Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.

Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын бухгалтер бар.

Серіктестіктің ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.

Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) филиал барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;

1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;

2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;

3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;

6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.

Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында Племзавод «Куликовка»ЖШС-нің директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.

Племзавод «Куликовка»ЖШС-нің есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8 хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.

Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз.

Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан және істің сипаты және т.б. есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.

ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның бағалануы, өткізілуі және т.б. есеп саясатымен анықталған. Есеп саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын анықтауы енген.

Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын қарастырады. Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.

Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның есеп саясаты ретінде онымен сатып алынған бухгалтерлік есепті жүргізу болып табылады. Ағымдағы топтастыру мен шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің жиыстыруының бастапқы барлауы, бағалық өлшемі.

Племзавод «Куликовка»ЖШС-нің есеп саясаты толық түрде қолданылады және кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:

-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте толық көрініс табуын;

-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі дайындығын;

-қаржылық-шаруашылық қызметінің фактілерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы тек құқықтық түрден ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің фактілері мен шарттарының экономикалық мазмұңынан көрініс табылуын;

-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы есептілікке мәліметтеріне теңдігін;

-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.

Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:

Ғимараттар мен құрылыстар – 5%; Транспорттар – 25%; Негізгі құралдардың басқа да объектілері – 15%.

Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.

Түгендеу жүргізіледі:

-Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар – есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;

-Кассадағы ақша қаражаттары – есептілік жыл біткеннен кейін айына 1 рет;

- Несиелік қарыздар – есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;

Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:

- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1 қазанынан кеш емес, түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;

- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;

- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру болған кезде;

- Экстремальді жағдайдарме байланысты табиғт апаттар жағдайында;

- Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.

Есеп саясатының орындалуына бақылау жасайтын бас бухгалтер Мырзалиева Г.М.

Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.

Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.

Кесте -1. Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі