Дәріс тақырыбы: Жабық электр тартылымдар. Ашық электр тартылымдар. Түтік ішінде жүргізілетін тартылымдар.

Дәрістің мақсаты: Электр тартылымдар. Электр тартылымдарының түрлері, оларды қолдану аумақтары және жүргізу тәсілдері. Электр тартылымдарды монтаждау тәртібі. Электр тартылымдарға монтаждауына қойылытын талаптар. Жабық және ашық электр тартылымдарын монтадау. Түтік ішінде, арқан сымда жүргізілетін тартылымдар.

3.1 Электр тартылымдар.
Жылжымалы ток қабылдағыштарды электр торабына қосуға АКРТН маркалы шлангтік кабель пайдаланылады.
Сымдарды бір-біріне жалғауға У 409, У 500 типті шаң кірмейтін, ал ІІ-ІІІ класты бөлмелерде У 997, У 1005 типті жабық тарамдық қорапшалар қолданылады. Бөлмеде қорапшалар саны мүмкіншілігінше аз болуы тиіс. Қалқандарды, ажыратқыштарды және басқа электр жабдықтарын өрт қаупі бар аймақтан шығарып орнату керек.
Болат түтіктердің ішімен жүргізілетін электр тартымдарда тек жеңіл газ-су өткізетін және электрмен пісірілген түтіктерді қолдануға кеңес беріледі. Түтіктерді бір-бірімен, қорапшалармен не жабдықтармен жалғау тек винт оймасымен орындалуы керек. Түтіктердің электр аппараттарына жалғанған жері ажыратылатын болуы тиіс. Түтіктер құрылыстық құрылмаларға негізінде қапсырмалармен және қамыттармен бекітіледі. Түтіктердің жалғанған жерлерінде винт оймасына ФУМ лентасы не олифте ерітілген қызыл түсті темір (қорғасын) бояу сіңдірілген кендір талшықтары оралады. Қызыл бояудың орнына майлы бояуларды не ақ сырды пайдалануға болмайды. Түтіктер тек бірқатар жүргізіледі. Түтікпен ғимарат қабырғасының арасындағы саңылау 20 мм-ден кем болмауы керек. Параллель жүргізілгенде электр тартым түтіктері ауадан жеңіл газ өтетін түтіктерден төмен, ал ауадан ауыр газ өтетін түтіктерден жоғары орнатылады. Электр тартым түтіктерін технологиялық түтіктер түсінен басқа түсті бояумен сырлайды.
Өрт қаупі бар аймақтарда сымдар мен кабельдерді изоляторда, науаларда және қораптарда ашық тартуға болады. Ашық тартылатын сауытты кабельдің сыртқы джут жамылғысы алынып тасталады. Кабельдің сауытына және бекіту бөлшектеріне жанбайтын бояу не жанбайтын коррозияға төзімді құрама жағылады. Өрт қаупі бар бөлмелерде кабельдерді жалғайтын муфталар орнатуға болмайды. Бұл бөлмелерде сымдар мен кабельдер қабырғалар мен жабындылардан болат не асбест түтіктердің ішімен өткізіледі. Өтетін жерлерде сымдар мен кабельдер поливинилхлорид тілімен қосымша изоляцияланады.
Арқан сымдық электр тартым негізінде жарықтандыру жерлерінде пайдаланылады. Желілерді монтаждауға тек жанбайтын жамылғысы бар АВВГ, АВРГ, АНКР маркалы кабельдер қолданылады. Кабельдердің қорапшаларға кіргізілген жерлері тығыздалынып сальникті гайкамен бекітіледі. Қорапшалардың пайдаланылмаған келте түтіктері резенқемен тығыздалынып тығындалады. Электр тартымның электр қозғалтқышына кірмесі стандарттық бөлшектердің көмегімен тығыздалынады.
ІІ – І, ІІ – ІІ класты бөлмелерде және ІІ – ІІ б класты қоймаларда орнатылатын басқару аппараттары шаң кірмейтін, ал ІІ – ІІ а класты өндірістік ғимараттарда және ІІ – ІІІ класты сыртқы қондырғыларда жабық болып дайындалуы керек. Жабық (тығыздалған) шкафтарда ашық және қорғалған болып дайындалған басқару аппараттарын пайдалануға болады.
Жанатын материалдар сақталатын қоймаларда орнатылатын барлық электр қабылдағыштарды ток көзінен ажырату үшін, қоймадан тыс жерге ортақ басқару аппараты қойылады. Жарықтандырғыштардың дайындалуы “Электр қондырғыларын құру ережелеріне” және арнайы нұсқауларға сәйкес болуы керек. Жарықтандырғыштардың ішімен жылуға берік изоляциялы сымдар тартылады.
Электр жабдықтарын қопарылыс қаупі бар аймақтардың кез келген класында резенқе және поливинилхлорид изоляциялы сымдарды және поливинилхлорид, резенқе, қағаз изоляциялы, қабықшалары поливинилхлоридтен, резенқедан не қорғасыннан дайындалған кабельдерді пайдалануға болады. В – І және В – І а кластарына жататын қопарылыс қаупі бар аймақтарда тарамдары мыстан дайындалған сымдар мен кабельдер пайдаланылады. В – І б, В – І г және В – ІІ а класты қопарылыс қаупі бар аймақтарда алюминий тарамды сымдар мен кабельдерді қолдануға болады.
Түтік ішімен жүргізілетін электр тартымдарда газ-су өткізетін болат түтіктер пайдаланылады. Түтіктерді бір-бірімен және электр аппараттарымен жалғау тек винт оймасымен орындалады. Түтіктердің жалғанған жерлеріндегі винт оймасына ФУМ лентасы не қызыл бояу сіңірілген кендір талшықтар оралады. Электр тартым түтіктерін технологиялық түтіктердің түсінен басқа түсті бояумен сырлайды.
Жалғаулық және тарамдаулық қорапшалардың құрылмасы қаупі бар аймақтың класына сәйкес болуы тиіс. Түтік ішімен жүргізілетін электр тартымдарда сымдар мен кабельдер электр аппараттарының, жарықтандырғыштарының ішіне түтіктермен енгізіледі де кірме тығыздалынады. Ашық тартылған сымдар мен кабельдер кірмелері арнайы сақиналармен тығыздалынады.
В – І және В – ІІ класына жататын бөлмелерден сыртқа не басқа орталы бөлмелерге өтетін электр тартымдардың түтіктеріне қабырғаның ішкі бетінен 200 мм-ден артық емес қашықтықта арнайы шекаралық (бөлетін) тығыздатқыш орнатылады. Тығыздатқышты 3 минут ішінде 250 кПа ауа қысыммен сынайды, осы уақытта қысымның төмендеуі 200 кПа-дан аспауы керек.
Сымдар мен кабельдердің тарамдарын электр аппараттарына қосу жалпы талаптарға сәйкес орындалады. Қосылған жерлерді төрт қабат жабысқақ ПВХ тіліммен изоляциялайды.
Қопарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға болмайды:

1. полиэтилен изоляциялы не қабықшалы сымдар мен кабельдерді;

2. изоляциясыз сымдарды;

3. В – І және В – І а класты зоналарда алюминий қабықшалы кабельдерді;

4. жалғағыштық және тармақтандырғыштық муфталарды;

5. аймақтармен транзит өтетін және осы аймаққа 5 м-ден жақын жүргізілетін электр тартымдарды;

6. сымдар мен кабельдер тарамдары винттің кеспесімен қысылатын жағдайда винттік және болттық қысқыштарды;

7. диаметрі 4 мм-ге дейін винттік және жалаңаш жалғағыштық қысқыштарды;

8. жалғанған жерлерді изоляциялауға полиэтилен қалпақшаларды.

Электр қозғалтқыштың аппараттарын және жарықтандырғыштарын монтаждауын, оларды дайындаған зауыт нұсқауларына сәйкес орындау керек.
Кернеуі 1000 В-ке дейін бейтарабы жерге тікелей қосылатын электр қондырғыларын қопарылыс қаупі бар аймақтарда жермен және нөлдік сыммен қосуды мынадай тәсілдермен орындау керек:

1. бір, екі және үш фазалық күштік тораптарда кабельдің не сымның арнайы үшінші не төртінші тарамымен;

2. В – І кластан басқа жерлерде жүргізілетін бір фазалық жарықтандырулық тораптарда, жарықтандырғыштан жақын тарамдатқыштық қорапшаға дейінгі учаскеде қорапшадағы нөлдік жұмыс сымына қосылған арнайы үшінші сыммен;

3. В – І класына жататын аймақтарда жүргізілген бір фазалық жарықтандырулық тораптарда жарықтандырғыштан жақын топтық қалқанға дейін тартылған арнайы үшінші сыммен.

Ғимараттың металл құрылмаларын, электр тарамдарының болат түтіктерін, кабельдердің металл қабықшаларын, арқан сымдары және т.б. металл бөлшектерді нөлдік сымға екі шетінен қосу керек. Тек оларды жалғыз нөлдік қорғағыштық (нөлдік сыммен қосатын) өткізгіш ретінде пайдалануға болмайды.
Муфталарды түтіктерге пісіріп жалғауға, сондай-ақ түтіктердің бір-бірімен жалғанған жерлерінде, муфталарда, қораптарда және жабдықтардың кірмелерінде нөлмен қосатын құрылғы қоюға тыйым салынады. Нөлдік сыммен қосылудың үзіліссіздігі винт оймалық жалғаюдың түйіспелігімен қамтамасыз етіледі.
Қопарылыс қаупі бар аймақтардағы электр қондырғыларының тапсыру-қабылдау құжаттарының құрамында негізгі құжаттармен қатар мына қосымша материалдар болады:

1. барлық электр қабылдағыштардағы “фаза-нөл” тұзағының толық кедергісін тексеру протоколы;

2. кабельдің әрбір тарамы изоляциясының жермен қосылған басқа тарамдарының арасындағы кедергісін 1000 В-тік мегомметрмен өлшеу туралы протоколы (кабельдің 1 км ұзындығына есептелген кедергісі 4,5 МОм-нан кем болмауы керек);

3. 2500 В-тік мегомметрмен кабельдерді сынау протоколдары (сынау уақыты 1 минут);

4. шекаралық (бөлетін) тығыздатқыштарды сынау протоколдары;

5. зауыт нұсқаулары;

6. қопарылыстан қорғалған жабдықтарды зауыта сынау протоколдары.

3.2 Ашық электр тартымдар.
Ашық электр тартымдарда сымдар кабельдер ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларының, жабындарының және басқа құрылыстық құралмаларының бетімен мынадай тәсілдермен тартылады: ішектерге, тілімдерге, арқан сымдарға, шығырларға, изоляторға бекітілініп, металл не бей металл түтіктердін ішімен; науалардың үстімен; қораптардың, иілгіші металл шлангтердің, электр техникалық іргеліктердің және мыңдай шалардың ішімен және т. б.
Изоляциялайтын тіректер пайданылатын электр тартымдарда сымдарды ғимараттың ішкі қабырғалары мен төбелерінде орнатылған шығырлар мен изоляторға, сыртқы қабырғаларына және құрылыстық құралмаларына орнатылған изоляторға бекітеді. Бұл тәсілмен жүргізілетін электр тартым еңбекте көп сіңдіруді керек қылады, ал оның жұмыс істеу мерзімі аз келеді. Осы себептен кең қолданылмайды.
Арқан сымдық электр тартым негізінде өндірістік ғимараттарда және мал қораларында пайданылады. Бұл тартымда сымдар және көлденең қимасының ауданы 16 мм 2-ге дейін сауытсыз кабельдар, сондай-ақ көтеріп тұратын арқан сымы бар резенқе не пластмасса изоляциялы арнайы сымдар қолданылады. Арқан сымды арнайы тартқыш не анкерлік құрылғылардың көмегімен құрылыстың не ғимараттың құрылыстық құралмаларына тартып бекітеді. Арқан сымдық электр тартым монтаждық блоктар және түйінділер түрінде зауыта не арнайы шеберханада дайындалып жиналады.
Ішектік электр тартым кернеуі 380 В-ке дейін жарықтандырулық және күштік тораптардың магистральдық, таратулық және топтық желілерін жүргізуге қолданылады. Бұл тәсілде сымдар мен кабельдер құрылыстық құралмаларға ұштық және аралық құрылғылармен бекітілген ішекке (болат сымға) ілінеді.

1. Кабельдер мен қорғанышты сымдарды ғимараттардың қабырғалары мен ішкі төбелерінің бетіне тікелей бекітіп, электр тартым жүргізуге болады. Сымдар мен кабельдерді бекітуге бір не екі табанды қапсырмалар пайданылады. Қапсырмалар бұрандалы шегелермен, дюбельдермен және т. б. тәсілдермен бекітіледі. Сымдар мен кабельдерді тарамдау және бір-біріне жалғау арнайы қорапшаларда орындалады.

2. Айналаны қоршаган ортаның температурасы 600С-тан аспайтын жағдайда электр тартымды пластмасса (винипласт, полиэтелен, полипропилен) түтіктердің ішімен жүргізуге болады. Түтіктер ашық және жабық тартылады. Түтіктер бір-бірімен муфталардың көмегімен жалғанады. Электр тартымда тармақтау және жалғау жұмыстары арнайы тарамдық қорапшаларда орындалады.

3. Болат түтіктер ішімен жүргізілетін электр тартымдар тек «Электр қондырғыларын құру ережелерінің» талаптарына және жобалық шешімдерге сәйкес жағдайларда қолданылады. Құрғақ және ылғалды үй-жайларда қалындығы жұқа, ал басқа үй-жайларда қалындығы әдеттегідей болат түтіктер пайданылады.

3.3 Жабық электр тартымдар.
Жабық электр тартымдарда сымдар мен кабельдер мынадай тәсілдермен тартылады: металл және бей металл түтіктердің, иілгіші металл шлангтердің, қораптардың, құрылыстық құралмаладрың каналдары мен қуыстарының ішімен, сылақтың астымен, сондай-ақ құрылыстық құралмаларды дайындау кезінде олардың ішіне салынады. Әкімшілік ғимараттарында, өндірістік, сауда және ойын суық көрсететін орындарда жүргізілетін электр тартымдарда сымдарды ауыстыру мүмкіншілігі қамтамасыз етіледі. Кейбір жағдайларда сымдарды ауыстыруға болмайтын электр тартымдар қолданылады. Жалпақ сымдары (АППВС, АПН) жанбайтын құрылыстық құралмалардың бетіне тікелей не оларда жасалынған жарықшаларға бекітіп, үстін ылғал не құрғақ сылақпен жабады. Бұл тәсілде алдымен жарықшаға салынған сымды белгілі қашықтарда алебастрмен бекітеді. Содаң соң үстін сылап тастайды. Жанатын құрылыстық құралмаларда жалпақ сымдардың астына қалындығы 3 мм асбест төселінеді.
Тұрғын үйлерде электр тартым арнайы орларда жүргізіледі. Қабырғалық және жабындық панельдерде және ғимараттар мен құрылыстардың басқа бөлшектерінде оларды дайындауда арнайы сымдарды жүргізуге арналған каналдар, қуыстар, тесіктер және ажартқыштарды, штепселді розеткаларды, тарамдық қорапшаларды бекітуге арналған ұялар жасалынады. Қуыстардың не тарамдық қорапшалардың аралықтарындағы каналдардың ұзындығы 8 м-ден көп болмауы керек. Каналдардың не құрылыстық құралмалардың ішіне салынған түтіктердің үстіндегі қорғаныштық қабаттың қалындығы 10 мм-ден кем болмауы тиіс. Электр тартымдарды жүргізуге қабырғалық және жабындық панельдердің құрылмалық қуыстары да пайданылады.
Өндірістік кәсіпорындарында цехтар еденінің астына салынған болат түтіктердің ішімен жүргізілетін электр тартым модульдік деп аталады. Бұл электр тартымда цех еденінің астында белгілі бірдей қашықтықта арнайы тарамдық модульдік қораптар орналастырады. Қораптарға қондыру орындары ауысып тұратын технологиялық жабдықтардың электр қабылдағыштарын қосу аз материалдық шығынмен, сондай-ақ электр торабын және еден төсемін айтарлықтай өзгертпей орындалады. Электр қабылдағыштар тарамдық қораптарда магистраль электр торабына арнайы пішімдердің көмегімен қосылады. Тарамдық қораптардың үстіне ішіне автомат пен штепсельді ажыратылатын құрылғы не рубильник пен сақтандырыш орнатылған тарамдық бөліп-таратқыштық жәшік (колонка) қондырылады.

3.4 Арқан сымды электр тартым.
Арқан сымға ілініп изоляциялы және қорғанышты сымдармен, сондай-ақ кабельдермен немесе тарамдарының (үш не төрт) арасында меншікті болат арқаны бар арнайы сымдармен жүргізілетін электр тартым – арқан сымды электр деп аталады. Бұл тәсіл монтаждау жұмыстарын индустриялауға қолайлы келеді және әр түрлі қоршап тұратын орталарда пайдаланылады. Арқан сымды электр тартымдарды монтаждау тәртібі: жоларнаны белгілеу; анкерлік және тартқыш құрылғыларды, тік көтермелерді орындарына бекіту; жоба бойынша сымдардың, кабельдердің, арқан сымдардың қажетті өлшемдік кесінділерін дайындау; арқан сымды электр тартымды дайындалған бөлшектерден жинау; дайындалған электр желісін жоба бойынша тарту; электр тартымның металл бөлшектерін тотығудан қорғау; арқан сымды жермен қосу; электр тартымды электрлік сынау.
Жоларнаны анықтау кезінде жоба және нобай бойынша анкерлік және аралық құрылмалардың, тарамдық қорап-шалардың, жарықтандырғыштардың және күштік электр қабылдағыштардың орындары белгіленеді.
Анкерлік және тартқыш құрылғыларды, тік көтермелерді бекіту жобаның жұмыс чертеждері мен белгіленген жоларна бойынша орындалады. Анкерлік және тартқыш құрылғылар ғимараттың негізгі қүрылыстық құрылмаларына (қабырғаларына, фермаларына және т. б.), ал тік көтермелер жабындарға, фермалардың не жабындық панельдердің арасындағы саңылауларға бекітіледі.
Арқан сымдардың, ішектердің, тартпалардың, кабельдердің, электр сымдарының қажетті өлшемдік кесінділері жоба және ғимараттарда өлшеу нәтижесінде сызылған нобайлар бойынша арнайы шеберханаларда әзірленеді. Негізгі болат арқанның диаметрі 3 ... 6,5 мм, сырты мырыш-пен не полимермен қапталған болат сымның диаметрі 5 ... 8 мм, аралық бекітуге арналған болат арқанның диаметрі 1,5 ... 2,0 мм, ілуге және тартып тұруға арналған болат арқанның диаметрі 2 ... 5 мм, ал ішек сымның днаметрі 2 ... 4 мм болуы керек. Қажетті кесінділерді дайындаған-нан кейін сымды не ішек сымды электр тартымдарды шеберханада жинайды. Бүл кезде электр сымдарды тарамдық қорапшаларда бір-біріне жалғайды, оларды арқан сымға тілімшелермен, не бастырмалары бар тілімдермен, не тағамен, не пластмасса қысқыштармен бекітеді. Жалғаулардың дұрыстығы тексеріліп, арнайы таңбалар жазылады.
Шеберханада дайындалған электр тартымды монтаждау орнына әкеледі. Өны түзетеді, керекті жарықтандырғыштарды іліп жалғайды. Содан соң қажетті биіктікке көтеріп, жоба бойынша электр тартымды жүргізеді. Бұл кезде арқан сымның бір ұшын анкерлік құрылмаға бекітеді. Содан кейін, бұрын дайындалған аралық ілуге және тартып тұруға арналған болат арқандарға жалғайды. Негізгі аркан сымды тартып, оның қажетті иілу биіктігін қамтамасыз етеді де, екінші анкерлік құрылмаға бекітеді. Электр тартымнын иілу биіктігі мынадай болуы керек: бекіту нүктелерінің аралығы 6 м болғанда — 100... 150 мм, ал бекіту нүктелерінің аралығы 12 м болғанда — 250 мм.
Электр тартым жүргізілгеннен кейін оның боялмаған металл бөлшектеріне техникалық вазелин жағын, оларды тотығудан қорғайды. Көлденең қимасының ауданы 2,5 мм2 мыс сыммен болат арқанды нөлдік сымға жалғайды. Кернеуі 1000 В-ке дейін мегоомметрмен электр тартымнын изоляциясының кедергісін өлшейді. Оның мөлшері 0,5 МОм-нан кем болмауы керек.

3.5 Түтік ішімен жүргізілетін электр тартым.
Сымдарды механикалық зақымнан және олардың изоляцияларын қоршап тұрған ортаның әсерінен қорғау үшін, электр тартымдарди түтіктер пайдаланылады. Бірақ, бұл тәсіл басқа электр тартымдардан әрі қымбат және әрі көп еңбек сіңіруді қажет қылады. Осы себептен, тапшы болат түтіктер электр тартымды түтіксіз не бей металл түтіктерді пайдаланып жүргізуге болмайтын жағдайларда қолданылады. Бұл тәсілде негізінде қабырғасы жұқа болат түтіктер, ал қопарылыс қаупі бар үй-жайларда әдеттегі су-газ откізетін (газдық) түтіктер пайдаланылады. Соңгы кезде полимер (полиэтилен, винипласт, полипропилен) түтіктер көп қолданылады.
Түтік ішінде жүргізілетін электр тартымды монтаждау тәртібі: жоларнаны дайындау; горизонталь және тік учаскелерде жоларнаны белгілеу; тіректік құрылмалар мен бекіту бөлшектерін орындарына бекіту; шеберханада түтіктерді дайындау (кесу, ию, винт оймасын жасау, түтік-терді бір-бірімен, қорапшалармен, жәшіктермен, электр жабдықтарының тұрықтарымен жалғау, түтіктердің жалғанған жерлерін тығыздау, дайындалған түтіктерден пакеттер және блоктар жинау); түтіктерді, түтіктерден жиналған блоктар мен пакеттерді жоба және нобай бойынша жүргізу және бекіту; жоларнадағы кедергілерді айналып өту және түтіктерді қозғалтқышқа және аппараттарға жеткізу; шеберханаларда жоба және нобай бойынша сымдар мен кабельдердің қажетті өлшемдік кесінділерін дайындау; сымдарды түтіктер ішімен тарту; болат түтіктерді жермен қосу.
Электр тартымның жоларнасын дайындау жобаның жұмыс сзықтар бойынша орындалады. Бұл кезде технологиялық жабдықтар мен электр қабылдағыштардың үй-жайларда орналасуына орай жоларнаның бағыты мен ұзындығы анықталады және белгіленеді. Түтіктер ашық тартылатын жағдайларда электрлік құрылмалардың, электр қабылдағыштардың, қорапшалардың, жәшіктердің, бекіту бөлшектерінің, тіректік құрылмалардың бекітілетін орындарын, сондай-ақ жоларна бағытының өзгеретін, қабырғалар мен жабындардың өтетін жерлерін аныктайды және белгілейді.
Түтіктер диаметріне орай, оларды құрылыстық құрылмаларға бекіту нүктелерінің аралары мына мәндерден артық болмауы керек: түтік диаметрі 15 ... 20 мм болғанда — 2,5 м-ден; 25 ... 32 мм — 3 м-ден; 40 ... 80 мм — 3,5 ... 4 м-ден; 100 мм — 6 м-ден. Бекіту нүктесінен бұрылу бұры-шына дейінгі ара қашықтық — 150 ... 200 мм-ден артық болмауы тиіс. Жылыту және ыстық су жүйелері түтіктері­не дейінгі ара қашықтық параллель тартылғанда 100 мм-ден, ал қиылысқанда 50 мм-ден кем болмауы керек.
Түтіктер жабық тартылатын жағдайларда жоларнаны барлыгы бағыттарда да ең қысқа қашықтықпен анықтап белгілейді. Түтіктердің құрылыстық құрылмада жүргізілу тереңдігі — 20 ... 50 мм.
Тіректік құрылмалар мен бекіту бөлшектері белгіленген горизонталь және тік сызықтардың бойымен бір деңгейде және тең ара қашықтықтарда бекітіледі.
Жоба және алдын ала жүргізілген жоларнаны белгілеу нәтижесінде сызылған нобай бойынша шеберханада түтіктің өлшемдік кесінділері дайындалады. Содан соң нобай бойынша түтіктерді иеді. Түтіктердің иілу радиусы олардың сырткы диаметрінен мынадай есе кем болмауы керек: диаметрі 50 мм-ге дейін түтіктердің — 4 есе, үлкен диаметрлі түтіктердің — 6 есе. Түтіктердің нормаланған иілу бұрыштары — 90, 105, 120, 135 және 150°, ал иілу радиустары - 200, 400 және 800 мм. Түтіктерді бір-бірімен қораптармен, жәшіктермен және электр жабдықтарының тұр-қымен жалғау үшін, олардың ұштарына винт-ойма жасалынады. Су-газ өткізетін түтіктер бір-бірімен муфтамен, ал жеңіл және электрмен пісірілген түтіктер манжеттермен жалғанады. Манжеттер түтіктерге 2 ... 3 жерде пісіріледі. Түтіктерді қораптарға жәшіктерге, электр жабдықтары-ның тұрқына гайкамен, муфтамен, манжетпен не келте түтікпен жалғайды. Түтіктердің жалғанған жерлеріне кендір талшықтар не ленталар орап тығыздайды.
Қажетті жағдайларда түтіктерден блоктар және пакеттер жиналады. Түтіктерді және түтіктерден жиналған блоктар мен пакеттерді жоба және нобай бойынша құрылыстық не арнайы тіректік құрылмалардың үстімен жүргізеді. Содан кейін ашық тартылатын түтіктерді қүрылыстық құрылмаларға бір не екі табанды қапсырмалармен, ал тіректік құрылмаларға қапсырмалармен, қамыттармен, не бастырмалармен бекітеді. Жабық жүргізілетін түтіктерді жырақшаларға алебастрмен. ал еденде, каналда, ірге таста тартылатын түтіктерді болат арматураға не арнайы тіректерге бекітеді.
Жоларнадағы кедергілерді айналып өту үшін және түтіктерді электр қозғалтқышдері мен аппараттарына жеткізу үшін, иілгіш металл шлангтер пайдаланылады.
Сымдар мен кабельдердің кажетті өлшемдік кесінділері жоба және нобай бойынша шеберханада КМО-6 және КМБ-4 механизмдерінің көмегімен дайындалады. Сымдарды түтік ішімен тарту үшін, болат талсым не арнайы шланга пайдаланылады. Сымдар талсымға қыспақтармен не қысқыштармен бекітіледі. Түтік ұштарына төлкелер кигізіледі.
Түтіктерді кемінде екі нүктеде жермен қосады. Параллель тартылған бірнеше түтіктерді бір-біріне көлденең болат тіліктермен пісіріп жалғайды да жермен қосады. Полимер түтіктерді монтаждаудың мынадай ерекшелік-тері бар. Жоларнаны белгілеу болат түтіктерді тарту сияқты жүргізіледі. Ашық тартылған полимер түтіктердің бекітілуі қоршап тұрган ортаның температурасына орай, оларға ұзаруға не қысқаруға мүмкіншілік беруі керек. Бекіту нүктелерінің ара қашықтығы түтіктердің диаметріне орай, мынадай мәнде болуы тиіс: түтік диаметрі 20 мм болғанда ара қашықтық — 500 мм, сол сияқты: 25 мм — 700 мм; 32 мм — 900 мм; 40 мм — 1100 мм; 50 мм — 1300 мм; 63 мм — 1500 мм.
Полимер түтіктердің еденде жабық тартылу тереңдігі 50 мм-ден кем болмауы керек. Еденге түсетін жүк аз болған жағдайда тереңдікті 20 мм-ге дейін азайтуға болады. Параллель тартылған ыстық су түтіктермен полимер түтіктерінің арасы 100 мм-ден, ал олар қиылысқан жерлерде 50 мм-ден кем болмауы тиіс. Полиэтилен түтіктер тек жабық жүргізіледі. Полимер түтіктер жылу түтіктерінен төмен тартылады. Винипласт түтіктерді ию үшін оларды алдын ала қыздыру керек. Полиэтилен түтіктерді қыздырмай июге болады. Үй-жайлардың қабырғалары мен жабындарынан полимер түтіктерді болат резенқе не пластмасса гильзалардың ішімен өткізеді. Гильзаның ішкі диаметрі түтіктің сыртқы диаметрінен 5 ... 10 мм үлкен болуы керек. Гильза қабырға мен жабыннан 10 ... 20 мм шығып тұруы тиіс. Полиэтилен түтіктер бір-бірімен және өтпелі-тарамдық қорапшалармен полиэтилен муфталардың ішінде пісі-ріліп, кенейтілген келте түтікті муфталардың ішінде қыздырумен кигізіледі не муфталардың ішінде желімделіп және т. б. тәсілдермен жалғанады. Винипласт түтіктер бір-бірімен және өтпелі-тарамдық қорапшалармен винипласт муфталарда ие кеңейтілген келте түтікті муфталарда БМК-5 не ПКФ-147 желімімен желімделіп, ал құрғақ үй-жайларда кірме келте түтікті төлкелердің көмегімен тығыздалынып жалғанады.

3.6 Жалпақ сымдармен жүргізілетін электр тартым.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметтік және қосымша бөлмелерінің жарықтандырулық желілерінде жалпақ сымдармен жүргізілетін электр тартымдар пайдаланылады. Жалпақ сымдармен электр тартым ашық және жабық жүргізіледі.
Ашық электр тартым беті сыланған, не бетіне түсқағаз жапсырылған жанбайтын материалдан дайындалған не ағаш қабырғалар мен қалқа қабырғалардың үстімен жүргізілуі мүмкін. Бұл тәсілде электр тартым жоларнасы жоба бойынша бөлмелердің архитектуралық сызықтарына параллель белгіленеді. Сонда соң қажетті бекіту бөлшектері орнатылады. Сым бөлменің ішкі төбесінен 100...200 мм қашықтықта тартылады. Ағаш қабырғаның бетімен жүргізілетін самның астына ұзына бойына қалыңдығы 3 мм асбест төселінеді. Асбест сымның екі жағынан кем дегенде 5 мм шығып тұруы керек. Арнайы АППР маркалы жалпақ сымды шығырларға бекітіп жүргізгенде қосымша изоляция керек емес.
Жалпақ сымдарды жабық тарту үшін жобаның жұмыс сызықтары бойынша жоларна белгіленеді, электр аппараттры мен аспаптарының орнатылатын орындары анықталады. Жанбайтын материалдан дайындалған қабырғалар мен қалқа қабырғаларда сым беті сыланған жырақшаларда не ылғалды сылақтың астында, не құрғақ сылықтың астындағы алебастырдің ішінде, не қалыңдығы 3мм асбест астында жүргізіледі. Жалпық сымдар ағаш қабылғаларда және құрғақ, не ылғалдық сылақтанған қалқа қабылғаларда олардың бетіндегі алебастр ерітіндісінің, не асбестің үстімен ылғалды сылақтың астында тартылады. Жабық электр тартымды құрғақ сылақтың астында да жүргізуге болады. Бұл жағдайда сымның астына және үстіне алебастр ерітіндісі жағылады не екі қабат асбест төселінеді.
Жалпақ сымды жанбайтын материалдан дайындалған жабындардың аралықтарындағы саңылауда қуыс плиталардың каналдарында, не плитаға жағылған алебастр, не цемент ерітіндісінің ішінде, не сылақта жасалынған жырақшаларда жүргізуге болады. Жанатын материалдан дайындалған, сылақ жағылған жабындарда жалпақ сымды сылақтың астында қалыңдығы 5 мм алебастр ерітіндісінің не асбестің үстінде тартуға болады. Параллель тартылған сымдардың ара қашықтығы 3...5 мм болуы керек.
Жалпақ сымдар қабырғадан және қалқа қабырғадан ұштарына төлке кигізілген изоляциялық түтіктердің ішімен өткізіледі.
Жалпақ сымдармен электр тартымды екі тәсілмен жүргізуге болады. Бірінші тәсілде әрбір бөлменің электр тартымының толық картасы сызылады. Карта бойынша арнайы шеберханада сымның өлшемдік кесінділері дайындалады. Содан кейін жоба бойынша сымдар тарамдық қорапшаларда жалғанады. Дайын электр тартымды орап, оған таңба байланады. Содаң соң электр тартымды монтаждау орнына апарады. Монтаждау орнында электр тартымды таңбаға сәйкес тарқатады да, дайындалған жоларнаға бекітеді. Тиісті жалғау жұмыстарын орындайды. Екінші тәсілде монтаждау орнында нобай бойынша сымның өлшемдік кесінділерін дайындайды. Оларды белгіленген жоларнада бекітеді. Қорапшаларда жалғау және тарамдау жұмыстарын орындайды.
Ашық тартылған жалпақ сымдар құрылыстық құралмаларға шегелермен, пластмасса қапсырмалармен, желімен бекітіледі. Жабық жүргізілген жалпақ сымдарды бекітуге алебастр ерітіндісі, пластмасса қапсырмалар, мақта тілімдер пайдаланылады.
ЕСКЕРТУ:Жалпақ сымдарды қопарылыс қаупі бар, химиялық активті орталы және ерекше дымқыл үй-жайларда, сондай-ақ балалар бақшаларында, ауруханаларда, мектептерде, сахналарда, ойын-суық көретін залдарда ағаш құралмалардың бетімен тікелей ашық және жабық жүргізуге болмайды. Сондай-ақ, өрт қаупі бар үй-жайларда және шатырларда жалпақ сымды ашық тартуға рұқсат етілмейді.

o Жалпақ сымдарды жарықтандырғыштардың ішімен тартып, электр торабына қосуға пайдалануға болмайды.

o Айналаны қоршаған ортаның температурасы 150 С-тен төмен жағдайларда жалпақ сымдарды монтаждау жұмыстарын орындауға болмайды.

o

Дәріс тақырыбы: Сымдар мен кабель тарамдарын жалғау және ұштықтау Дәнекерлеу, пісіру, сығылымдау. Ажырайтын және ажырамайтын жалғаулар

Дәрістің мақсаты: Сымдар мен кабель тарамдарын жалғау және ұштықтау Дәнекерлеу, пісіру, сығылымдау. Ажырайтын және ажырамайтын жалғаулар. Сымдар мен кабель тарамдарын жалғау және ұштықтау. Дәнекерлеу, пісіру, сығылымдау. Ажырайтын және ажырамайтын жалғаулар.

4.1 Монтаждаудағы бекіту жұмыстары.
Ауыл шараушылық ғимараттарында күштік және жарықтандырулық электр тартымдарын жүргізгенде орындалатын тесік тесу және бекіту жұмыстарына жалпы электр монтаждау жұмыстарының еңбек шығынының 25%-ті жұмсалады.
Жұмыстық сызбаны орындағанда ескеруге келмейтін диаметрі 30 мм-ден аспайтын тесіктерді және ғимараттарды салғанда технологиялық жағдайлармен дайындауға болмайтын бекіту бөлшектерінің ұяларын, тесіктерін, жырақшаларын электр монтаждау мекемесі жасайды. Монтаждық индустриялық тәсілдер мен кіші механикаландыру құралдарын пайдалану, бекіту жұмыстарының көлемін қысқартуға және олардың еңбек сеңірімділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бекіту жұмыстарының еңбек шығынын азайту үшін мынадай шаралар қолданылады:
- төсемелі бөлшектер орнату;
-құрылыстық құралмаларды дайындағанда және ғимараттарды тұрғызғанда керекті тесіктерді, жырақшаларды, орларды жасау;
- бекіту жұмыстарын механикаландыру;
- электр құралмаларды қағылатын дюбельдермен бекіту;
- құрылыстық негіздерге бөлшектер мен құралмаларды желімдеп бекіту.

4.2 Әр түрлі негіздерге бекіту тәсілдері.

Электр монтаждау тәжірибесінде бекітудің ең көп таралған тәсілдері: төселген бөлшектерге бекіту; қағылатын дюбельдермен бекіту; алебастр және цемент ерітінділермен бекіту; желімдеп бекіту.
Төселген бөлшектерге бекіту былайша орындалады. Кірпіш қалағанда, бетон құйғанда, заводтарда темір-бетон бұйымдарын дайындағанда бекітуші бөлшектерді құрылыстық құралмаларға төсеп жібереді. Электр құралмалары төселген бөлшектерге пісіру не жалғағыш элементтер (қапсырмалар, болтты тілімдер) арқылы бекітіледі. Жалпы, төселген бекіту бөлшектерін қолдану электр жабдықтарын монтаждаудағы өте тиімді және берік бекітетін тәсіл деп саналады.
Қағылатын дюбельдермен алынбайтын электр құралмаларды бетон және кірпіш негіздерге бекітеді. ДГП типті дюбель-шегелер 3,7Х20-дан 6,8Х100 мм-ге дейін мөлшерде болады. Оларды қағып кіргізуге ПЦ-84 типті тапанша (пистолет) қолданылады. Болат негіздерге ДГН типті дюбель-шегелер қағылады.
Алынатын электр құрылмалар бетон негіздерге ДВ типті мөлшері М 4Х35-тен М 10Х60 мм-ге дейін дюбель-винттермен, ал болат негіздерге ДВН типті дюбель-винттермен бекітіледі.
Керіп тұратын дюбельдермен бекіту дюбель қабырғаларын бұрандалы винтпен керуге негізделген. Соның нәтижесінде дюбель құрылыс ұялаға тығыс бекіп орнығады. Дюбельдерді пластмассадан не металдан дайындайды.
Керіп тұратын дюбельдермен бекіту жұмыстарының технологиясы мынадай. Дюбельдерді ұзындығы мен диаметріне сәйкес құрылыстық негіздерде электр бұрғысымен не ПО – IV типті ОПКМУІ ұстағышты қол ойғышпен тесіктер дайындайды. Дюбельді ұяға негіз бетінен артұрмай орналастырады. Бекітілетін бөлшекті дюбельдін үстіне дәлдеп орналастырып винтті бұрап енгізіп, кілтпен тартып бекітеді.
Электр құрылмаларын бекітуге дюбельдер орнына ағаш тығындар пайдалануға, сондай-ақ винттер мен винт-шегелерді дюбельдерге қатып енгізуге рұқсат етілмейді.
Жұмыс көлемі аз, механикаландыру құралдары жоқ және бекітілетін бөлшектердің массасы 5 кг-нан аспайтын жагдайларда алебастр ерітінділерімен бекіту қолданылады. Бұл тәсіл алебастр ерітіндісінің бекітілетін бөлшекпен бірге дайындалған ұяда тез қатуына негізделген. Орындалу технологиясы: ұя (тесік) дайындалады; ұя (тесік) шаңнан тазартылады және сумен шайылды; арнайы ыдыста алебастр мен суды араластырады (100 г алебстра 40...70 г. су кұйыладын дайындалған ерітінді 4...6 минут пайдаланылады; ұянынның терендігі ерітіндімен толтырылады да ұяға бекітулік бөлшек салынады; ұя ерітіндімен толтырылып тығыздалады және 20 минуттан кейін негіздін бетімен бірдей етіліп тазартылады. Алебастра 1,5 ... 2 сағаттан кейін катып бекиді.
Цемент ерітіндісімен бекіту бұйымдарды ұзын уақыт кұтіп бекітуге болатын жағдайларда қолданылады. Дымқыл және ерекше дымқыл үй-жайларында цемент ерітіндісімен бекіту жақсы нәтижелер береді. Орындалу технологиясы: ұя дайындалады; ұя шаңнан тазартылып кабырғалары суландырылады; цементті және толтырғышты (құмды) ыдысқа салып мұқият араластырады; қоспаға су құйып, араластырып ерітінді дайындайды: ұя дайындлған ерітіндімен толтырылып, оған бекітілетін бөлшек не құрылма ұсақ тастармен тығыздалынып орнластырылады; ұя ерітіндімен толық толтырылып қойылған бөлшектің, не құрылманың айналасы цемент ерітінді негіздің бетінен біраз артылып тұратындай етіліп тығыздалады; 30...40 минуттан кейін сылақтың үстін негіз жазықтығымен бірдей етіп кырып өңдейді; сонымен қатар, сылақтын беті мерзім-мерзім суландырылады. Электр құрылма бекітілген жер қырылып өнделгеннен соң тегіс, ойықсыз және құрыыстық негіз бетімен бірдей болуы керек. Желімдеу тәсілі массасы 200 г-ға дейін және беттесу ауданы 6 см2-ден кем емес бөлшектерді кез-келген құрылыстық негіздерге бекітуге қолданылады. Желім елінетін бөлшектер не пластмассадан не болаттан дайындалады.
Орындалу технологиясы: құрылыстық негіз бекітілетін бөлшек шөткемен әқтап, бояудан, майдан тазартылады; құрылыстық негізге және бөлшекке БМК – 5К желімі қалындығы 0,5 ... 1 мм болатындай жағылады; бөлшекті негізге жабыстырып 3 ... 5 с, бекігенше қысып ұстайды; монтаждаудын келесі бекіту жұмыстарын 24 сағаттан кейін жалғастырады.

4.3 Бекітуші бұйымдар.
Электр жабдыктарын, аппараттарын және аспаптарын ұстап тұратын құрылмарға бекіту үшін стандартталған (ұлгі калыпталған) метиздер – бастары алты қырлы болттар мен гайкалар, кәдімгі және серіппелі шайбалар, металдарға арналған жартылай дөңгелек, жасырын және цилиндр басты винттер ағашка арналған кіші және үлкен бұрандалы шегелер қолданылады. Сондай-ақ, жеңіл және ауыр бөлшектерді, ашылған құрылмаларды, аппараттарды және машиналарды қабырғаларға және жабындарға тез арада бекіту үшін әр түрлі және әр мақсатты дюбельдер, дюбель-шегелер және дюбель-винттер пайдаланылады.
Бетон және кірпіш қабырғаларға және жабындарға электрлік орнатылатын бұйымдар, қапсырмалар, құрылмалар пластмасса және металл дюбельдермен бекітіледі. Пластмасса дюбельдер диаметрі 4,5; 8 және 12 мм, ал ұзындықтары 30; 40; 85; және 100 мм болатын бұрандалы шегелерге арналын шығарылады. Болат дюбельдер керуші гайка және болттармен М 4Х35 мм-ден М 16Х120 мм мөлшерлерде дайындалады.
25 мм терендікке орнатылатын М 4Х30 мм бұрандалы шегелі дюбельді суыру күші бетон тереңдікке орнатылған М 16Х120 мм керуші гайкалы дюбельді суыру күші бетон қабырғаларда 8,5 ал кірпіш қабырғаларда 7 кН болады.
Дюбельдерге арналған ұялар аса қатты қоспалардан дайындалған бұргылары бар электр бұрғымен, сондай-ақ пневматикалық балғалармен не қол ойғышпен дайындалады. Көл ойғыштың жұмысшы бөлігінің диаметрі 4,8-ден 7,8 мм-ге дейінгі мөлшерді болады. Құрылмаларды бетон, кірпіш және металл негіздерге қағып бекіту үшін болат дюбель-шегелер және дюбель-винттер қолданылады. Оларды негіздерге қолдық не пиротехникалық құралмен не поршеньді монтаждау тапаншамен көмегімен кағады.
Дюбель-винт винт оймасы бар ұшталған, өзекті түрлі, жоғары сапалы бекітуші бөлшек, оған орталық болат шайба сығымдап кигізіледі. ДВМ 6 типті дюбель-винт өзектің диаметрі 3,7 мм, ал жалпы ұзындығы 40, 45, 50 және 55 мм, соған сәйкес терендету мөлшерлері 22, 28, 33 және 39 мм болады. ДВМ 8 типті дюбель-винт өзегінің диаметрі 4,5 мм, жалпы ұзындығы 35, 40, 45, 55 және 70 мм, соған сәйкес қағылтын бөлігінің ұзындығы 18, 23, 28, 33 және 48 мм болады.
ПЦ 84 тапаншаның пайдаланғанда негіздердің материалдарына байланысты мынадай типті: қысымға беріктігімен В 15 ... В 30 кластарына жататын ауыр бетон негіздерде ДВМ 6Х45 дюбельдерін, КЗ птрондарын, ДВМ 8мХ45 дюбельдерін, ДI патрондарын; сол сияқты В 7,5 ... В 12,5 кластарында ДВМ 28Х55 дюбельдерін, ДI патрондарын; В 2,5 ... В 15 класты, керекті толтырғыштары бар жеңіл бетон негіздерде ДВМ 8Х70 дюбельдерін, ДI патрондарын; беріктігі 0,45 ГПа болатын төменгі көміртекті болат негіздерде ДВМ 8Х35 Р дюбельдерін; ал болаттың калындығы 5 ... 6 мм болғанда Д 1,7 ... 8 мм – Д 2 және Д 3,9 ... 11 мм – Д-ң патрондарын; силикат кірпішті қабыргаларда ДВМ 6Х50 дюбельдерін, К 3 дюбель-винттерді және пиротехникалық патрондарды қолдануға кеңес беріледі.
Электр монтаждау жұмыстарында кабельдер, сымдар, түтіктер, аспаптар, аппараттар топтарын бекітуге монтаждық саңылауландырылған пішімдер мен тілімдер кеңінен қолданылады. Пішімдер мен тілімдер қалындығы 0,8 ... 4 мм болаттардан көп ассортиментте ұзындығы 1 және 2 м болып шығарылады. Олар негізінде жеке тіреулер, капсырмалар, планкалар, сондай-ақ құралмалық құрылмалар, кронштейндер, аспалар және электр құрылмалрының қаңқалары ретінде пайдаланылады.
Электр монтаждау мекмелерінде жан-жақты жиылмалы электр монтаждау құрылмлары (ЖЖЭМҚ) кенінен қолданылады. Олар элементтерінен пісіру және тесу жұмыстарын колданбай-ақ электр аппараттарын орнатуға, сымдар мен кабельдерді төсеуге арналғаң әр түрлі тесіктері болады.
Кабельдерді, түтіктерді және сым шоқтарын саңылаулы пішімдер мен тілімдерге бекіту үшін, сондай-ақ бірнеше оқшау сымдарды пакетке біріктіріп тарту үшін, әр түрлі тағалар, тілімдер, ленталар қолданылады.
Монтаждық лента ЛМ ені 10 және 15 мм, тесіктерінің арасы 10 және 15 мм болып поливинхлорид пластикатынан дайындалады. Осыған сәйкес тесіктерінің диаметрі 2,2 және 3 мм, ал бастырмаларының диаметрі 6/3, 5 және 12/6 мм болады. Монтаждық тілімнің өсінің бойымен бағытталған 120 Н созушы күшке шыдайды. Монтаждау мекемелеріне ленталар 1000 м лентадан және 1500 дана бастырмадан тұратың комплект түрінде жеткізіледі.
Сондай-ақ, өндірістік сымдрды шоқтау және оларды құрылмларға бекіту үшін термопластикалық материалдардан тісті тартқыш ленталар дайындап шығарады.

4.4 Бекіту жұмыстарын механикаландыру.
Электр монтаждау мекемелерінде, дайындау шеберханаларында көп көлемді бекіту жұмыстары мен электр слесарлық жұмыстар орындалады. Бұл жұмыстардың өнімділгі мен сапасы оларды механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етуге тәуелді. Кіші механикаландыру құралдарына электрлік, пневматикалық және оқ-дәрілік аспаптар жатады. Соның ішінде ең көп таралған аспаптар – электрлік қол аспаптар. Олар электр тогымен зақымданудан қорғау дәрежесіне байланысты үш класқа бөлініп шығарылады. Бірінші класқа жататын аспаптардың электр кернеуі берілетін барлық бөлшектердің ғана жұмыстық дара изоляциясы болады, тек кейбір бөлшектерінің ғана күшейтілген қос изоляциясы болуы мүмкін. Алайда, бұл аспаптар тікелей монтждау объектілерінде қолданылмайды. Екінші класты аспаптардың электр кернеуі берілетін барлық бөлшектерінің күшейтілген қос изоляциясы болады, сондықтан оларды жермен қосудың керегі жоқ. Үшінші класты аспаптар 42 В-тан аспайтын электр кернеулеріне арналып шығарылады. Олар дербес ток көзінен не төмендеткіш трансформатор арқылы сыртқы электр желісінен қоректенеді.
Өнеркәсібіміз ИЭ-1022 В сериялы қос изоляциялы және дара изоляциялы «С» сериялы электр бұрғыларын шығарады. Тесік тесуге арналған электр бұрғылар ВК типті қатты қорытпадан дайындалған тістері не табакшалары бар арнайы аспаптармен жабдықталады.
Кірпіш, гипсолит және осылар сияқты негіздерде жабық электр тартымдарға жырақшалар дайындауға тісті табақша – фрезалы электр жырақша жасағыштар қолданылады. Бетон негіздерде жырақшалар дайындауға, ұялар оюға, тесіктер тесуге, сондай-ақ жазықтықтарды тазалауға электр балғалар қолданылады.
Пневматикалық қол аспаптардың сығылған ауа энегиясын механикалық энергияға түрлендіретін жетегі және арнайы жұмыс органдары болады. Сығылған ауа көзі ретінде компрессорлар не сығылған ауа желілері пайдаланылады. Пневматикалық қол аспаптар жетегі олардың мақсаттарына байланысты ротациондық және еркін қозғалатын поршені бар соққылау әрекетті болып бөлінеді. Ротациондық қозғалтқыштар бұргылайтын, тегістейтін, винт-ойма жасайтын және винттерді бұрап тартатын аспаптарда қолданылады. Еркін қозғалатын поршенді қозғалтқыштар соққылау әрекетті пневматикалық аспаптарда пайдаланылады.
Оқ-дәрілі аспаптарда оқ-дәрімен зарядталған патрондардың энергиясы пайдаланылады. Олар шыңдалған болттан жасалған дюбельдерді бетон, кірпіш және металл неғіздерге қағуға арналған.
Монтаждау ПЦ-84 тапаншаның жұмысы: дюбель-шеге не дюбель-винт тапаншаның бағыттамасына қойылады; атылатын патрон жылжымалы поршені бар оқпанға салынады; құрылыстық негізге монтждалтын бұйым қойылып, тапаншаның табанымен негізге кысылады; шаппалы механизмді басып ату жүргізіледі; оқпанның түтікшесіндегі оқ-дәрі газдары жылжымалы поршенді екпінмен ұрады; поршень дюбельді соғып негізге қағады.
Атуды орындау үшін арнайы монтаждық патрондар қолданылады. Монтаждық патрон түтінсіз оқ-дәрі толтырылған қауыздан тұрады. Оның түп жағында жарылыс құрамы бар капсуль орнатылған. Патрондар екі топқа бөлінеді: Д (ұзын – 22 мм) тапаншанның ауспалы оқпанға арналған; Қ (қысқа – 15 мм) тапаншанның № 2 аусыспалы оқпанна арналған. Әрбір тоқта 4 нөмерлі патрондар болады, олардың бастары – жұлдыз шалары зарядтың шамасына байланысты әр түске боялады: №1 (әлсіз заряд) – ақ түске, № 2 (орта заряд) – сары түске; № 3 (күшті заряд) – көк түске; № 4 (аса күшті заряд) – қызыл түске.

4.5 Кауіпсіздік шаралары.
Электрлендірілген кол аспаптарымен жұмыс істеуге арнайы дайындығы бар, 18 жастан асқан, техника қауіпсіздігінен бірінші мамандык толық құжаты және осы аспаптармен жұмыс істеуге арнайы куәлігі бар адамдарға рұқсат етіледі.
Электр аспаптармен жұмыс істеушілер мынадай талаптарды орындауға тиіс:

1. «С» серияды (дара изоляциясы) аспаптарды үш тарамды кабельдермен қоректендіріп нөлдік сымға қосу керек, ал жұмыс кезінде диэлектриктік қолғап, галош және кілемше пайдалану қажет;

2. көзілдірксіз, сүйенші баспалдақтарда, жауын астында жұмыс істеуге, аспаптарды жөндеуге, басқа адамдарға беруге, жұмыс орнында қалдыруға не ток көзіне қосылған қалпында тасымалдауға рұқсат етілмейді;

3. электр аспаптарын іске қосу алдында олардың дұрыстығын мұқият тексеру керен.

Оқ-дәрі аспаптарымен жұмыс істеуге арнайы дайындығы бар, 18 жастан асқан, білім дәрежесі 7 кластан төмен емес, негізгі кәсібі бойынша үшінші разряд мамандығы бар, өндірісте 2 жылдай істеген, белгілігі куәлігі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.

4.6 Сымдар мен кабельдердің тарамдарын жалғау және ұштықтау.
Техникалық талаптар.
Жалпы электр түйіспелік жалғаулар қолданылатын орындрына орай үш класқа бөлінеді. Бірінші класка электр сымдарының көлденең қимасы ұзақ уақыт болатын токтық жүктеме бойынша таңдап алынған (күштік электр тізбектері, электр берілу желілері) тізбектердін түйіспелік жалғаулары жатады. Екінші класқа электр сымдарының көлденен қимасы тура өтетін токка төзімділігі, кернеудін шығыны мен ауыткуы, механикалық беріктігі және шамадан тыс токтық жүктемеден қорғау бойынша тандап алынған (жермен қосу және қорғағыштық болат сымдардың түйіспелік жалғаулары) тізбектердің жалғаулары кіреді. Үшінші класка жұмыс кезінде көп мөлшерде жылу болінетін электр қондырғылары тізбектерінін (кедергілер мен жылытқыш элементтердің жалғаулары) түйіспелік жалғаулары жатады.
Сондай-ақ, электр қондырғылрдың климаттық орындалуына және орналастыру категориясына орай түйіспелік жалғаулар А және Б топтарына бөлінеді. Барлық түйіспелік жалғауларға нақты техникалық талаптар қойылады: сонын ішінде құрылмасына, электрлік параметрлеріне, механиклық факторға, тұрақтылығына, сенімділігіне және қауіпсіздігіне жекелей талаптар койылады.
Құрылмасының орындалуына орай, түйіспелік жалғаулар айырылатын және айырылмайтын болып бөлінеді. Айырылмайтын жалғаулар жалғанатын сымдардың материалдарына, электр қондырғыларының климаттық орындалуына және орналастыру категориясына байланысты электр кедергісін тұрақтандыру құралдары бар және жоқ болып бөлінеді. Өтпелік электр кедергісін тұрақтандыруды керек етпейтін айырылмайтын түйіспелік жалғаулар коррозиядан қорғанышы бар бекітуші бұйымдармен орындалады. Электр кедергісін тұрақтандыруды талап ететін айырылмайтын түйіспелік жалғауларда түсті металдардан не коррозиядан қорғанышы бар болат бұйымдар және табақша серіппелер, жұмыстық беттерді қорғаушы металдармен жалату не мыс-алюминий тілімдері және ұштықтары пайдаланылады.
Жалпы, мыс, алюминий және оның қорытпаларынан дайындалған шиналардың, сымдардың және кабельдердің бір-бірімен және алюминий сымдармен электр қондырғыларының шығарылған ұштарына түйіспелік жалғаулар мемлекеттік үлгі қалпы ГОСТ 10434-82 талаптарына сәйкес орындалады. Электр жабдықтарының шығарылған түйіспелік ұштары ГОСТ 24753-81, винттік қыспақтар – ГОСТ 25034-84, айырылмайтын қыспақтар – ГОСТ 19*132-86, желістік арматуралар – ГОСТ 13276-79 талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.
4.7 Жалғау тәсілдері.
Айырылмайтын түйіспелік жалғау пісіру, дәнекерлеу және сығымдау арқылы орындалады. Пісірудің электрлік, газдық және термиттік түрлері қолданылады. Дәнекерлеу сымдар мен кабельдер тарамдарының және түйіспелік теріктердің материалдарына орай жұмсақ не қатты дәнекерлер пайдалану арқылы жүргізіледі. Сығымдау жергілікті қысып ішіне енгізу, тұтас қысу және бірлескен (жергілікті және тұтас қысумен) тәсілдермен орындалады.
Пісіру не дәнекерлеу арқылы қатты қорытпалардан жасалған тілімдердің және алюминий ұштары бар мыс-алюминий тілімдердің түйіспелік жалғаулары орындылуға тиіс. Ал, пісіру не сығымдау арқылы алюминийдің қатты қорытпаларынан дайындалған ұштықтардың және сымдар мен кабельдердің алюминий тарамдарының мыс-алюминий ұштықтарының алюминий бөлігің жалғауларын орындыйды.
Сымдар мен кабельдер тарамдарының жалпақ не штырлі сыртқа шығарылған ұштарымен айырылатын түйіспелік жалғаулары әр түрлі орындалады. Көлденең қимасының ауданы 16 шаршы мм-ге дейінгі бір тарамды сымдардың ұштарына ұштықтар бекітіледі, не оларды сақиналап иеді, не имейді, бұл екі жағдайда да олар сығып шығарудан фасонды шайбалармен не басқа тәсілдермен қорғалуы керек. Көлденең қимасының ауданы 25 шаршы мм және одан артық бір тарамды сымдардың ұштарына ұштықтар бекітіледі не тарам ұшынан болт кигізілетін тесігі бар жалпақ қыспақ жасалады. Көлденең қимасының ауданы 10 шаршы мм дейінгі көп тарамды сымдар ұштарына ұштықтар бекітіледі не оларды сақиналап иеді не имейді, бұл екі жағдайда да олар сығып шығарудан фасонды шайбалармен не басқа тәсілдермен қорғалады. Көлденең қимасының ауданы 16 шаршы мм және одан артық көп тарамды сымдардың ұштарына ұштықтар бекітіледі Әр бір болтқа не сыртқа шығарылған жалпақ ұштардың винттеріне, сондай-ақ сыртқа шығарылған штырьлі ұштарға екі сымнан артық жалғауға рұқсат етілмейді. Бекітуші винттердің бастары цилиндр тәріздес не алты қырлы болуы керек.