Экономикалық талдаудың мазмұны, ақпаратпен қамтамасыз ету көздері,әдіс-тәсілдері

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.

Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады.

Экономикалық талдау нормативтік, статистикалық, бухгалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық, есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.

Экономикалық талдаудың әдіс-тәсілдері:

 Дәстүрлі;

 Математикалық;

 Дәстүрлі қабылдаулар зерттеу үшін абсолютті, орта және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.

 Математикалық әдістердің қолданылуы кәсіпорынның шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге және экономикалық талдау қабылдауларына жатады:

• Математикалық үлгі;

• Математикалық бағдарлама;

• Ойындар теориясы;

• Бұқаралық қызмет ету теориясы;

• Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;

Экономикалық талдаудың ең басты кезеңі:

• Материалдардың аналитикалық өндеу;

• Қажетті кестелер құрастыру (график, диаграмма);

• Көрсеткіштердің жүйе құруы;

• Бөлінген көрсеткіштерге ықпал жасау;

• Факторлардың ықпалын жасау;

• Бар резервтерді бағалау;

Ақпараттардың ресми түріне: ҚР заңдары; ҚР Президентінің Жарлықтары; ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары жатады.

Нормативтік-жоспарлық көздерге: Министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.); Кәсіпорынның шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.); акционерлер жиналысының шешімі; Кәсіпорында дайындалатын жоспарлар; Сметалар (бюджет); Бағалар жатады.

Экономикалық талдау жүргізудің есептегі дереккөздеріне: Бухгалтерлік есеп және есеп берулер; Статистикалық есеп және есеп берулер; Жедел есеп және есеп берулер; Салықтық есеп берулер; Таңдаулы есеп мәліметтері жатады.

 

 

Тақырып 3.1.2.Өнімді өндіру мен өткізуді, сұранысты талдау

Апки береді

 

Шаруашылық ететін субъектінің сәттілігі немесе сәтсіздігі сұраныстың деңгейі, сипаты, құрылымы қаншалық мұқият зерттелуі мен анықталуынан және оның өзгеру беталысынан тәуелді болады. Нарықты зерттеудің нәтижелері шаруашылық стратегиясы мен тауарлық ассортиментті жасаудың негізіне салынған. Олар өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жаңарту екпінін, өндірістің техникалық жетілдіруін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына мұқтаждықты анықтайды. Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты.

Өндіріс көлемінің өсу және өнімді өткізу екпіні, сапаның жоғарылауы шығындардың, түсімнің және рентабельділіктің көлеміне тікелей әсер етеді. Шаруашылық субъектілердің іс-әрекеті аз шығынмен жоғары сапалы өнімді көбірек шығару және сатуға бағытталуы қажет.Сондықтан өндіріс көлемі мен өнімді өткізуді талдаудың маңызы зор.

Талдаудың осы бағыттағы объектілері:

- өндіріс көлемі мен өнімді өткізу;

- өнімнің ассортименті мен құрамы;

- өнімнің сапасы;

- өнімнің ырғақтылығы болып табылады.

- Өнімді өндіру мен өткізуді талдау процесінде өндірістің өсуіне тежеуіл болатын себептер ашылуы тиіс:

- өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;

- материалдық, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз пайдалану;

- өнімнің жарамсыздығы.