ТМД геосаяси жоба ретінде: қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдаңыз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРОқұрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 21-інде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСРО одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Өзінің 24 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің “өлі туылған бала“ деген көріпкелділіктерге қарамастан ол қазіргі таңда өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.

ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:

1. Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.

2. Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.

3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.

ТМД-да қиыншылықтар мен үлкен мәселелер өте көп болды.. Интеграциялық мақсаттар екінші орынға кетіп, көп елдер үшін өздерінің саяси-экономикалық егемендіктері маңыздырақ болып кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.[1] Қазіргі таңда Достастық әр түрлі саяси күштер тарпынан айтылып жатқан көптеген сындарға тап болуда. Өйткені, біріншіден, Кеңес Одағының құлауына өкініш білдіретін саяси топтар жағы. Олардың сындары, бұрынғы шекара шеңберінде бір мемлекет құру деген келмеске кеткен үміттерге негізделген. Бірақ ТМД құрылғанның алғашқы кезінен бастап-ақ бұл мәселелерді мақсат етпеген болатын. Ең маңыздысы, айтылып өткендей, жаңа мемлекеттердің құрылуы мен нығаюы болатын. Ал екіншіден, ТМД бір халықтық шаруашылық жүйе ыдырағаннан кейін көп шығындарсыз одақтың кезіндегі интеграциялық байланыстарды сақтай отырып, экономикалық бөлінуді жүзеге асыра алмаған үшін сынады.

ТМД-ң құрылуымен байланысты жаңа геосаяси ахуалға әсер етуші факторлардың және маңызды мәселелердің бірі Каспий теңізі мен Каспий мұнайын тасымалдау болып отыр. Әйгілі саясаттанушы З. Бжезинский “Каспий – ХХІ ғасыырдың кілті” деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай президент Н.Назарбаев былай деген: ”Каспий бейбіт интеграция негізіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып күш-қуатымызды бріктіріп, күшті пайдалы механизм құра аламыз.Осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.”

Кеңес одағының ыдырауы тарих беттерінде өшпес із қалдырды, ол өзінің құрылу оқиғаларымен, ыдырау тарихымен көп зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Қазіргі кездегі Кеңес Одағының мұрагері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын айта аламыз. Бірақ ТМД-ның КСРО-дан айырмашылығы көп, соның бірі ол жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі, күштеп біріктірілген емес, әр мемлекет өзінің даму жолын өзі таңдаған. Соның бірі интеграция. Бұл мемлекеттер интеграция жолында бірігіп келешекке бірге аттанбақ. ТМД құрылғандағы көп сарапшылар оны “өлі туған бала” деген баламалар берсе де, ТМД әлі күнге дейін бар, яғни бұл мемлекеттердің ынтымақтастығының кепілі. ТМД өзінің пісіп-жетілу жолында келеді.

Қазіргі заманның геосаяси дамуы Ресейді дүниежүзілік саяси даму орталық бірі ретінде қарастыруды талап етеді. Осы тұрғыдан Ресейдің сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтайтын болсақ, олардың ішінде ең алғашқылардың бірі ретінде ТМД шеңберін атауға болады. Бұнда, негізінен, екі жеке дара сегмент - “Батыс” және “Оңтүстік шығыс” бағыттары айқын байқалуда. Екінші бағыт Еуропа, Испания елдері, Қытай мен Индия. Үшінші бағытқа “атлантикалық өркениет” және Жапонияны, ал төртінші негізгі бағытқа Латын Америка, Африка, Тынық мұхит экваториясын жатқызуға болады.

Бүгінде ТМД шеңберіндегі Ресей дипломатиясының болашағы туралы біркелкі пікір жоқ. Мысалы: Ресейлік ғалымдар В. Загладин мен Мунтян “ТМД-ң ыдырау қаупі бар, бұл орайда Достастықтың шекаралары қайта қаралуы мүмкін. Осының салдарынан Славян халықтарының Ресейге миграциясының күшеюі, оның геосаяси стратегиясының әлсіреуіне алып келеді” – деген болжам айтуда. Сондықтан халықаралық қатынастар бойынша ресейлік мамандар Ресей үшін ең тиімдісі ТМД мемлекеттермен саяси қатынастарды жалғастырып, олармен халықаралық субъектінің тең праволық мүшесі құқында диалог жүргізуді қажет деп санайды.

ТМД – бұл мемлекет емес, бұл табиғи жағдайда қалыптасқан мемлекеттердің аймақтық қатынасы механизмі екенін түсінуіміз қажет. Мұны тек ЕО-мен салыстыра аламыз, айырмашылығы тек Европалық мемлекеттер егеменді дамыған болған кезде интеграция идеясына келсе, Достастық мемлекетінің әр біреуі империяның бір бөлігі болған, құтылмас альтернатива ретінде.