Жібек маталарының ассртименті және қасиеттері
Жібектен өндірілген маталар (таза жібектен) барлық табиғи маталар сияқты өте аз. Әдетте вискозды немесе октанды жібек, полиамитті және полиэстрилді талшықтардан жасалады. Полиэстрилді талшықты матадан оңай да тез электрленеді сондықтанда оларды қию алдында электрленгіштікті жоятын арнайы өндеуден өткізеді. Синтетикалық талшықты матадан спорттық және жаңбырға арналған плаштарға үстінгі бетінен суды-итергіш сіңірлерді сіңдіреді. Кейбір синтетикалық маталарды эфектілі спорттық киімдер тігуге қолданады. Ол матада су итергіштік қасиетімен бірге метал түсті жылтыры болады. Метал түсті матаға арнайы пастамен метал үгітіндісін араластырып жағу нәтижесінде алынады. Бұл маталар су өткізбейді және мықты, сондықтан қыртыстанбайды. Жібекті сатин (сәтен) – жылтыр жасанды (талшықты) талшықты, және ол табиғи жібекті елестетеді.
Креп-жоржет – бұл мата қатты бұралған иірім жіптен, саржалы айқаспамен өңделіп, бір түсті немесе бірнеше түсті болады.
Шифон – табиғи, жасанды және синтетикалық жібек талшығынан өндіріледі. Және ол өте жұқа, мөлдір-тұнық (прозрачная) кенепті айқаспалы. Бір түсті немесе бірнеше түсті болуы мүмкін. Сәнді көйлектер тіккенде осы матаны пайдаланады.
Чесучка – нығыз тоқылған көйлектік мата. әр түрлі қуыршақты жабайы жібек құртынан өндіреді. Мата тегіс бір қалыпты емес. өте сәнді бояулы және өрнекті мата ұлттық оюлар мен безендірілген матада әдеиі көрінеді. Тафта – табиғи және жасанды жібектен өндіріледі. әдетте тафта жолақты немесе торкөзді сондай-ақ бір түсті болады. Жоғарғы сапалы тафтадан көйлек, блузка ал сапасы төмендеуден астарлық маталар әзірлейді.
Атлас – кенепті жылтыр атласта айқаспамен тоқылған мата. Табиғи жібектен өндіріледі, сәнді блузкалар көйлектер тігуге пайдаланады. Егер атлас ацетатты болса онда одан астар дайындауға пайдаланса керек.
Креп – бетті қиыршықты келетін кенепті айқаспамен өндірілген. Арқау жібі қатты бұралған. Табиғи және жасанды жібектен өндіріледі.
Креп-сатин – эффектілі мата, бір-беті күңгір (матовый) екінші беті жылтыр. Табиғи немесе жасанды жібектен өндіріледі және ол оңай драпталады.
Парча – жакартты мата. Мата арасына алтын немесе күміс жіптер араластырған сәнді киімдерге қолданған.
Жасанды былғары
Тігін өндірісінде жоғары пайдалану сапасы қамтамасыз ететін және бар тәсілдермен киімдерді дайындауға мүмкіндік жасайтын,қасиеттер жиынтығына ие болатын жұмсақ жасанды былғарыны қолданады.
Киімге арналған жасанды былғары иілмелі,жұмсақ,беткі қабаты негізбен берік қосылған киімде,пішінін тұрақты сақтайтын және пішінді,сәндә көрінетін,жаңа құралдармен жеңіл пішілетін болуы тиіс.Былғарыны тігін машиналарында тігу барысында жолдан таймау керек,ал пісіру кезінде берік эласты тігістерді қамтамасыз етуі тиіс.Бұйымды кию жағдайын ескере отырып ,киімге арналған жасанды былғары көп ретті иілуге берік ,тұрақты ,пайдаланудың ,температураның және ылғалдылықтың әр түрлі жағдайында қасиетін өзгертпеуі тиіс.
Киімге арналған жасанды былғары белгілі бір гигеналық қасиеттерімен сипатталады:аз мөлшерде жылу өткізгіш,жетерліктей ылғал өткізгішті және ауа өткізгішті.Оның бу өткізгіштігі 1м2/(cмг) кем болмауы керек.Жасанды былғарылардың негізгі түрлері-негізгі (мата,тоқыма немесе мата емес төсеме)полимермен немесе полимер қоспасымен жабылған (сіңдірілген).
Жұмсақ жасанды былғары үшін “жасанды былғары”атауы қабылданған.Былғарының арналуы және жасанды былғары өндірілген полимердің қысқаша аталуы көрсетіледі (поливинилхлоридті-винил,каучукті-эласто,полиамидті-амид,нитроццеллюлозды-нитро,полиэфируретанды-уретан).Жұмсақ жас былғарыны полимер қоспаларымен негізін-ерітінді,пластизолмен,құймаларымен ,дисперсияларымен өңдеу арқылы алады.Ағызу әдісін қолданып ,жасанды былғарыны алуда жұмысты тікелей немесе жылжыту тәсілімен орындайды.Тікелей тәсілде полимет қоспасын негізге үздіксіз жағады.Мысалы ,негізге алдымен полимердің кеуекті қабатын жағып,содан соң кеуексіз қабатын жағады.Бұл тәсілді негізгі аз созылатын жасанды былғары өндіру үшін қолданылады. Жасанды былғарыны каландр әдісін қолдану арқылы алу кезінде арнайы жабдық қарастырылады,онда алдын ала ингредиенттер салынып,араластырылып ,қажетті полимерлі қоспа дайындалады.Арнайы каланрлер дайындалған полимерлі массаны үлпек түрінде қалыптайды және Т,ТР,НТ-негізімен қосады. Кеуекті қабатты жасанды былғарыны алу үшін –кеуек түзгіш –органикалық заты бар полимерлі қоспаны қолданады.Келесі термо өңделуе ,нітижесінде поливинилхлоридті босаңсытатын көп газ тәрізді өнімдерді түзе отырып ,бұл заттың ыдырауы жүреді.Нәтижесінде көп мөлшердегі кеуекті көбіктенген поливинилхлорид қабаты алынады.Одан кейін кеуекті-монолитті жасанды былғарыны өндіру кезінде екінші,кеуексіз поливинилхлорид қабаты жағылады.Былғары тектес түр беру үшін оның жоғары бетіне әрлеу лагін жұқа қабатымен жабады.
Жасалуына қарай жасанды былғарыны екі түрге бөледі:жаңбырдан қорғайтынкиімдерден басқа,жоғарғы киімдер;жаңбырдан қорғау үшін арналған жоғарғы киімдер .Жасанды былғарыларды шартты белгілері хлорид жабынды жоғарғы киімдер үшін төмендегідей :жаңбырдан қорғайтын киімдерден басқа-винилжасанды былғарысы –Т-В МЕМСТ 28461-90; жаңбырдан қорғайтын полиуретанды жабынмен тоқыма негіздегі үстіңгі киімдер үшін уретан жасанды былғарысы –ТР-П МСТ-28461-90.
Жасанды елтірі
Өзінің сыртқы түрінің жэне эдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі, мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын жэне пайдалану қасиеті жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің тиімділігімен, жасанды үлбір эйелдер жэне балалар пальто- сын, бас киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты. Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу жэне негізмдеу тәсілімен алынған грунт жэне түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды. Жасанды үлбірлерді шыгару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: ма- талы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір.
Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді. Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль (нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид жэне дакрон), по- лиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады.
Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды жэне аңеттаты, ма- талы жасанды үлбірде жэне кейде тоқымада қолданылады.
Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата үлбірінде гана қолданылады.
Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: төсемесінде жэне талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон не- месе суретті аэрографты салу арқылы жэне трафарет көмегімен сурет салу арқылы алынған жасанды үлбірлер.
Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының үзындығы бойын- ша түгінің биіктігі, ұзындығы эр түрлі жэне түгінің өрнекпен орнала- суы тегіс болады. Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және түгінің әрленуі эр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бұл үлбірлер тегіс боялған қысқа түкті жэне тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін арналған.
Маталы жасанды үлбірі
Маталы негізге отырғызылган үлбір түк салғыш тоқыма станогінде түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы матаны алу процесіне ұқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25-18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдалана- ды. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшіи, негізті жүйеге синтетикалық жіптер пайдаланылады. Түкті вискоза, ацетаттық, синтетикалық талшықтардан жэне синтетикалық талшықтардың жа- санды талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм жэне одан да артық, 1м2 үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа жэне астарлық материалы ретінде тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон жэне нитрон), жасанды (вискозды, аце- татты) талшықтармен өңделеді.
Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бүралған жүнді тоқыма қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға қүлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады.
Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар. Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан алынады.
Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір эсерді құру үшін түкті бүйраға үқсатады.
Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады.
Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған жэне жасанды қысқа түктермен толтырылған мата.
Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік жэне жылтыр.
Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сүр, қоңыр жэне қара түсті.
Кэмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак жылтырақ жэне үзын түкті.
Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен эр түрлі бағытта жатқызылған қысқа түкті мата.
Тоқыма жасанды үлбірі
Қазіргі уақыттағы тоқыма жасанды үлбірі, қүрамы табиғи үлбірге үқсағандықтан кең тарау алды жэне маталы жасанды үлбіріне қарағанда бағалы сапаға ие. Тоқыма негізд егі жасанды үлбірлердің грунты негізінде мақта қағазды тоқымадан түзілген тоқыма төсеме колданылады, ал түктері синтетикалық талшықтардан өндіріледі. Тоқыманың сирек қүрылымы аз салмақты, жақсы қалыптасуын қамтамасыз етіп, бірақ біруақытта түгінің бекітілу беріктігін төмендетеді, сондықтан тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді міндетті түрде теріс бетінен тоқыма төсемесінде түктерді жақсы бекітіп түратын латекстермен негіздейді. Синтетикалық талшықтар мұндай үлбірдің эдемі сыртқы түрін көр- сетеді.
Қазіргі уақытта тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді өндіру мүмкіндігі өте мол жэне оның ассортименттері үздіксіз кеңеюде. Қазіргі технологияның дамуына байланысты түктерінің биіктігі эр түрлі жасанды үлбір түрлерін алуға болады.
Тоқыма негізді үлбірдің созылмалылығы өте жоғары, сондықтан киімді тігу технологиясын жетілдіру кезінде жэне үлгілеуде оны еске- ру қажет. Киімнің созылатын бөліктерінде, бұйымды кию кезінде со- зылудан жэне деформацияланудан сақтайтын тесьма немесе жиектеме салу керек.
Тоқыма үлбірінің грунтты мақта мата жіптер жэне негізмделген үлбір бөзі үлкен өзгеріске ұшырағандықтан, бұл бұйымның сыртқы түрін нашарлатады. Бүл жасанды үлбірдің кемшілігі сәйкес әрлеуге жіберілмесе байқалуы мүмкін.
Тоқыма үлбір бұйымы эрдайым өте жоғары ауа өткізгішті болады. Сол үшін киімді жобалау кезінде желден қорғағыш астар аралықты қарастыру қажет, астарлық ретінде жылытқыштар немесе аса үлкен емес ауа өткізгішті астарлар қолданылады. Тоқыма үлбірінің аса маңызды қасиеті, олардың жоғарғы бу өткізгіштігі болып табылады.
Қара күзен - полиакрилнитрилді талшықтардың варена жэне дай- неля (50%) қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі, түк биіктігі 12-16 мм.
Минк - орлон және дайнел қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі.
Тоқыма үлбір эр түрлі түкті болуы мүмкін, эр түрінде 12-20 мм аралығында тербеледі. 1м2 бұл үлбір салмагы 550-850 г аралығында.
Тоқыма негізді жасанды үлбір алуан түрлі әрлеуге үшырайды. Олар ақ, қара, сүр, сары, көгілдір, қоңыр жэне басқа түсте, сондай ақ су- ретпен, аэрографты бояуымен немесе трафаретті толтырылған болуы мүмкін.
. Желімдік жасанды үлбірі.
Жасанды үлбір ассортиментінің ішінде екі желімдік үлбір түрі бар: жасанды қаракөл жэне жасанды елтірі, оларды арнайы қаракөл жасай- тын машинада алады. Машинада грунтты матаға эдетте бөзге, қаракөлді бұйрасына ұқсатып үздіксіз жіп түрінде шашақтарын жатықтырып, желімдейді. Шашақ жіп - жіптер арасында капронды талшыктар бұйраланған мақта қағазды тоқыма. Елтірі үшін шашақ жіпті капрон- ды, вискозды немесе басқа талшықтардан алады, нәтижесінде елтірінің түгі аса қопсыған немесе табиғи елтіріге өте ұқсас болып шығады.
26. ЖЫЛЫТҚЫШ МАТЕРИАЛДАР.Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал бо- лып есептелінеді. Өзінің жылусақтагыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігі жэне сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге жэне тігін бұйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады. Мақта.Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан жэне төменгі сұрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) жэне меланжды (тігін) болып өңделеді.Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді жэне талшықтардың жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жа- сайды. «Түкті» маталар бұйымдарының жылу шығармайтын жаксы қасиеттері болады.ВатилинБұл бір жағын немесе екі жағын желімді эмулъсияілен өвделтен белгілі бір қалыңдықты киімдік мақтаның қабаты. Ватилин өндірісіне шикізат ретінде мақтаның төменгі сұрыптары, ал желімді жапсыр- ма мақтаны жылжып кетуден сақтайды. 1м2 шығарылатын ватилин салмағы 200-225г, 400-440г жэне 700-750г болады. Желімдік заттардын саны қалың ватилин салмағынан 1,5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспа- уы қажет.Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.Күспе.Трикотажды, тоқыма тігісті жэне тығызды күспе түрлерін бөледі.Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель- машинасында шығады.Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартга көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сэйкестігін белгілейді жэне баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сұрыпқа 15 балл, II сұрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі.Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс х2(№40/2) қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м2-250- 400г, тігістер ара-қашықтығы Юмм болып шығарылады. Бүл күспенін стандартты ылғалдылығы 11% болады.Поролон.Пенополиуретан - жеңіл, жүмсақ, қатты кеуек, серпімді матери- ал, жылу сақтау қасиеті жоғары. Киімге салу үшін поролон ұзындығы 15-17м, ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керекті өлшем қажет болғанда бірнеше қабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ, кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді. Поролон төсемнің серпімділігінің арқасында киімнің пішіні жақсы сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді.Поролон қолданып тігілетін бұйымдарға деген ұсыныстарды ЦНИИШП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін машинасында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150°С да жұмсарады, ал, 180°С-да балқиды. Қыздырғанда, эсіресе балқығанда, улы заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау жэне арнайы еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды. Трихлорэтилен, перхлорэтилен жэне уайт- спиртпен өңдегенде поролон бүлінеді.