Халықаралық институттардың (НАТО, ЕҚЫҰ) геосаяси үрдістердегі рөлін көрсетіңіз

Солтүстiк атлантикалық Одақтың стратегиялық тұжырымдамасы (НАТО). 1999 жылдың сәуiр айында, яғни Солтүстiк атлантикалық одақтың құрылғанына 50 жыл толғаннан кейiн, Вашингтондағы мемлекеттер мен үкiмет басшыларының жоғары деңгейдегi мәжiлiсiнде, НАТО елдерi Солтүстiк атлантикалық Одақтың Стратегиялық тұжырымдамасын мақұлдады. НАТО қырық жылға созылған “қырғи-қабақ соғыстың” Еуропада соғыс өртiн туындатпауының алдын-алып келдi. Қорғаныс және диалогты үйлестiре отырып, осы ұйым Шығыс пен Батыстың арасындағы конфронтацияны бейбiт жолмен шешуде маңызды рөл ойнады. “Қырғи қабақ соғыстың” қаупi жойыла бастаған соң, Еуропаның жаңа, көлемдi интеграциялануының келешегі қалыптасып, Еуроатлантикалық қауiпсiздiк құрылымы құрылып, онда НАТО ерекше орынға ие болды. Осы жылдар аралығында қаруды бақылау саласында маңызды оқиғалар өттi, бұл процеске Солтүстiкатлантикалық Одақ ерекше мүдде танытқан болатын. Одақ қауiпсiздiктiң ортақ мүдделерiнiң сақталуын, ұжымдық қорғаныс және трансатлантикалық байланыстарды нығайтуды қамтамасыз етуi тиiс. Барлық мүшелерiнiң қауiпсiздiктерiнiң ажырамастығын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттердiң бiрiккен мiндеттемелерi мен ынтымақтастығы Солтүстiк атлантикалық одақтың қызметiнiң негiзiн қалайтын, басшы қағидасы болып табылады.
Солтүстiк атлантикалық Одақ өзiнiң басты мақсатына жету үшiн қауiпсiздiк саласында мынадай маңызды мiндеттердi жүзеге асырады:
- аймақтағы тұрақты қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- одақтастар арасында, олардың мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде консультациялар жүргiзу;
- кез келген басқыншылық қаупiне қарсы қорғануды қамтамасыз ету;
- жанжалдардың алдын-алуға көмектесу және дағдарысты реттеуге, дағдарысты сезiну жөнiндегi операцияларды қоса алғанда белсендi қатысу;
- өзара сенiмге қол жеткiзу мақсатында және Солтүстiк атлантикалық одақтың бiрiккен әрекеттерiне қабiлеттi болу үшiн басқа мемлекеттермен кең көлемдi әрiптестiк, ынтымақтастық және диалогқа көмектесу.
Солтүстiк атлантикалық одақ үнемi өзгерiп тұратын жағдайда әрекет етiп келедi. Оның саяси рөлі артуда және әскери әрiптестiк пен өзге де мемлекеттермен, Ресей, Украинаны қоса алғанда, ынтымақтастық пен диалог та даму үстiнде; НАТО жаңа мүшелердi қабылдауға дайын.
1994 жылдың желтоқсан айында НАТО-ға мүше-елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуiнде бұрынғы Варшава Келiсiм-шартының мемлекеттерiн Солтүстiк атлантикалық одаққа тарту үшiн шаралар қолдануға шешім қабылданды. Ол НАТО-ның бұрынғы Шығыс блогындағы мемлекеттердiң 1994 жылдың қаңтар айынан басталған “Бейбiтшiлiк үшiн әрiптестiк” бағдарламасынан бастап, жақындасу процесiн жалғастыруға мүмкiндiк бердi.
Алғашқы кезде Еуропаның ынтымақтастығы және қауіпсіздігі жөніндегі кеңесі деп аталған бұл ұйымның негізі 1973 жылы бұрыңғы Кеңес Одағының ұйытқысымен қаланғандығын біреу білсе, біреу біле бермейді. 1973 жылы шілде айында сол тұста қалыптасқан Шығыс пен Батыс елдері арасындағы шиеленіске жағдайды қайтадан қалпына түсіру үшін КСРО-ның ұйымдастыруымен Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді. Міне, сол кезде басталған келісім шарттың соңғы қорытындысына 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде қол қойылды. Ол тарихқа «Хельсинки келісті» деген атпен енді.

1975 жылы 1 тамызда қабылданған Хельсинки Актісінде Халықаралық қауіпсіздікті сақтау принциптері көрсетілді, олар:

1 – мемлекеттердің егемендігі, теңдігі

2 – күш қолданбау және «күш қолданамын» деп қорқытпау

3 – қазіргі шекаралардың бұзылмайтындығы

4 – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы

5 – даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу

6 – ішкі істерге араласпау

7 – адам құқығын құрметтеу, олардың ойлау, ар-ождан, діни сенім бостандықтарын сыйлау

8 – халықтардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы

9 – мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық

10 – халықаралық құқық міндеттерін адал орындау.

ЕҚЫҰ тетіктерін нығайтудың барлық идеялары, сөз жоқ, Ұйымның жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлін ой елегінен өткізу үдерісіне қосылған ұжымдық үлес болып табылады. Мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клин­тонның Астана Саммитінде айтқан «ол үшін ЕҚЫҰ-дан өзге бірде-бір өңірлік ұйымда неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жоқ» деген ұстанымын толықтай қол­даймын.

Әсіресе, ұйымның қауіп-қатерлердің жаңадан пайда болуына қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, өз жауапкершілігінің бүкіл аумағындағы өткір дау-жан­жал­дар­дың алдын алу мен шешу мүмкіндіктерін кеңейту туралы айтқан кезде оның ма­ңызы зор. Өз кезегінде Қазақстан да ЕҚЫҰ-ны нығайту жөнінде ұсыныстар енгізіп, оның маңызы Астана Саммитіне қатысушылар­дың жоғары бағасына ие болды.

Біздің ойымызша, ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы жаһандық геометриясы төмен­дегідей бағыттар бойынша мақсатты іс-қимылдардан құрылуға тиіс.

Бірінші. Қазақстан Еуразия құрлы­ғы­ның интеграциялық құрылымдары ара­сындағы жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде өзара іс-қимылдар орнату­ға шақырды. Шығыс-Батыс желісі бойын­ша – Еуропа Одағы мен НАТО арасында, бір жағынан, ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ ара­сында – екінші жағынан. Солтүстік-Оң­түстік желісі бойынша – ЕҚЫҰ, АӨСШК және 2011 жылы Қазақстан төрағалық ететін Ислам Конференциясы Ұйымы.

Екінші. Біз қаржы-экономикалық қауіп­сіздік мәселесін ЕҚЫҰ-ның жеке себеті ретінде бөліп шығаруды ұсындық. Сол сияқты ЕҚЫҰ құрылымын энерге­ти­калық қауіпсіздік және экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі кеңестермен толықтырудың да маңызы зор.

Үшінші. Әскери-саяси өлшемдерді нығайту үшін біз қарусыздану мен таратпау саласында жаңа келісім-шарттық нор­маларды қалыптастыру мақсатында ЕҚЫҰ-ның арнайы форумын құруды ұсындық.

Төртінші. Біз әділ де ашық конфес­сияаралық үнқатысуға шақырдық. ЕҚЫҰ шеңберіндегі мұндай үнқа­тысуды Астанада 2003 жылдан бастап тұ­рақты өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дайын алаңында өткізуге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Бесінші. ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік инс­ти­тутын тағайындай отырып, ЕҚЫҰ шең­берінде қауіпсіздіктің жекелеген өлшем­дер дәрежесіндегі түрлі проблемаларын болжау жөніндегі жұмыстарды жолға қоюдың маңызы зор. ЕҚЫҰ құрылым­дарының Ұйым жауапкершілігінің бар­лық аумағында, соның ішінде азиялық бөлігінде орналасуының да маңызы аз емес. Алғаш рет Еуропаның геогра­фиялық шекарасынан тысқары, Орталық Азияда өткізілген Астана Саммиті бұл үдерісті бастап берді.