес күнәсы, Малдың, топастықтың, аяр азғырудың құрбаны болуы.

В) Қозы мен Баян, олардың ақ сезімі, махаббаты және дала жауыздығы.

Г) Күнікей мен Мақпал, олардың бойындағы гуманизм, дала тағдырына қарсы айбын үні.

Д) трагедияның зұлымдық пен жауыздық, сараңдық, өшпес махаббатты дәріптейтін өр, асқақ, салтанатты қасиетті үні.

Осындай үлестірме –тапсырмаларды ұсына отырып, оқушыны ойландыртып, іздендәретін сұрақтар тиімді.

Қалай ойлайсыңдар, Қодардың Қозыны өлтіруінде тек өзі кінәлі ме, әлде Жантық кінәсі одан асып түсіп жатыр ма?Трагедияда өзіңек не ұнады, не ұнамады? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс.

2.Талдауды драм.шығ-ды күйтабақтан талдау, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында дарманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу.

3. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады.

4. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмманы оқытудың тиімді жолдарының бірі.

5. Салыстыру сұрақтарын қою. Жыр мен драманың айырмашылығын ажырату. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтармен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог,, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі.Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі