Аз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз. Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ

01_01_01_қаз.

$$$001

Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы:

A) Микоплазма

B) Клебсиелла

C) Аденовирус

D) Пневмококк

Е) Стафилококк

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 1

{Оқулық}=( Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$002

М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Саркоидоз

B) Өкпе амилоидозы

C) Ауруханадан тыс пневмония

D) Фиброздаушы альвеолит

E) Өкпенің қатерлі ісігі

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$003

Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Пневмония

B) Пневмоторакс

C) Жіті бронхит

D) Өкпе эмфиземасы

E) Созылмалы бронхит

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$004

Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:

A) Сепсис

B) Кардиогенді шок

C) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

D) Инфекциялық-токсикалық шок

E) Жіті респираторлық дистресс-синдром

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$005

Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Тетрациклин + метрогил + лазолван

B) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

C) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$006

Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Ампициллин + гентамицин

B) Плазмаферез курсы + цефтриаксон

C) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу

D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон

E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_01_қаз.

$$$007

43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:

A) Вирус

B) Саңырауқұлақ

C) Токсин

D) Паразит

E) Бактерия

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.)