Аржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар және т.б. кіреді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық әрі объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы керек. Есеп беру белгіленген мерзімінде жасалған жөн.

ЖШС Племзавод «Куликовка»қаржылық есептілікті құрастырғанда басшылыққа алады:

а) БЕХС (IAS) 1 «Қаржылық есеп ұсыну»;

б) ҚЕХС (IRS) 34 «Аралық қаржылық есеп»;

в) ҚЕХС (IAS) 7 «Ақша қаражаттар қозғаласының есебі»;

г) операциялық сегменттер;

д) Басқа да ҚЕХС және ПКИ.

Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есеп стандарттарымен реттеледі:

№2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету» (2 БЕС); «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру» (3 БЕС); «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Экономикалық шешемдерді қабылдау үшін, сыртқы қолданушыларға ақпаратты ұсыну үшін, қаржылық есептілік келесі 6-кестедегі мерзімдерде құрастырылады:

Кесте 6- Қаржылық есептілік мерзімдері

 

Есеп беру формалар атауы Есеп беруді құруды жиелігі
Қаржылық жағдайға есеп беру, кезең соңына. Ай сайын, квартал, жыл
Кезең ішінде тұтастай табыс туралы есеп беру Ай сайын, квартал, жыл
Кезең ішіндегі ақша қозғалысы туралы есеп беру Квартал сайын, жыл
Кезең ішіндегі меншікті капиталдағы өзгеріске есеп беру Квартал сайын, жыл
Ескертулер, ішінде есеп саясаты мен басқа да түсіндірме ақпарат керекті элементтерінің қысқаша мазмұны Жылдық есеп беруге

Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, мәнді және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатындығы белгілі. Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорын қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

-инвесторлар–жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

жабдықтаушылар – кредиторлық қарыздарды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

-қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбекақысын және басқа да төлемдері мен жеңілдіктерін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруды көздейді;

-мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

-жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

-Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Активтер физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, машиналар және т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, «ноу-хау», т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыздар іспеттес те болып келуі мүмкін.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе кәсіпорын келісім-шарттық қатынасқа орырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін.

Меншік капиталы –бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, резервтік капитал, қосымша төленбеген капитал, таратылмаған табыс. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың маңызы зор, сондай-ақ пайдаланылатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба. Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірініші кезекте, бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептерімен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.

Қаржылық есеп беру аудиті. Аудиторлық тексеру әдісі.

Ірі халықаралық және отандық аудиторлық фирмалардың іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі он шақты кезеіге бөлінуі мүмкін. Нақты компанияларды тексеру ісін ұйымдастырудың тәртібі мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей жүйемен жүргізіледі.

ТМД елдерінің озық тәжірибелерін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудиті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп беру мүмкіндігі.

Қаржылық есеп берудің аудитінің бірінші кезеңінде тексерілуге тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жетік зерттеледі. Фирма басшылығы осы орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсетуі керек:

-фирманың клиенттері қандай?

-өнімнің жаңа түрлерін жасау жүргізіле ме?

-өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу жағдайы;

-өндірістік процестің ұйымдастырушылық сипаты;

-өнімді өткізу.

-Қызмет бабындағы жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында кәсіпкерлік іс-қызметтің барлық ерекшеліктері ашып көрсетілуі керек. Сонымен бірге іс жүзінде шығарылатын өнімді жөнелту мен тұтынушыларға қызмет ету де атқарылады.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексеру стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

-компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің нақты бағдарламасын жасау;

-аудиторлық тәуекелділіктің елеулілік деңгейін анықтау;

баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру, шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарын анықтау, шығындарды өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;

-өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызмет көрсету мен кірістерін алу циклінің аудиті;

-сатып алу циклінің аудиті;

-өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;

-еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;

-таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;

-меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;

-міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақытылығын тексеру;

-дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

-ұзақ мерзімді активтердің аудиті;

-ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті;

Үшінші кезеңде құзіретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен гөрі, зерттелетін фирма басшылығы негізгі алып жасаған тұжырымдамаға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерісі туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Аяқтау кезеңінде тексеру нәтижесі жинақталып қорытылады, резервтер анықталады, тұжырымдар негізделеді және жасалып, қалыптасады, табылған кемшіліктерді жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасалады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жөнінде тектес қателерді табу мен жіктеуге ерекше назар аударылады.