Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Мамандықтың тақырыбы және мазмұны қандай?

2. Мамандықтың қазіргі әлемдегі ролі (мамандықтың өзгешелігіне байланысты) қандай?

3. Маманның кәсіби іс-әрекетінің құрылымы және сипаты.

4. Мұнай және газ өндірісінің даму тарихы.

5. Қазақстан Республикасы үшін мұнайгаз өндірісінің экономикалық маңызы қандай?

6. Ұңғы дегеніміз не?

7. Ұңғыны бұрғылау тәсілдері неге байланысты болады?

8. Мұнай, газ, кен орындарын қандай мақсаттарда бұрғылайды?

9. Тау жұмыстарын бұзушы аспаптарының түрлері.

10. Бұрғылау қондырғысы деген не?

11. Бұрғылау қондырғысының негізгі элементдерін атаңыз.

12. Мұнай және кен орындарын игеру кезінде қуысты ортада мұнай, газ, су немесе мұнай – су – газды қоспаның сүзілу қабілетін қалай атаймыз?

13. Мұнай мен газ жату жағдайына және сандық қатынасына байланысты қалай топтастырылады?

14. Қабаттағы энергия түрлерін атаңыз?

15. Мұнай, газ кен орындарын игеру қалай іске асырылады?

16. Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасмалдау түрлері.

17. Ең тиімді тасмалдау жолын және оның артықшылығын айтыңыз.

18. Игеру жүйесі мен технологиясы?

19. Тасмалдау түрлері мен сақтау ыдыстары.

20. Мұнай, газды өңдеу процесстері.

21. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау шаралары.

22. Машина жасау технологиясының даму тарихы.

23. Машина – бұйым, бөлшек, жинақты бірліктерді өндіретін объект.

24. Бөлшектерді байланыстыру. Жіктелу.

25. Жинақтау бірлігінің сипаттамасы.

26. Машиналар сапасын анықтау..

27. Машина сапасының өндірістік-технологиялық көрсеткіштері.

28. Өндірістің технологиялық дайындығы.

29. Технологиялық операция, оның құрамы.

30. Беттердің кедір-бұдырлығы.

31. Кедір-бұдырлықтың параметрлері.

32. Беттертердің кедір-бұдырлығын сызбада көрсету.

33. Пішіндердің ауытқуы.

34. Пішіндердің ауытқуын сызбада көрсету.

35. Орналасудың ауытқулары және оларды сызбада көрсету.

36. Технологиялық процесстердің типтік маршруттары.

37. Өңдеу технологиясы мен жабдықтарды қолдану.

38. Бұйым сапасының параметрлері.

39. Сенімділік теориясының терминдері мен анықтамалары.

40. Бұйымның қасиеттері.

41. Сенімділіктің сандық көрсеткіштері.

42. Жабдықтардың сенімділіктерін бағалаудың кезеңдері.

43. Бұйымның физикалық, моральдық және техника-экономикалық өмір ұзақтықтары.

44. Жабдықтарының сенімділігін арттыру әдістері мен тәсілдері.

45. Кинематикалық белгілері бойынша бөлшектер үйкелісінің түрлері.

46. Тозулардың түрлері мен себептері, олардың шамаларын анықтау тәсілдері.

47. Бөлшектердің тозуына әсер етуші факторлар.

48. Жабдықты жөндеуді тораптық жоспарлау және басқару.

49. Майларды қайта өңдеу (регенерациялау).

50. Машиналар мен агрегаттарды техникалық диагностикалау.

51. Диагностикалау әдістері мен құралдары.

52. Диагностика сигналдары мен параметрлері.

53. Механизмнің уақыт қорларын (ресурстарын) анықтау.

54. Машиналарға жөндеу және техникалық күтім жасау процестеріңде диагностиканың алатын орны.

55. Орындалу тереңдігіне қарай диагностиканың түрлері.

56. Агрегаттық әдіспен жабдықтарды күрделі жөндеудің технологиялық процесі.

57. Жөндеу алдындағы дайындық жұмыстары: қабылдап алу, тазалау, жуу, бөлшектеу.

58. Жабдықтарды жекелей күрделі жөндеудің технологиясы.

59. Жабдықтарды жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.

60. Жасырын ақауларды анықтау әдістері.

61. Агрегаттарды монтаждаудың сапасын (өстестігін, параллельдігін, тартылымын және т.б.) бақылау.

62. Жабдықты бөлшектеу: технологиялық жарағы, айла-тәсілдері және белгілеуі.

63. Жуу-тазалау жұмыстары: технологиялық жарақтары және жуу сұйықтары.

64. Жөнделген жабдықтарды жинау әдістері.

65. Ақауларды анықтау тәсілдері.

66. Жөндеуден кейін жабдықтарды сырлау және консервациялау.

67. Машиналарды жинау сапасын тексеру, жүргізіп көру және сынау әдістері.

68. Бөлшектер мен түйіндерді теңгеру: технологиялық жарақтары және әдістері.

69. Тозған бөлшектерді жөндеу тәсілдерінің сыныптамасы.

70. Нығыздау және аралық төсем материалдары.

71. Ортадан тепкіш сораптарды жөндеу технологиясы.

72. Базалық (корпустық) бөлшектерді жөндеу.

73. Тістік және бұрамдық берілістердің күйлерін тексеру.

74. Біліктер мен өстерді жөндеу.

75. Электр жабдықтарды (электр қозғалтқыштарды, генераторларды) жөндеу.

76. Оймакілтектік, кілтектік, бұрандалық және баспаланған қосылыстарды жөндеу.

77. Компрессорлар мен ІЖҚ бұлғақтық-поршеньдік тобының жағдайын тексеру және оларды жөндеу.

78. Иінді біліктердің жағдайын тексеру және оларды жөндеу.

79. Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін түтіктерді ақаулау және оларды жөндеу.

80. Жылдамдықтар қорабының төмендеткіштерін жөндеу.

81. Тербеліс және сырғанау мойынтіректі жинау бірлігін жөндеу және жинау ерекшеліктері.

82. Поршеньді компрессорлардың негізгі ақаулары және оларды жөндеудің ерекшеліктері.

83. Мұнай мен газды барлау және өндіру секторындағы алға қойған жоспарлар.

84. Мұнай және газ тасымалдау секторындағы алға қойған жоспарлар.

85. Мұнай өңдеу және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі секторындағы алға қойған жоспарлар.

86. Сервистік және инновациялық-технологиялық секторындағы алға қойған жоспарлар.

87. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-шаралар.

88. Жаңа машиналарды жобалау.

89. Бұрғылау жабдықтарын жобалаудың техникалық негіздері мен міндеті.

90. Сазқышқыл деп – тұз қышқылы және плавикалы қышқыл қоспасы

91. Судың коагуляциясы – суда асылған ұсақ бөлшектердің ірілеуі

92. Жобалау әдістемесі

93. Жобалау шешімі

94. Жобалау алгоритмі

95. Жобалау тілі

96. Жобалау рәсімі

97. Жобалау операциясы

98. Технологиялық жабдықтарды жоспарлық-ескертулік жөндеу

99. Қазақстанның әлемдегi мұнай қндірудегі қазіргі үлесi қандай?

100. Қазақстанның мұнай-газға қатысты келешегi немен тiкелей байланысты?

 

Глоссарий

1. Минералдар – бұл жер қойнауында жүректiн физика-химиялық үрдiстер (процесстер) натижесiнде пайда болған, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша ұқсас болып келетiн табиғи зат.

2. Тау жыныстары – жер қойнаунда жатып өздiгiнен геологиялақ денелер түзетiн, минералдық және химиялық құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болып келетiн минералдарды айтады.

3. Ақтарылған жыныстар –негiзiнен кристалды құрылымға ие, олар жер бетiнде немесе жер қойнаунда магма деп аталатын силикатты балқыманың қатуы нәтижесiнде пайда болады.

4. Шөгінді тау жыныстары – су бассейндерінің түбіне және құрлықтар (материктер) бетiнде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуі нәтижесiнде түзiлген.

5. Метаморфтық тау жыныстары– шөгiндi және ақтарылған тау жыныстарынан түзiлген, бұлар жер қойнауының қалыңдығының белгiлi бiр тереңдiгiне дейiн батқан.

6. Стратиграфиялық шкала– бұл жер қойнауының дамуындағы басты тарихи–геологиялық зандылықтарды көрсететiн шкала.

7. Геохронологиялық кесте – бұл жердiң даму тарихын шартты белгiлi бiр уақыт кескiнiмен көрсететiн кесте.

8. Қабаттың табаны– бұл қабаттың төменгi жағынан шектелу бетi.

9. Қабат жабыны– бұл қабаттың үстiңгi жағынан шектелу бетi.

10.Айқын (нақты) қалыңдық– бұл қабат жабынының кез-келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тұрғызылған перпендикуляр.

11.Көлбеу (көлденең) қалыңдық –бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi көлденең қашықтығы (аралығы).

12.Тiк қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тiк бағыттағы аралығы (қашықтығы).

13.Тербелмелi қозғалыстар– бұл жер қойнауның жекелеген участкiлерiнiң (бөлiктерiнiң) вертикалтiк бағытта бiр–бiрiне салыстырмалы түрде орын ауыстыруларын туғызатын қозғалысты айтады.

14.Қатпарлы қозғалыстар– бұл қозғалыстар натижесiнде қатпарлар түзiледi,яғни толқын тәрiздi иiлiмдер қүрайды.

15.Синклинал – бұл өзегiнде жас жыныстар қанатында көне жыныстар жатқан қатпарлар.

16.Антиклинал – бұл өзегi көне қабаттармен толып, қанаттарында жас қабаттар жатқан қатпарлар.

17.Толық қатпар – бұл жапсарлас (көршiлес) антиклиналдар мен синклиналдардың жиынтығы.

18.Моноклинал немесе флексура– табиғи жағдайда бiр қанаты ғана көтерiлiп, не құлаған иiндердi айтады.

19.Көсiлу сызығы– қатпар қанатының горизонтал жазықтықпен қиылған сызық

20.Құлау сызығы – деп көсiлу сызығына перпендикуляр орналасып қатпар қанатында жатқан сызықты айтады.

21.Абсолюттiк немесе теоретикалық кеуектiлiк–деп жыныстардағы барлық қуыстардың (қуыс, каверна, жарық) жалпы көлемiн айтады.

22.Кеуектiлiк коэффициентi– бұл жыныстардағы қуыстардың жалпы колемiнiң сол жыныстың барлық көлемiне қатынасып айтады.

23.Тиiмдi кеуектiлiк –деп өзара бiр–бiрiмен қосылған қуыстардың көлемiн айтады.

24.Өткiзгiштiк– бұл қысым өзгерген кезде тау жыныстарының өз бойынан сұйықтьармен газдарды өткiзу қабiлетi.

25.Коллекторлардеп сұйық пен газды өзiнен өткiзе алатын және олар үшiн қойма бола алатын кеуектi және жарықшақты тау жыныстарын айтады.

26.Табиғи резервуарлар деп – жабыны мен табаны өткiзбейтiн немесе нашар өткiзетiн жыныстар мен қоршалған коллекторларды айтады.

27.Ұстағыш– бұл мұнай–газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабiлетi бар тау жыныстарының жиынтығы.

28.Дөңбек күмбездi ұстағыштар– антиклиналдық иiлiмдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткiзбейтiн тау жыныстарынан құралады.

29.Литологиялық экрандалған ұстағыштар – бұл өткiзгiштiгi жақсы жыныстар он бойына өткiзгiштiгi нашар жыныстармен шектеледi.

30.Тектоникалық экрандалған ұстағыштар – бұл тектоникалық жарықтармен байланысты болған ұстағыштар.

31.Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар– бұл жағдайда құламалы мұнай–газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергi келтiрiп, қорды сақтауға көмектеседi.

32.Мұнайгаз кенiшiнiң табанынемесе сумұнай бөлiмiнiң бетiдеп мұнай мен суды бөлып тұратын беттi айтады.

33.Мұнайлықтың сыртқы нұскасыдеп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызығын аытады№

34.Мұнайлықтың iшкi нұскасыдеп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.

35.Газды шапка –еркiн газдың мұнай кенiшiнiң үстiнде жинақталды.

36.Газдылықтың сырткы нұскасыдеп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызықты айтады.

37.Газдылықтың iшкi нұсқасыдеп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.

38.Мұнай және газ кен орындарыдеп жер қойнауында бiр тектес құрылымдағы мұнай және газ кенiштерiнiң жиыктыгын айтады.

39.Мұнай– көмiртегi мен сутегiнiң курделi қосылыстары.

40.Мұнайдың көлiмдiк коэффициентi – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемiнiң осы мұнайдың газсыздандырылғаннан кеiнгi, яғни қалыпты жағдайдағы көлемiнiң қатынасына тең.

41.Құргақ газ– құрамында ауыр көмiрсутектерi жоқ немесе елеусiз болатын табиғи газ.

42.Майлы газ– қурамында ауыр көмiрсутектерi бар, айыру процесiнде олардан сұйық газ және газды бензiндер алуға болатын газдар жатады.

43.Ұңғы– дегенiмiз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспантарының көмегiмен қазылатын диаметрi тереқдiгiнен бiрнеше есе кiшi цилиндр пiшiндi тау–кен құрылыс орны.

44.Шурфта орнатылған құбырды бағыттаушы деп айтады.

45.Бiрiншi шегендеу тiзбегiн кондуктор деп айтады.

46.Екiншi шегендеу тiзбегiн аралық құбыр деп айтады.

47.Пайдалану тiзбегi бұл мұнай мен газды ұңғы түбiнен сағаға шыгару үшiн немесе қабат қысымын ұстау мақсатында өкiмдi қабаттарға су (газ) айдау үшiн арналған құбырлар тiзбегi.

48.Диаметрлерi көрсетiле отырып шеген тiзбектерiн орналастыру, ұңгының үлкен диаметрден кiшi диаметрге оту тереңдiгi, исеген тiзбегiн түсiру тереңдiгi және өларды цементтеу интервалдары ұңғы конструкциясы жөнiндегi түсiнiктi бередi.

49.Егерде ұңғығы, бағыттаушы және кондуктордан басқа тек дана пайдалану тiзбегiн түсiрсе, онда констркцияны бiртiзбектi деп атайды.

50.Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi деп атайды (бiр аралық тiзбек кезiнде).

51.Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi (бiр аралық тiзбек кезiнде) немесе үштiзбектi (екi аралық тiзбек кезiнде) деп атайды.

52.Ұңғының ыңшамдалған конструкциясы деп ұңғылар қабарғасының және шеген тiзбектерiнiң арасындағы санылауды азайтуды түсiнемiз, бүл бұрбыланатын жыныстар көлемiнiң азайуына және ұңғыны цементтеуге кететiн шығынды азайтады.

53.Ұңғы конструкциясын жеңiлдету деп пайдалану тiзбегiнiң диаметрiн азайтуды, осыған сәйкес басқа тiзбектердiң диамертлерiн азайтуды айтады; көмекшi тiзбектер (кондукторлар, аралық тiзбектер) қолданылмайды, тiзбектi түсiру тереңдiгi азаяды.

54.Ұңғыны бұрғылау мен пайдалануға қосу аралығында бiрнеше жұмыстар атқарылады, бұл жұмыстар ұңғыны аяқтау деп аталады.

55.Қабаттан мұнайдың ағысын шақыру әдiсi бұл қабатқа қарсықысымды азайтатын әдiстер, яғни нәтижесiнде ұңғыдағы гидростатикалық қысым қабат қысымынан аз болатын белгiлi бiр шараларды өткiзу.

56.Суарынды режим қабаттағы мұнайдың ұңғыға қозғалысы шектiк суларының әсерiнен болатын режим.

57.Мұнай бергiштiк коэффициентi – кенiштен алынған мұнай мөлшерiнiң оның бастапқы қорына қатынасы.

58.Қабатта негiзгi қозғаушы күш жыныс пен сұйықтың серпiмдi ұлғаюы болып табылатын мұнай қабатының жұмыс режимiн серпiмдi су арынды (серпiмдi) режим деп аталады.

59.Қабатта негiзгi қозғаушы күш газ шапкасындағы (бүркенбе) еркiн газдың энергиясы болып табылатын қабат жұмысының режимi газарынды режим деп аталады.

60.Газ факторы – бұл қалыпты жағдайға келтiрiлген, 1 т өндiрiлген мұнайға келетiн газ мөлшерi.

61.Қабаттағы арын энергиясы ауырлық күш әсерiнен болатын мұнай кенiштерiн дренаждау режимi гравитациялық режим деп аталады.

62.Қабат қысымы – жабық ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кезде өлшенген қысым.

63.Ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кездегi қалыптасқан сұйық деңгейi статикалық деңгейдеп аталады.

64.Ұңғыны пайдалану кезiнде құбыр сырты кеңiстiкте қалыптасатын сұйық деңгейi динамикалық деңгей деп аталады.

65.Сұйық ағынының депрессияға тәуелдi қисығын индикаторлық сызық деп аталады.

66.Игеру объектiсi – жер қойнауынан кең көлемiндегi белгiлi топ ұңғылармен, өндiрiстiк көмiрсутектер қоры бар, геологиялық құрауларды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) бөлiп қарастыру.

67.Игеру жүйесi – инженерлiк шешiмдердiң өз ара байланысты жиыны: объектiлердi сайлау және оларды игеру ретiн белгiлеу; негiзгi және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санын, ара қатынастығын және орналастыруын анықтау; жер қойнауынан мұнай мен газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдiсiн дәлелдеу; игеру үрдiсiн басқару (меңгеру) және бақылау әдiстерiн анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.

68.Мұнай кеп орнын игеруiн реттеу – өпiмдi қабаттан пайдалану ұңғысы түбiне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдiсiн басқару.

69.Ұңғы қоры – кен орнын игеру үрдiсiн жүзеге асыруға арналған айдау және өндiру ұңғыларының жалпы саны.

70.Ұңғы торы тығыздығының параметрi Sс – бiр ұңғыға келетiн игеру объектiсiнiң алаңы, яғни бұл шама мұнайлылық алаңын өндiру және айдау ұңғыларының жалпы санына бөлгенге тең.

71.Мұнайдың меншiктi алынатын қоры немесе А.П.Крылов параметрi Nс – объект бойынша алынатын мұнай қорының ұңғылардың жалпы санына қатынасы.

72.Параметр ω– айдалатын ұңғылар санының өндiру санына қатынасы, яғни ω=nа/nө.

73.Параметр ωр– резервтiк ұңғылар санымен негiзгi қор ұңғылар санына қатынасы, яғни ωр=nр/nн.

74.Мұнай өндiру qм– объектiнi бұрғыланған барлық өнiмдi ұңғылардың бiрлiк уақыт бойынша, жиынтық көрсеткiшi және бiр ұңғыға сәйкес орта тәулiк өнiмi qмұ.

75.Суйықты өндiру qс мұнай мен судың бiрлiк уақыт бойынша, жинақталған өнiмi.

76.Газ өндiру qг – бул көрсеткiш қабат мұнайының құрамындағы газдаң алардың қабат iшiндегi мұнайға қарағанда қозғалмалысы салыстырмалығынан қабат қысымының қапығу қысымына қарым–қатынастығынан газ бүркембесi барлығынан және кен орнының игеру жүйесiнен байланысты.

77.Нұсқа сыртынан су айдау – мұнайлылық нұсқасынын сыртында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

78.Нұсқа маңынан су айдау – мұнайлылық нұсқасына жақын немесе мұнайлылықтың iшкi және сыртқы нұсқаларының арасында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

79.Нұсқа iшiнен су айдау – кенiштiң таза мұнайлы бөлiгiнде орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

80.Блокты жүйе– айдау ұңғыларын құрылымның өс бойына тiке қиылысатын параллельдi түзусызықты қатарлармен орналастырады, өндiру ұңғыларын айдау ұңғылар арасына бұрғылайды.

81.Аудандық су айдау – пайдалану және айдайтын ұңғыларды алаңда түзу геометриялық тор бойынща бiрқалыпты квадрат немесе үш бұрыш түрiнде орналастырады.

82.Сұрыптап су айдау – бұл жүйеде кәсiпшiлiк–геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мәлiметтерi арқылы тепе–тең төр бойынша алаңдарды бұрғылағаннан соң су айдау ұңғыларын таңдайды.

83.Ошақтық сулану – бұндай жүйеде жеке таңдалған немесе арнайы бұрғыланған ұңғылар арқылы суды қабатқа айдайды.

84. Қабаттың өз энергиясы арқылы суйықтың сағаға көтерiлу кезiндегi пайдалану тәсiлi фонтанды тәсiл деп аталады.

85.Пайдаланудың газлифттi әдiсi – бұл ұңғы ағымының өнiмiне қабаттан келетiн немесе жоғарыдан айдалатын газ арқылы пайдалану әдiсi.

86.Компрессорсыз газлифт әдiсi – бұл газ ұңғы iшiндегi газлифт, ягни сол ұңғы арқылы газ энергиясын пайдаланып мұнайды қабатқа көтеру әдiсi.

Плунжердiң астына енетiн нақты суйық көлемiнiң осы плунжердiң жоғары жүрiсi кезiндегi сипатталатын көлемiне қатынасын соралтың толу коэффициентi.

88.Тербелмелi станоктар – бұл айналмалы қозғалыс жасайтын электрқозғалтқыштың бiлiгi арқылы плунжердi штангiмен жоғары–төмен қозғалысына келтiрiп сұйықтықты айдау механизмдер.

89.Су мен мұнайдың араласу нәтижесiнде пайда болатын сұйықтықты мұнай эмульсиясы деп аталады.

90.Төменгi температурада қайнайтын фракциялар жеңiл фракциялар деп аталады.

91.Жоғары температурада қайнайтын фракциялар ауырфракциялар деп аталады.

92.Конденсацияланған будың алғашқы тамшысының құлау температурасы фракциясын қайнай бастауы деп аталады.

93. Фракцияның булануы тоқтағандағы температура фракция қайнауының аяқталуыдеп аталады.

94.Төменгi температурадан жоғары температураға дейiн айырылған фракцияларды дистиллятор деп атайды.

95.Ректификация – бұдың щыққан ағынымен төмен аққан суйықтың арасындағы жылу не масса алмасуды айтады. Осының нәтижесiнде булар төмен температурада қайнайтын, ал сұйықтықтар жоғары температурада қайнайтын компоненттермен байытылады.

96.Ректификациялану колонна – тесiктерi табақшалармен жабылған ондаған горизонталь бөгеттерi бар болат цилиндр.

97.Жоғары қысымда жүретiн термиялық крекинг – бұл қысым және жоғары температураның әсерiнен мұнайдың органикалық қосылыстарының ыдырауы.

98.Кокстау дегенiмiз– ол ауыр мұнай қалдықтарының термиялық крекингi. Кокстау мұнай коксын алу үшiн (t=450—550°С және р=0,1—0,4 МПа) немесе ақшыл мұнай өнiмдерiнiң шығуын көбейту үшiн қолданылады.

99.Алюмосиликатты катализаторлар қатысқан жоғарғы температурада (440—500°С) және төменгi қысымдағы (0,15 МПа дейiн) мұнай фракцияларының бөлiну үрдiсiн каталитикалық крекинг деп атайды.

100. Катализаторлар – химиялық реакцияны жеделдететiн зат.