Балалар бұйымдарына арналған материалдарды конфекционерлеу

Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек. Балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.

Балалар бұйымдарына қолданылатын материалдар түрлері

мақта, жүн , трикотаж , жібек

Балалар бұйымдарына қолданылатын мақта маталары : шыт, муслин, шифон, джинса,

фланель, батист, вельвет, велюр, маркизет т.б.

Шыт – басылған суреті бар немесе ашық түстерге боялған мата. Шыт мақта маталарының ішіндегі айтарлықтай үлес салмағының принципі бойынша ерекшеленген жеке топты құрайды. Оның негізіне қалың иірілген жіп қолданылады, ол матаның негізгі тірегін, матаның қажалу әсеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай құрылым мақта маталарының ішінде тек шытқа ғана тән. Шыт кардты иірілген жіпті өру арқылы өңделеді.Шыттың ені – 62-95 см.Шыт муслинді, қатты және жылтырлы өңдеумен , өшпейтін апреттермен және қысылған жартылай мерсеризациямен алынған бүдір бетпен шығарылады.Шыттың өңделуі қарапайым, жыртылмайды, созылмайды және қатты шашырамайды. Шыт қатты және жылтырлы өңделуі кезінде сынып кетуі мүмкін. Жуу үдерісі барысында шыттың отыруы негізі бойынша 5 % құрайды

Вельвет – мақта маталарын эланамен араластырып өндірілген маталар. Вельвет бархаттың бір түрі. Оның беттік тығыздығы – 210-245 г/м2. Олар біртекті гигроскопиялық, сондай -ақ суға тұрақты қасиетке ие болып келеді.Сондай-ақ осы матаға вискоза талшығын араластырып өндіреді.

Батист – жеңіл, жұқа, жұмсақ мата, бірақ вольтаға қарағанда тығыз және мықты. Салмағы 71 г/ м, ені 71 және 78 см. Ол жіңішке, тарақты, бір жіпті иірілген жіптен ( 5,9 –10 текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алынады. Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегіс боялған, толтырылған және ағартылған түрде шығарады.

Маркизет –муар әсері бар, әсем креп мата. Маталы өріммен, жіңішке тарақты, бұралған 5,9 текс ˣ 2 иірілген жіпті қолдану арқылы жасалады. Бұралған иірілген жіпті қолданғандықтан, мата жылжымайды, ұстағанда қатты, ал тығыздығы аз және жіңішке иірілген жіпті қолданғандықтан мата мөлдір және жеңіл. Маркизетке жұмсақтық пен жібектілік беру үшін оны мерсерлейді.

Фланель – репстік және саржалық айқаспадағы екі жағында да сирек кездесетін түктері бар, солардың арқасында айқаспалар көрініп тұрады. Фланельдер көбіне негізі бойынша 25 текс және арқауы бойынша 42 – 84 текс иірімжіптен және кардалы иірімжіптен саржалық өрімнен жасалады. Кейбір маталарда вискозалы жоғары модульді талшықтармен ( 33% ) аралас иірімжіп қолданылады. Бұл матаның 13 артикулы бар, олар бір-бірінен қалыңдығы бойынша ажыратылады. Негізгісі 25 текс қалыңдықтағы фланель матасы.

16. Бояу, сурет басу және өңдеу кезіндегі ақаулар:

а) матаның әр түрлі болып боялуы: бұл матаның әр түрлі боялуына жиектен төмен қарай көлденең бір бөліктен екіншісіне бояудың түрін өзгерту арқылы біркелкісіз боялуы.

ә) ашық және күңгірт дақтар: бұл матаны бояуға дұрыс дайындалмағаннан пайда болады.

б)суреттің бұзылуы: суреттің жылжып кетуімен және фигураның сәйкес келмеуіне байланысты көп түсті суреттердің бұзылуы.

в) зачески: маталарда қаптар мен қыртыстың болуына байланысты сурет басылмай қалған жерлер.

г) крап: бояғыш заттардың шашыраған кезде пайда болатын ақауларын айтады.

Соңғы өңдеу кезіндегі ақаулар:

Соңғы өңдеу кезіндегі түкті маталарда кері ақаулар пайда болады

а) түкті жолақтар: біркелкісіз кесілген, біркелкісіз түктелген ақаулар кездеседі.

ә) перекос: арқау жіптің тоқылғандағы шалу қатарының және тоқылмаған матадағы шалу қатарының жиегіне қарағанда қисық бұрышпен орналасуы. Бұл ақау кептіру-жұқарту машиналарында пайда болады.

Тоқу процесіндегі ақаулар:

а)тоқыма кездемесінің жіңішкеленуі: бір жіптің үзілуінен пайда болған желісі бойынша тоқылған кездемедегі тік жолақтар және иірілген кездемедегі көлденең жолақтар.

ә)шалуды түсірілуі: шалу бағанасы бойынша үзілмей бір немесе бірнеше шалулар түсіріліп тарқатылса тік жолақтар пайда болады. Тастаудан кейінгі инеге қайтадан кигізілген шалулар кездеменің көлденең бөлігіндегі тартылған учаскелерді құрайды.

б)шалудың жинақталуы: қалың орындарының және тартылған жіптің пайда болуына байланысты көлденең құрылысының бұзылуы.

в)тік жолақтар: тығыздалған және тарқатылған шалу бағанасынан құралады.

г) штопка (жамау): ілмекпен немесе инемен көтеріліп бекітілген шалулар.

д)майланған жіптер: кездемедегі қара штрихтар болып табылады.