Денс денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.[1]

·

группа


Жұмыстың жалпы сипаты жұмыста колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері қарастырылған. Cалауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білімнің рөлі мен орны және оны жетілдірудің жолдары корсетілген. Алынған зерттеу нәтижелері колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудың оқу-тәрбиесіне негіз болады.
Жұмыстың өзектілігі «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын,білімін және ырысын жақсарту» делінген.Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау,нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдына алу, тағамның сапасын жақсарту,қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер,тұрғындардың қоныс аударуы, республика азаматтарының хал-ахуалындағы бейтараптық пен тұрақсыздық ересектердің де,балалардың да денсаулығына, студенттердің біліміне,олардың өз бетінше тіршілік етуге дайындығына зардабын тейгізбейтіні байқалып отыр [1].
Дегенімен салауатты өмір салтын және сәбилардің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрықша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін сақтаудың мұқтаждарын жасау үшін мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиелеу мен колледждерде оқыту кезеңдерінде жүргізу керек. Осы кездегі жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік,рухани,адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
ҚР Үкметінің 1999ж 30 маусымдағы №905 қауылысында («Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы») төмендегі қажеттіліктер қаралған:
- Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саласының рөлін күшейту;
- білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарына валеология пәнін енгізу.
- Сонымен қатар білім беру жүйесіне АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің алдын алу шаралары;
- балалардың жолда жүру қауіпсіздігі;
- денсаулыққа қажетті өмір дағдылары;
- репродуктивті денсаулықты жақсарту және отбасын құруға даярлау;
- зиянды заттардан сақтану;
- санитарлық-гигиеналық дағдылар;
- темекіден,есірткіден сақтандыруға арналған көп сатылы білім беру бағдарламалары енгізілді. Бірақ аталған бағдарламалар көпшілігінде мазмұны жағынан бірін-бірі қайталайды.Соның нәтижесінде оқу прцесінде оқушылардың жүктемесін көбейтіп өмір дағдыларының қалыптасуы жеткіліксіз дәрежеде қалады. Педагогикалық кадрлардың осы мәселе бойынша кәсіби дайындығының төмен болуы да үлкен рөл атқарады.Білім беру саласының мамндарының айтуы бойынша, влеологиядан қажетті оқу әдістемелік материалдардың аздығына қарамастан, валеологияны қазіргі заманның пәні, ол балалардың денсаулығын қалыптастыруға және тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Кез келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзіндік реттелу және т.с.с мәселелер валеологияны дамытудың өзекті мәселелесінің бірі. Валеология,жолда жүру қауіпсіздігі,т.б. және жоғарыда аталған бағдарламаларды көпшілігінде мамандығы сәйкес келмейтін педагогтар жүргізеді. Осыған байланысты арнаулы орта білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын оқушылардың салауатты өмір салтын және дерлік дағдыларын қалыптастыруға арналған комплексті бағдарлама жасаудың, оның ақпараттық және әдістемелік мәтінін қамтамасыз етудің, әрбір сабақтың жүргізу жоспарын құрудың қажеттілігі туып отыр. Тақырыптың мазмұнына сай келетін көптеген ғалымдар мен педагогтар еңбектер жазған. Атап айтсақ: валеология ілімінің негізін қалаушы, әрі влеология пәнін- пән ретінде ғылымға енгізген италян ғалымы Брехман И.И. Валеология оқулығын жазып шыққан отандық ғалымдар Сатбаева Х.К.және Жатқанбаев Ж [2].
Дегенімен де,қаншама зерттеулер жасалынса да, әлі де болса,бұл тұрғыдан ғылыми зерттеу жұмыстары,зерттеуді қажет етеді.
Сондықтан да, жоғарыда келтірілген теориялық негіздеулер мен стратегия бағыттарын басшылыққа ала отырып, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Колледж студенттеріне салаутты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері»(валеологиялық білім беру жүйесі) деп атадық.
Зерттеу мақсаты:
Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беріу жүйесін жетілдіру және оны оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру.
Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;
Зерттеу обьектісі Оңтүстік Қазақсан құқық және салалық технологиялар колледжінің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілірі.
Зерттеу әдістері Теориялық негіздеулерді талдау және саралау, бақылаудың құрлымдық жүйелеу,социологиялық сауалнама (анкета,тесттер), математикалық есептеу мәліметтерінің әдістері.Педагогикалық зерттеу әдістері (оқу-құжаттарын талдау,бақылау, студенттерді дайындауда оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың саралануы), жүйелі статистикалық әдіс.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы Колледж студенттерін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі болып отырған валеологиялық білім беру мәселелерінің алғаш рет зерттелуі.
- колледждегі оқу тәрбие процесінде валеологиялық білім берудің ролі мен орны анықталған.
- колледж студенттеріне салауатты өмір салтының қалыптастыруда валеологиялық білім берудің тиімді түрлері мен әдістері анықталған.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы
- колледж студенттеріне валеологиялық білім беруде теориялық әлеуметтік және педагогикалық алдын –алу жағдайлары.
- колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруда валеологиялық білім берудің жағдайына талдау жасалған практикалық маңызы.
- колледж студенттерін дайындауда валеологилық әдістемелік жабдықтар жасалынғандығы.
- бұл зерттеу жұмысының нәтижелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруда валеологиялық білім беретін оқытушыларына пайдалануы.
Автордың жеке үлесі Зерттеу жұмысының негзгі нәтижелері Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінің оқу-тәрбие процесінде ендірілген.
Зерттеу нәтижелерін сыннан өтуі Зерттеу нәтижелері 2006жылы Шымкентте өткен Халықаралық ғылыми-практикалық «Әуезов оқулары-5» конференциясында және жалпы 2007-2008 жылдары «Биологияны оқытудың әдістемесі мен теориясы» кафедраның ғылыми семинарларында баяндалды.
тақырыбы бойынша басылымдар материалдары бойынша 2 мақала жарияланды.
құрлымы мен көлемі жұмыс кіріспеден 2 тараудан, 6 параграфтан, қорытындыдан және әдебиеттердің тізімінен қосымшадан тұрады. жұмыс 123 беттен, 6 сызбадан, 9 суреттен, 9 кестеден құралған.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Бұл жұмыстың бағасы:900 теңге

 

Категор