Экономикалық теорияның пайда болуы және дамуы

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады. Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген. Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б.д.д. 430—354 жж.), Платон (б.д.д. 427—347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384—322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"— қоғам, "ойкос"— үй, шаруашылық, "номос" — заң). Сонымен. саяси экономия — қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.

2.Экономикалық теорияның экономикалық ғылым жүйесінде алатын орны мен рөлі. Экономикалық теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады: Танып — білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды. Ғылыми болжам қызметі — ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды. Практикалық қызметі– нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді. Методологиялық қызметі– экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады. Экономикалық теория үш ғасырдан астам уақыт бойы «саяси экономия» деген атпен өмір сүріп дамыды. Ғылым болып калыптасқан кезеңнен бастап экономикалық теорияның пәнін анықтау мәселесі әртүрлі көзкарастарды тудырды. Осы күнге дейін бұл ғылым нені зерттейтіні туралы әртүрлі болжамдар ұсынылып отыр. XX ғасырдың басында Польша мен Германия социал-демократиясының көрнекті өкілі Роза Люксембург (1871-1919) былай деп жазды; „Саяси экономия — таңдандырарлық ғылым. Бұл жерде қиыншылықтар мен айтыстар алғашқы қадам басканда-ақ, ең карапайым сұрақтан-ақ басталады: бұл ғылымның пәні не? Көзқарастары қаншалықты шын болып көрінгенімен, бірақ саяси экономияның көптеген мамандарының оның пәні туралы түсініктері өте төмен”. Осы айтылғандардың әділ сөздер екендігін экономикалық теорияның әлемдік даму тарихы дәлелдеп отыр. Оның тарихы бұл ғылымның пәнін анықтау мәселесі төңірегінде пікірталастыктың үздіксіз келе жатқанымен сипатталады. Экономикалық теорияның ғылыми зерттеу пәнін анықтау мәселесі төңірегінде өткір пікірталастык кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Оның себебі қоғамның экономикалық өмірі күрделілігімен және көп қырлылығымен сипатталады. Ол әртүрлі сипаттағы және әртүрлі деңгейлі көптеген экономикалық құбылыстар мен процестерді қамтиды. Экономикалық құбылыстар таза күйінде өтпейді, саяси, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа құбылыстармен жанасып, өтіп жатады. Сондықтан экономикалық теорияның пәнін, яғни ғылыми зерттеу объектісін дәл аныктау өте киын іс. Бірақ, өте қажет.
Әрбір егеменді ғылымның, біріншіден, дәл анықталған зерттеу объектісі болуы тиісті. Егер ғылымның пәні дұрыс анықталмаса, онда ол басқа ғылымдардың еншілес пәніне ,,қол сұғады”, олардың зерттеулерін қайтара жүргізеді. Ғылымның пәні айқын анықталмаса, оны басқа ғылымнан ажырату мүмкін болмай қалады.
«Пән,- дейді Қазақстандық казіргі таңдағы көпшілікке танымал методолог-экономист, профессор О.Ж.Алиев, — ұғым ретінде ғылыми пәннің бүкіл ұғымдық құрылысының бастау алатын және соңғы шегі (пункті) болып табылады». 2 Өзінің ойын былай деп жалғастырады: «ғылымнын пәні туралы тар мағынада айтылғанда келесілер ескеріледі: а) пән -объекттегі нәрсе; б) пэн- объектгің ішінде жасырынып жатқан нэрсе; в) пэн — объекттің белгілі бір аспектісі, кесіндісі, бөлігі, «үзіндісі»; г) пән -белгілі бір көзкараспен субъект зерттейтін объект; д) пән — объектге «ізделінетін» нәрсе; е) пән — объектте шын мәнінде танып-білінетін нәрсе; ж) пән — ғылымларды езара жіктеудің (ажыратудың) белгісі».

3.Экономикалық таным әдістері.Таным – ол экономикалық теориялардың функцияларының бірі. Экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады. Экономика тану әдістері: Экстраполяция - Болашаққа лайықталған тенденциялар негізінде экономикалық даму болжамы. Индукция - Көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау. Дедукция - Жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару. Гипотеза (болжам) – алдын ала тексерілмеген қағида. Әдіс – таным тәсілі. әдістер жалпы және жеке болады. Жалпы әдістерге – абстракция әдісі, талдау, синтез, индукция, дедукция, жорамал, эксперимент, жүйелі талдау т.б.; жеке әдістерге – экономикалық-математикалық модельдеу, экстраполяция, баланстық, функцияоналдық т.с.с. әдістер жатады. Экономистің негізгі құралы теория мен байқау болып табылады.

4 Экономикалық категориялар. Экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

5. Экономикалық заңдар және олардың жіктелуі.Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік. Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады. Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді. Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет. Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады. Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады: физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.); қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.); әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.); өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т.б.) қажеттіктер; өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т.б.) қажеттіктер. Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады. Экономикалық мүдделер — бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан классификациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтаралық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің, т.б.) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары — күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т.б. мүдделер.