Шығыс Құрылыс Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

1.«Шығыс Құрылыс Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы......................................................................................................4

 

 

Шығыс Құрылыс Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп-аналитикалық қызметі

2.1 Кәсіпорынның атқаратын қызметі және экономикалық жағдайының

сипаты.................................................................................................................8

 

2.2.ЖШС-ның мүліктік-қаржылық жағдайын талдау......................................9

 

2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................18

 

2.4. Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік қабілеттілігінің жағдайы..........23

 

 

Қорытынды.............................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................41

 

 


Кіріспе

Диплом алдындағы практика оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл практиканың негізгі мақсаты тек тәжірибелік білімін толықтыру ғана емес, сонымен қатар болашақта жазылатын диплом жұмысына қажетті материалдарды жинау және талдау болып табылады.

Өндірістік практиканың міндеттеріне кіретіндер:

- оқу процесінде алған теориялық және практикалық білімді баянды ету және мамандық бойынша алған бұл білімді нақтылы қаржылық-экономикалық міндеттерді шешуге қолдану;

- таңдалған мамандық бойынша практикалық дағдылыққа, іскерлікке ие болып және оны дамыту;

- дипломдық жұмысты жазу және өндірістік практика туралы есепті құрастыру үшін нақтылы материалдарды жинақтау, ақпараттарды жүйеге келтіру және талдау;

- есептегі әзірленген сұрақтарды шешу, қаржылық ресурстарды басқаруды ұйымдастыру, эксперименттеу үшін зерттеудің әдістемесін игеру және дербес жұмыс істеу дағдысын дамыту;

Қаржыларды тиімді басқару терең талдауды қажет етеді. Осыған байланысты қаржылық талдаудың қажеттілігі мен ролі арта түседі. Сондықтан да диплом алдындағы практиканы өту кезінде мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға көп көңіл бөлдім. Менің ойымша, бұл тақырып өте қажет және қызықты болып табылады.

Практиканы өту барысы мынадай этаптартарды қамтыды:

- кәсіпорынның қауіпсіздік техникасымен танысу және өзіндік тапсырмалар алу;

- кәсіпорынның инструкциялық материалдары мен бөлімдерімен танысу;

- практикаға қажетті материалдарды жинақтау.

Бұл жұмыста келесі материалдар қолданылды:

-статистика мәліметтері;

-арнайы баспа мәліметтері;

-2010-2012 жж. арналған қаржылык есептеме.

Бұл жұмысты жазу барысында статистикалық мәліметтер, ресми құжаттар және заң актілері пайдаланылды.

Есептің құрылымы кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан құралған.

 

 

Шығыс Құрылыс Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы

 

«Шығыс Құрылыс Элит» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі №7 Хаттама Қатысушыларының Жалпы Жиналысының шешімімен мамырдың 12 күні 1998 жылы бекітілді. «ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» Жауапкерішлігі Шектеулі Серіктестігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Казақстан Республикасының 22.04.1998ж. шыққан "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.

Серіктестіктің басқарушылары Қазақстан Республикасының азаматтары: Шарипов Адилет Талғатович – директор және екінші лауазымды тұлға бас бухгалтер – Нұрқайыр Еркежан Ержановна.

«ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік орташа кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Ол жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250-ге дейін және активтерінің жалпы құны жылына үш жүз жиырма бес мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлға.

«ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» ЖШС -нің мақсаты - жеке және заңды тұлғалардың тауарлар мен қызмет көрстеудегі қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ мейлінше көп кірістерді алу болып табылады. Қоғам дербес өз есебі мен өз акционерлерінің ерекшелендірілген мүліктері есебінен және тауар, қызмет көрсету рыногы сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің аумағында мынадай негізгі қызмет түрлерін атқарады :

- құрылыс материалдарын өндіру және сату ;

- рудасыз қазба кен орындарын игеру ;

- өндірістік- техникалық сұраныстағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды сатып алу, сақтау, өңдеу және сату ;

- заңды және жеке тұлғаларға қызметтер көрсету, соның ішінде : көлік, қоғамдық тамақтандыру және халыққа сервистік қызмет көрсетудің басқа түрлері ;

- дербес сыртқы экономикалық қызметтер ;

- жеке және заңды тұлғалардың мүлкін сенушілікпен басқару ;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен тыйым салынбаған қызметттер мен қызмет көрсетулердің басқа да түрлері .

ЖШС «ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» өз қызметкерлеріне серіктес болғысы келеді, сол себепті әр қызметкерді бағалайды, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасайды, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалайды.

Тұтынушыларға:Қазақстандық тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.

Қызметкерлерге:нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру

«ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» ЖШС-нің құрамына: жылуды оқшаулайтын бұйымдардың өндiрiсi бойынша технологиялық сызық( минералды мақта, минматы, минералды плита), М 75,М 100,М 125 кiрпiштерінің өндiрiсі бойынша цех, сплитер блоктерi мен тротуар тақталанғанының жасауы бойынша технологиялық сызықтық,италиялық технология бойынша шығарылатын (құмды-цементті) табиғи черепицасының шығарылымы бойынша темiрбетон бұйымдар және қабырғалық керамзит панелдерiнiң цехы, сплитер блоктерi. Қосалқы цехтары да бар: механикалық, энергетикалық, көлiк, құрылыс, ағаш өңдеушi цех, кен шығарылатын орын. «ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЭЛИТ» ЖШС 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасының барлық өлкелерiнде шығарылатын материалдардың жабдықтауын үлкен тәжiрибенi алады.

Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін басқару жүйесі.
Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі ұстанады.
Ісі жолға қойылып, өз қызметін жүзеге асыруда СМЖ:

– өнім сапасының тұрақтылығына;

– компаниядағы процестердің басқарылуына;

– компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуына
кепілдік береді.

Сапа менеджменті жүйесі тек өнім сапасына қатысты емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Бұл - жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі үздіксіз бақылау.

Компания тек тұтынушылар мүддесін ғана емес, өз жұмыскерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін толыққанды және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылады. Жеке меншік құқы бойынша өзіндік мүлігі, атауы жазылған мөрі, фирмалық белгісі бар бланкісі, басқа да реквизиттері бар. Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Өз атынан келісім-шарттар жасайды, мүлікті және мүлкті емес құқықтар мен міндеттемелерге ие болады, сот орындарында даушы әрі жауап беруші болады.

Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі бүкіл мүлікпен жауапты. Серіктестік өзінің қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауапты емес. Құрылтайшылар оның міндеттемелері бойынша қатысушылардың әрқайсының салмаған салым мөлшерінің құнында бірлесе жауап береді.

Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылған, 100% құрылған жарғылық капиталы шаруашылық қызметтен түскен пайданың есебінен, қажет болған жағдайда, қосымша салымдардың немесе тартылған қаражаттардың есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы, зияткерлік қызмет нәтижелеріне берілген құқық және өзге мүлік Жарғылық капиталға салым болып саналады.

Серіктестіктің мүлкі төмендегілердің есебінен құралады:

- Серіктестік Қатысушыларының Жарғылық капиталға салатын салымдары;

- Серіктестіктің қызметінен түскен кірістер;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған негіздерде сатып алынатын мүлік және ақша.

Серіктестік жарғылық капиталынан 25 пайызесебінде сақтық капиталын құруға құқылы.Сақтық капиталы жыл сайын жарғылық капиталының 25 пайызына жеткенше тазатабыстың 5 пайызын аударып отыру жолыменқұрылады. Серіктестіктің шығыны сақтыққорының есебінен өтеледі. Серіктестіктің басқа да қорлар кұруға құқы бар.

Серіктестік Қазақстан Республикасыныңаймағында және шет елдерде филиалдаржәне өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер, одақтар құруға,сонымен бірге басқа заңды тұлғалардыңқұрылтайшысы болуға құқылы. Серіктестік өзфилиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардын мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.

Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады. Серіктестіктің табысы еңбек ақы төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде түскен түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс табу болып табылады. Серіктестіктің салық төлегеннен кейін, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем төлегеннен қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады. Таза табыстың бір бөлігі дайын өнім өндіруге және өндірісті дамытуға, серіктестіктің қажеттілігін қамтамасыз етуге жұмсалады, ал қалған қаражат серіктестік қатысушылары иелігінде қалады. Қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес таза табыстың бөлігін алуға құқылы. Серіктестік төлемді бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс. Қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты алуға құқығы жоқ. Серіктестіктің шығындары серіктестіктіңиелігінде жатқан қаражаттар есебімен, ал ол мүлде жеткіліксіз болса – серіктестіктің мүлкін сату есебі арқылы өтеледі.