Toislam» редакциясының кіріспесі

Бүліктердің салдары

 

 

Шейх

Абдур-Раззақ ибн Абдуль-Мухсин әл-Бадр

 

Бірінші басылым

Орыс тіліне араб тілінен аударған және ескертпелер жазған

сайтының редакциясы

 

Қазақ тіліне орыс тілінен сайттың басшылығының мақұлдауымен аударылған

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен

 

Toislam» редакциясының кіріспесі

 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан соң:

Ақиқатында, бүлік (фитна)[1] Ислам үшін де, мұсылмандар үшін де көптеген апаттардың себебі болып табылады. Сондықтан да бүліктен Аллаһ, Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және осы үмметтің саләфтары да алдын ала ескерткен. Аллаһ тағала былай деген: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан (бүліктен) сақтаныңдар!» (әл-Әнфәл 8: 25).

Әз-Зубайр ибн әл-‘Аууам (оған Аллаһ разы болсын) былай дейтін: “Біз бұл аятты Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрдың, ‘Умардың және ‘Усманның кезінде оқитынбыз және біз осы түскен жағдайымызға келіп түспегенімізше, осы нәрсе бізге келіп тиеді-ау деп ойламаппыз”. Ахмад 3/31, әл-Баззар 976. Шейх Ахмад Шакир хадистің жету жолының (иснадының) сенімділігін (сахихтығын) растаған.

Бүлік (фитна) адамның бұл дүниедегі тіршілігі үшін де, оның діні үшін де көптеген қайғылы салдарларға ие. Сол себептен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам үшін өлім бүліктен (фитнадан) жақсырақ деп айтқан. Махмуд ибн Ләбидтің (оған Аллаһ разы болсын) сөздерінен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Адам баласы екі нәрсені жек көреді. Ол өлімді жек көреді, алайда өлім ол үшін бүліктен (фитнадан) жақсырақ. Және ол мал-мүліктің аз болғанын жек көреді, алайда мал-мүліктің аздығы (Қиямет күні) есеп айырысуға жеңілдірек». Ахмад 5/427. Хадистің сахихтығын имам әс-Суюты және шейх әл-Әлбани растаған. Қз. “Шарх әс-судур” 35, «Сахих әл-жами’» 139.

Өйткені бүлік өрши бастаса, ол көпшілік адамдарды ақылдан айырады да, олар діннің заң-ережелерін бұза бастайды, бір-бірінің қанын төгеді, әрі өлтіріліп жатқан адам көршісі, туысы және ең бірінші кезекте мұсылман екеніне назар да бұрмайды! Ал осындай нәрселер Қиямет күнінің қарсаңында орын алатыны туралы Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен болатын. Абу Муса әл-Аш’ари (оған Аллаһ разы болсын) былай деп айтқан: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге: «Ақиқатында, Қиямет күнінің қарсаңындаәл-харж болады!» - деп баяндайтын. (Адамдар) одан: «әл-Харж деген не?» - деп сұрады. Ол: «Адам өлтірулер!»- деп жауап берді. (Сонда адамдар) оған: «Уа, Аллаһтың елшісі, бірақ біз бір жылда осынша және осынша көпқұдайшылдарды өлтіреміз ғой», - деді. (Ал) ол: «Ақиқатында, бұл сендердің көпқұдайшылдарды өлтірулерің емес, бір-біріңді өлтірулерің! Адам өз көршісін, бауырын және көкесін өлтіретін жағдай болады!»(Адамдар)одан: «Сол кезде біздің ақыл-есіміз дұрыс бола ма?» - деп сұрады. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Ақиқатында, сол заманның адамдарының ақылы құриды, әрі адамдардың ішінен тек қоқыстары ғана қалады, олардың басым бөлігі өздерін маңызды нәрсені ұстанудамыз деп санайды, алайда іс жүзінде олар ешнәрсені ұстанбаған болады!»КейінАбу Муса былай деді: “Аллаһпен ант етемін, егер бізге сол уақыт келіп жетсе, мен сендер үшін де, өзім үшін де біз осыған қалайша ешкімнің қанын төкпей және өзгенің мал-мүлкін алмай кірген болсақ, тура солай сол жағдайдан шығудың өзге жолын тауып тұрған жоқпын!” Ахмад 4/391, Ибн Маджаһ 3959, Ибн Хиббан 1870. Хадис сахих. Қз. “әс-Сильсиля әс-сахиха” № 1682.

Хузайфа (оған Аллаһ разы болсын) былай дейтін: “Ерлерді ақыл-естен жұрдай ететін бүлік келіп жетеді. Жағдай сенің бірде бір ақыл-есі түзу еркекті көрмейтініңе дейін жетеді!» Ну’айм ибн Хаммад: “әл-Фитан” 1/62. Имам әл-Хинди иснадының сахихтығын растаған. Қз. “Канз әл-‘уммәл” 11/179.

‘Али ибн Абу Талиб (оған Аллаһ разы болсын) былай деп айтқан: “Бұл үмметке бес бүлік жазылған. Ең алдымен жаппай бүлік орын алады, кейін жеке, кейін тағы жаппай, одан кейін тағы да жеке, ал одан кейін адамдар жануарлар сияқты керең және соқыр болатын бүлік орын алады”. әл-Хаким 8417.

Өкінішке орай, дәл осыны біз осы күні толығымен бүлік қамтыған араб елдерінің көбінде байқаудамыз. Мұсылмандардың тұтас мемлекеттерін тәртіпсіздіктер мен төңкерістерге қатыстырып, Исламның жаулары мұны өздерінің арам мүдделеріне пайдалануда. Ал мұның барлығы - кейбір надан мұсылмандар тіпті Аллаһқа ғибадат жасаудың ең маңызды түріндей санайтын тура сол сұрқия митингтердің, ереуілдердің және шерулердің салдары ғой! Шейх Ибн ‘Усайминнен: «Әмірдің келісімімен өткізілетін митингтер мен шерулер рұқсат етіледі ме?» - деп сұрағанда, ол былай деп жауап берген: “Саләфтарға ілесу қажет! Егер осы сияқты нәрселер саләфтардың арасында болған болса, онда бұл – игілік, ал егер болмаған болса, онда бұда жамандық. Және митингтер мен шерулер – жамандық (бәле, жауыздық) екендігінде ешқандай күмән жоқ! Өйткені бұл нәрселер митинг жасаушылар тарапынан басқаларға қатысты зорлық-зомбылық пен анархияға алып келеді ғой! Солар орын алып жатқан кезде адамдардың ар-намысына, мал-мүлкіне және өміріне қастандықтар жасалады, өйткені адамдар осы бүліктің қайнаған ортасында не сөйлеп және не істеп жатқандарын түсінбейтін мастар сияқты жүреді. Митингтер мен ереуілдер – мұның барлығы жамандық (бәле, жауыздық) болып табылады! Ал олар әмірдің рұқсатымен өтеді ме, әлде оның рұқсатынсыз ба – бұл маңызды емес! Ал кейбір әмірлердің осындай нәрселерді рұқсат етуіне келер болсақ, бұл жай пропаганда (ғана), өйткені іштей ол осыны қатты жек көреді, бірақ ол мұны өзі туралы басқалардың «демократияны ұстанушы, адамдарға бостандық беруші» т.с.с. деп айтулары үшін істейді. Мұның барлығы саләфтардың жолы болып табылмайды!» Қз. “Лиқаат Баб әл-мафтух” № 189.

Шейх әл-Әлбани былай деп айтатын: “Кейбір ислам жамағаттары митингтер мен шерулер өткізулерін қоймайды және мұндай нәрселер «үкім халыққа тән» деп мәлімдейтін кәпірлердің салттары мен әдістерінен екенін елемейді! Сонысымен (бұл жамағаттар) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы басшылық (жол) – бұл Мухаммадтың басшылығы (жолы)!»- деп айтқанына қайшы шығады”. Қз. “әс-Сильсиля әд-да’ифа” 14/74.

Ал бізге келер болсақ, біз орын алып жатқан нәрселерден пайда мен сабақ алуымыз қажет! Му’ауия (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Бұл дүниеден сынақ пен бүліктен өзге ешнәрсе қалмады. Ендеше сынаққа сабырдың көмегімен әзірленіңдер!» Абу ‘Амр әд-Дани “әл-Фитан” 3. Имам әз-Захаби хадистің иснадын жақсы деп атады. Қз. “Мизан әл-и’тидәл” 4/443.

Мұсылмандар бүліктің Ислам және мұсылмандар үшін қауіпті салдары туралы білулері үшін, сондай-ақ ислам елдерінде осы кезде орын алып жатқан оқиғалардың мән-жайын ашып көрсету мақсатында біз өзіміздің қадірменді оқырмандарымызға құрметті шейх Абдур-Раззақ әл-Бадрдың осы шағын, бірақ пайдалы әрі көкейтесті еңбегін ұсынып отырмыз.

Ұлы Аллаһтан бұл шағын еңбекті әрбір мұсылман үшін берекелі және пайдалы етуін, сондай-ақ шейх Абдур-Раззақ әл-Бадрға және осы еңбекті әзірлеуде қатысқан мұсылмандарға ұлы сый беруін сұраймыз!

Әрі Аллаһ Тағаладан Умар ибн әл-Хаттаб (оған Аллаһ разы болсын): “Біз бүліктердің жамандығынан Аллаһқа пана тілеп жүгінеміз!» - деп тілегендей пана тілейміз! (әл-Бухари 7089).

 



php"; ?>