Тест тапсырмаларының үлгісі

 

 

Сапалық сын есiм қайсы?

А) сүйкiмдi қыз

В) суық су

С) үлкен асхана

Д) көргелi келдi

Е) көрiп қайт

2.Күшейтпелi шырайдағы сөздi көрсет:

А) әп-әсем

В) әдемiрек

С) әдемi

Д) өнiмдi

Е) таулы

3.Ай атымен тiркесiп қолдаылған сан есiмдi тап:

А) 19 сәуiр

В)ХХI ғасыр

С) 5 қабат

Д) 16 жыл

Е) 2 сынып

4.Жалпылау есiмдiгiнен болған анықтауышты тап:

А) күллi халық әдет-салтты түлетуде

В) мiнсiз адам болмайды

С) мен уәденi орындадым

Д) жата-жастана айтарсыз

Е) уәде бердiм

5.Туынды елiктеуiш сөздi көрсет:

А) балпаң

В) шарт

С) гүрс

Д) сырт

Е) арс-арс

Тәуелдiк жалғауда тұрған сөз қайсы?

А) болашағы

В) кiтапты

С) ауланы

Д) бағалы

Е) баланы


7. Жіктiк жалғауындағы сөздi тап:

А) мұғалiммiн

В) мұғалiмнiң

С) мұғалiмге

Д) мектептi

Е) мектептен

Туынды сөз қайсы?

А) бiлiм

В) жұрт

С) үйрет

Д) төбе-төбе

Е) сағат

Жалпы есiм қайсы?

А) ән-күй

В) күйшi Дәулеткерей

С) қобызшы Қорқыт

Д) бишi Шара

Е) Үкiлi Ыбырай

10. Мақсат үстеулi тiркестi тап:

А) әдейiлеп келу

В) ұшқары ойлау

С) екiншәрi келме

Д) түн бойы көз iлмеу

Е)мүлдем ұмыту

11. Сын-қимыл үстеулi тiркестi тап:

А) кенеттен оянды

В) амалсыздан көндi

С) әбден шаршады

Д) соншалық күштi

Е)әдейi айтады

12. Көмекшi есiмдi тiркестi табыңыз:

А) орман iшi

В) ауылдың малы

С) баланың бесiгi

Д) Сәуленiң қуыршағы

Е)Асанның болашағы

13. Тәуеллiк жалғауының екiншi жағында, сыпайы түрде тұрған сөздi табыңыз.

А) қазынаңызда

В) асылым

С) үйiмiздегi

Д) ұлттарымыз

Е) қалаларында

Тәуеллiк жалғауының үшiншi жағында тұрған сөз қайсысы:.

А) мектебi, көзiлдiрiгi, талабы

В) дәрiгер, үйге, қағазды

С) қонақтар, қонақпен, отрядқа

Д) жазуға, досқ, берекелi

Е)балалар, адамға, сөздi

Дара сын есiмдi көрсет

А) ақ көйлек, қара қалпақ

В) ақ шалбар, қара ала

С) көк көйлектi, ұзын бойлы

Д) үлкендi-кiшiлi, ақталы-қаралы

Е) қара бұрыл, ұзын сақалды

16. Қосарлану арқылы жасалған сын есiмдi тап:

А) үлкендi- кiшiлi, ақтылы-қаралы

В) қызыл ала, ұзын бойлы

С) өте әдемi, нағыз адал

Д) орта жаста, қара тонды

 

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: :

Чалтикенова ЛәззатАлиахметқызы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., жұмыс телефоны: 22-28-42 – 134, үй телефоны: 25-56-71, ұялы телефоны: 8 701 223 40 29 e-mail:

la.chaltykenova@gmail.com Жансүгіров к-і, 187 «а»

Пәннің шифры:KKTM 3222

Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Пререквизиттері: Нормативті қазақ тілі, қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.

Постреквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, қазақ тілін оқыту әдістемесі. «Шешендік өнер».

Мақсаты: Курстың басты мақсаты болашақ мамандарды қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде терең теориялық білім беру мақсатын көздейді

Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуі және жарыққа шығу жолдары, амал-тәсілдерімен таныстыру және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми- теориялық білімді жүйелі жүргізу жайында мәлімет береді.

Күтілетін нәтижелер:

- сөздердің морфологиялық құрылымын, негізгі грамматикалық ұғымдар мен категорияларды; - сөз құрамы және морфемалардың жасалу жолын;

- сөз формалары, олардың жасалу жолын;

- сөз таптары, олардың жіктелуі; зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің лексико-грамматикалық, синтаксистік сипаты; етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты, үстеудің морфологиялық белгілері мен еліктеу, одағай, шылау түрлерін ғылыми-теориялық тұрғыда талдай білу көзделеді.

Құзыреті:

арнайы: педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау.

пәндік:қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық згеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуін меңгеру.