Сату циклі және қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері аудиті

Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындардың сатып алу, өндіріс және дайын өнімдерді сату циклдерінің аудитінің маңызды кезеңдері мыналар: материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру; қалыптасқан тауарлы-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау; қорлардың жағдайын және олардың қоданылу деңгейін бағалау; қойма шаруашылығын ұйымдастыру жағдайын тексеру; тауарлы-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру; қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын бағалау; тауарлы-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау; жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсартуды бағалау.

Инвестициялау циклі аудиті...

Инвестиция есебінің аудитінің мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңінде қолданылып жүрген құқықтық-нормативтік актіге инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен есеп әдістемесін сәйкес белгілеу болып табылады. Инвестиция есебінің аудитінің бағдарламасы келесілер: шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін инвестицияға жатқызу дұрыстығын тексеру; инвестиция есебін жіктеу және белгілеулер бойынша шектеу; инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау; инвестицияларға байланысты операциялардың есебінің дұрыстығын тексеру; инвестициялардың синтетикалық, аналитикалық есебінің жағдайын талдау; бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепте шаруашылық операцияларды көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау; инвестициялады түгелдеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету; инвестицияларға байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талабының сақталуын тексеру қажет.

 

НҚ мен МЕА аудиті

Негізгі құралдардың қозғалысына арнаулы аудит

Негізгі құралдардың қозғалысына арнаулы аудиттің құрамды элементтері – тексеру болып табылады.

1. Бас кітаптың деректері бойынша НҚ барлығын сипаттайтын баланс баптарының сәйкестігі;

2. НҚ түскендігі, барлығы және сақталуы туралы ақпараттың маңыздылығы;

3. Мүлікті НҚ жатқызудың дұрыстығын және керек-жараққа жататындығын жіктеу

4. НҚ түсуі мен шығуындағы операциялардың есебінің көрсетілуі мен рәсімделуінің дәл бағасы

5. НҚ амортизациясы мен жөңдеуге кеткен шығынды есепте көрсету мен есептеудің орындылығы

6. НҚ қозғалысы мен барлығы туралы деректердің алғашқы құжаттарда, БЕ тіркелімдерінде, стат. және қарж. Есепте тұрақты көрсету

7. НҚ және т.б. пайдаланудың тиімділігі мен қалыптасуының оңтайлылығы.

Жоғарыда көрсетілген стратегиялық тәртіпті ескере отырып, мыналарды зерделеу қажет:

a) НҚ сақталуына қамтамасыз ету үшін қандай шара қолданылғанын кәсіпорынның басшысы бұйрығымен материалдық жауапты тұлға тағайындалғанын, олармен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісімшарт жасалғанын;

b) НҚ сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жасалуын;

c) Кәсіпорын аумағынан ТМҚ тасудың тәртібі ұйымдастырылғанын, НҚ сақталуын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия басшысының бұйрығымен тағайындалғанын;

d) НҚ барлығы мен сақталуын іріктеп тексеру мен түгендеу өткізілгенін, олардың қорытындысы әзірленген бе, әзірленсе, жетпей қалған жағдайда оларға кінәлі адамдарға қандай шара қолданылғанын зерделеу.

Негізгі құралдардың қалыптасуы мен пайдалану операцияларын тексеру

НҚ қалыптасуы мен пайдалануының операцияларын тексеру кезінде мыналарға ерекше көңіл бөлу керек:

1. Мүліктердің түрлерін НҚ қосудың дұрыстығын

2. Келісімнің немесе сатып алудың бағасының, тозуының және алғашқы құны көрсетілген тізімі барлығы;

3. Кәсіпорынның НҚ құрамына қосылуға тиіс емес, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектісі барлығын иә жоқтығын;

4. Ереже бойынша баланс есебінен төмен болуға тиіс емес, тура нарықтық бағасының қойылуына;

5. НҚ қайтарымсыз берілген уақытта ҚҚС төленетіні

Негізгі қорды жалға алу мен жөңдеудің аудиті

Тексеру кезінде мыналарға көңіл аудару қажет:

1. Мүлікті жалға беру келісімшартымен жүзеге асады және қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді;

2. Жалға беруші жалға берілген мүліктен түсетін қаржылық нәтижені келешек кезендегі табыс немесе пайда ретінде көрсетіледі;

3. Егер келісімшартта далға алынған НҚ жалға алушының қаржысы есебінен капитал салу қаралған болса, онда жалға алу мерзімі біткеннен кейін ол жалға алушыға өтеусіз беріледі, НҚ өткізу бухгалтерлік жазбалармен өтелімсіз мүлде қалдырылады;

4. Ағымдағы жалға алу кезінде жалға алынған НҚ есебі жалдау келісімшартында көрсетілген алғашқы бағасы бойынша жүргізіледі;

5. Ұзақ мерзімге алынған НҚ есебі «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі қор» қосалқы шотында жүргізіледі, ал жалға төлем ақысының есеп айырысуы «Жалға алу міндеттемесі түсуіне қарай» шотында жүргізіледі.

НҚ тиімді пайдалануды анықтау тексерудің ең маңызды үрдісі болып табылады. Ол үшін аудитор негізгі қордың қалыптасуы мен тиімді пайдалану туралы деректерге әртүрлі тәуелді есеп айырысулар мен көрсеткіштерге, коэффициенттерге елеулі талдау жүргізу керек.

Оның ішінде қордың тиімділігінің коэффициенті, қордың жабдықталуы, айналымдылығы, жаңалануы, шығарылуы және НҚ тозуы, сондай-ақ экстенсивті, интенсивті және НҚ түсетін салмақтың бірігуі және т.б. есептеледі.

МЕА аудиті ретінде қалыптасуды, іс жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігі, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылылығы, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор МЕА алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

a) Жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалды) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;

b) Бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайда келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

c) Басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.

Белгіленуі мен атқарылатын функцияларына байланысты МЕА үш негізгі топқа бөлінеді:

1. Санаткерлік меншік;

2. Мүліктік құқықтар;

3. Кейінге қалдырылған шығындар.

Санаткерлік меншікке мыналар жатады: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер, жаңалықтар, сауда белгілері, ноу-хау, гудвилл.

Мүлік құқықтарына: табиғат ресурстарын (жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін пайдалану құқықтары.

Кейінге қалдырылған шығындарға: ұйымдастыру шығыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

Материалды емес активтерді тексергенде мынандай жағдайға ерекше назар аудару керек:

1. «Гудвилл» - фирма бағасы – ереже бойынша - дамыған елдерде бір мүліктік-қаржылық кешен (МҚК) ретінде фирма құны мен оның активтерінің (АҚҚ) құнының айырмашылықтарын сипаттайтын құндық санат:

Гти=МҚК-АҚҚ

2. «Гудвилл» отандық есепте конкурс пен аукционна жекешелендіру үдерісі заңдылықпен, яғни мынандай тәртіппен белгіленген: отандық фирма сатып алатын мүліктің сатылып алынатын бағасы (СБ) мен балантық құнының (БҚ) арасындағы айырмашылығы арасында;

Грес=СБ-БҚ

3. Азаматтың интеллектуалды және іскерлік сипаты МЕА ретінде танылуы тиіс емес, өйткені оның еңбекке деген қабілеттілігі мен біліктілігі одан бөліне алмайтындығы және басқа біреуге беріле алмайтыныдығы басты себеп.

4. Объектіде МЕА-дің барлығы туралы факт құжатты түрде жасалған ба? Есепке алынған МЕА-дің кез келген объектісі жарыққа шығарылуына объективті нысанда мүмкіндігі болуы тиіс.

5. Өнертабыс құқығын алу, пайдалы модельдер, өндірістік үлгілер, соған сәйкесті лицензиялық келісімшартпен бекітіліп, Патенттік ведомствода тіркелуі тиіс:

a) Кәсіпорын ноу-хауды алғанын көрсету үшін оның кескін суретіне немесе сипаттамасына ие болу қажет;

b) Тауар белгісін немесе қызмет көрсету белгісін сатып алу Патент ведомтвосында тіркелген шегерім жөніндегі келісімшартымен бекітілуі тиіс. Мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында, әсіресе мейрамханалардың асүйінде дайындалатын тамақтардың рецептурасы жарғылық капиталға қосылуы әбден мүмкін.

6. МЕА-дің алғашқы құнының бағасы дұрыс көрсетілген бе? Ол мынадай жағдайларда анықталады:

a) Жарғылық капиталға екі жақтың келісімімен салынған жағдайда;

b) Басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған жағдайда және алуға нақты кеткен шығын мен осы объектіні дайын жағдайға келтіруге кеткен шығынды (ҚҚС пен арнаулы салықсыз) есептей отырып, кәсіпорында объектіні құру;

c) Басқа кәсіпорындар мен адамдардан сараптау жолымен қайтарымсыз алу.

7. МЕА-дің алынғанын, пайдаланғаны мен шығарылғанын растайтын құжаттар бар ма? Мысалы кәсіпорынға МЕА түскені туралы қабылдау-беру актісі (МЕА-1) жасалуы тиіс, ал қозғалысы, пайдаланылуы мен шығарылуы туралы деректер (МЕА-2) нысанды есеп карточкасында көрсетілуі тиіс.

8. МЕА-дің объектісі кәсіпорын балансынан дұрыс есептен шығарылған ба?

9. МЕА тозуы дұрыс есептелген бе? Жалпы ережеге сәйкес, амортизацияның тіркелім көлемі ай сайын мөлшерге байланысты және оның пайдалы қызметінің мерзімі мен алғашқы құнын есепке алып (кәсіпорынның құрылған мерзімінен артық болмайды) анықталады. Пайдаланылған объектінің кіріс немесе басқа тиімділігін кіргізе бастаған уақыты пайдалы қызмет мерзімі деп есептеледі. Тиімді пайдалану мерзімі анықтау қиын немесе мүмкін емес МЕА бойынша амортизациясын тіркеу 10 жыл мөлшерінде белгіленеді. МЕА белгілі бір түрлері бойынша амортизация тіпті есептелмейді. Бұлактиветр туралы уақыт өткен сайын құны немесе пайдаланғандағы кіріс төмендемейтіндігі туралы әрқашан сенім болады. Мұндай активтерге әлем тәжірибесінде ноу-хау, тауарлық белгі және т.б. құқығы жатады.

10. МЕА жинақтамалы және талдаулық есебі дұрыс жүргізіле ме:

a) 2710-«Гудвилл» шотының шағын топтары бойынша, 2720-«Гудвиллдің құнсыздануы», 2730-«Басқа МЕА», 2740-«Амортизация және басқа да МЕА құнсыздануы», оның ішінде «Лицензиялық келісім», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Патенттер», «Ұйымдық шығындар» қосалқы шоттардың құнсыздануы;

b) МЕА дебеттік салым шотындағы 2710-«Гудвилл» шотының шағын топтары бойынша, 2720-«Гудвиллдің құнсыздануы», 2730-«Басқа МЕА», 5020- «Төленбеген капитал» қосалқы шотына салу;

c) МЕА заңды немес жеке тұлғалардан сатып алғанда немесе кірістендіргенде төлемге дейін 2710, 2720, 2730 дебет шоттарында және 3320- «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиттік берешек» сондай-ақ 3310, 3240, 1010 және 1040 кредиттік қосалқы шоттарында көрсеткен кезде.

11. МЕА амортизациясының есеп айыруы журналдық ордерлік есеп нысанына 2740-«Басқа да МЕА амортизацтясы мен құнсыздануы», сондай-ақ «Лицензиялық келісім», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Патенттер», «Ұйымдастыру шығындары», қосалқы шоттары да қосылады.

12. МЕА қосалқы шоттарында бухгалтерлік өткізбелер дұрыс жасалған ба?

13. МЕА жинақтамалық және талдау есептерінің деректері және Бас кітаптағы жазбалар мен басқа да бухгалтерлік тіркемелердегі деректер сәйкес келе ме?

14. МЕА құру кезіндегі барлық шығындар 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шағын топты шоты мен «МЕА құру кезіндегі шығындар» қосалқы шотына жинақталады.

15. Субъектінің ұйымдастыру шығындары (ҚЕХС қашанда МЕА сипатында танылмайды) әкелінген шығындардың нақты бағасы

16. Пайдаланудағы МЕА амортизациясын есептеу:

a) Құрылыстарда, кәсіпорынды қайта құруда және басқа да капитал салымындағы Дт 2930 шағын тобындағы шоттың, Кт 2740 «Басқа да МЕА амортизациясы мен құнсыздануы. Дебеттің шағын топтарындағы 1420,1210 шоттары, Кт шағын топтарындағы 3310,3320,3130,3390 шоттарындағы ҚҚС сомасына

b) Өнім өндірісіне, орындалған жұмыс пен қызмет туралы Дт 8040, Кт2740

c) Өнімдерді өткізу үдерісіне, жұмыс пен қызмет туралы Дт7110, Кт2740

d) Жалпы және әкімшілік шығындар Дт7210,Кт2740

17. Нәтижесінде МЕА шығуы:

1. Өткізуге байланысты есептен шығару

 Қалдық бағасы бойынша Дт 7410 Кт 2710,2730

 Амортизацияның жиналып қалған сомасына Дт 2740 Кт 2710,2730

 Келісілген бағаға (ҚҚСынсыз) Дт 1210, Кт 6210, Дт1210 және Кт 3130 ҚҚС сомасына

2. Қайтарымсыз беру

 Баланстық бағаға Дт 7410 Кт 2710,2730

 Амортизацияның жиналып қалған сомасына Дт2740 Кт 2710,2730

 ҚҚС сомасына Дт 7210 Кт 3130

3. Жарғылық капиталға салым ретінде

 Баланс бағасы Дт 7410, Кт 2710

 Амортизациянын жиналып қалған сомасына Дт 2740, Кт 2710, 2730

 МЕА келісілген құнына (баланстық бағасынан жоғары болса) Дт 2040, 2210, 2310 Кт 6210

 МЕА келісілген құнына (баланстағыға сәйкес келсе) Дт 2040, 2210, 2310 Кт 2710, 2730

 Тозудың бұрын аударылған сомасына Дт 2740 Кт 2710, 2730

18. МЕА өткізуден түскен кіріс 6210 «Активтерді шығарудан түскен кіріс», 1070 «Арнаулы шоттардағы қаржылық қор»,1040 «Кассадағы теңгедей қаржылық қор»,2110 «сатушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,1210 «сатушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді деб.берешегі»,1280 «Басқадай қысқа мерзімді деб.берешек»,2180 «Басқадай ұзақ мерзімді деб.берешек» шоттарына.