Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері

Азақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.

Табиғатты пайдалану құқығы табиғи ресурстарды пайдалану, пайдалы қасиеттерін алу және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Табиғатты пайдаланудың екі түрі бар: жалпы және арнайы.

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылатын және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей тегін жүзеге асырылады. Егер ҚРның заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану Экологиялық кодексте және өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаның қызметі.

Табиғатты пайдалану түрлері:

- жерді пайдалану;

-суды пайдалану;

-орманды пайдалану;

-жер қойнауын пайдалану;

-жануарлар дүниесін пайдалану;

-өсімдіктер дүниесін пайдалану;

-қоршаған ортаға эмиссия;

-ҚРның заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.

 

Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.

Жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар жер құқығы қатынастары деп аталады.

Жер құқығы жер қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жер құқық қатынастарының объектісі - ҚР аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар.

Жер құқығы қатынастарының субъектілері жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер.

Субъектілері:

- мемлекет;

- жеке тұлғалар;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

- шетел азаматтары.

 

Азақстан Республикасының кеден органдары.

ҚР-ның кеден органдары өз құзыреті шегінде ҚР-да кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел іздестіру қызметін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ ҚР-ның заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

ҚР кеден органдарының бірыңғай жүйесін: 1)кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган; 2)кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері; 3)кедендер; 4)кеден бекеттері; 5)ҚР-ның кедендік шекарасындағы бақылау өткізу пункттері; 6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

Кеден органдарының қызметі: 1) заңдылық; 2)заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау; 3) жариялылық қағидаттарына құрылады.

Кеден органдарының міндеттері: 1) ҚРның егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) ҚРның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ҚРның заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету; 3)ҚРның заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу; 4) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай ақ ҚРның кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау; 5) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру; 6) ҚРның халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету; 7) бірыңғай бюджет саясатын жүзеге асыруға қатысу; 8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету; 9)ҚРның мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу болып табылады.

 

Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.

1) тараптардың келісімі бойынша; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша; 4) қызметкердің бастамасы бойынша; 5)тараптардың еркінен тыс мән жайлар 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7)ҚРның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда қабылдауға міндетті.

Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 1) жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі; 5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 6) қызметкер бір жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық жағдайында болған; 8) қызметкер жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау, оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немеес қаулысымен анықталған және т.б.жағдайларда бұзылады.

Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.

Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша: 1) қызметкер әскери қызметке шақырылған; 2) қызметкер не жұмыс беруші жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; 3) қызметкер не жұмыс беруші жеке тұлға қайтыс болған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған жағдайда; 5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс.