ТМҚ тексеру әдістемесі

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:

Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;

тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;

қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;

қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.

Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;

Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.

Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.

Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және, олардың дұрыс рәсімделгенін;

Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;

Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;

өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);

аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

57. Еңбек заңдылықтарының сақталуын және еңбекақы бойынша есеп айырысуды тексеру әдістемесі.

Аудиторлік тексерудің мақсаты қызметкерлерге жалақы берудегі заңдылықты сақтау, еңбектік қатынастарға қатысты жалақының және басқадай төлемдер мен сыйақылардың дұрыс аударылуын, сонымен қатар жалақыға салық және басқадай әлеуметтік қажеттілікке ұстаулардың сақталуын қадағалау болып табылады.

Аудиторлік тексерудің негізгі мақсаттары:

- еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің жағдайы және еңбек қатынастарындағы ішкі бақылау жағдайын қадағалау.

- бірінші ретті құжаттарға сай жалақының және төлемдер мен қосымша төлемдердің дұрыс аударылуын тексеру.

- жалақының дұрыс есептелуі мен табыс салығының басқадай төлемдері мен ұстаулардың дұрыстығын тексеру.

- қызметкер жалақысымен есеп айырысуда шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын тексеру.

Қызметкер жалақысымен есеп айырусыда ақпарат көздері болып басқарушының қабылдау туралы бұйрығы мен шешімі, жұмыстан шығарылу туралы еңбек келісімінің тоқтатылуы, аударым туралы, кәсіпорынның жұмысшыларға берілген демалысы, штаттық кесте, азаматтық құқық туралы мінездеме туралы келісім,келісім шарттар мен басқадай еңбектік келісімдер түрлері, еңбекақыға қосымша ақша мен сыйақыларға (жеке карточка, жұмыс уақытын қолданудағы табелдер, нарядтар, рапорттар, маршруттық беттер, жасалынған істер туралы актілер, қосымша ақша төлеуге беттер, орындау қағаздары, есеп айырысу және төлем ведомасттары және т,б) негіз болатын бірінші ретті құжаттар; сонымен қатар бухгалтерлік есеп регисторы, жалақының турлері және шифрларына байланысты шығындарды бос ведомастке бөлу, журнал-ордерлер, Бас кітап, баланс және қаржылық қорытынды есептің басқадай түрлері тәрізді.

Аудитор тексерудің алдында кәсіпорында еңбекақыны төлеуде қандай жүйе мен форма, штаттық кесте, еңбекақы мен қосымша төлем жайында ішкі жағдай, коллективті келісім шарт, еңбекақы төлеуде есеп айырысу есебі, сонымен қатар осы есеп жүргізу орны компьютерленген бе жіне т.с.с жағдайларды анықтап алуы тиіс. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, аудитор осы ішкі бақылау жүйесіне сауалнама жүргізеді.

Мекеменің есебіне және келісімді жұмыскерлерге жалақыны аударуды және оның жасалуына бақылау жайында аудит жүргізуде, аудитор нарядтар, маршруттық карталар, жодық қағаздар, жасау ведомсттері, істелінген жұмыстар актісі тәрізді бірінші ретті құжаттардың дұрыс рәсімделгенін, сонымен қатар кәсіпорында еңбек ету нормасы және келісімді бағалар жасалынған ба және белгіленген бе, бірінші ретті құжаттарда қажетті реквизиттер бар ма екенін тексеру тиіс.

Негізінен ерекше нарядтар тексеріледі, тұлғаларға жазылған кәсіпорынның тізім құрамында жоқ және ұзақ уақытша жасамағандарға, сонымен қатар сапалы емес істерді өзгерту мен қателіктерді жоюдағы нарядтар.Бірінші реттік құжаттар мен есептік ведомсттерді тексеруде арифметикалық есептемелердің дұрыстығына назар аударылады.

Аудитор көңілін құжаттардың дұрыс рәсімделуі мен ынталандыру сипаттағы басқадай төлемдердің аударылуына; премиялар мен сыйақылардың жұмыс қорытындысы бойынша белгіленген уақытында, қөмек ретіндегі төлемдер, қосымша жұмыс үшін қосымша төлемдер, жұмыс жасымаған уақыты үшін демелыстық есеп, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы есепке көп көңіл аудару тиіс. Сонымен қатар ол әрбір кәсіпорында ішкі материалды