Йымның қаржылық тұрақтылығын талдау

 

Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігіне тәуелді.

Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:

- қаржылық тұрақтылық – бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;

- қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;

- қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.

Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.

Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.

Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері — тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады

 

Ма.к.=Мк-¥а (9)

 

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар: кәсіпорынның салалық ерекшелігі; шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет); жарғылық капитал көлемі; шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы; мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы; кәсіпорынды басқару тиімділігі, т.б.

Сыртқы факторлар: мемлекеттегі саяси – экономикалық жағдай; төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы; салық және несие саясаты құқықтық – нормативтік база; сыртқы – экономикалық байланыстар, т.б.

Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.

Ішкі қаржылық талдау – бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау – инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау – кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:

· кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;

· кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;

· қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;

· қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.

 

Кесте 9. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК қаржы тұрақтылығының типі

Қаржылық тұрақтылықтың типтері   Модель Босалқыларды қаржыландырудың көздері Қаржы тұрақтылығына қысқаша сипаттама
1. Абсолютті қаржы тұрақтылығы М=(1;1;1) Меншікті айналым қаражаттары (таза айналым капиталы)   Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары. Кәсіпорын сыртқы кредиторларға тәуелсіз  
2. Қаржы тұрақтылығы қалыпты   М=(0;1;1) Меншікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар   Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қалыпты. Қарыз қаражаттарының тиімді пайдаланады. Ағымдағы қызметтің табыстылығы жоғары  
3. Қаржылық жағдайы тұрақсыз   М=(0;0;1) Мешікті айналым қаражаттары + ұзақ мерзімді несиелер мен займдар + қысқа мерзімді несиелер мен займдар   Қалыпты төлем қабілеттілігі бұзылған. Кәсіпорынға қаржыландырудың қосымша көздерін тарту қажет. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік бар  
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дағдарысты   М=(0;0;0) - Кәсіпорын толығымен төлем қабілетсіз және банкротқа ұшырау қаупі бар  

Қаржы тұрақтылығының бірінші типін формула түрінде көрсетуге болады:

(10)

Абсолютті қаржы тұрақтылығы (М1) біздің елде сирек кездеседі.

Қаржы тұрақтылығының екінші типін келесі формуламен көрсетуге болады:

(11)

Қалыпты қаржы тұрақтылығы кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.

Үшінші тип (тұрақсыз қаржылық жағдай) келесі формуламен сипатталады:

(12)

 

Төртінші типті (дағдарысты қаржылық жағдай) келесі түрде көрсетуге болады:

(13)

 

СОС=СК –ВОА (14)

 

СОС- меншікті айналым қаражаты

СК- меншікті капитал

ВОА-айналымнан тыс активтер

2013 жыл: СОС=9 745 228-2 741 041=7 004 187

2014 жыл: СОС=10 263 911-3 284 810=6 979 101

 

СДИ=СОС+ДКЗ (15)

 

СОС- меншікті айналым қаражаты

ДКЗ- ұзақ мерзімді кредиттер мен зайымдар

2013 жыл: СДИ=9 745 228+0=9 745 228

2014 жыл: СДИ=10 263 911+0=10 263 911

 

ОИЗ = СДИ + ККЗ (16)

 

ККЗ – қысқа мерзімді кредиттер мен зайымдар

СДИ – меншікті және ұзақ мерзімді зайым көздері

2013 жылы: ОИЗ=12 699 608+9 745 228=22 444 836

2014 жылы: ОИЗ=13 814 363+10 263 911=24 078 274

 

2013 жылы:

DСОС = СОС – З =7 004 187-201 425=6 802 762

DСДИ = СДИ – З =9 745 228-201 425=9 543 803

DОИЗ = ОИЗ – З =22 444 836-201 425=22 243 411

2014 жылы

DСОС =6 979 101-256 664=6 722 437

DСДИ =10 263 911-256 664=10 007 247

DОИЗ =24 078 274-256 664=23 821 610

 

Кесте 10. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК қаржылық тұрақтылығын бағалау:

Көрсеткіштер Мәні    
    2013 жыл 2014 жыл
1. Қорлар (Қ),з 201 425 256 664
2. Меншікті айналым қаражаты (МАҚ),сос 7 004 187 6 979 101
3. Айналымдағы капитал (МҰҚК),сди 9 745 228 10 263 911
4.Қаржыландыру көздерінің жалпы,оиз оизоиздеңгейі(ҚНК) 22 444 836 24 078 274
5. Меншікті айналым қаражатының (артықшылығы) тапшылығы (D МАҚ),сос 6 802 762 6 722 437
6. Айналымдағы капитал артықшылығы (тапшылығы) (D МҰҚК),сди 9 543 803 10 007 247
7. Жалпы қаржыландыру көздерінің артықшылығы (тапшылығы) (D ҚНК),оиз 22 243 411 23 821 610
8. Жағдайдың үшкомпонентті көрсеткіші, M (1-4) (1,1,1) (1,1,1)

 

«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК 2013-2014 жылдарының қаржылық тұрақтылығы:

М(1,1,1) – абсолютті қаржы тұрақты. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары. Кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз.