Көркем мәтінді оқып - үйрену және талдау

Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Көркем мәтінде талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте –бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көзқарас қалыптаса бастайды, тұжырымдап айтқанда, көркем шығарма оқушының жеке басының қалыптасуына да ерекше әсер етеді. Көркем туындыдан ләзат алу, оған бойлау, оны талдай білуге де байланысты. Талдаудың тиімді әдіс –тәсілдері ретінде тәжірибеде кеңінен пайдаланып жүрген бір түрі – жан –жақты талдау.

Жан –жақты толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан –жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен оның тиімділігі көркем туындыны жанды бар организмдей тұтастай қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс –әрекеті, оны ашатын мәселелерде назарға алып отырады. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Құнбай бейнесін, оның негізінде жатқан басты проблемаларға барар жолды айқындайтын алтын кілт ретінде бірнеше көріністі алуға болады. Әрине, Құнанбайды ашатын эпизодтар көп. «Қодар мен Қамқа өлімі» немесе «Әмірді жазалауы» сияқты оқиғалар –ақ Құнанбайды ашып бере алады. Дегемен, М.Әуезов сомадаған ақылды, әрі шешен, әрі тайсалмас бірбеткей Құнанбайдығ қу, әккі Құнанбайды, жақсы қасиеті мен жамандағы астасып келе жатқан Құнанбайды ашатын негізгі кілт осы сияқты. Мәтіндік талдауда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Оған мәтін бойынша инценировка жасату, суреттер салғызу, сценарийлер, жазғызу, Әмірді арашалауға инценцировка жасату болады. Қай шығармада қандай тапсырма беруді мұғалім өзі ойластырады. Сынып ерекшелігіне, балаларды қабілетіне байланысты тапсырма түрі де өзгеріп отырады. Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар.Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоөталмайды. Көркем шығарма сюжет, композициясы,тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін –еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – белгілі бір мақсат, бағытты алдына қойып, чоны айқындау үшін жүргізілетін сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізінде ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды. Мысалы: «Қараш – Қараш» оқиғасы бойынша «

Бақтұғұлдың ең басты қателігі неде?» немесе «Отырар» дастаны (М.Шаханов 5- сынып) өлеңі бойынша Шыңғыс пен оның әулетенің Отырарды 6 ай бойы ала ламау себебінің негізін қалай түсіндіруге болады?» деген проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін оны ашатын эпизодтар, оқиғалар сұрыпталып алынады. Көркем шығармалад. Оқып – үйрену жұмыстары оқушыларға көркем туынды жайывнда ғана мәліметтер, яғни білім бермейді, ең басытысы олардың дағдысы, оқу машықтары іскерлікпен қалыптастырып, дамытады. Мұғалім проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды оны шеше білуге жетелейді, оқушылар мәтінге жүгінеді, өз ойларын, болжамын айта білуге дағдыланады. Немесе инценировка, сценарийлерарқылы шығармашылық қабілетін дамытуға әсер етеді. Проблемалық сұрақтар оқушыларды өз беттерімен ізденуге жұмылдырады,салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын жетілдіреді.Әдеби талдауда мұғалім әр түрлі әдіс – тәсілді пайдаланады.Мысалы, төменгі сыныптарда мазмұндау, әңгімелеу, пікірлесу сияқты сөздік әдістеріне мұғалім жиі жүгінеді. Сол арқылы оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұндауға, оқығандарын әңгімелеп, баяандап беруге жетектейді. Сұрақтар қоя отырып, дәл, нақты жауаптар бере білуге, т.с.с. жұмыстарға да да баулиды. Қорыта айтқанда, мұғалім талдауда қандай бір әдіс – тәсілдерге жүгінсе де, ол солар арқылы оқушыларға білім беру прцесін ғана жүзеге асырмайды, ең бастысы, біліммен қоса, іскерлік дағдыларының қалыптасып, дамуына да зор әсерін тигізеді.

Көркем шығармаларымен жұмыстың қорытынды кезеңдеріКөркем шығарманы талдауға берілетін сағаттарды мұғалім қай талдауға берілген сағаттарды мұғалім қай талдау түрімен жүргізбесін, қандай әдіс – тәсіл пайдаланбасын, соның ішінде қорытынды жұмысқа арнайы сағат бөліп, қорытынды сабақтар өткізудің маңызына ерекше көңіл бөлуі керек. Қорытынды жұмыстарда мәтінді қайталап оқып,не болмаса уақыттың бәрін оны талдауға жұмсайды. Балалар оқыған бәрін оны талдауға жұмсайды. Балалар оқыған дүниелеріне қайта айналып соғады. -