Нашар еститін оқушыларды арнайы оқыту

Нашар еститін оқушыларды оқыту үрдісін ұйымдастырған аталған балалардың ерекшеліктерін ескеріп бірқатар спецификалық міндеттер анықталған. Нашар еститін оқушыларды оқыту ерекшелітерін қарастырайық.

Нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері сөйлеудің фонетикалық бұзылысымен, сөздік қорды меңгерудегі қиындықтармен, сөйлеу тілдің грамматикалвқ қатарының бұзылуымен, айтылған сөзді түсінудегі қиындықтамен көрінеді.

Нашар еститін балалардың дыбыстап айту кезінде артикуляторлық әрекеттерді толық орындамауы, дыбыстарды алмастыруы тән. Дыбыстап айту кезіндегі қателіктерге дыбысталуы ұқсас дыбыстарды алмастыру, сөйлеу кезінде сөздің аяғын дұрыс айтпау, буындарды тастап кету, т.с.с жатады.

Лексикасының ерекшеліктері сөздік қорының шектеулігімен, сөздердің мағынасын түсінбеуімен және оларды дұрыс қолданбайтындығынан көрінеді. Сөздік қорды меңгеру барысында нашар еститін оқушылар ең алдымен күнделікті тұрмыста қажетті, мағынасы жеңіл сөздерді меңгереді.

Нашар еститін балаларды оқыту барысында жалпы дидактикалық қағидалардан басқа түзете-дамытушылық бағытты және білім беру үрдісінің компенсаторлық негізін қамтамасыз ететін, білім беруді ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, тәсілдері мен формаларына әсер ететін арнайы қағидалар да жүзеге асырылады.

Қарым ­–қатынас құралы ретінде ауызша сөйлеу тілінжәне естіп қабылдауын бірге дамыту қағидасы. Аталған қағиданы жүзеге асыру әдісі мен тәсілі оқушылардың естуінің жағдайы мен сөйлеу тілінің дамуына, жеке ерекшеліктеріне байланысты. Естіп қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар үшін сөздік материалдар күнделікті тұрмысқа қажеттілігене қарай таңдалады. Сөздік материалдардың көлемі мен мазмұны ақырындап күрделеніп отырады. Сондай-ақ, балалар сабақ кезінде есту арқылы таныс материалды да, таныс емес материалдарды да қабылдап үйренеді.

Оқу материалдарын полисенсорлы негізде қабылдау қағидасы. Нашар еститін оқушылар оқу үрдісі барысында оқу материалдарын қабылдауда кездесетін қиындықтардың алдын алуға бағытталған. Осындай қиындықтардың бір себебі ­– қоршаған орта туралы мәліметтердің шектеулігі. Нашар еститін балаларда есті қабілетінің төмен болғаны салдарынан түрлі акустикалық сигналдарды (тілдік және тілдік емес) қабылдауы ғана бұзылмайды, сонымен қатар, барлық анализаторлар жүйесінің іс-әрекеті толығымен бұзылады. Сол себепті оқу барысында қоршаған ортаны тану үшін сенсорлы тәжірибесінің мол болуына көп көңіл бөлінеді.

Айтылған сөздерді түсінуі мен өз бетімен сөйлем құрау кезіндегі қиындықтарды жеңуде барлық анализаторлардың іс–әрекетін қолданады. Сол себепті нашар еститін оқушыларды оқыту барысында сақталған анализаторларды, соның ішінде көру анализаторын қолдануға ерекше көңіл аударады. Сонымен қатар, тактильды, жылулық және басқа да сезім мүшелері қолданылады. Сонымен бірге естіп қабылдауын дамыту және ауызша сөйлеп үйрету кезінде зақымдалған анализатор–есту анализаторына сүйенеді.

Нашар еститін оқушылардың айтылған сөзді түсіну қиындықтары салдарынан жазбаша сөйлеу тілі, дактилология сияқты көмекші тәсілдер кеңінен қолданылады.

Оқытудың сөздік қорын кеңейтуге, байытуға және нақтылауға және өз бетімен меңгерген сөздік дағдыларын түзетуге бағытттау қағиадсы. Нашар еститін балалар өз беттерімен шектелген, өзгертілген болса да сөйлеу тәжірибесін жинай алады. Олардың осы мүмкіндіктері оларды естімейтін балалардан ерекшелейді. Нашар еститін оқушыларды оқыту барысында осы өз беттерімен меңгерген сөздік материалдарын нақтылау, түзету, белсендендіру бойынша жүйелі жұмыс қарастырылған.

Нашар еститін балаларға арналған түзету мекемесінде жалпы білім берудің үш сатылы білім беру бағдарламасының деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады.

І саты – бастауыш білім беру (1бөлімде 4-5 жыл, 2 бөлімде 4-5-6 жыл);

ІІ саты – негізгі жалпы білім беру (1 және 2 бөлімде 5-6 жыл);

ІІІ саты – орта (толық) жалпы білім беру (1 және 2 бөлімде 2 жыл).



php"; ?>