Тауардың оралуы. Штрих код түсінігі

Тауардың оралуы өндірушінің немесе сатушының визит карточкасы ретінде біршама қызмет атқарады десек те болады.

Тауардың оралуы-оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады.

· Ішкі оралу дегеніміз тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы әтірдің шишасы.

· Сыртқы оралу-тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.

Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

¨ тауар орамы өнімнің белгіленуін, қолдану аясын, функциясын және сақтау мерзімін көрсету қажет

¨ тауар орамы оны сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етіліп жасалуы тиіс

¨ қазіргі заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрі өнім мазмұнына сәйкес келуі керек

¨ тауар орамы тұтынушылық әдеттері мен талаптарына сай болу керек

Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3%-тен жоғары үлесі жұмсалады. Бизнесмендер “Тауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең, өзіңмен әріптес боларымды айтамын”, немесе орау шығыны тауардың өз құнынан да ұтымды” дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеге аса маңызды рөл атқарады.

Штрих коды дегеніміз- ол қос жүйелі әріптер мен сандарды бейнелейтін айқын жолақтар мен олардың арасындағы кеңістіктерден тұратын символдар. Штрих кодын қолдану өндіріске де, саудаға да, сонымен бірге тұтынушыларға да қолайлы нәрсе. Тауардың өзінде, немесе оның орауында штрих кодтың болуы фирманың беделін көтеріп, тауар мен оны өндіретін кәсіпорында жарнамалау рөлін атқарады.Өндірісті, есеп үдерісін және өнім сапасын тиімді басқару үшін тауар деңгейіне қазіргі күннің талабына сәйкес дәл бақылау орнату қажет. Өнімнің қоймада сақтаудан бастап өткізуге дейінгі жолын бақылап отыруға мүмкіндік туғызатын әсерлі шара ретінде сәйкестендіру болып табылады. Бұл тауарды басқа бұйымдардан ажырататын маңызды сипаттамаларымен орындайтын міндетін реттелген ақпарат арқылы айқындайды. Еңбек өнімділігін арттырумен шығындарды айтарлықтай азайтуға бағытталған компьютерлік техника негізіндегі автоматтық сәйкестендіру технологиясы кеңінен таралған. Барлық әйгілі технологиялардың ішінен штрих коды ең көп қолданыс табады. Штрих код өнімге байланысты 13 не 9 болуы мүмкін. Штрих кодтың алғашқы 2 не 3 цифрі өнімнің қай елде өндірілгенін білдіреді. келесі 4 цифрі өндіруші компания туралы ақпарат береді. Келесі 5 цифрі тауардың коды. Және ең соңғысы бақылау саны болып табылады.

 

 

33..Фирманың тауар саясатындағы бренд ж\е брендинг –бренд, ол әйгілі тауар таңбасы болса, ал брендинг, ол тауарды әйгілі қылу процесі б\п таб\ы. Бренд терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол таңба, мөр деген мағынаны білд. Сонд. Сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін, өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Бренд- атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы сапасында беінген, нарықта танымал сауда маркасы. Қаз/да брендтің даму деңгейі батыс елдерімен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері- тауарды өткізудегі бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төменділігі. Отандық тауарлардың ішіндегі атақты брендттерді атау әзірше қиын болып отыр. Алайда, біздің нарықта Фудмастер, Рахат, Беккер және К, Әсем-ай және т.б. компания өнімдерінің сапалы түрі бар екенің айта кеткен жөн. Бірақ олар өз өнімінің имиджін көтеруге жеткіліксіз көңіл аударады. Кез келген тауар белгісі бренд бола алмайды, ол үшін тауар нарықта беделге ие болып, өнім жоғары сапасымен тұтынушының сеніміне кіруі қажет. Бренд құру үлкен шығынды талап етеді. Оны құруға көптеген елдерде 20-25 млн. доллар шамасында қаржы бөлсе, Ресейде орташа есеппен 4-12 млн, ал Отандық Қат орталығы, Терра инкогнито деп аталатын брендқа 2 млн-ға жуық доллар ақша жұмсады. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілрінің арасында қатаң күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты отандық өндірушілерге тауар белгісі ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау керек.