Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 33

Тақырыбы:Еңбекті қорғаудың заңнамалары. Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік : Еңбекті қорғаудың заңнамалары туралы терең түсінік қалыптастыру. Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу тәсілдері ережесін түсіндіру.

Дамытушылық: ауызекі тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Кәсіптік

білімдерін жетілдіру. Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін,

қызығушылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, адамгершілікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Білімді маман иесі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

Жаңа сабақ : Еңбекті қорғаудың заңнамалары

еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттіктi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Ұйым еңбегінің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауға жауапты басшылар мен тұлғалардың (ары қарай – жауапты тұлға) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеру ісі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі комиссияда жүргізіледі.


Жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімдерін тексеру үш жылда бір рет өткізіледі.
Жұмысқа қабылданған жауапты тұлғалар еңбек келісім-шартына қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткізуі тиіс.


Білімді тексермес бұрын өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты тұлғалар сәйкес жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілікті арттыру курстарында дайындықтан өтеді.


Білімді тексеру жұмыс берушімен бекітілген және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келістірілген кесте бойынша жүргізіледі.


Жауапты тұлғаның білімін тексеру үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі емтихан комиссиясы тестілеу немесе емтихан билеттерін пайдалану әдісін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тесттер өндіріс ерекшеліктері мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын есепке ала отырып жасалады.

 

Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу түрлері

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:

Қайрат баяндады;

балаларға баяндады;

Досанмен болған;

болған әңгіменің;

әңгіменің мән-жайын;

мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Иысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін дейміз.

Мысалы:

  Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқушымын Біз оқушылармыз
2-жақ Сен оқушысың Сендер оқушыларсыңдар
  Сіз оқушысыз Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ Ол - оқушы Олар - оқушылар

 

  Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқимын Біз оқимыз
2-жақ Сен оқисың Сендер оқисыңдар
  Сіз оқисыз Сіздер оқисыздар
3-жақ Ол оқиды Олар оқиды

 

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

Матасу

Матасу деп сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын дейді.

Абысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

І Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 

Сабақтың қорытындысы:

1.Еңбекті қорғаудың заңнамаларыы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу түрлері дегеніміз не?

3.Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді?

 

Рефлексия:1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау:Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

 

Үй тапсырмасы: Еңбекті қорғаудың заңнамалары туралы мазмұндау, ережені жаттау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева