Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының құрамы

 

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы коллоквиум реттінде дәрістерді сурап алу. Сонымен қатар, курстық жоба бойынша кеңес.

 

Тақырып атауы Коллоквиумға арналған бақылау сұрақтары Балл
Жылуландырудың энергетикалық тиімділігі 1. Бутурбиналы ЖЭО-дағы электр энергиясының меншікті аралас өндірілуін анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 2. Жылулық тұтынудағы электр энергиясын аралас өндірудегі шартты отынның меншікті шығынын анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 3. КЭС-дағы электр энергиясын өндірудегі отынның меншікті шығынын анықтаңыз. Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 4. Неге КЭС-ның жылулық үнемділігі конденсаттың регенеративті жылытуына байланысты? 5. ЖЭО-да электр энергиясын аралас өндірудегі критикалық үлес дегеніміз не? 6. Отынның үнемділігі орталық жылумен қамтамасыз еткен кезде қалай анықталады: а) ЖЭО-нан; б) қазандықтан? 7. Газ турбиналы ЖЭО-да электр энергиясын өндірудегі ПӘК-і мен электр энергиясын меншікті өндірілуі қалай анықталады? 8. Бу газды жылуландыру қондырғысында электр энергиясын аралас өндірудегі отынның меншікті шығыны қалай анықталады?                  
Жылулық пайдалану. 1 Сыртқы қоршау арқылы ішкі және сыртқы температуралар айырымы 1 0С тең болғандағы жылу берудің меншікті жылу жоғалуы қалай анықталады? Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 2 Инфильтрация коэффициенті дегеніміз не? Ол қалай анықталады? Неліктен инфильтрация коэффициенті сыртқы температураға байланысты? 3 Жылыту және желдету үшін сыртқы температураның есептік мәндері деген не? Бұл температуралар қалай анықталады? 4 Ауданды жылытуға кеткен жылдық жылу шығыны қалай анықталады? Неге кезекшілік жылытуды қолдану өнеркәсіптік кәсіпорындарда жылытудың жылдық жылу шығынын төмендетеді? 5 Желдетуге кеткен жылдық жылу шығыны қалай анықталады? Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 6 Ыстық сумен қамтамасыз етуге кеткен жылдық жылу шығыны қалай анықталады? Есептік формуласын жазыңыз және ондағы шамалардың мәндерін түсіндіріңіз. 7 Маусымдық жылу жүктемесінің жылытуға, желдетуге кеткен жылу шығындарының сыртқы температурадаға тәуелділі жылдық ұзақтылық кестесі (графигі) қалай құрылады? 8 Ұзақтылық графигінің көмегімен әртүрлі жылу көздерінің, жалпы жүйеде жұмыс істейтін, жылулық қуатын пайдалану ұзақтығы қалай анықталады?                      
Өндірістік кәсіпорынды жылумен және бумен қамтамасыз етуінің орталықтанған жүйесі. 1. Жылумен жабдықтау жүйесін тасымалдау мен жобалауда не ескеріледі? 2. Орталықтандыру діәрежесіне байланысты жылумен қамту жүйесінің классификациясы 3. Жылутасығышты таңдау неге негізделеді? 4. Жылумен қамту жүйесінің жабылуы мен ашылуы 5.Жылу желісінде температура графигі неге тең? 6.Элеватор не үшін қажет? Жылуландыру қондырғыларын жылулық жүйеге қосу түйіндерінде араластырғыш қондырғылар қызметін түсіндіру. 7.Абоненттердің жылу тұтыну қондырғыларын сулы жылулық жүйелерге тәуелді және тәуелсіз қосылу схемаларының ерекшеліктері. 8.Жылулық жүктеменің қандай құрылымында жылумен қамтамасыз етудің үшқұбырлы сулы жүйесін мақсатты түрде қолдану қажет?            
Жылу беру тәртібін реттеу 1. Жылулық жүктеменің мүмкін болатын реттеу жүйесін және оның сипаттамасын көрсетіңіз. 2. Жылумен жабдықтаудың сулы жүйесінде жылу жүктемесін өзгерту жолымен орталықтандырылған реттеуде қандай параметрлер болады? 3. Жылыту жүктемесіндегі сандық реттеу кезінде жылыту қондырғысындағы желілік судың температура ағыны неліктен жылыту жүктемесіне қатысты тура пропорционал? 4. Ыстық сумен жабдықтау мен жылытудың сәйкес жүктемесі бойынша орталық реттеудің ерекшелігі қандай? Бұл реттеу жүйесінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 5. Ыстық сумен жабдықтау мен жылытудың сәйкес жүктемесі бойынша жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде орталықтандырылған реттеу әдісі немен анықталады? Сапалық және сандық –сапалық әдістердің артықшылығы мен кемшіліктері? 6. Бір құбырлы жылумен жабдықтау жүйесінің орталықтандырылған реттеуі неден тұрады? Транзитті магистралдағы желілік судың температурасы мен есептік шығыны қалай анықталады? 7. ЖЭО дағы желілік судың көп сатылы қыздырудың бірсатылымен салыстырғандағы артықшылығы мен кемшіліктері.                  
Жылу желілерінің гидравликалық есебі 1 Тиісті және тиісті емес режимдарда насостармен тұтынылатын қуат қалай есептелінеді? 2 Параллель немесе тізбектей қосылған насостардың m тобының соммалық сипаттамалар құрылысының әдістемелері неден тұрады? 3 Жылумен қамту жүйесінің гидравликалық тұрақтылығы дегеніміз не? 4 Жылу жүйенің бейтарап нүктесі дегеніміз? Ненің көмегімен бейтарап нүктедегі бірқалыпты қысым сақталады? 5 Не себепті автоматтандырылмаған жылумен қамту жүйесіндегі абоненттік қондырғылардағы гидравликалық тұрақтылық коэффициенті магистраль бас жағына қарағанда соңында төмен қосылған? 6 “Көлбеу жол” принципі бойынша жылу желісін ашық жүйемен қамтуды бастапқы реттеу нені білдіреді? Бұндай реттеу қандай мақсатта қолданылады? 7 Сақиналы желіні ағымды реттеуді есептеу әдісінің мәні не? 8 Екі жылу көзінен қуаттанатын су жылу желісінде ағымды реттеуді есептеу әдісінің мәні не? 9 Жылу желісіндегі гидравликалық соққы дегеніміз не және оның себебі? 10 Гидравликалық соққыны есептеуге арналған Жуков формуласын келтіріңіз. Бұл формула қандай заңдар негізінде алынған? 11 Неліктен гидравликалық соққының қысымы магистралды жылу желісінің ұзындығына пропорционалды және қай теңдеуден шыққан? 12 Қандай қондырғылар жылумен қамту жүйесін гидравликалық соққы кезіндегі мүмкін емес қысымнан қорғау үшін қолданылады? 13 Жылу желісіндегі рұқсат етілген тез әрекеттік реттегіш пен дросселдеуші клапандарды есептейтін формуланы келтіріңіз. Бұл формула қандай шарттан шыққан?                                      
ЖЭО-ның жылуландыру қондырғылары және жылу желілерінің қондырғылары. 1. Қарсы қысымды (Р типті) және конденсациялық (КО типті) бу турбиналарының негізгі ерекшеліктері қандай? Р және КО типті турбиналардың қолданылу аймақтарын көрсетіңіз. 2. Неліктен заманауи жылуландыру турбиналарының жылуландыру қондырғыларында желілік судың екісатылы сорғылық қондырғылары қолданылады? 3. Жылу желілерінің қоректендіру суына қойылатын негізгі талаптары қандай? 4. Заманауи жылуқұбырларының құрылымдарына қойылатын басты талаптар қандай? 5. Жер астындағы жылу құбырларын сыртқы коррозиядан сақтау әдістерін атаңыз. 6. Жылу өткізгіш құбырларына қойылатын негізгі талаптар қандай?          
Жылу беру жүйелерінің техника-экономикалық есептері. 1. Күрделі шығын, қаржы салымы туралы түсіндіріңіз және қаржыландыру көздерін көрсетіңіз. 2. Экономикалық және энергетикалық қамтамасыз етудегі салыстыру нұсқаларының негізгі жағдайын көрсетіңіз. 3. Технико-экономикалық есептеулерде уақыт факторы қалай есепке алынады? 4. Электр станцияларының және қазандық қондырғыларының күрделі салымдарын есептеу әдісін келтіріңіз. 5. Жылуландыру коэффициентін оңтайландыру міндеттерін келтіріңіз. Оларды шешу әдісі мен міндеттемелерінің ерекшеліктері қандай?              
Жылу желілерін пайдалану 1. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің апаты және істен шығу дегеніміз не? 2. Жылумен қамтамасыз етудің су жүйесінің сенімділігін арттырудың негізгі жолдарын атаңыз. 3. Жылу желілеріндегі ақауларды жою мен анықтау әдістерін келтіріңіз. 4. Жылу желілерінің гидравликалық және жылулық сынақтан өту түрлерінің негізгілерін көрсетіңіз.