С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы

Сәкен Сейфуллин - XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған көрнекті тұлға. 1927 жыл - Алаш қозғалысына едәуір бөлігі арналған, большевиктік көзқараста жазылған С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы жарық көрді. Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық "Тар жол, тайғақ кешу" романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Бұл шығарма тарихи - мемуарлық роман. Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұнғыш роман-эссе -"Тар жол, тайғақ кешу". Шығармада 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылады.

"Тар жол, тайғақ кешу" - ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін. Бұл еңбегінде Сәкен Кеңес өкіметінің алғашқы кезінде Ақмолада Совдепті ұйымдастырған, ұлт әскерін құрамыз дегенде ұлтшыл алашордашылардың саяси бетін ашып, трибунаға шыққан, аяқ-қолы кісендеулі, Колчак пен Алашорда соттарына жауап берген, атаман Анненковтың азап вагонында тоғыз ай шеккен ауыр азабын баяндаған. Колчак түрмесінде пролетариат үшін қиыншылық көрген, «Тар жол, тайғақ кешуді» жазып, ұлтшыл алашорда кім, оның құйыршықтары кім, «Тар жол, тайғақ кешуде» кімдер, кім үшін күресті, қой терісін жамылып, партияға кіріп, іштен жегіше жеу айласына түскен сұқ күшіктер кім екенін ашып берген. Кейбір «сыншылар» Сәкенше айтсақ, «тырнақ сыншылар» «Тар жол, тайғақ кешу» жанр жағынан алғанда, поэма да, повесть те, тарих та емес, сондықтан түкке аспайды» дейді (Төреғұлов). Бірақ әңгіме оның романдығында, не повестігінде емес, оның еңбекшілер жұртшылығына келтіретін пайдасында. Шындықты көрсете алуында. Бұл шығарма тап жаулары Қазан төңкерісіне қалай қарсы шықты, қандай айла-амалдар қолданды, олар кімдер еді, олардың саяси программалары не болды, бәрінің де бетін ашты. Кімнің қай уақытта, қандай қарсылық жасағанын, не жасағандарын, олар қай жылы, қай айда, қай газетте, оның қай санында шыққанына шейін айтты, тап жауларының аяғын қия бастырмай, дәлелді фактілермен бетін ашып, «жауың міне» деп, еңбекшілерге ұстап берді. Сондықтан Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешуі» қазақ әдебиетінің тарихында үлкен орын алады.

Қазақ совет әдебиетіндегі романның тұңғышы С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу романы”. Қазақстандағы жұмысшы табының революциялық күресін көрсету тақырыбына арналған бұл роман әуелі 1922-1925 жылдары Қызыл Қазақстан журналында үзінді күйінде жарияланып жүрді де, 1927 жылы жеке кітап болып басылды. Содан бері тағы да бірнеше рет қайтадан басылып шықты. Тар жол тайғақ кешу осыншалық жұртшылық құрметіне бөленіп, халықтың сүйікті шығармасына айналуын академик жазушымыз С.Мұқанов өте орынды түсіндіріп берді. Ол өзінің 1936жылы С.С-нің творчестволық қызметінің 20жылдығына арналған мерекелік мәжілісте жасаған баяндамасында:Тар жол,тайғақ кешу бір жағынан, тарих, екінші жағынан, саяси оқулық, үшінші жағынан, оқушыны өзіне еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма,-деп бағалады. Бұл пікірдің дұрыстығын соңғы жылдары проф. С.Қирабаев өзінің С.С творчествосына арналған ғылыми-зерттеу еңбегінде (С.С,-Алматы, 1962,258бет) толығынан дәлелдеп шықты. С.С-нің бұл романы Қазақстандағы еңбекші халықтың 1916,17,18,19 жылдары жүргізген революциялық күресін көрсету идеясына арналған. Жазушының өзі «тар жол, тайғақ кешуге» жазған алғысөзінде: “1916-17,18,19 жылғы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды ”-, деп жазды. Жазушы осы идеялық проблема маңайында барлық оқиғаны топтап, бүкіл Қазақстан жерінде болған таптар тартысының 4-5 жылдық тарихынан хабар береді, Сәкеннің 1916жылы Омбыдағы семинарияны бітіріп, Нұра бойына мұғалім болып келгенінен бастап, 1919 жылғы халық көтерілісі алдындығы қазақ аулының жағдайын, июнь жарлығына байланысты туған стихиялы халық көтерілісін, оның 1971 жылғы февраль революциясымен ұштасуын, Колчак үстемдігі тұсындағы ату, асу сияқты зұлымдық істер мен оған қарсы күрестегі большевиктер партиясының ерлігін баяндайды. Романның басты кейіпкері - жазушының өзі. Оның образы кескіленген революциялық күрес үстінде көрінеді. Оқиға жазушының өз атынан баяндалып, өмір шындығына деген жазушы позициясы да өз түйсінуі арқылы беріліп отырады. «Тар жол, тайғақ кешу» жазушының іздену, үйрену үстіндегі өзі көріп білген өмір шындығының шежіресі. Оның құрамында С. Мұқанов айтқандай, тарихтылық та, оқулықтылық та, көркем шығармалық та қасиет бар. Сондықтан да оған қазіргі ормандарға қойылатын талап тұрғысымен қарай аламыз. Оны қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі іздену, үйрену үстіндегі романға жол салған алғашқы эпикалық туынды деп қараған дұрыс.

Повесть жанры

Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды.

Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Самгиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. А.Байтұрсынов эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М.Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар.

Х.Досмұхамедов – әдебиет зерттеушісі. Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебие­тінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.

1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті. Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды. Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.

Ол кәсіби дәрігер ғана емес, қоғам қайраткері, саясаттанушы, қоғамтанушы, тілші, тарихшы, әдебиетші, фольклор жинаушы. Біздің бұған қосып айтарымыз, Халел - қазақтан шыққан алғашқы түркітанушы.Халел 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуан лұғат ит-түрік» атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмуд Қашқаридің тарихтағы орнын белгілеп берді. Бұл тұрғыда ол «Диуанды» алғаш зерттеген В.В. Бартольд, В.А. Гордлевский, Т.А. Боровков, А.Н. Кононовтармен иық тіресіп тұр. Аталмыш мақаласында «Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған, кіндік кесіп, кір жуған жері, ата қонысы Ыссықкөл жағасы Барсхан шаһарында болды. Махмуд Қашқари Азиядағы түрік бектерінен, әскерінен, ғалым, шайырларының алдыңғы қатарынан болған» - дей келіп, Махмудтың тегін саралап таныстырады. Ол «Диуан» 1073 жылы жазылған деп ғылыми тұжырым жасайды. Махмуд Қашқаридың замандасы болған Йусуф Хас Хажибтың «Құтадғу білік» есімді кітабы 462 жылы тауық (1069-1070 қыс күні) жылы жазылған. Осылайша Махмуд Қашқари кітабы мен Йусуф Хас Хажибтың кітабы жазылуының арасы екі-үш жыл уақыт болады деп тұжырымдайды.

Иә, көне түркі мәдениеті шарықтап, IX-XII ғасырларда небір жазба ескерткіштер дүниеге келді. Солардың бірі М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» сөздігі мен Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбектері. Бұл шығармалардан байырғы түркілердің мәдениетімен қоса ел басқарған, мемлекет құрған өркениетін де көреміз. Еуразия территориясында көне түркілік көшпелі тайпалар белгілі бір этномәдени негізде қалыптасты. Олардың материалдық және рухани жетістіктері кейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуының қайнар көзі болды. Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «Біз өз мемлекетімізді ұзақ уақытта меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» деп көрсетті. Сондықтан байырғы түркі бабаларымыз, этногенетикалық тамырымыз қандай еді, ХҮ, ХҮІ ғасырдан кейінгі сол ежелгі жұрттың ұрпағы болып отырған біз қандаймыз деген сұрақ тууы заңды. М.Қашқари былай дейді: «Түркілер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиетке ие». Жас ұрпаққа этномәдени білім мен тәрбиені бабалар қаламынан туған осындай ұлағатты сөз шырындарымен ексек нұр үстіне нұр болар еді.

Халел Досмұхамедов былай деп атап көрсетті: «Түрк қауымы тіл, әдебиет һәм мәдениет тарихы үшін 1889-ыншы жылы Орхон жағаларында Ядринцев тапқан, Томсен, Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп, нәшр етілген, барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған (өзгерткен) ескі түрк, Орхон «бітік тастары» қандай аһамиаты болса, Махмуд қашқари кітабында да аһамиаты сондай».