Озы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

Сюжеті

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

Жырдың негізгі идеясы

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

Жырдың кейіпкерлері

Қозы — бастапқы кейіпкер . Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.

Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.

Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі .Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.

Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.

Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.

Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі .Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.

Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары.

Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі

Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған.
Жырдағы ең жарқын түрде айтылатын әдемі сурет Қозы Көрпештің кешені мен оның ішінде тұрған төрт мүсін тас. Олар туралы жырда былай делінген:

Суреті Аягөздің тасында тұр,

Қабыры екеуінің қасында тұр,

Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен оның ішіндегі мүсін тастар - исламнан көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгілері. Олар Түрік қағанаты кезінде (VI - VIII ғғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген. Мұндағы төрт мүсін тас кешеннің күншығыс жақ бетінде тұрған. Олардың үшеуі - әйел, біреуі - жас жігіт, халық аңызы бойынша, бұлар Қозы Көрпеш - Баян сұлу, оның апалары Айтаңсық, Айғыздың суреттері деп айтылады. Және бір ғажайып жері, олардың аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай, жер аттарына да қойылып отырған. Оның зор дәлелі Баянның атымен аталатын сол жердегі «Баян жүрек» тауы, Аягөзге құятын екі өзеннің бірінің аты - Айтаңсық, бірінің аты - Айғыз. Бұлардың барлығы бір кездегі тарихта болған оқиғаны еске түсіріп, солардың халық ортасына көп тараған терең сырларын сақтап келген, әсіресе «Баян жүрек» тауы. Баян мен Қозы Көрпештің жиі қосылып сүйіскен жері деп білу керек.

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының тарихымыздың қай дәуірінде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр тарау пікір айтады. Ғалымдардың бір тобы жырдың пайда болу кезеңін Жошы дәуіріне тіресе, енді бір тобы Ноғайлы дәуіріне телиді. Үшінші топтағы ғалымдар қазақ хандығымен байланыстырады.

 

 

Лирика жанрлары.

Көркем әдебиеттің сыр-сипаты өзгеше жанрының бірі-лирка. Өйткені,кейіпкердің көңіл күйі,жан дүниесі көркем туынды да осы жанр арқылы ашылады. Адамның,кейіпкердің сезім серпілісі, мұң-намысы,қуаныш-қайғысы да осы жанр,лирика арқылы әр қырынан ашылады. Лирикалық туындының бас кейіпкері-ақынның өзі.Мұны әдетте лирикалық кейіпкер деп атайды. Өлеңің әсерлілігі мен оқырманның сезім түйсігіне жасайтын ықпалы осы лирикалық кейіпкердің таным-сеніміне, көңіл ауғанына байланысты... Өлеңнің лирикалық кейіпкері-туған жерін, елін сүйген, өзін елінің ажырамас бір бөлшегі санаған жөн. Ол өзінің балалық бал дәурені өткен туған жерін аңсайды, оның топырағын анасының аялы алақанына балайды. Ол үшін атамекеннің тасы да қастерлі, алаулаған асапаны да аяулы. Ол туған жеріне “сағынышымды қанат қып саған қарай, балапандай талпынып ұшамын мен” десе, біз бұл сезімнің пәктігіне шынайы сенеміз. Өлеңді оқи отырып, оның сағынышын өз сағынышымыщдай қабылдаймыз. Онымен қоса, іштей біз де тебіреніп, толғанып, сағынышын бөлісіп, Мен ел кезіп кетермін отансыздай,үмітіңді ақтауға жарасамын деп ел алдындағы жауапкершілікті бірге бөліскендей күйге түсеміз. Бұл шынайы поэзия құдіреті. Лирикалық өлеңнің күші де осындай әсерлілігіндеғ сезіміңе от тастап, оятатын сиқырлылығында, шынайылығы мен суреттілігінде. Лириканың негізгі жанрлары- ода(мадақ өлең), ән өлеңі, арнау, элегия, сонет, сатиралық лирика, т.б. Л-лық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап,жіктеуге де болады.Мәселен,қоғамдық –әлеуметтік саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылғанды пәлсапалық лирика,ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық әйтпесе интимдік лирика, сондай-ақ табиғат лирикасы деп талдап- таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс.