Аудармашылыққа кәсіби мамандану негіздері

 

Мақсаты:

- Аударманың жалпы және жеке теориясы А.Поповичтің аударматану ғылымын жүйелеп жіктеуін түсіндіру

Жоспар:

- Аударманың жалпы дедуктивтік және индуктивті теориясы.

- Аударманы зерттеп, сараптау, талдау туралы түсінік. И.С.Алексееваның аударма теориясын түрге бөліп, талдауы.

- Аударманың мән-маңызы.

Кілт сөздер: аударма үдерісі, шығармашылық тұлға, тілдік сәйкестік, тілдік орта, интерпретатор, шығармашылық мектеп, шығармашылық шеберхана, мәдениетаралық коммуникация дәнекері, синоним, синонимдік қатар, коммуникативтік акт.

 

Аударманың жаңа тілдік ортада қабылдануында оны қайта жаңғырту әрекеттері мен оны қайта жаңғыртушы аудармашының тұлғасы көрініс табады. Аударма өзге тілді ортада сөз өнерінің жеке бір шығармасы ретінде өмір сүріп, сол шеңберде қабылданып, бағаланады.

Салыстырмалы әдебиеттану тұрғысынан алсақ, ол түпнұсқамен, сол тілдегі басқа да аудармалармен, типологиялық құбылыс ретінде өзге тілдегі аудармалармен де салыстырыла алады, ал олардың арасындағы айырмашылықтар тілдік ерекшеліктерге, ортаға, уақытқа, оқырман қабылдауына, әдеби дәстүрлерге және т.б., әсіресе, аудармашының жеке даралығына байланысты. Осы ретте белгілі бір тілде жазылған көркем шығарма аудармашының шығармашылық ой елегінен өтіп, жаңа кескін-келбетке ие болады.

Түпнұсқа тілі мен аударма тілі арасындағы тілдік сәйкестіктерді анықтаудан бастап, аударматануда аудармашылық үдерісті көп қырлы құбылыс ретінде ұғыну барысында тілдік қалыптар ғана емес, сондай-ақ әлем мен жағдаятқа тілдік көзқарас пен қатар жалпы мәдениет ұғымымен анықталатын тілдік емес факторлар шеңбері де салғастырылады. Осы үдерісте аудармашының шығармашылық тұлғасы басты рөл атқарады. Кез келген тілдің тек өзіне ғана тән құралдары, ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Қандай бір образды немесе сөзді аудармада дұрыс жеткізу үшін кейбір тұстарда оларды өзгертуге тура келеді. Бұл кезде сол образдың немесе сөздің сыртқы көрінісінің сәйкестігін сақтап қана қоймай, яғни аудармада түпнұсқаның ішкі көрінісінің сәйкестігін сақтау маңызды.

Сондықтан да аудармашы аударма жасалатын шет тілін, сол елдің мәдениетін, сонымен бірге өзге тілді, оның құрылым ерекшелігін, оның бөлшектерінің өз ана тілінің бөлшектерімен өзара байланыс қисынын көрсету үшін ана тілінің мүмкіндіктерін сарқи пайдаланатындай терең меңгеруі тиіс.

Түрлі тілдер тасымалдаушылары арасында қабылданған сөйлеу нормалары туралы көзқарастардың бір-біріне сәйкес келмеуі де аудармашы үшін ауыр сын. Кез келген аударманың деңгейі аудармашының білім деңгейінен, таланты мен тәжірибесінен хабар береді. Соған қоса аударма үдерісінде дұрыс шешім қабылдау аудармашының шығармашылық сезімталдық қабілетіне байланысты. Шығарманың сюжетін, кейіпкерлерін жасау автордың еншісінде болғанымен, аудармашы өзге тілде түпнұсқаны қайта жасап шығады. П.М. Топердің пайымдауынша, көркем аударма – шығармашылық саласы. Осы орайда аудармашы алдын ала тілдік құралдарды тәртіппен таңдап қана қоймай, өнер туындысын басқа тілдік, әлеуметтік, тарихи жағдайларда қайта дүниеге әкеледі. Осылайша ғалым көркем аударманың заңдылықтарын өнер саласына жатқызады. Ә. Сатыбалдиев аудармашы қызметінің шығармашылық сипаты туралы былай деген: «Аудармашылық − нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей еріккеннің ермегі емес.

Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.. Аударматануда аудармашыны көбінше әртіспен немесе пианистпен салыстырады. К.И. Чуковский аудармашы жұмысының шығармашылық сипатын, оның бойындағы әртіске тән қасиеттерді ерекше атап көрсеткен: «Переводчик – раньше всего талант. Для того чтобы переводить Бальзака, ему нужно хоть отчасти перевоплотиться в Бальзака, усвоить себе его темперамент, заразиться его пафосом, его поэтическим ощущением жизни»

Кез келген аудармашы шығармашылық әлемнен орын алатын дара тұлға болып есептеледі. Өйткені аударма үдерісінің нәтижесінде оның өз шығармашылық мектебі, шығармашылық шеберханасы, өзіндік қолтаңбасы қалыптасады. Басқа мамандықтармен салыстыратын болсақ, аудармашы мамандығының ерекшелігі осы жеке даралық сипаттан тұрады. Аталмыш мамандықтың күрделілігі де, айрықша қызығушылық тудыруы да осының 20 айғағы, себебі аудармашылық жұмыс барысында тез арада шешімін талап ететін, кейде күйзеліс жағдайына дейін апаратын интеллектуалдық мәселелер туындайды. Бұл жерде аудармашыға ешкім де көмектесе алмайды, бәрі де оның біліміне, мінез-құлқына, бір адамды басқа адамнан ажырататын психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты.

Аударма туралы, оның теориясы мен тәжірибесі туралы қажетті мәліметтермен қаруланған нағыз кәсіби маман туындаған мәселенің күрделілік деңгейін дұрыс анықтап, оларды шешудегі жалғыз дұрыс жолды таба біледі. Осыған байланысты аудармашының жұмыс барысындағы мінез-құлқы айрықша деуге болады. Ол аударманы оқитын, оны қабылдаушы аудиторияның көзқарасын сезінуі тиіс, аударылатын мәтіннің мағынасы ғана аудармашы үшін ең басты мақсат болып табылады. Осы ретте аудармашының өз дауысы мен мінез-құлқы бейтарап күйде болуы қажет. Аударма үдерісі туралы сөз қозғағанда, бір тілдегі мәтіннің өзге тілде тіларалық түрленуін немесе трансформациясын ғана емес, аудармашының аударма жасау барысында миында жүретін психофизиологиялық үдерісті де елестетеміз. Л.С. Бархударовтың пікірінше, аударма үдерісінде аударма теориясының ешқайсысында ескерілмеген жеке дара, бірен-саран сәйкестіктерді табу аудармашылық қызметтің шығармашылық сипатын көрсетеді.

Алайда, аудармашы аударма теориясын меңгермеген болса, онда аударманың коммуникативтік қызметі де, сәйкестігі де жүзеге асуы мүмкін емес. Осы арада аудармашы қызметін коммуникативтік акт ретінде, ал аудармашыны тіл, мәдениет, елдің ұлттық дәстүрлерін жақсы меңгерген, дүниетанымы мол мәдениетаралық коммуникацияның делдалы ретінде бағалауға болады. Түпнұсқа мен аударма мазмұндарының бірдей болуы мүмкін емес жайт болғанымен де, түпнұсқаның мазмұнын барынша толық жеткізу аудармашының басты міндеті болып саналады.

Екі тілде жасалған мәтіндердің мазмұнының барынша ортақтығын білдіретін сәйкестікті, аудармашылық сәйкестікті, аударма үдерісінде аудармашының қол жеткізетін түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің мағыналық жақындықтарын ажырата білу қажет. Аудармашының аударма үдерісіндегі рөлі, оның тұлғасының аударма мәтінге тигізетін әсері туралы мәселе көпшілік назарын аудартып, пікірталастар тудырып келеді. ХХ ғ. екінші жартысында аударма теориясы мен тәжірибесінде аудармашы рөлін «көрінбейтін» тұлға ретінде бағалап, аударма үдерісінде барынша бейтарап болуын талап етті.

Алайда осы пікірді аударматанушылардың барлығы бірдей қолдамады. Мәселен, белгілі американдық аударма теоретигі Д. Робинсон аудармашыны бейтарап аударма машинасы емес, оны мұндай рөлде көру мүлдем дұрыс еместігін жазады. Аудармашының жеке тәжірибесі, яғни оның сезімі, көзқарасы, мотивациялары, ассоциациялары аударма мәтінде мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажетті элементтердің бірі деп санайды. Аудармашының елеулі рөлін жақтаушылардың пікірінше, кез келген аударма түпнұсқаның бір ғана интерпретациясын білдіреді, сондықтан да аудармашы өзінің интерпретациялық іс-әрекетіне батыл кірісуі керектігін алға 21 тартады.

Алайда, оқырманның түпнұсқа авторы туралы пікірі аудармашының интерпретациялық көзқарасына байланысты қалыптасады. Сондықтан да ол өз интерпретациялық қызметін саналы түрде ой елегінен өткізе отырып атқаруы тиіс деп санаймыз. Әр аудармашының өзіне тән аудару тәсілдері бар, қазіргі заманғы зерттеу әдістері арқылы аудармашының жеке сөз бен сөз орамдарын, синтаксистік құрылымды, терминологияны және т.б. таңдауда аңғарылатын құштарлықтарын айқындауға болады. Мұндай талдау оның жұмыс сапасын бағалау үшін маңызды. Өйткені, қандай да бір ой әр тілде түрліше көрініс таба алады. Мәселен, ғылыми мәтіндерді аударуда ой дұрыс әрі түсінікті жеткізілу маңызды.

Көркем аударма түпнұсқаға жақын болып қана қоймай, аударылған шығарманың эстетикалық күш-қуатын сақтауы тиіс. Көркем аударманы ең биік өнер деп санаған К. Чуковский аударма өнерінің шеберлері жайлы: «Шебер аудармашылар орта кәсіпті аудармашылардан синонимдердің бай қорына ие болуымен айрықшаланады. Синонимдерді жинақтай отырып, аудармашы оларды тәртіпсіз үсті-үстіне үюі тиіс емес. Ол синонимдерді стиль бойынша дәл қолдансын, өйткені әрбір сөз сентиментальды, салтанатты, әзіл-оспақты, іскери стильге ие» (16, 62), – деп, синонимдік қатарды ретіне қарай қолдану аудармашылық шеберліктің бір қыры екендігін алға тартады. Профессор Ә. Тарақ синонимдік қатарды дұрыс таңдау аудармашылық шеберліктің нәтижесі деп атап өткен: «Аудармашы түпнұсқа мазмұнын жеткізу барысында мәтіндерді баламалы түрде аударуда бір немесе бірнеше синонимдік құрылымдарды дәл таңдап алуы аса қажет. Екі тілдің заттық-құбылыстық сәйкестілігі бойынша өзара мағыналас жекелеген элементтерді дұрыс таба білу – аудармашылық шеберлік нәтижесі. ...

Синонимді сәтті қолдана білу аудармашының тіл байлығының молдығын, тәжірибелігін, шеберлігін байқатады. Түпнұсқа шеңберінде осы барлық өмірлік оқиғалар, сезім мен күйініш-сүйініштер, образдардың портреттері мен олардың рухани-психологиялық әлемі аудармада қайта жаңғырады. Мысалы, кескін-келбеті, киім киюі, дауысы, сөйлеу нақышы, өзін ұстау мәнері сияқты адамның мінез-құлқын құрайтын барлық нақтылықтар абстрактілі құбылыстармен бірлікте, үндестікте болуы тиіс. Осы тұрғыдан алсақ, аудармашы да – жазушы. Ол шығарманы жазған жазушыға бағына отырып, бойына бір ғана мәдениетті емес, бірнеше мәдениетті, мәнерді сіңіріп, жазушы ретінде еңбек сіңіреді. Тіларалық байланыс кезінде автор мен оқырман арасында аудармашы тұлғасы көрініс табады. Тіл табиғатының жүйелі сәйкессіздіктері сияқты мәселелермен қатар өзгенің мәтінін аударуда аудармашының дүниетанымында қалыптасқан тұлғалық, әлеуметтік және басқа да факторлар шығармашылық қайта жаңғырту үдерісіне өз ықпалын тигізеді. Мәтінді түпнұсқа тілін білмейтін оқырманға таныстыру үдерісінде аудармашының рөлі мен жауапкершілік деңгейін бағалау қиын. Бұл жерде аудармашылық этика туралы сөз қозғау орынды. Аудармашы өз шығармашылық даралығын аударатын авторының еншісіне қарай шектеуге тырысуы тиіс. Аударма үдерісінде образдарды қайта жаңғырту мақсатында аудармашы негізінен төмендегідей үш шартты сақтағаны абзал: – образдың сыртқы портретін жасау; – образдың қызмет шеңберін қоғамдық ортамен байланыста суреттеу; – образдың ауызекі тілін қайта жаңғырту. Аудармашының басты шығармашылық өнерінің бір қыры – осы үш шартты өзара бірлікте сақтау, өйткені осы шарттардың әрқайсысы жекелей алғанда ешқандай мағынаға ие емес. Егер де аудармашы образдың сөзін, сөйлеу мәнерін ести алмаса, онда көзделген мақсатқа қол жеткізілді деуге болмайды. Аудармашы образдың ішкі жан дүниесін ашатын детальдарды суреттеуге қажетті сәйкес сөздерді іріктеуге аса мән беруі тиіс. Мұның барлығы да аудармашыдан еңбекқорлық, ізденімпаздық пен қатар асқан ыждаһаттылықты талап етеді. Ал, Н. Сыздықов аудармашы тұлғасына қойылатын жауапкершілік пен талапшылдыққа назар аудартады: «Көркем аударма – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын да қызық өнер деген ақиқаттың мәніне терең үңілмейміз. 23 Домбыра ұстап, «әу!» деп аузын ашқанның бәрі әнші-күйші еместігі сияқты, «аздаған желі бар» қалам ұстағанның бәрі аудармашы бола алмайтындығын зерделей бермейміз. Автордың, оқырманның, сосын жалпы әдебиет алдындағы зор жауапкершілікті сезінбейміз. Аударманың көркемдігіне қойылатын талаптарға жеңіл-желпі қарау сүйекке сіңген дертке айналған. Бейнелеп отырған өмір көріністері мен құбылыстарына авторша қарап, авторша толғанып, қаламды авторша сілтемейінше, ана тілінің образдық жүйесін жетік игеріп, орыс тілінің қыры мен сырын аша алатындай болмайынша суреткер аудармашы дәрежесіне көтеріле алмайтынымызды ескермейміз» (18, 7). Шындығында да, аудармашылардың «түпнұсқаны дұрыс түсіну үшін аудармашы әлемге автордың көзімен қарай білуі тиіс» деген қағидаға жүгінгені дұрыс деп санаймыз. Аудармашы әлемге өзі аударатын шығарма авторының көзімен қарай білуі тиіс. Аудармашы өзінің дүниетанымына ұқсас авторды дұрыс таңдай білуі оның шығармашылығын шабыттандыра түсіп, жұмысын біршама жеңілдетеді. Бұл жерде аудармашы мен жазушы арасында рухани үндестіктің болуы заңды құбылыс. Осыған байланысты Қ. Нұрмаханов: «Бір авторды стилі, рухы, творчестволық табиғаты жағынан жақын бір адам аударсын, сонда аударма сапасы тәуір болып шығады» , – деген пікір айтады.

Дәрісті қорытындылау:

- Аударматануда аударма үдерісі бірауыздан шығармашылықтың бір саласы ретінде қарастырылады.

- Аудармашы қос тілдің қыр-сырын меңгерген, жазушылық қабілет пен жан-жақты білімге ие, ұдайы ізденіс пен тәжірибенің арқасында шыңдалатын шығармашылық тұлға деп тұжырымдаймыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Аудармашы қызметінің басты ерекшеліктері мен психофизиологиялық сипаты.

2. Автор мен аудармашы арасындағы байланыс түрлерін атаңыз.

3. Аудармашы қызметінің шығармашылық, даралық сипатын анықтаңыз. 4.Аудармашының шығармашылық шеберханасына шолу жасаңыз.

5. Аудармашы этикасы.

6. Аудармашының көркем мәтінді интерпретациялау үдерісіндегі интерпретаторлық рөлі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Виноградов В.В. О теории художественной речи. – М.: 1971. - 231 с.

2 Комиссаров В. Теория перевода. – М.: Высшая школа, 1990. -250 с.

3 Швейцер А.Д. Теория перевода. Статус проблемы, аспекты. – М.: 1998. – 118 с.

4 Гарбовский Н.К. Теория перевода. – М.: МГУ, 2004. – 543 с.

5 Топер П. Традиции реализма (Русские писатели XIX века о художественном переводе). Вопросы художественного перевода. М., 1955.

6 Бархударов Л.С. Язык и перевод. –– М: Международные отношения, 1975. – 237 с.

7 Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. – 229 б.

8 Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. – Санкт- Петербург: Союз, 2001. – 276 с.

9 Нұрмаханов Қ. Дәстүрлі достық. – Алматы: Жазушы, 1972. – 289 б.

 

5. Аударма теориясы және оның қалыптасып дамуы.

 

Мақсаты:

Аударма ісіне кәсіби маманданудағы аударма теориясының қажеттілігін айқындау.

Жоспар:

- Аударма теориясының қалыптасып дамуы мен кеңестік кезеңдегі аударматану ғылымының негіз қалауы.

- Әлем әдебиетінің аудару дәстүрінің басталуы.

- Аударма ісі туралы зерттеу еңбектердің жазылуы, оның жаңаша бағыт алуы.

- Аудармашы лингвистикалық негізде зерттеу.

Кілт сөздер: әдеби байланыс, көркем аударма, қазақ-орыс әдеби байланысы, сатылы аударма, орыс классикалық туындылары, компаративистика, ішкі және сыртқы байланыстар, әдеби байланыстағы ауыс- түйістер, сентиментальды роман, психологиялық талдау әдісі.

 

Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп,үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып,кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды.Ол қазіргі заман талабына сай-аудармашылық мамандық.

Аударма –бұл өте күрделі және көп салалы адами іс -әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”,бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен,әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың.

Аудармашылықпен мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар айналысады. Аудармашылық қызметтің әр жақтылығы басқа да ғылыми жұмыстырдың қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да аударма ісі туралы ғылымнда- аудармашылықта әртүрлі мәдени когнитифті, психологиялық, әдеби және де басқа аспектілер бөлініп шығуы мүмкін.

Бірақ қалыптасқан дәстүрлі таным бойынша аударма ісінде ең маңызды рольді тілдер атқарады деп есептеліп келді, бұл тұжырым ғылыми негізде дәлелденді де, әйтсе де, қазіргі замандағы аударма ісінде тілдік теорияға басты назар аударылады. Аударма ісін тіл біліміне қызығушылық мақсатына жатқызғандықтан, бірталай қиындықтар туындағанын және сол қиындықтарды жеңу мақсатында біршама істер атқарылғанын ескере кеткен жөн. Әлі күнге дейін көптеген лингвистикалық зерттеулердегі фундаментальды жұмыстарда аударма ісінің лингвистикалық зерттеудің маңызды бір бөлігі болып табылады деген тұжырым айтылмайды да, алайда Р. Якобсон өз жұмыстарында бұрынырақта бұл туралы былай деген: “Іс жүзінде кеңінен тараған тіларалық коммуникация тәжірибесі, оның ішінде айрықша көрінетін аудармашылық қызмет үнемі лингвистикалық ғылымның бақылауында болуға тиісті.”

ХХ ғасырдың І жартысында көптеген тілшілер аударма ісінің мәселесіне (проблемасына) қызығушылық танытпады, сондықтан лингвистикалық ғылымда структурализм (құрылымдылық) идеясы пайда болды. Олар лингвистиканы “нақты” ғылымдар санатына жатқызу үшін Соссюрдің “Өзімде және өзім үшін ” қағидасын қолдады да, “ішкі лингвистика” немесе “ микролингвистика” тұжырымдарымен шектелді.

Тіл ғылымындағы нақтылық пен обьективтілікке көз жеткізуді көздеген тілшілер тілдік құрылымның мынадай жақтарына басты назар аударды: тілді міндетті түрде бақылауға алу, пайымдау, өлшеу, сынау, дәлелдей отырып суреттеу және жүйелеуді: дыбыстық, морфемалық және тілдің лексикалық құрамын, оның синтаксистік құрылымы, синтагматикалық және парадигматикалық байланыстық бірліктерін, сол бірліктердің сәйкес келу, тілдің мәтінге таралуын (дистрибуция), оның қолданудағы жиілігін т.б. қарастырды.

Нәтижесінде тіл білімі көптеген тілдердің құрылымдық ұйымдастырылуының ғылыми анализінде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Алайда тілді үйренудегі структуралистік (құрылымдық тіл білімі) ағым тілді мазмұн жағынан зерттеу туралы логикадан бас тартуға мәжбүр етті. Сондықтан тіл туралы барлық тұжырымдардың ғылыми негізі жоқ, “менталистік ”делінді де, семантикада тіл туралы ғылымға орын болмады. Сол себепті талдауға ұшыраған максимальді тілдік бірлік сөйлемге айналды, өйткені одан ірірек тілдік бірліктер, яғни мәтіндерді, олардың семантикалық құрамына назар аудармай обьективті түрде талдау мүмкін емес еді. Сондықтан мұндай лингвистиканың аударма ісінің көкейкесті мәселелерін (проблемаларын) шеше алмайтыны түсінікті. Өз тарапынан аудармашылар аударма ісі қызметін зерттеуде тілдік ғылымдағы роліне немқұрайлы салғырт қарады, мұның себебі, аударма мазмұнын бөтен тілден аударып беру үшін аударып жатқан тілдің барлық құралдарын пайдалану керек болды. Көпшілікке тараған пікір бойынша, аударма ісі кезінде тілдік факторлар қосалқы мағынаға ие болады, музыкалық шығармалардағы дүниеге әкелу барысындағы нота жазу білімі білімі сияқты. Аударма ісі, негізінен –бұл тіпті де лингвистикалық операция емес және тіл білімі аударма ісі теориясына көп ештеңе бере қоймайды.

Бірақ лингвистер аударма мәселесін (проблемасын) тілге тиек етіп қоймай, аударылмайтын теорияның пайда болуы туралы қосалқы түсінікке негіз берді, бұдан аударма ісі жұмысы мүлдем болмайды деген ұғым туды. Ақындар, сыншылар және әдебиетшілер көркем шығарма аударылған кезде түпнұсқадағы көркемдік ерекшелік сақталынбайды деп күдіктенді, көркем шығарманың ұлттық ерекшелігі, көркемдігі, мәдени-тұрмыстық ассоциациясы тағы да басқа ерекшеліктері, тілшілерге белгілі сөздік құрамның дәйектілігі, маңыздылығы, әрбір тілдің грамматикалық құрылымы ескерілмейді де, барша түпнұсқалық мәтіндер өз мәнінде аударылмайды, аударылуы да мүмкін емес деген қорытындыға келді.

Әйтсе де тіл білімінің аудармамен кездесуі ХХ ғасырдың ІІ жартысының басында жүзеге асты. Бұған бірнеше обьективті және субьективті факторлар әсер етті, бұл факторлар аударма ісіне де , лингвистикаға да өзінің түбегейлі өзгетістерін енгізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай ақпараттық жарылыс деп аталған дүмпу болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында бір-бірімен ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс “аудармашылық жарылыспен” қатар жүрді де, дүние жүзінде аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті.

Аударма ісінің жаңа түрлері пайда болды: синхронды аударма, кинофильмдерді дыбыстау, радиохабар, телехабарлама аудармалары. Көп мөлшерде аударылған кітаптардан басқа, ауызша және жазбаша аударылған материалдар жиынтығы әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қолданыла бастады. Аударма ісімен тек кәсіби аудармашылар ғана айналыспады, бұл іспен басқа да мамандық иелері, шетел тілдерін білетін инжинер, кітапханашылар, елшілер, хатшылар (референттер), мұғалімдер, ақпараттық орталық мамандары да айналыса бастады. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың қажеттілігі туды. Ендігі жерде кәсіби аудармашыны бұрынғыдай “жекелеп оқыту” деп аталатын әдіс (методикасы) бойынша даярлау қажеттігі болмай қалды. Бұрынырақ аталған әдіс бойынша бір тәжірибелі маман бірнеше оқушыны даярлай алушы еді, осылайша оны аудармашы шеберлігінің қыр-сырымен таныстыратын. Дүние жүзінің барлық елдерінде аударма ісі, аудармашылар мектептері ашыла бастады.

Арнайы факультеттер университеттерде бөлімшелер тағы да басқа оқу орындары пайда болды. Енді осыған сай оқу жоспары мен бағдарламалар жасаудың қажеттігі туындады. Аудармашылық қызметтің бұрын-сонды болмаған аясының кеңеюі және кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма құбылысына (феноменіне) жаңаша көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етті. Лингвистердің назарын аударма мәселесіне (проблемасына) бұруда үлкен роль атқарған жайт — аудармашылық қызметтің сапасы жағынан өзгеруі болатын. Әлі де болса әлем бойынша ең көп аударылған көркем әдеби шығармалар болса да, бірінші орынға сан жағынан да, сапа жағынан да көркем-әдеби емес ақпараттық аудармалар шықты. Оларға ғылыми-техникалық, қоғамдық–саяси, экономикалық, заң ісіне байланысты аудармаларды жатқызуға болады.

Егер көркем шығармаларды аударуда аудармашылық ең негізгі мәселесі (пороблемасы) түпнұсқаның әдеби-эстетикалық көркемдігінің және автордың өзіне ғана тән ерекшелігін сақтап аудару болса, ақпараттық аудармада қиындықтар кездесті, атап айтқанда қиындықтар лингвистика жағынан болды. Бұл жерде аударылған мәтіндер жиі анонимді (жасырын) түрде аударылды, жалпы стандарттық тілде жазылды, жеке авторлық ерекшеліктері ескерілмеді, аударма мәселелері (проблемалары) негізінен екі тілдің бірлігіндегі ерекшеліктері мен маңыздылығы жағынан анықталды.

Егер аударма ісі қызметіндегі өзгерістер лингвистердің назарын өзіне аудара қоймаса, тіл білімінің дамуы аударма ісін өз шеңберіндегі іске қосты.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында лингвистика өзінің ғылыми бағытын түп тамырымен өзгертті. Формальды тіл құрылымын (структурасын) оқып үйренуде үлкен жетістікке жеткен лингвистер өздерінің зерттеу обьектілерінің аясын едәуір кеңітті, бұған макролингвистиканың біраз мәселелерін (проблемаларын) қосты, бұл ретте бірсыпыра фундаментальды сұрақтар қаралды, тілдің қоғаммен байланысы, ойлау мен әрекет, лингвистикалық және экстралингвистикалық аспектілер ұйымдастыру тәсілдері мен адамзаттың қоғамға ақпаратты беру т.б. Тіл туралы ғылымда маңызды орын алған мәтін мен ауызекі сөйлесу құрылымының мазмұнын зерттеу жұмысы болды. Бірсыпыра жаңа лингвистикалық пәндер тізбегі бой көтерді. Атап айтқанда, психолингвистика, социолингвистика, рагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, сөйлеу әрекетінің (актісінің) теориясы, когнитифті лингвистика т.б. Тілшілердің қарастыратын зерттеу әдістерінде тілдік бірліктің көмегімен ақпарат алмасудың қалай іске асатындығы, сөйлеу әрекетінің (актісінің) дәлдігі, түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дәлдігі қарастырылған. Мұндай лингвистикалық жолмен аударма ісін оқып үйрену мүмкіндіктерінің едәуір өзгергенін көрсетті.

Аударма ісін оқып үйренуде тілшілер тек лингвистика теориясының қомақты үлес қосатынын біліп қана қоймады, керісінше аударманың да лингвистикаға соншалықты үлес қосатынын анықтады. Аудармалар тіл туралы өте құнды ақпарат көзі болды, тіл аударма ісінде маңызды роль атқарды. Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.

Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты. Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.

Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.

Сөйтіп редактор-аудармашы аудару үшін уайымдайды, ойланады, толғанады. Субьективті фактор да маңызды рөль атқарды. Аудармамен айналысатын факультеттер университет пен институттарда ашылды, болашақ аудармашыларды дайындаумен шет тілдері факультетінің оқытушылары ат салысты, филологтар мен лингвистер де қалыс қалған жоқ. Өйткені олар ең алдымен аудармашылық қызметтің теориялық басымдылығын ойлау керек екенін түсінді және осы жағдайды өздерінің ғылыми әдіс-тәсілдерімен шешуге тырысты.

Дәрісті қорытындылау:

Бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалы машиналар кез келген мәтінде адам сияқты өте сапалы және мазмұнды аудара алмайды. Оның үстіне машинамен аудара тек үш жағдайда ғана жүзеге асады.

Біріншіден, бағдарлама тек өте қысқа мәтінді аударуға жасалады, стандартты формада, оның өзі лексикалық және грамматикалық құрамы шектелген мәтіндер.

Екіншіден, машина үлкен көлемді мәтіндерді сапасыз аударып береді, содан кейін бұл мәтіндердің көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін және сапалы да нақты аударма беру үшін аудармашыға қайтадан жұмыс істеуге тура келеді.

Үшіншіден, бұл жұмысқа редактор қосылады, ол мәтінді аудармаға дайындайды, машинаға қиындық келтіретін жерлерін өңдейді, немесе машина аударған аударманың қатесін жөндейді, нақты емес жерлерін түзетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ-орыс әдеби байланысының даму кезеңдерін атаңыз.

2. Орыс классикалық туындыларының аударылуын зерттеген алғашқы ғалымдарды атаңыз.

3. Алғашқы аудармалар қандай тәсілмен аударылды?

4. Алғашқы аудармалардың поэтикалық сипатының басымдығын түсіндіріңіз. Неліктен өлеңдерді аударуға көбірек назар аударылды?

5. Орыс тілінен сатылы аударылған шығармаларды атаңыз.

6. Орыс классикалық шығармаларының қазақ әдебиетіне тигізген әсері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

1 Кереева-Канафиева К.Ш. Русско-казахские литературные отношения. – Алматы: Казахстан, 1976. – 276 с.

2 Нұрышев С.Н. Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен. – Алматы, 1954. – 105 б.

3 Уақыт және қаламгер: әдеби сын / құраст. М. Атымов. – Алматы: Жазушы, 1988. – 240 б. 4 Әшімбаев С. Сын мұраты. Әдеби сын. – Алматы: Жазушы, 1974 – 248 б.

5 Нұрпейісов Ә. Достоевский туралы сөз // Жұлдыз. – 1971, қараша – 11. – 158 б.

6 Хайруллин Р. Аударма сипаты. – Алматы: Жазушы, 1976. – 172 б.

7 Алпысбаев Қ.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 213 б.

8 Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 166 б.

9 Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 б.