М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет:Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Кез-келген саладағы адамдардың мінез-құлықтың және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар

А) Конвенция

Ә) Шарт

Б) Келісім

В) Декларация

 

2. 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынас туралы» Вена Конвенциясына сәйкес дипломат, дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персонал мүшесі

А) дипломатиялық өкілдік

Ә)дипломатиялық қызметкер

Б) диплматиялық агент

В) елші

 

3. Үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері

А) халықаралық қызмет

Ә) келісімдік

Б) дипломатия

В) мемлеекттік қызмет

 

4. Кіші дипломатиялық қызметтердің бірі. Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттерде кіші дипломатиялық рангтердің бірі, дипломатиялық өкілдікке қандай да болмасын аяда маман ретінде бекітілген ресми тұлға

А) консул

Ә) атташе

Б) вице-консул

В) құрметті консул

 

5. Халықаралық қатынаста сақталатын жалпыға бірдей ережелер мен дәстүрлер (мемлекет басшыларының іссапарларының тәртібі, сұхбат, келіссөздер жүргізудің құқықтық нысандары)

А) резолюция

Ә) конвенция

Б) халықаралық келісім

В) дипломатиялық хаттама

 

6. Бұл халықаралық құқық бұзушылық құрамының элементтері болатын халықаралық құқықтық қатынастардың субьектілерінің іс-әрекеті

А) халықаралық құқық бұзушылық

Ә) қылмыстық құқық бұзушылық

Б) халықаралық деликт

В) әкімшілік құқық бұзушылық

 

7. Заңсыз жолмен басып алынып, соғысушы мемлекеттің ел аумағынан шығарып әкеткен мүліктерін қайтару

А) агрессия

Ә) агреман

Б) реституция

В) репарация

 

8. Шабуылға ұшыраған мемлекетке агрессия салдарының материалдық шығынның орнын толтыруы

А) реституция

Ә) сатисфакция

Б) репарация

В) агрессия

 

9. Халықаралық құқық субьектісі тудырған моральдық шығынды өндіріп алу

А) сатисфакция

Ә) репарация

Б) реституция

В) реторсия

 

10. Мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларын кемсітушілік жағдайға қойған басқа мемлекеттің достыққа жатпайтын әрекетіне жауап ретінде алғашқы мемлекет жасаған құқық шеңберіндегі мәжбүрлеу әрекеттері

А) реторсия

Ә) реституция

Б) репарация

В) сатисфакция

 

11. Қандай да бір мемлекеттің өзінің құқын бұзған мемлекетке жауап ретінде ол мемлекеттің өз әрекетінен бас тартуға немесе шығынның орнын толтыруға мәжбүрлеуге қатысты қолданатын әрекеттер мен шаралары

А) реторсия

Ә) реституция

Б) репрессалия

В) сатисфакция

 

12. Халықаралық сипаттағы қылмыстық деликтілерді қараудағы мемлекеттердің әлемдік қауымдастығы мен құрылатын халықаралық сот механизмі және процедурасы

А) халықаралық іс жүргізу

Ә) халықаралық шарт жасасу

Б) халықаралық экономика

В) халықаралық қылмыстық әділеттілік

 

13. Еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары

А) еңбек қатынастары

Ә) еңбек жағдайлары

Б) еңбек тәртібі

В) еңбек нормалары

 

14. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі

 

А) еңбек қауіпсіздігі

Ә) еңбек делдалдығы

Б) еңбек гигиенасы

В) еңбек тәртібі

 

15. Қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері

А) еңбек жағдайлары

Ә) еңбек құқықтары

Б) еңбек міндеттері

В) еңбек делдалдығы

 

16. Қызметкер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ Еңбек кодексіне сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер

А) жұмыс кезеңі

Ә) біліктілік дәрежесі

Б) еңбек стажы

В) жұмыс уақыты

 

17. Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган

А) еңбек төрелік соты

Ә) келісу комиссиясы

Б) азаматтық сот

В) бітістіру комиссиясы

 

18. Нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу

А) еңбекті нормалау

Ә) еңбек тәртібі

Б) еңбек жағдайлары

В) еңбек стажы

 

19. Ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген меншік режимі

А) мүліктің заңдық режимі

Ә) ортақ бірлескен меншік

Б) ортақ меншік

В) мүліктің шарттық режимі

 

20. Қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала

А) жетім бала

Ә) қиын өмір жағдайындағы бала

Б) ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала

В) асыранды бала

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №__«__»________2014ж. Каф.меңгерушісі_______________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №­__«__»_______2014ж. Факультет ОӘК төрағасы_______________Бахтиярова А.Ж.