Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

1-ші тақырып. Кіріспе сабақ. Демография, диаспоралогия пәндері және олардың міндеттері. Диаспоралогия және диаспора ұғымы

1. Диаспорология және диаспора ұғымы.

2. Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері

Тапсырма:

1. ҚарМУ-дың кітапханасындағы каталогпен танысыңыз.

2. Пәнге қажетті соңғы бес жылдағы кітапхана қорындағы әдебиеттер шифрымен танысып, библиографиялық тізімін құрыңыз.

3. Оқылған материалдарды жүйелеу үшін пәнге қажетті зерттеулерді кезеңге бөлу жүйесін есепке алыңыз.

Зіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

«Қазақ диаспорасының тарихы» курсы бойынша семинарлық сабақтың мақсаты:

- отандық тарихтың негізгі оқиғаларын тереңдете оқыту;

- студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту және танымдық белсенділіктерін арттыру, олардың осы пәнге қызығушылықтарын арттыру;

- оқу процесінде алынған білімдерді іс-тәжірибеде қолдану;

- сауаттылық, тарихи терминдерді қолдана білу, әртүрлі деректермен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істей білу;

- ұйымдастырушылыққа, өзіндік жұмыс істеуге, жауапкершілікке және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Семинарлық сабақтың тапсырмасы курстың әрбір тақырыбымен сәйкестендіріліп құрылады. Семинар сабаққа кіріспес бұрын, тапсырманың барлық түрін дұрыс ойланып алу қажет. Каталогпен жұмыс істеу кезінде Қазақ диаспорасының бойынша, оның ішінде белгілі бір кезең бойынша, жалпы деректер мен әдебиеттер бойынша мәліметтерді анықтап алу қажет. Библиографиялық сипаттама бір-бірімен қатаң анықталған бірнеше элементтерден тұруы, құралуы қажет.

Қазақ диаспорасының тарихын кезеңдеумен танысқан кезде оны меңгеруге әр түрлі жақтан көңіл бөліңіз, мүмкіндігінше кезеңдестірудің әр түрлілерін салыстырып қараңыз. Бұл тарихи оқиға жөнінде нақты уақытты анықтауға көмек береді.

Курс бойынша жазба жұмысын жазудың әдіснамасы және рәсімдеу талаптары. Жазба жұмысын орындаудың міндетті шарттары болып: сыртқы беттің болуы, жұмысты тарауларға бөлу, тараудың атымен және параграфтың сәйкестенуі; кіріспе және қорытынды; берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттерді қосқанда 10-12-ден аз болмауы қажет. Баяндаманың көлемі 8 беттен аз болмауы қажет. Ал реферат-12, курстық жұмыс-35 беттен артық болмауы керек. Қаріп өлшемі 14, жоларалық бос орын 1. Қолмен жазылған нұсқасы жазуға қарамай 3-4 бетке артық болуы қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімінің ішінде келесі элементтер тізімі болуы қажет: автордың аты жөні, тегі: кітаптың аты; тарау алды мәлімет; оның жанрын нақтылайтын (қос нүктеден кейін); томдардың, бөлімдердің, басылымдардың санын көрсету (араб цифрымен); басылған жері (қала), басылған жылы. Шығарылған жылын көрсеткен кезде «жыл» деген сөз жазылмайды, мысалы, 2010-ж. деп жазылады.

Негізгі әдебиет: [1, 3, 4, 7, 8, 9, 12, 13, 15.]

Қосымша әдебиет: [ 12, 15, 16, 21, 25, 28, 30.]

 

Ші тақырып. Қазақтардың шет елдерге көшу кезеңдері.

Сұрақнама:

1. Шетелдердегі қазақ ирредентасы мен диаспорасының пайда

болуы.

2. Қазақтардың шетелге кету кезеңдері.

3. Қазақ диаспорасының қоныстану аумағының кеңеюі.

Тапсырма:

1 Сұрақтар шеңберіндегі негізгі ғылыми зерттеулер мен деректерді, ғылыми мақалаларды пайдалана біл.

Зіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

ХVІІ—ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар қақтығыстары кезеңіндегі Қазақ мемлекетінің шекарасын анықтау ең бірінші қажеттілікке айналып отыр. Көпжылдық соғыс кезінде жоңғар жеріне шектес жатқан Жетісу аймағындағы жайылымдар үшін күрес қызу жүрді. Әсіресе “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деп аталған қайғылы жылдары қазақ халқы азып-тозып, бет-бетіне шашырап кетті. 1723—1725 жылдары, демограф М.Тәтімовтың есебінше, қазақ халқының шығыны 1 млн 100 мың адам болған. Қазақтар атамекенінен ауа көшіп, Ұлы және Орта жүздің бірсыпыра рулары Орта Азия мен Ресейге бағыт алды. Бұл кеткен қазақтардың көпшілігі отанына қайтып оралған жоқ, өйткені 1758 жылға дейін Жетісудың бір бөлігі, Орта Азияның солтүстік аудандары, Түркістан және Ташкент қалалары Жоңғарияның қол астында қала берді. Жоңғар хандығын Цинь империясы жойып жібергеннен кейін қазақ жерлері де Қытай қарамағына өтіп кетті.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 4, 6, 8, 9, 11, 13, 15.]

Қосымша әдебиет: [21, 25, 28, 30.]