Су сулы қыздырғыш қондырғылар

Су-сулы қыздырғыш қондырғылары топтасқан және жергілікті жылулық қосалқы станцияларында кәдімгі секциялы түтікшелі жылуалмастырғыштардан немесе пластиналы жылуалмастырғыштардан жасалады. Тәжірибеде МЕСТ 27590-88 және ОСТ 34-588-68 стандарттары бойынша дайындалған секциялы су-сулы қыздырғыштар кеңінен қолданылады. Бұл қыздырғыштардың корпустары болат құбырдан, ал қыздыру беті латунді Л-68 диаметрі 16/14 мм құбырдан жасалады.

Секциялы қыздырғыштармен қатар қазіргі уақытта ресейлік және шетелдік фирмалардан жасалып шығарылған, пластиналы жылуалмастырғыштары кеңінен қолданылуда (мысалы, «Альфа-Лаваль», АРУ және т.б.).

Ресейде Павлодардың және Оралдың химиялық машина жасау зауыттарында жасалған, қыздыру беттерінің ауданы 10-нан 160 м2 1 МПа жұмыстық қысымды болаттан жасалған пластиналы жылуалмастырғыштар шығарылады.

Пластиналы жылуалмастырғыштар үш модификацияда шығарылады: жиналмалы, жартылай алмалы-салмалы (екі қабатты пластиналармен), және дәнекерленген. Жиналмалы жылуалмастырғыштарда пластиналары резиналы төсеніштермен бөлінген, жартылай жиналмалыда олар жұп-жұптан (екі қабатты) дәнекерленген, ал дәнекерленгенде барлық пластиналар дәнекерленіп жалғанған.

Жылу құбырларының жолы және профилі

Жылу желісі – бұл жылуқұбырларының бөліктері өзара бекем және берік жалғанған, және сол бойынша жылу жылутасығышпен (бу немесе ыстық су) жылу көздерінен жылу тұтынушыларға тасымалданатын жүйе.

Жылуқұбырларының (жолдың) бағыты ауданның жылулық картасы бойынша, геодезиялық түсірілімнің материалдарымен, жер үстіндегі және жер астындағы салынған және енді салынатын құрылыстардың жоспарымен, жер қыртысының сипаттамаларымен, жер асты суларының қанша биіктікте жатқаны бойынша және т.б. таңдалады

Жылуқұбырларының құрылымы

Жалпы жағдайда жылуқұбыры үш негізгі элементтерден тұрады:

1) жұмыстық құбыр өткізгіш,

2) оқшаулағыш құрылымды,

3) көтергіш құрылымды.

Заманауи жылу құбырлары келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

1) Сенімді төзімділік пен герметикалылығы;

2) қолдану кезінде жоғары және тұрақты жылу мен электр кедергілік жағдайының болуы, сонымен бірге ауа өтімділігі және оқшаулағыш құрылымының суды сіңіруінің төмен болуы;

3) өнеркәсіпті және жиналмалы болуы; жылуқұбырының барлық элементтерінің зауытта жасап шығарылатындай мүмкіндігінің болуы;

4) жөндеуге болатындылығы;

5) құрылыс пен қолданысқа беру кезіндегі үнемділігі.

Жылу құбырларының аса кең тараған құрылым түріне жер астындағы жатады.

Жер астындағы жылу құбырлары (құбырөткізгіштері). Жер астындағы жылу құбырларының барлық құрылымдарын ек топқа бөледі: арналы және арнасыз. Арналы жылу құбырларында оқшаулағыш құрылым, арна қабырғаларымен топырақтың сыртқы жүктемелерінен босатылған. Арнасыз жылу құбырларында оқшаулағыш құрылымдар топырақ жүктемесіне байланысты.

Жер түстіндегі жылу құбырлары (құбырөткізгіштер). Жер түстіндегі жылу құбырларды әдетте бөлек тұрған тіреуіштерге (төмен немесе жоғары), эстакадаларға, діңгектерге салады.

40 суретте эстакадаға салынған жылу құбырларының құрылымы көрсетілген.

 
 
Сурет 40. Жылу құбырларын эстакадаға төсеу