Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
ӨЖ Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Ағымдық бақылау Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан 8 және 15 апталарда
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 R 1 = (ӨЖ1+ӨЖ2+АБ1)/3 8 апта
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 R 2 = (ӨЖ3+ӨЖ4+АБ2)/3 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R = (R1+R2)/2 15 апта
Диф.сынақ Д/с 16-17 апта
Қорытынды баға I = R*0.6+Д*0.4  

 

Курс саясаты

Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді. Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Әр аптаның соңында үлгеріммен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (3 кредит)

 

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1. «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»
Дәріс 1.Тілдің грамматикалық құрылысы,зерттеу нысаны. Сөздің сөйлемдегі орны, морфологияның түрлі тұлғада байланысуы   апта
Практикалық сабақ 1. Морфологияның зерттеу обьектісі, негізгі грамматикалық ұғымдар
ОСӨЖ 1. Сөздің дыбыстық жағы мен мағынасы арасындағы байланыс. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына айырмашылықтары.
  Дәріс 2. Негізгі грамматикалық ұғымдар. Сөздің морфологиялық құрамы.   2 апта
Практикалық сабақ 2. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, грамматикалық категория Грамматикалық және лексикалық мағына айыр-машылығы, ара қатынасы  
  ОСӨЖ 2. Грамматикалық мағына түрлер, тілде олардың берілу тәсілдері, ол туралы ғалымдар пікірлері
      Дәріс 3. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы     3 апта  
Практикалық сабақ 3. Сөздерді таптастыру принциптері
ОСӨЖ 3. Сөз таптарының шығуы мен дамуы
  Дәріс 4. Зат есім. Зат есімнің грамматикалық құрылымы     4 апта
  Практикалық сабақ 4. Зат есімнің семантикалық сипаты. Семантикалық ерекшеліктері бар топтары
  ОСӨЖ 4. Адамзат, ғаламзат есімдері. Жалпы, жалқы есімдер. А.Ысқақов пен С. Исаев еңбектері бойынша қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты жөніндегі талдаулар
СӨЖ 1. 1. А.Қалыбаева, Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі» атты еңбегімен танысу. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесінің зерттелуі. 2. Түрколог-ғалымдардың морфология жайлы айтылған пікірлерін салыстыру. 3. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне талдау жасаңыз ( көркем мәтін бойынша).
Модуль 2. «Сөз таптары және сөз құрамы»
Дәріс 5. Сын есімнің мағыналық топтары   5 апта
  Практикалық сабақ 5.Сын есімнің шырай категориясы
  ОСӨЖ 5. Сын есімнің заттануы, морфемдік құрамы
Дәріс 6.Сан есімнің жалпы сипаты, олардың түрлері   6 апта
Практикалық сабақ 6. Сандық ұғым мәнді басқа сөздер
ОСӨЖ 6. Ә.Хасенов Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, А., 1958. Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі»А., 1988. еңбектеріне шолу.
Дәріс 7.Есімдіктің грамматикалық, морфологиялық ерекшеліктері     7 апта
  Практикалық сабақ 7. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, болымсыздық есімдіктері, сөйлемдегі қызметі, есімдікке ауысқан сөздер (прономиналдану)
  ОСӨЖ 7. Есімдік, құрамына, мағынасына қарай кешенді талдау жасау
  СӨЖ 2. А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтың морфологияға қатысты ғылыми тұжырымдарын конспектілеу. 1.А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» 2.Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» еңбктері 3. К.Аханов «Грамматика теориясы негіздері» еңбегі  
Дәріс 8. Етістік. Жалпы сипаты. Лексика-семантикалық сипаты     8 апта  
  Практикалық сабақ 8. Етістіктің зерттелуі Етістіктің семантикалық топтары, туынды етістіктер
  ОСӨЖ 8. 1. А.Ысқақов өмірі, морфологияны зерттеу мәселелері. 2. Ы.Е.Мамановтың етістік сөз табына қатысты ғылыми тұжырымдары. Қазіргі қазақ тілі (морфология) кітабы
  Аралық бақылау 1. (Бақылау жұмысы)    
Модуль 3. «Етістіктің категориялары»
  Дәріс 9. Қимылдың өту сипаты 1. Дара және күрделі етістіктер, күрделі етістік мәселесі туралы   апта
Практикалық сабақ 9. Етістіктің модальдылық мағынасы, оның рай категориясымен байланысы
  ОСӨЖ 9. 2. Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер
  Дәріс 10. Етістіктің шақ категориясы     апта
Практикалық сабақ 10. Тұйық етістік, білдіретін мағынасы, тұйық етістіктің шақ категориясына қатыстылығы
ОСӨЖ 10. Тұйық етістіктің қолданылу ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі
    Дәріс 11. Етістіктің жақ және сандылық категориясы   11 апта
Практикалық сабақ 11. Етістік тұлғасының сөйлемде түрленуі
ОСӨЖ 11. Исаев С.М. «Қазіргі қазақ тілі. Морфология.-А., 2007» еңбегі, морфологияға, етістіктің ерекше тұлғалық түрлеріне қатысты тұжырымдары
СӨЖ 3. 1. Дербес лексикалық мағыналы етістіктер мен көмекші етістіктер. 2. Етістіктің түрлері, қимыл атауы туралы мақалаларды жинау, ондағы пікірлер 3. Қосымшалар мен аналитикалық форманттардың айырмашылығы
Дәріс 12. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты Үстеудің мағыналық топтары   12 апта
  1. Практикалық сабақ 12. Дара, күрделі үстеулер
ӨСӨЖ 12.Үстеу. Құрамы, тұлғасы, лексикалық, гармматикалық мағынасы, сұрағына талдау
Модуль 4. «Еліктеуіш сөздер, Шылау.Одағай»
Дәріс 13. Еліктеуіш сөздердің жалпы сипаты,жасалуы   13 апта
Практикалық сабақ 13. Еліктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
ОСӨЖ 13. Ш.Сарыбаев «Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер» еңбегіне талдау жасау. Ғылыми тұжырымдарға сипаттама беру
Дәріс 14. Шылау, түрлері .     14 апта
Практикалық сабақ 14.Септеуліктер, жалғаулықтар
1. ОСӨЖ 14. Р.Әміров Қазақ тіліндегі жалғаулықтар туралы ғалым тұжырымдары
  СӨЖ 4. 1.Қ.Мұхамади Қазақ тіліндегі септуліктердің аналитикалық септікке қатысы. Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика мәселелері.9шығуы.2004,123-127 б. 2.Шақаман Ы. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық құрамы. Канд.дисс.авторефераты.А.,1997.Ғылыми көзқарастарға өз пікіріңізді саралап жазыңыз. 3.Модаль сөзді жеке сөз табы етіп алуға не себеп болды? 4.Модаль сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
    Дәріс 15. Одағайлар туралы жалпы сипаттама     15 апта
Практикалық сабақ 15. Одағайлардың морфемдік құрамы
ОСӨЖ 15. Одағай және модаль сөздер
Аралық бақылау 2. (Бақылау жұмысы)  
  Емтихан  
  Барлығы: дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)