Зондсыз асқазан жуу іс әрекет алгоритмі.

Мақсаты: емдік - уытты әсерлерді тоқтату және оларды ағзадан шығару.

Диагностикалық- асқазан кілегейлі қабатының жуындысынан химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың токсинің анықтау.

Көрсеткіштері: сапасыз тағамнаң , дәрі- дәрмектерден, химиялық заттардан улану.

Жабдықтау: 2-3 литр таза су бар ыдыс, стақан, орамал немесе дәке, дезинфекциялық ертіндісі бар контейнер, асқазан кілегейлі қабатының жуындысы арналған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентті орындыққа отырғызыныз.

2. Аяғының астына жуынды суға арналған ыдысты койыңыз.

3. Кеудесін орамал немесе дәкемен жауып койыңыз.

4. Қолды гигиеналық түрде өңдеп қолғапты киініз.

5. Пациентке 4-6 стақан су ішуді ұсыныныз.

6. Пациентке тілінің түбірің 2-3 саусағымен құсу рефлексін тудыру үшін тітіркендіруын сұраңыз.

7. Процедураны бірнеше рет қайталаныз таза жуынды су шыққанша.

8. Пациентке ауыз қуысын шаю үшін таза су беріңіз, дәкемен ауыз айналасын сүртіңіз.

Істеу керек:

Белгісіз улы затпен уланған кезде:

-Құсқан массаны құрғақ таза банкаға жинап.

- Ауызын тығыз қақпағымен жауып, жолдама жазып, лабораторияға зерттеуге жіберу.

 

Пациентті жіңішке зонд арқылы асқазан жууға дайындау және жүргізу.

Мақсаты: Диагностикалық: асқазан ішіндегі сұйықтықты алу, оның құрамында сөлді, қышқылды зерттеу.

Көрсеткіштері: диагностикалық созылмалы гастритті анықтау- қышқылының жоғарлауын немесе төмендеуін зерттеу.

Қарсы көрсеткіштері: Өнеш асқазаннаң қан кетуде, эзофагиттер, язва, портальдық гипертензия, стенокардия, бронхтық астма, гипертония, жүктіліктің 2-ші жартысында, пациенттің жағдайы жалпы төмен болғанда.

Асқыну: асқазанаң қан кету, естен тану, коллапс т.б.

Құрал-жабдықтар: стерильді бір рет қолданатын асқазан зондты, лоток, асқазан сұйықтығын сақтау үшін 9-11 (маркерленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприц, зажим, орамал, перчатка, фартук, дәке, парентеральді түскі ас -0,1% раствор гистамина или 0,25% раствор пентагастрина, КБСУ. Лабораторияға жолдама жазу: ФИО, отделение, палатасын, алынған күні, № порциясын.

Іс әрекет алгоритмі:

1. Іс шараны таңертенгі уақытта аш қарынға жасаныз.

2. Пациентке психологиялық дайындық жүргізіп процедураны түсіндіріп келісімін алыңыз.

3. Пациентті орындыққа ынғайлы, дұрыс отырғызып, басын сәл алға иілуін сұраймыз.

4. Кеуде, ішін және аяқтарын клеенкалық фартукпен жауып, ал мойнына орамалды жабыныз.

5. Қолды гигиеналық түрде өндеп перчатка киініз.

6. Пациенттің қолына латокты берініз, ағып жатқан сілекей, сұйықтық үшін.

7. Процедура кезінде протездерін шешуді қадағаланыз.

8. Тері антисептигімен перчатканы өңденіз.

9. Зондтын мерзімін бүтіндігін тексеріп, пинцетпен пакеттін ішінен стерильді бір реттік қолданылатын зондтты алыныз.

10. Зондттың ұзындығын өлшеніз(мұрын ұшынан бастапқұлақ ұшына дейін, содан кіндікке дейін өлшеу)

11. Оң қолыңызбен стерильді зондты алып (10-15 см ұзындығы) ал сол қолыңызбен сонын ұстаңыз.

12. Пациентке ауызын ашуды сұраңыз, суға малынған зондты жұтқыншаққа қарай кіргізу қажет.

13. Пациентке мұрын арқылы терең дем алуды және жұтынуын сұраңыз. Белгіленген жерге жеткен кезде тоқтатыңыз.(егер пациент жөтелсе міндетті түрде зондтты алыптастау керек.)

14. Пациентке зондтты тістеуге және сілекейді орамалға түкіруді ,жұтпауды ескерту.

15. Зондттың келесі шетін шприцқа жалғаныз.

16.

Лтабардан сөл алу.

Мақсаты: 1.диагностикалық: он екі елі ішек пен өттің жиынтығын лабараториялық зерттеуге жіберу және өт пен одди сфинктерлің жиырылыу, концентрациялық қызметін зерттеу және баға беру;

2.Емдік: өттің қозғалысы төмендегенде өтті сорып алу.(өттің қабынулары, дәрілерді енгізу).

Көрсеткіштері:өт, бауыр және өт жолдарының ауруларында.

Қарсы көрсеткіштері:ауыз қуысының күйіктері мен аурулары, жұтқыншақ, өңеш қабынулары, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, фортальді гипертензия, қансыраған ісіктер, асқазан мен он екі елі ішек жаралары, жүрек-өкпе жетіспеушілігі, жедел холецистит пен панкреатит, демікпе және т.б.

Жабдықтау:залалсыздандырылған 1 рет қолданатын дуоденальді зонд, жане шприці, 20 мл шприц, лоток, маркерленген пробиркалары бар штатив, қысқыш, орамал, дәкелер, резеңке қолғаптар, жылытқыш, жұмсақ жастықша, аласа орындық, өтті қоздыратын 33% сульфат магний ерітіндісі 30-50 мл немесе 10 % натрий хлорид ерітіндісі немесе 40 % глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе 40-60 градус температурада жылытылған 20-25 мл өсімдік майы, 0,1% 8-10 тамшы атропин ерітіндісі, қалдықтарға арналған контейнер.

Іс әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура таңертең аш қарынға жүргізілетіні туралы хабар беру.

2. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін аламыз.

3. 1 күн бұрын пациентке кешкі сағат 18:00 кешіктірмей, жеңіл тамақ береміз.

4. Ұйықтар алдында пациентке 2 таблетка спазмалитик немесе бал араласқан шай беріп, оң жақ қабырға астына жылытқыш қоямыз.

5. Процедура алдында пациентке аузындағы алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастауын сұраймыз.

6. Пациентті ыңғайлап орындыққа отырғызамыз, арқасы орындықтың арқасына тіреліп тұру қажет, басын сәл алдыға қарай еңкейтуін сұраймыз.

7. Пациенттің кеудесіне орамал саламыз.

8. Қолымызды гигиеналық деңгейде өңдеп, резеңке қолғапты киеміз.

9. Резеңке қолғапты тері антисептигімен өңдейміз.

10. Зондтың сыртқы орауының бүтіндігін, мерзімін тексеру. Ораудан пинцетпен 1 рет қолданылатын залалсыздандырылған зондты аламыз.

11. Зондтың ұзындығын өлшеп аламыз: төменгі жақтан кіндікке дейін – бірінші белгі және 1 қарыс зондты белгілейміз – екінші белгі.

12. Залалсыздандырылған зондты оң жақ қолмен қалам тәрізді алып, арасы 10-15 см, сол қолмен екінші жағын ұстап тұрамыз.

13. Пациентке аузын ашуын сұраймыз. Темір түтікшені жылы суға саламыз және науқастың тілінің артқы жағына жібереміз. Терең мұрнымен дем алуын сұрап, дем алған сайын бірінші белгіге дейін жібереміз. Зондтың аяқ жағын қысқышпен қысып қоямыз.

14. Зонд асқазанда болғандығын шприц арқылы тексереміз.

15. Пациентке 15-20 мин біраз жүруін сұраймыз, сосын зондты екінші белгіге дейін жібереміз.

16. Пациентті кушеткаға жастықсыз оң жағына жатқызамыз, оң қолын арқасына қарай жібереміз, аяқтарын ішіне бүгеміз, жамбасына жұмсақ жастықша саламыз. Осындай жағдайда түтікшенің он екі елі ішекке қарай өтуі жиілейді. Оң жақ қабырға астына жылытқыш қоямыз.

17. Пробиркалары бар штативті аласа орындыққа, кушетканың алдына таяп қоямыз.

18. Зондтағы қысқышты алып, зондтың бас жағын пробиркаға асаламыз.

19. Пробиркада асқазан сөлі ашық-сары, қышқыл реакциялы сөл пайда болады. 30-60 мин кейін ашық-сары сілтілі өт шығады. Ашық-сары сілтілі реакция – порция А ұлтабар өті. А порциясы ІІІ фазадан құралады:

І – жалпы өт сүзегі, бөліну ұзақтығы 10-20 мин, көлемі 20 мл;

ІІ – одди сфинктердің жабылуы, бөліну ұзақтығы 2-6 мин, өті жоқ;

ІІІ – жалпы сүзегінің соңғы бөлімі, бөліну ұзақтығы 3-5 мин, көлемі 3-5 мл.

20. Зондты қысқышпен қысамыз.

21. Пациентті арқасынан жатқызып, қысқышты шешіп, жане шприцімен зондқа 30-50 мл жылы 33% магний сульфат ерітіндісін немесе басқа стимуляторды қолдану.жіберу.

22. Пациентті оң жақ қырынан жатқызып, қысқышты алып тастап, зондтың шетін пробиркаға саламыз. Зәйтүн майының түсі тәрізді қою сөл ағады, бұл В порциясы, бөліну ұзақтығы 20-30 мин, көлемі 30-50 мл. Өттің сөлі.

23. Зондтың шетін келесі пробиркаға саламыз. Біраз уақыттан кейін алтын түсті сары сөл ағады, бұл С порциясы, бөліну ұзақтығы 20-30 мин, көлемі В порциясынан көп. Бауырдың өті. Зондқа 300 мл газсыз минералды суды жылы күйінде жіберміз.

24. Дәкемен ақырын зондты суырып алып, оны дез ерітіндіге саламыз.

25. Резеңке қолғапты шешіп, қолымызды жуып, құрғатамыз.

26. Қолданылған резеңке қолғапты, дәкені контейнерге тастаймыз.

27. Пробиркаларды белгілеп, жолдама жазып, зертханаға жібереміз.

28. Пациентті палатасына апарып, тамақтандырамыз.

Ескерту:түкірігін дәкеге алып тастап отыруы қажет, 3 күн бұрын тағамнан ішті кептіретін тағамдарды алып тастау, кейде зонд асқазанда бұралып қалады, орнынан қозғап немесе алып қайтадан салу керек. Зонд арқылы лямблиге тексеріс жүргізілсе, онда жатар алдында жылытқыш қойылмайды. Порцияларды лабараторияға жылы күйінде апарады немесе жылы суы бар ыдысқа асалып қою қажет.

 

 

Ескерту: процедура барысында сілекей шықса, оны дәкемен сүртіп отыру керек.

Ішті кептіретін заттарды алып тастау, сүт, қуырылған майлы тағамды және картоп, қырықжапырақ бермеу керек.