Нарықтық экономика артықшылығы мен кемшілігі

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Нарық кемшіліктері:

Экономикалық тұрақсыздық

Монополияланған құрылымдар пайда болады.

Жұмыссыздықтың болуы

Бай, кедей деп бөліну

Әлеуметтік жағдайдың күрделенуі

Нарық артықшылықтары:

Таңдау еркіндігі

Мемлекеттің араласуы шектеулі

Бәсекелестік

Еркін баға белгілеу

Сапасынның жақсаруы

Жаңа техника мен технологияларды пайдалану

43 Нарықтың құрылымының жіктелуі. Нарықтық экономика элементтері Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);

тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен

1 Нарықты құрылымы жағынан жіктеу

2 Нарықтың түрлері бойынша жіктеу

3 Нарықты сегменттеу

4 Пайдаланған әдебиет

Нарықты құрылымы жағынан жіктеу[өңдеу]

Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:

игіліктер мен қызметтер нарығы;

өндіріс құралдарының нарығы;

ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;

құнды қағаздар нарығы;

жұмыс күші нарығы.

Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:

өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;

халық тұтынатын тауарлар;

азық-түлік тауарлар нарығы;

шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.

Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.

3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:

аймақтар ішіндегі;

аймақаралық;

республикалық;

республикааралық;

халықаралық (әлемдік) нарықтар.

Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

монополиялық;

олигополиялық;

салааралық нарықтар.

Нарық экономикасының бірінші элементі

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементі

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші элементі

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.

Нарық экономикасының төртінші элементі

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық экономикасының бесінші элементі

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтері

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

маржиналдық (шекті) талдауға;

балама тандау шығындарына;

экономикалық рационалдыққа.

44.Бәсеке мәні және түрлері.Бәсеке-нарықтық шаруашылық субьектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты бақталастықтық немесе күресі.Түрлері; жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке.Жетілген бәсеке-бұл бірнеше мың сатушылардан құрылатын бәсеке.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.Жетілмеген бәсеке-бұл таза бәсекенің кем дегенде бір шартты орындалатын бәсеке түрі.Оның 3 түрі бар;Монополия тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.Олигополия-бірнеше (3- тен 5- ке дейін) ірі фирмалар билейтін нарық.Монополистік бәсеке- біртекті емес, бірақ ұсақ тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.

45.Жетілген бәсеке-бұл бірнеше мың сатушылардан құрылатын бәсеке.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады.

46.Жетілмеген бәсеке және оның түрлері.Жетілмеген бәсеке-бұл таза бәсекенің кем дегенде бір шартты орындалатын бәсеке түрі.Түрлері;Монополия тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.Олигополия-бірнеше (3- тен 5- ке дейін) ірі фирмалар билейтін нарық.Монополистік бәсеке- біртекті емес, бірақ ұсақ тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.

47.Монополияға қарсы заңдылық.Бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.КазақстанРеспубликасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізу;4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.АҚШ -та монополияға қарсы 3 заң қолданылады:1.Шермэн заңы (1890)- бұл заң сауданы құпия монополияларға бір салада жалғыз үстемдік етуге баға жөніндегі келісімге келуге тыйым салынады.2.Клейтэн ( 1914)- өткізу саласындағы шектеу іс-әрекетіне баға алушыларына, бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салынады.3.Робэлсин–Пэтмин(1936)- сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салынады.

48.Сұраныс заңы.Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер ететін факторлар.Сұраныс заңы- тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.Сұраныс қисығы-белгілі бір уақыт аралығындағы әр түрлі бағамен тұтынушының сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.Сұранысқа әсер ететін факторлар;бағалық және бағалық емес факторлар.Бағалық фактор-тауар бағасының төмендеуі,сұраныс деңгейін жоғарлатады,ал бағасының өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді. Бағалық емес факторларға мыналар жатады;тұтынушының ақшалай табыстары,тұтынушының таңдауы мен талғамы,тұтынушының құрамының өзгеруі,нарық көлемі ,яғни алмастыратын және толық құрайтын тауар көлемі.

49.Ұсыныс заңы.Ұсыныс қисығы.Ұсынысқа әсер ететін факторлар.Ұсыныс заңы-баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс.Ұсыныс қисығы-өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.Бірін-бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

50.Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс дегеніміз- сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі.Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы.

51.Икемділік мәні.Сұраныс пен ұсыныс икемділігінің коэффициенті.Икемділік деп – бір айнымалының екіншісіне байланысты өзгеру реакциясының шамасы, яғни айнымалының сырт әсерлеріне жауап беру қабілеттілігі.Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады. E№d = ∆Q4/Q : ∆L/L бұл жерде Ed - сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті; е - сатып алушылардың табысы.Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэфициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегеліп отырған сұраныс функцияның факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар: бағалық икемділік коэффициенті;табыстық икемділік коэффициенті; Сұраныстың бағалық икемділігі.Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% — ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған таардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.Ep(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:дәл қазіргі кезең; қысқа кезең;ұзақ мерзімді кезең 1>EP(S)>06, икемсіз ұсыныс. Ep(S)>1, ұсыныс икемді.

52.Сыртқы сауда саясаты-сыртқы сауда мен халықаралық төлемдерді мемлекеттік реттеумен байланысты экономикалық саясат бағытын, яғни белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; экспорт пен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда саясатының бір ұшқары жағдайы еркін сауда саясаты, екінші жағдайы автаркия саясаты болуы мүмкін. Осы ұшқары жағдайлардың арасындағы түрлі дәрежедегі қолдампаздық орын алады, ол валюталық бақылаудың, тарифтік және бейтарифтік реттеудің көмегімен іске асырылады. 53.Капитал мәні.Ақшаның капиталға айналуы. Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай жинақтары.Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.Ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады.

54.Кәсіпкерлік капиталдың(қордың) айналымы және шенбер айналымы.Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. . Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады. Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Кәсіпорын капиталы бір мезгілде үш түрде болуы тиіс: ақша, өндіргіш және тауар формасында. Капиталдың шеңбер айналымы – бір функционалдық формадан (ақша, өндірістік, тауар) басқа формаға жүйелі түрде айналатын және алғашқы формасына қосымша өндірілуімен қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалысы. А-Т...Ө...Т-А . Бірақ капитал қозғалысы бір қозғалыспен шектелмейді, қайталана береді. Капиталдың ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процесі капитал айналымы деп аталады.

55.Негізгі капитал (қор).Физикалық және табиғи тозу.Амортизация.Негізгі қор деп – өндірістік процесске көп жыл қатарынан, бірнеше қайтара қатыса отырып, өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге, тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес заттар кіреді. Біріншіге жататындар – өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және де басқа материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорға – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған қор жатады.Физикалық тозу — еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың матералдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.

56.Айналмалы капитал және оның құрылымы.Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады.Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады.Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады .Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.

57.Инвестиция және оның түрлері.Инвестициялар – бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы. Инвест.2 бағытта пайдаланылады;нақтылы инвестиция-материалдық активтерге қаржы жұмсау,қаржылық инвестиция- құнды қағаздарға қаржы жұмсау құрылымы бойынша. Инвестиция: а) Жалпы инвестициялар – тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен шығындарды да қамтыған капитал жұмсалымының барлық мөлшері; б) Таза инвестициялар – жалпы инвестициядан амортизацияны алып тастағандағы инвестициялар; в) Тікелей кәсіпорынға салынған инвестиция; г) Портфельдік инвестиция – пайда табу мақсатымен инвестициялардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуы.

58. Кәсіпорын нарықтық экономиканың субьектісі ретінде. Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Нарықтың шешуші бір сипаты – қор рыногы. Нарықтық экономика дамыған елдерде кәсіпорындар өзіне инвестицияға керекті қаржыны қор рыногына акция шығарып, оны сатып табады. Өз кезегінде осы акцияны әртүрлі қаржы қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру қорлары) және жеке адамдар сатып алады.

59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.Ұйымдық- құқықтық форма заңды түрде ұйымнан кәсіпкерлік қызметке жатады. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирма аралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:шаруашылық серiктестiк; акционерлiк қоғам;өндiрiстiк кооператив; шаруа қожалықтары; жеке (дара) кәсіпкерлік. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.Акционерлiк қоғам- өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

60.Кәсіпкерлік мәні,ортасы және факторлары.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.Кәсіпкерлік-бұл меншіктік және қарыздарға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызмет көрсету үшін осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру.Кәсіппен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. . Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады: өндіріс ресурстары,өндірісті қалыптастыру мен дамыту,кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру,нәтижесінде пайда табу.
Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады: 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу; 2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды, 3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру,4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)
61.ҚР-ғы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері;проблеммалары және даму бағыты. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле­кеттік саясаттың басым бағытта­рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр­сетудің жүйелі іс-қимылдары баян­дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы шоғырланған. Құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500-ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.

62.Өндіріс шығындары мәні және маңызы. Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.Қоғамдық өндіріс бұл өнім өндірісіндегі қоғамдық қажетті еңбек( тірі және затталған) шығындардың жиынтығы.Карл Маркс өндіріс шығындарын нақты өндіріс процесін қарады.Ол бағаның тауар құнының айналасында ауытқуын сұраныс пен ұсыныс арасындағы әсер етуін есепке алмай,талдады.Қазіргі кезде консепцияны зерттеген А.Маршалл,Миллер,Дж.Роберсон,олар Карл Маркс ілімін есепке ала отырып,өндіріс шығындарының кәсіпорын өнімінің санына тәуелді және тәуелсіз деп бөлді.Осының салдарынан тұрақты және өзгермелі өндіріс шығындар ұғымы пайда болды.

63.Өндіріс шығындарының негізгі түрлері;Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат. Тұрақты шығындар (FC) - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар. Тұрақты шығындарға жататындар;кәсіпорындардың қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары,салықтар.қарыз пайызын төлеу,қорғау актісі,өндіріс тоқтаған кезде құрал-жабдықтармен қызмет жасау шығындары.Өзгермелі шығындар (VC) – өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.Оларға;шикізат,материалдар,жұмысшылардың жалақысы ,электр қуатты,жанармай,жылу,отын,тасымалдау шығыны және т.б.Жалпы шығындар (ТС) бұл тұрақты (FC) және өзгермелі (VC) шығындардың қосындысы. (ТС) = (FC+ (VC).Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар. Олар бөлінеді: орташа тұрақты (AFC=FC/Q, мұнда Q -өнім саны ), орташа өзгермелі (AVC=VC/Q), орташа жалпы (ATC=TC/Q немесе ATC=AFC+AVC) шығындарға.Шекті шығындар (МС) – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады. Олар өндіріс көлемі бір өлшемге өскенде (кемігенде) жалпы шығындардың өсуі (кемуі), яғни қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. MC=dTC/dQ, мұнда: dQ - өнім көлемінің өзгеруі.Бухгалтерлік шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар. Экономикалық шығындар – бұл айқын (бухгалтерлік шығындар) мен айқын емес шығындардың қосындысы.

64.Пайда кәсіпкерліктің факторлық табиғи ретінде. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. 65.Өндіріс факторлары және факторлы табыс.Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында пайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті ресурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі.

66. Еңбек өндіріс факторы ретінде және жалақы еңбектің бағасы ретінде. Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. ҚР-ның аралас әлеуметтік бағытталған рыноктың экономикаға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақының мемлеке кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді. Жалақыны диференциалау және оның принциптері.Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ал бес принцпке негізделген: 1)еңбектің күрделігі. Күрделі біліктілікті еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс; 2) еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істегендер жалаұыны көп алуы қажет; 3) еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады; 4) экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты; 5) жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.

67.Жалақы мәні және түрлері. Жалақы- еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшукезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғары деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып,қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Жалақы екіге бөлінеді: негізгі және қосымша; Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді: жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы; қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме; жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі); кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы; ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; түндегі жұмыс үшін қосымша ақы; жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер: балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы; жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем; мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем; негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем; пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы; шыққанда берілетін жәрдем ақы.

68.Капитал өндіріс факторы ретінде және процент капитал иесінің факторлы табысы ретінде. Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше: процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды. процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады.

69. Пайда кәсіпкерліктің факторлы табысы ретінде. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды.

70.Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.Қоғамдық өндіріс бұл өнім өндірісіндегі қоғамдық қажетті еңбек( тірі және затталған) шығындардың жиынтығы.Карл Маркс өндіріс шығындарын нақты өндіріс процесін қарады.Ол бағаның тауар құнының айналасында ауытқуын сұраныс пен ұсыныс арасындағы әсер етуін есепке алмай,талдады.Шекті шығындарды өлшеу қажеттілігі кемімелі қайтарым заңының әрекетінен туындайды;оның мәні мынада;өзгермелі фактродың әр қосымша бірлігі біршама кезеңнен бастап алдыңғы өнімге қарағанда,өнімнің жалпы шығарылу үстемін азайтды.

71.Ұлттық экономика жүйе ретінде.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады.Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;инфляция мен инфляция қарсы саясат;экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;экономикалық дамудың циклдары.

72.Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары. Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті. Мақсаттары - өндірістің дамуын ең жоғары деңгейге жеткізу; толық жұмыспен қамту; нарық жағдайында бағаның тұрақтылығын сақтау; импорт пен экспорттың тепе – теңдігі; валюталық курстың тұрақтылығы. Құралдары – фискалдық, ақша несие, табыс саясаттары және сыртқы – экономикалық саясат. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер;ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;инфляция мен инфляция қарсы саясат;экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;экономикалық дамудың циклдары; ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

73.Жер рентасы және оның түрлері. Рента (фр. rente — табыс әкелу) — жерді‚ мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін табыс. Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл ретте рантъе деп аталады.Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға: тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента; құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

74.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;ЖҰӨ,ЖІӨ,ТҰӨ,ҰТ.Жиынтық ұлттық өнім-бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.Оның 2 түрі бар;наминалды,нақты. Жиынтық ішкі өнім-бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссыз белгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.Таза ұлттық өнім-жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.Ұлттық табыс-1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.

75.Табыстар мен шығындардың макроэкономикалық айналым үлгісі.Табыс дегеніміз-жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерінен қызмет алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын а