М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет:Тарих және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы

А) мемлекет +

Ә) қоғам

Б) бірлестік

В) халық

 

2. Басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді (өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңдық және экономикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды адам

А) елші

Ә) атташе

Б) консул +

В) делегат

 

3. Тілдің нормалық қалыпқа түскен үлгілі нұсқасын сөйлеуде, жазуда үнемі сақтап, қайталап отыруды қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы

А) инкорпорация

Ә) кодификация

Б) консолидация

В) құқықтық норма

 

4. Арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез-келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер (радиохабарламалар, телехабарламалар, кітап, газет, журнал, плакат, аудио-видео дисктер, ғаламтор)

А) ақпарат көздері

Ә) арнайы құралдар

Б) тілдік ақпарат құралдары

В) бұқаралық ақпарат құралдары

 

5. Өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам

А) азаматтық қоғам

Ә) демократиялық қоғам

Б) ақпараттық қоғам

В) құқықтық қоғам

 

6. Ақпараттық жүйені қолданатын адамдардың халықаралық нормаларға қайшы әрекеттері (нөмірлерді ұрлау, зақымдайтын программалар еңгізу, есепшоттарды заңсыз ашу және т.б.)

А) киберқылмыс

Ә) кибербайланыс

Б) қылмыстық әрекет

В) ақпараттық қылмыс

 

7. Бір мемлекеттің егемендігіне, аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы екінші бір мемлекеттің қарулы күш қолдануы

А) агрессия

Ә) қылмыс

Б) шабуыл

В) рецессия

 

8. Халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат

А) ішкі саясат

Ә) мемлекеттік саясат

Б) мемлекетішілік қызмет

В) сыртқы саясат

 

9. Саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет

А) халықаралық қылмыс

Ә) халықаралық терроризм

Б) экономикалық контрабанда

В) халықаралық сауда

 

10. Ақпараттық соғысты жүргізудің ең тиімді әрі арзан құралы. Мемлекеттер арасындағы шығынсыз соғыстың жаңа түрі

А) халықаралық терроризм

Ә) киберқылмыс

Б) халықаралық қылмыс

В) ақпараттық терроризм

 

11. Адамдардың қандай да бір аумақтың шекарасынан заңсыз өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала, т.б.)

А) заңды миграция

Ә) еңбек миграциясы

Б) заңсыз миграция

В) азаматтық алу

 

12. Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң

А) Конституция

Ә) Жарғы

Б) Заң

В) Статут

 

13. Белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже. Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады.

А) мемлекеттік шекара

Ә) континенталдық аймақ

Б) контитентальдық шельф

В) ашық аумақ

 

14. Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу

А) демаркация

Ә) редемаркация

Б) делимитация

В) сатисфакция

 

15. Шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу

А) делимитация

Ә) демаркация

Б) сатисфакция

В) редемаркация

 

16. Мемлекеттік шекараны қайтадан қалпына келтіруді және оны әрекет ететін келісімшарттық құжаттардың негізінде шекаралық белгілермен белгілеу

А) делимитация

Ә) демаркация

Б) сатисфакция

В) редемаркация

 

17. Шекаралық өңірде адамдардың және көлік құралдарының шекарадан әрі-бері өту, уақытша болу, жүріп-тұру, осы өңірде шаруашылықты жүргізу кәсіпшілік және басқа қызметпен айналысу

А) ұлттық режим

Ә) халықаралық режим

Б) шекаралық режим

В) аймақтық режим

 

18. Он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны

А) қорғаншылық

Ә) қамқоршылық

Б) патронат

В) қорғаншылық және қамқоршылық

 

19. Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны

А) қорғаншылық

Ә) қамқоршылық

Б) асырап алу

В) патронат

 

20. Үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар

А) туыстар

Ә) ағайындар

Б) жекжаттар

В) мүдделі тұлғалар

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №__«__»________2014ж. Каф.меңгерушісі_______________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №­__«__»_______2014ж. Факультет ОӘК төрағасы_______________Бахтиярова А.Ж.

 

Кілттер


 

1-нұсқа

1 – А

2 – Ә

3 – Ә

4 – Б

5 – А

6 – В

7 – А

8 – Ә

9 – Б

10 –В

11 –В

12 –А

13 –Б

14 –Ә

15 –Ә

16 –В

17 –А

18 –Б

19 –Б

20 –А

 

2-НҰСҚА

 

1 – Б

2 – А

3 – В

4 – А

5 – Ә

6 – А

7 – А

8 – Б

9 – Б

10 –В

11 –В

12 –А

13 –Б

14 –А

15 –В

16 –В

17 –А

18 –Б

19 –Ә

20 –А

 

3-нұсқа

1 – А

2 – Б

3 – Б

4 – Ә

5 – В

6 – А

7 – Б

8 – Б

9 – А

10 –А

11 –Б

12 –В

13 –Ә

14 –А

15 –Б

16 –Б

17 –А

18 –А

19 –В

20 –Ә

 

4-нұсқа

 

1 – А

2 – Б

3 – Ә

4 – В

5 – Б

6 – А

7 – А

8 – В

9 – Ә

10 –В

11 –Б

12 –А

13 –А

14 –Б

15 –Ә

16 –В

17 –Б

18 –А

19 –В

20 –А